Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат
Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.
тауар сапасын жақсартуды дұрыс есептеу қиынға соғады,
кейбір операциялар нақты ЖҰӨ-ге қосалқы түрде өлшенеді.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.
ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо
Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.
Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:
ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.
ҰТ = ТҰӨ - ж.с.
Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.
Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.
ЖТ = ҰТ – С+Т
мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;
Т - трансферттік төлемдер.
Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.
Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.
12.1. график. Макроэкономикалық тепе-теңдік.
Р
Ре
| 1. Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады: - өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады; - өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі. 2. Егер АД<АS, бұл жағдайда: - өндірісті қысқарту қажет болады; - өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.
|
Мұнда, Р - бағаның жалпы дәрежесі, Q - тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.
|
Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.
Ашық экономикада жиынтық сұраныс өз қатарына таза экспортты да қосады, яғни сыртқы сауда немесе өнімді кіргізу және шығару сияқты құбылыстар болады. Бұл жерде келесі құбылысты ескеру қажет: егер шетелдік өнімдерге қарағанда отандық тауарлардың ішкі бағасы артатын болса, онда импорттық операциялар артады. Жиынтық сұраныс қалыптасуына маңызды рөлді мемлекет атқарады.
12.2. график. Жиынтық сұраныстың қисығы.
Р
Р1 АD2
Р2 АD1 АD
Q1 Q2 ЖҰӨ | Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АД2 - өсуі) немесе солға (АД - азаюы) жылжуына әкеледі. |
Жиынтық сұранысқа (АД) әсерін тигізетін факторлар
Бағалы
1 2 3 4 5 6 7
1. Байлық эффектісі (Пигу эффектісі) - бағаның жалпы дәрежесі өскенде (азайғанда) жиналған қаржылық активтердің нақты құны төмендейді (өседі). Сондықтан жиынтық сұраныс (АД) азаяды (өседі).
2. Пайыз мөлшерлі жалақысы эффектісі (Кейнс эффектісі) – бағалар өскенде ақшаға сұраныс өседі және пайыз мөлшерлі жалақысы да өседі, сондықтан жиынтық сұраныс (АД) қысқарады.
3. Айырбас курсының эффектісі (Манделл - Флеминга эффектісі)- бағалар төмендегенде, ақша сұранысы азаяды, % мөлшерлі жалақы төмендейді, ұлттық валютаның нақты айырбас курсы төмендейді, таза экспорт өседі және жиынтық сұраныс (АД) өседі.
4. Тұтыну шығындарының өзгеруі:
- Тұтынушылардың табыс деңгейі.
- Тұтынушылардың күтуі
- Тұтынушылардың қарызы.
- Салықтар.
5. Инвестициялық шығындардың өзгеруі:
- Пайыз мөлшері жалақысы.
- Инвестициядан пайда күту
- Кәсіпорындар салықтары.
- Өндірістің күш - куатының артуы.
6. Мемлекет шығындарының өзгеруі.
7. Экспорт пен импорттық шығындардың өзгеруі.
Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.
12.3. график. Жиынтық ұсыныстың кисығы.
Р
2 1
| Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді: қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық, ұзақ мерзімде - АS - тік сызық. 1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім 2 – аралық мерзім 3 - классикалық сызық, ұзақ мерзім. |
Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
- Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.
- Нарықтық құрырылымы.
- Өнімділік.
- Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.
Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.
12.4. график. Кейнсиандық сызықтағы AD өзгеруі. | 12.5. график. Аралық сызықтағы AD өзгеруі. |
РАS
AD1 AD2
P1
Q1 Q2 Q |
РАS
AD1 AD2
P2
P1
|
Бағалардың тұрақты жағдайында жиынтық сұраныстың өсуі өндіріс көлемінің өсуіне әкеледі. | Жиынтық сұраныстың өсуі баға мен өндіріс көлемінің өсуіне әкеледі. |
12.6. график. АД-ның классикалық сызықта өзгеруі |
|
Р AD2 P2
P1
| Жиынтық сұраныстың өсуі классикалық сызықта өндіріс көлемі тұрақты, бірақ бағаның өсуіне әкеледі. |
Жалпы ішкі өнім
Жалпы ұлттық өнім
Жеке табыс
Жиынтық сұраныс
Жиынтық ұсыныс
ЖҰӨ-нің дефляторы
Қолда қалған табыс
Макроэкономика
Таза ұлттық өнім
Тұтыну бағаларының индексі
Ұлттық есеп жүйесі
Ұлттық табыс
1. Макроэкономика пәні.
2. ҰЕЖ негізгі макроэкономикалық көрсеткіш.
3. ЖҰӨ-ді өлшеу тәсілдері.
4. ЖҰӨ-нің дефляторы.
5. Макроэкономикалық тепе-теңдік.
6. Жиынтық сұраныс.
7. Жиынтық ұсыныс.
13 тақырып. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯ
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ.
1. Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері.
3. Инфляция түсінігі және қазіргі кездегі инфляцияның салдары.
4. Инфляция түрлері. Инфляция қарсы саясат.
Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.
Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.
Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.
Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.
Монетарлық теорияны жақтаушылар жұмыссыздықтың себебі мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде деп түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып өндіріс процессін реттеуге болады. Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). А.Филлипс 1881-1957 жж. арасындағы Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі мен жалақының ақшалай мөлшерінің арасындағы тәуелділіктің қисық сызығын тұрғызған.
Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеп болады.
13 график. Филлипс қисығы. | |
Инфляция деңгейі %4
3
2
1 2 3 Жұмыссыздық деңгейі % | Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.
|
К. Маркстың қорлдану теорисына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.
Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)
Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі