Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 15:32, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген[1,2б].

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................................5
І. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі..................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы...........................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы............................................................25
ІІ. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары...................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері......................................................42
ІІІ. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары.........................45

Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49

Работа содержит 1 файл

курсавой шыгаратын new.doc

— 398.00 Кб (Скачать)

Әр  түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі  тауарлар алынды. Мысалы, солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсірушісі халықтары – малды, егін егуші халықтар – астықты , қалаларда – металды, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т.б. қолданды.

Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның  жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де, бұл тауар «ақша» деген атауды алады:

  • Құнның ақшалай формасы ары қарайғы айырбас нәтижесінде жалпы балама орнына бір ақшалай тауарды қоюмен сипатталады. Бұл рөлді тарихи тұрғыда алтын мен күміс жеңіп алды. Бұл тауарларды олардың шынайы табиғи қасиеттеріне байланысты бөлу жүзеге асты. Алтын ақшалар  өз құнын ақшалай тауарды құндық субстанциясынан алады, ол алтынды өндіру  саласында пайда болады, яғни олардың өндіру саласында пайда болады, яғни олардың құны кез келген басқа тауардың құны сияқты жұмыс уақытымен анықталады, сонық нәтижесінде тауарды ақшаға айырбастау баламалардың айырбасы болып табылады.

Сондықтан да ақшаның  мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.

Ақшаның мәні үш қасиеттің  біртұтастығымен өрнектеледі:

  • Ақшаның жалпы тікелей айырбасталу қасиеті бар, яғни оны тауарлар мен қызметтер үшін төлем құралы ретінде әрқашан және барлық жерде ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс;
  • Ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді. Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады, ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр түрлі тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды сандық тұрғыда салыстарады;
  • Ақша тауарда жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі болып табылады, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.

Ақшаның формалары мен  түрлері

Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз – ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны , ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар баршаға аян.

Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және  толыққұнсыз  деп шартты түрде бөлуге болады.

Толыққұнды ақша – номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың (алтын,күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталары жатады.

Толыққұнды емес ақша – сатып алушылық құны ақша қатынастарының  тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз ақшаларға билондық монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар жатады.

Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:

  1. Металдық;
  2. Қағаздық
  3. Кредиттік
  4. Электрондық ақша

Метал ақшалар – бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны (оларға қойылған құн)  нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық.Олар монета түрінде шығарылды.   

 

 

Монета – бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы  пішіні,  салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын , салмағын, массасын, типін, эмиссия  ережесін және т.б. белгілейді.

Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде  біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.

Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге  дейінгі VIIғасырда Ливия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге  дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.

Өз бейінін монетада кескіндеген  тұлға А. Македонский болады.

Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі ақшалардың толық көлемде құн шамасының  қызметін, айналым мен жинақтау құралы қызметін атқару үшін  жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалды.

Монеталар толыққұнды, сонымен бірге  айырбастық болып бөлінеді. Толыққұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан  дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.

Айырбас монеталар арзан түсті  металдардың қоспаларынан дайындалады, олардығы номиналдық құн құрамындағы  металл құнынан асып кетеді.

Монеталарды құю эмиссия ретінде  қарастырылады. Эмиссия латындық «emission»  сөзінен  аударғанда «шығару»  деген  мағынаны береді. Ақшанық эмиссиясы – бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.

Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда  алтынға  бекітілген. Алтынның барлық басқа  тауарлар құнын өлшеу қасиеті  шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К.Маркс табиғат ақшаны жасамайды  деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға  қағам тарапынан берілді. Алтын  жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне ;

Екіншіден, оның жоғары құны бар , яғни басқа металдармен салыстырғанда , оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

Алтынды өндіру – өте қиын әрі  капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1кг алтынды алу үшін орташа тереңдігі  3000 м жердің   100 тонна тау  кенін өңдеу керек.

Алтынның негізгі өндірушілер  болып Оңтүстік Африка Республикасы , Ресей, Өзбекстан саналады.

Қазақстанда көптеген алтын кеніштері  бар, шамамен алғанда алтынның жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.

Тауарлық өндіріс пен айналым  көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының  өсуіне әкеледі. Толыққұнды ақшалар  саны шектеулі және жоғары шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін құып жете алмады, ақшаға деген сұранысты қамтамасыз ете алмайды, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақшалар құны бойынша өз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен  алмастыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге кеткен еңбектің шынайы құнынан жоғары болады.

Оларға ұсақ  монеталар , қағаз  және кредиттік ақшалар жатады.

Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында металл ақшалар көшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайсыз. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын және металға айырбасталынбайтын ақша белгілері болып табылады.

 

            

 

Қағаз ақшалардың өзіндік  құны жоқ, егер оларды шығару шығындары  болса, онда олар номинаолды құнға сәйкес келмейді.Мысалы, 5мың теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға  5мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.

Табиғаты бойынша қағаз  ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін  атап өту керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасындажүреді, оларды толтырады және шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар массасына  сәйкес келмеуі нәтижесінде құнсызданады,  сәйкесінше ол инфляцияға әкеледі.

Әрбір егеменді мемлекет  өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр түрлі купюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын – доллар, Ресей – рубль, Қазақстан – теңге депатайды. Қағаз  ақшалардың кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды ұрлап алу өте оңай, екіншіден, олардың тасымалдау өте қымбатқа түседі.

Өндірістің дамуы, коммерциялық және банктік кредитлеу саласының  кеңеюі нәтижесінде металл ақшалар  тауар айналымының қажеттіліктерін  қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар кредиттік қағаздар пайда болды.

Қағаз ақшалар сатып  алу және төлем құралдары ретінде  мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың  эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны және оларды шығару құны арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы . Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.

Қағаз – ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өткені олардың жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондқтан олармен қатар кредиттік ақшалар әрекет етеді.

Кредиттік ақшалар -  айналымдағы толыққұнды ақшаларды алмастыратын және кредит белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілер. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның символикалық белгісі. Кредиттік ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.

Тауарларды сатып алуға  байланысты жасалған ірі мәмілерге банктердің кредиттік ақшалар тауар айналымының қажеттілігін қанағаттандырады.

Кредиттік ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель, банкота, чек, электронды ақшалар және олардың соңғы түрі – кредиттік  және пластикалық карточка.

Вексель – бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық  міндеттеме. Вексельдержай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.

Аудармалы вексель (тратта)-  векселб беруші кредитордың қарыз алушыға белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі, ол қосымша беттегі вексельде және аллонжда «аваль  ретінде есептеу» деген жазумен рәсімделеді.

Вексель абстрактылығымен, яғни құжатта мәміле түрі жөніндегі  ақпараттың  жоқтығымен; вексельдің міндетті төлемін көрсететін даусыздығымен; айналымдылығымен , яғни вексельді төлем құралы ретінде басқа кредиторларға беруге болатындығымен  сипатталады.

Демек , вексель кредит және ақшалық есеп айырысу құралы ретінде әрекет етеді. Ол кредитке қойылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен төлеуді қамтамасыз етеді.

Вексельдерді пайдалану  айналым шығындарын үнемдеуге ықпал  етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда  вексель астық шаруашылығында қолданылады. Вексель берушілер ретінде астық  егуші шаруашылықтар есептеледі, олар азық-түлік корпорациясына  жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алу үшін вексель береді, олар күзде астықпен қайтару міндеттемесін өз мойнына алды.

Вексельді айналым нәтижесінде  банкноттық айналым пайда болды.

Банкнота – бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды көрсеткіш бойында ерекшеленеді : біріншіден , мерзімділігі бойынша: вексель белгіленген мерзімге шығарылады, ал  банкота шексіз мерзімге беріледі; екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша : банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша елдің  Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.

Қазақстандағы банкоттардың эмитенті болып Ұлттық Банк саналады, олар Республиканың аумағында ұлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын түріндегі материалдық қамсыздандырылмаған , бірақ банкноттардың кредиттік негізі бар, өйткені олар банктік кредиттеу ережесіне сәйкес айналымға шығарылады және қарыздық  қордың элементі болып табылады.

Банкоттық айналым кеңістіктегі кредиттік ақшалардың әрекет етуін кеңейтуге мүмкіндік берді және де банкоттардың айналыс құралы қызметін атқаруын қамтамасыз етті.

Кредиттік ақшаның келесі түрі чек болып табылады.

Информация о работе Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі