Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

УМК по ОЭТ.doc

— 1.30 Мб (Скачать)
xt-align:justify"> 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 тақырып. Экономиканың циклдық дамуы жӘне экономикалық Өсу.

 

1.      Нарықтық экономиканың циклдық дамуы.

2.      Экономикалық цикл және оның кезеңдері.

3.      Экономикалық өсу түрлері және себептері.

4.      Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

 

Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық  жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының  ерекшелігіне қарай белгілі  ырғақ пен  тербеліске түсіп,  толқуларға ауысады. Экономикалық  теорияда экономиканың мұндай құбылыстары,  «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар  арасындағы мерзім және осы кезде оның  төрт фазасы ауысады.

 

 

             

                  4

         3                1               3 

             

                                2

 

Циклдың фазалары:

1.    Дағдарыс (құлдырау, рецессия).

2.    Тоқырау (стагнация).

3.    Жандану.

4.    Өрлеу (бум).

 

14. сурет. Экономикалық цикл

 

 

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді.  Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

1.      Артық өндіріс  себебінен өндірістің көлемі  қысқарады, банктер  мен  кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2.      Жалақы  төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3.      Бағалы  қағаздар нарығы  құлдырайды, акция курстары  төмендейді.

4.      Ақшаға сұраныс өседі, пайыз  мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының  сипаттамасы:

1.      Өндірістің  құлдырауы мен  бағалардың төмендеуі тоқырау  жағдайында болады.

2.      Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

3.      Ақшаға сұраныс  төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай  жасалады.

 

Жандану  фазасының сипаттамасы:

1.      Дағдарыстан аман қалған  кәсіпорындар негізгі капиталдарын  жаңартып, өндірісті  ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген  тауарлар көлемі мен сапасы  жағынан өндіріс дағдарысының  алдындағы дәрежеге жетеді.

2.      Инвестициялар өседі.

3.      Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4.      Жұмыссыздықтың  деңгейі  қысқара бастайды.

5.      Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

 

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

1.      Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден  артады.

2.      Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3.      Тауарлардың бағасы өседі.

4.      Қарыз  капиталының  ұсынысы өседі.

5.      Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа  дағдарысқа қарай қадам басады.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы  және ішкі деп бөлуге болады.

Сыртқы  факторлар –  экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар:  халық санының өзгеруі, соғыстар,  төңкеріс, басқа да саяси  шиеленістер, жаңа  жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа  кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің  көзіндегі  құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың  физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Экономикалық  құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың  бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық  процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі  пайымдауларды,  түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық  жағдайында өндіріс  қозғалысының циклдық  себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

 

 

 

Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар

 

1.      К. Маркс артық  өндірудің  циклдық  дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдық оқтын-оқтын жаппай  жаңаруымен қарастырған. Марксистердің айтуы бойынша, экономиканың циклдық дамуы өндірістің нәтижесін иемденудің жекекапиталистік формасының арасындағы қайшылықтар байланысты. Капиталдың қорлануы, өндіргіш күштердің дамуы өндірістің қоғамдасуын жоғарлатады, яғни капиталдың шоғырлануы және орталықтануы, индустриялық орталықтар мен ірі капиталистік кәсіпорындарының қалыптасуы. Марксизм теориясында аграрлық дағдарыстар капиталистік дағдарыстардың ерекше көрінісі болып табылады. Олардың себебі ортақ: капитализмнің негізгі қайшылығы, бірақ ерекшеліктері бар:

      жерге шаруашылық объекті ретінде монополияның болуы;

      аграрлық секторда баға белгіленудің ерекшеліктері;

      табиғи фактордың әсері;

      ауыл шаруашылығының даму дәрежесінің өнеркәсіптігінен төмен болуы. 

2.      Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің  ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз  мөлшері ара қатынасымен  түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда  мөлшері пайыз  мөлшеріне дейін  төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.

3.      Неоклассиктер мен неокейнсшілдер циклдік дамуының себебіне, капитал запасының өндіріс шарттарына үйлесу процесін жатқызады. Жыл сайын ұдайы өндірілетін көлемімен және осы мезгілде дейінгі жинақталған запасының арасында тепе-теңдік пропорция бар. Осы тепе-теңдік бұзылмағанша циклдық ауытқулардың болуы мүмкін емес. Осы екі бағыттарының циклдық теориядағы айырмашылығы тепе-теңдіктің сипаты мен себептері.  

4.      Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері циклдық дамудың басты себептерін ақша факторынан іздейді. Дағдарыстар мемлекеттің   ақша саясатының нашар  жүргізілуінен туындайды.

5.      Циклдардың себептерін зерттеген бағыттардың бірі психологиялық теориялар. Психологиялық теориялардың бір бағыты XIX- XX ғғ. пайда болды, өкілдері У.Джевонс пен В.Парето. Циклдық дамуын тауар нарықтарындағы және қор биржасындағы кәсіпкерлердің іс-әрекетімен байланыстырады, яғни баға мен құнды қағаздардың бағамының одан әрі өсу күтімдерінің себептерімен. XX ғ. басында психологиялық теориялардың екінші бағыты пайда болған және А. Пигудың теориясымен байланысты. Басты себепті өндірушілердің өндірістік капитал салымының ерекшелігімен байланыстырады. Р. Лукастың шығарған экономикалық циклдың тепе-теңдік теориясы шаруашылық субъектерінің тәртібі және олардың экономикалық мәліметті қабылдауының ерекшеліктеріне негізделеді.  Бұл теорияның басты ойы – ақша массасының күтпеген өсуі және осымен байланысты бағалардың өсуімен байланысты акселерациялық механизмнің өзара әсері.  

Сыртқы факторлардың әсеріне  тоқтаған Виксель, Шпитгоф, Шумпетер деген зерттеушілер. Қазіргі кезде циклдардың себептерін зерттеуде математикалық әдістер қолдануда

 

14.1. кесте

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары

 

Құралдар

Тоқырау фазасында

Өрлеу фазасында

1. Ақша  несие саясаты

Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы.

 

Пайыз  мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы.

2. Фискальдық саясат

Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын  төмендету.

Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру.

3. Жалақы мен тарифтер саясаты

Жалақыны өсіру.

Жалақыны төмендету.

4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты.

Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау.

Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату.

Мақсат:

Шаруашылық белсенділігін  ынталандыру

Шаруашылық белсенділігін тоқтату.

 

 

Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия   мен Франция, Германияны  қамтыды. 1857 жылғы  дағдарыс бірінші  дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған  өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.

Циклдардың  ұзақтылығына  (толқындар) байланысты  олар бірнеше типке бөлінеді.

 

14.2. кесте

Экономикалық циклдардың типтері

 

Экономикалық

циклдің типтері

Ұзақтылығы

Себептері, ерекшеліктері

1. Дж.Китчиннің қысқа  толқындары»

2-4 жыл

Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың  тербелісіне әкеледі.

2. К.Жуглярдың «орташа толқындары»

10 жыл

Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі.

3. Кузнецтің циклдары

18-25 жыл

Экономикалық  циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты

4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын  толқындары»

40-60 жыл

Басты қозғаушы күш – технологиялық  өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.

 

5. Форрестердің циклдары

200 жыл

Энергия куаты мен материалдарға байланысты.

6. Тоффлердің циклдары

1000-2000 ж.

Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.

Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі