Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

УМК по ОЭТ.doc

— 1.30 Мб (Скачать)

             n – номиналды процент ставкасы;

  π – күтілетін инфляция өсімі.

Мысалы: жылдық номинальдық несие проценті – 15%, алдағы уақытта инфляцияның өсімі – 7 %  (жылына) онда нақтылы процент  (15-7) = 8%.

Жер - ауыл шаруашылығының басты өндіріс құралы және аграрлық экономиканы шектуеші фактор болып табылады. Жер қоғамдық өндірістің негізі болғанымен оның салаларында әртүрлі  қызмет  атқарады. Мысалы, өндеуші өнеркәсіп үшін ол - кәсіпорын орналасатын алаң, ал ауыл шаруашылығы үшін жер әрі еңбек құралы, әрі еңбек заты болып саналады. Еңбек заты дегеніміз – жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп, онда өнім өсіріледі. Ал, еңбек құралы болатын себебі - тұқымды сепкен күннен бастап өнімді өсіру қызметін Жер-ана атқарады. Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде  ерекшеліктері бар:

      біріншіден, жердің кеңістік жағынан шектеулілігі,

      екіншіден, жер адам іс-әрекетінің өнімі емес, табиғаттың жемісі, сондықтан, оның құны жоқ, бірақ табыс  әкеледі, сатып алынады және сатылады, яғни бағасы бар.

Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына  төмендегі факторлар әсер етеді:

1.      Жер құнарлылығы;

2.      Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.   

11.3. график. Жер нарығы.

 

 

Р

 

                                       S

 

 

                                        Е

                                

     Ре                       

P0                                                    

                                                              D

 

                              Qе                      Q

Жердің ұсынысы абсолютті икемсіз, сондықтан ұсыныс тік сызық түрінде болады.

Жер нарығында тек сұраныс көлемі, бағаға байланысты өзгереді.

Р – жердің бағасы;

Q – жердің көлемі.

 

 

Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға  төленетін төлем. Жер  рентасының  екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік  рента – бұл  жериелерінің  иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен  басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден  алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер  иесіне  жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты  азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен  қатар  өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді.  Сондықтан нарық бағасы  құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке  өндірістік  бағасымен  өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда   алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента  түрінде  жер иелері иемденді.

Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы  өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді  пайдаланатын  жалгерлердің  үстеме  пайдасы болып табылады.

1.      Жердің табиғи  құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын  орналасуына байланысты  алынатын пайданың төлемі ретінде жер  иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды.

2.      Жердің  құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента  деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.

Жердің экономикалық құнарлылығын арттыру дегеніміз - жерді  интенсивті игерудің келуі, яғни жаңа өндіріс құрал-жабдығын сапалы тұқымдар, тыңайтқыштар т.б. қолдану арқылы.

Жерге жекеменшік болғандықтан, ол да тауар ретінде сатылуы мүмкін. Тәжірибеде жердің бағасы екі жағдайға: жер рентасына және банк  ппайызды шамасына байланысты қалыптасады.

Жердің бағасы рентаға тура  қатынаста да, несие пайызына кері  қатынаста болады.

 

Мұнда: Ч – рента,

              S – несие пайызы, 

             ЖБ – жер бағасы.

Сонымен, жалақы, пайызы және рента – бұл  өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін  алынатын табыстар. Бірақ та, жалақы, пайызы және рента қайсыбір шаруашылық субъектілеріне (өндіріс факторларын  ұсынушыларға) табыс әкеледі де, ал басқа субъектілерге (өндіріс факторларын   сұрайтындарға) - шығындар болып табылады.

 

 

Негізгі  түсініктер мен терминдер

 

Абсолюттік рента

Дифференциальды рента

Еңбек нарығы

Жалақы

Лоренц қисығы

Нақтылы  мөлшерліме жалақы

Несие пайызы

Номинальды  мөлшерліме жалақы

Рента

 

 

Бақылау сұрақтары

 

1.      Еңбек нарығының мағынасы.

2.      Жалақы: мағынасы, түрлері.

3.      Жалақының формалары.

4.      Лоренц қисығы.

5.      Капитал. Капитал нарығы.

6.      Қарыз пайызының  мөлшерлі жалақысы.

7.      Жер нарығы: қалыптасу ерекшеліктері

8.      Рента, оның түрлері.

 

 

 

4 БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДЕҢГЕЙІНДЕГІ

ҰДАЙЫ ӨНДІРІСІ.

 

12 тақырып. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ.

НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР.

 

1.      Ұлттық экономика  жүйе ретінде.

2.      Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

3.      Макроэкономикалық тепе-теңдік.

 

Нарық экономикасы екі  дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып  бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс  экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс  табу болса, «макроталдау» назарында  агрегатты  өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті  динамикалық өсіп-өркендеуге  бейімдейді.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:

      ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

      жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;

      инфляция мен инфляция қарсы саясат;

      экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;

      экономикалық дамудың циклдары;

      ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

      мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

Экономиканың  дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық  шаруашылығының балансы  жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж.  мемлекеттің негізгі экономикалық  көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің  экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.

Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық  көрсеткіштерге   жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.)  және  жеке табыс (Ж.Т.). 

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт  кезеңінде қоғамның қарамағындағы  ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық  игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық  нарықтық құны. Экономикалық  теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты  түрге  бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы  нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы  есептеумен  анықталады.

 

Нақты ЖҰӨ =  номинальды ЖҰӨ

                                                              баға индексі

 

Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық  өкілінің  дефляторы деп атайды.

 

ЖҰӨ  дефляторы = номинальды ЖҰӨ

                                  нақты ЖҰӨ

 

Номиналды мен нақты ЖҰӨ арасында айырмашылық бар, тауар бағасының өсуі инфляцияға әкеп соғады. Инфляция мөлшері берілген уақыттағы баға деңгейі өсуінің проценттік мөлшері болып табылады. Экономиканың өсу мөлшері нақты ЖҰӨ-нің өсуінің мөлшері болып табылады. ЖҰӨ-нің өсу себептері:

      экономикадағы ресурстар санының өзгеруіне қатысты;

      өнім факторының өзгеруінің нәтижелігі;

      өнімді өсіруге ыңғайлы ете отырып жұмысты өзгерту.

Тауар мен қызмет  көрсетудегі орташа баға  пайызының  өзгеруін баға индексі дейміз. Индекті  белгілеуді бастаған жылды  базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі  ылғи да 100-ге тең болады.

Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторымен қатар тұтыну бағаларының  индексі есептеледі, яғни тұтыну  қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтер бағаларының  өзгеруін сипаттайтын  көрсеткіш  анықталады:

 

Тұтыну бағаларының  =  Ра х Qқ

    индексі                         Рб х Qқ

 

Мұнда Ра Рб – ағымдағы және базистік жылдың бағалары.

            Qқ – тұтыну қоржынына кіретін  тауарлардың саны.

Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну тауарлар бағасының индексі арасындағы  айырмашылық:

1.      ЖҰӨ дефляторына мемлекетте  өндірілген барлық  тауарлардың бағалары кіреді.

2.      ЖҰӨ дефляторына осы елдің  капиталы арқылы  өндірілген өнімнің көлемі кіреді.

3.      Тұтыну баға идексінің есебіне тек қана тауарлар мен қызметтердің  белгіленген (шектелген) көлемі кіреді.

Халықаралық статистикада жалпы ұлттық өнімді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады. Екі тәсіл де бірдей болып  бағаланады.

1.      Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:

      жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;

      кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.

      тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.

      таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

 

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

 

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары;

             G – мемлекеттің сатып алуы,

             І – жалпы  инвестициялар,

             Х – таза экспорт.

2.      Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

 

ЖҰӨ =W+R+I+P;

 

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы,

              R – ренталық  төлемдер,

              I – жинақ капиталының  пайызы (%),

              P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

ЖҰӨ өлшемінің негізгі проблемалары:

      кейбір өнім нарықта сатылмағандықтан, дұрыс өлшембйеді. Бұған мемлекет қызметі, ерікті еңбек және өз пайдасы үшін істелген қызмет кіреді,

Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі