Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 15:32, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген[1,2б].

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................................5
І. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі..................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы...........................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы............................................................25
ІІ. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары...................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері......................................................42
ІІІ. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары.........................45

Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49

Работа содержит 1 файл

курсавой шыгаратын new.doc

— 398.00 Кб (Скачать)

Экономика тиімді басқарылғанда  ғана ақша айналымын дұрыс ұйымдастыруға  болады. Ақша айналымы экономикаға  оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі  ықтимал. Шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі мемлекеттің біріңғай эмиссия, кредит, есеп айырысу орталығы болып табылатын ҚР Ұлттық банкке ақша айналымын шоғырландырып басқаруды беру ддұрыс мақсатқа  лайықтығын дәлелдеп берді. Ол елдегі ақша айналымы мен ақша айналысына жауапты ұйым.

Ақша айналымы мынадай  принциптердің негізінде ұйымдастырылады:

    • Барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруашылық органдары өз ақшаларын банктерде сақтауы керек;
    • Шаруашылық органдарының арасындағы ақшалай есеп айырысу, әдетте, қолма-қол ақшасыз аударымдар мен өзара талаптарды есепке алу жолымен жүзеге асырылады;
    • Есеп айырысу құжаттары тек банктер мен байланыс органдары арқылы өтетін төлемдер үшін пайдаланылады әрі олар айналыстың кредит құралы бола алмайды;
    • Төлемдер тек төлеушінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт тәртіптерінің сақталуына тиімді бақылауды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады.

Мынаны айрықша айта кету керек, ақша өзінің айналысында  қолма-қол ақша айналысынан қолма-қол  ақшасыз айналысқа және осыған керісінше  қолма-қол ақшасыз айналыстан қолма-қол  ақша айналысына ұдайы өтіп отырады. Мәселен, банкке қолма-қол ақшамен берілетін сауда ұйымдарының түсімі олардың есеп айырысу шарттарында қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айналады, олар осылайша өз жабдықтаушыларына ақша сомасын аудара алады. Соңғысы өз шоттарына кеп түскен бұл ақша сомасын жұмысшылар мен қызметкерлердің қолма-қол ақшасымен еңбекақысын төлеу үшін пайдаланады.

Ақша банк кассасынан шаруашылық органдардың кассасына, шаруашылық органдардың кассаларынан халыққа, халықтан сауда-саттық, тұрмыстық, көліктік кассаларға және мекемелерден банк кассасына түсіп, ұдайы ауыспалы айналым жасап, қозғалыс үстінде болады. Мұның бәрі ақша айналымының біріңғай болатынын көрсетеді. Біріңғай ақша қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар да және қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады.

КСРО тұсында « ақша айналымы» және «ақша айналысы» ұғымдарының арасында нақты шекара болды.

Ақша айналысы тек  қолма-қол ақшаның қозғалысын ғана қамтиды, ал ақша айналымына қолма-қол  ақша қозғалысы да, қолма-қол ақшасыз  айналымы да кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда сыйымдылығы  жоғары, яғни мағынасы кең ұғым болды.

КСРО-ның құлауына байланысты бағаның еркіне жіберілуі, орталықтандырылған басқарудан нарықтық қатынасқа көшу барысында ақша айналымы мен ақша айналысы арасындағы айырмашылық жойылып, қолма-қол ақша қозғалысын және қолма-қол ақшасыз айналымды бір-бірінен ажырату мүмкін болмай қалды.

Бұл қолма-қол ақша қозғалысы  мен қолма-қол ақшасыз айналымның бірдей күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа  формаға ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың нақты қажеттіліктеріне қарай орны алды.

Осы заманғы нарықтық жағдайда «ақша айналымы» мен  «ақша айналысы» ұғымдары бір-бірімен  осылайша теңесті. Ақша айналысы –  бұл елдегі тауарлық және тауарлық емес сипаттарына қызмет ететін қолма-қол  ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы ақша қозғалыс болып табылады.

Ақша айналысы екі  формада бөлінеді: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол ақшасыз  айналыс. Қолма-қол ақшасыз айналыстың артықшылықты жақтары көп, өйткені  қолма-қол ақша айналысының қолма-қол  ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады,  оның үстінде, қолма-қол ақша формасынан қолма-қол ақшасыз формаға немесе осыған керісінше қолма-қол ақшасыз формадан қолма-қол ақша формасына ауыстыру тұрғысынан келгенде бұл арада ешқандай мәселе болмайды, өйткені тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша айналысының объективті негізі болып табылады.

Алайда ақша айналысы тек тауар айналысының қайталаушысы ғана емес. Бұл екі процесс біршама  оқшау жүзеге асады. Тауарлардың  алмасуына ықпал ететін ақша айналыстан шықпайды, осы айналыстың ішінде ұдайы болады, ал тауарлар сатылғаннан кейін айналыстан шығып, тұтынылады. Мұндай тауар айналысы бастапқы, ал ақша айналысы екінші сипатта болады.

Тауар айналысы ақша айналысын  тудырады.

Ақша айналыста жүріс, бірде айналыс құралының (қолма-қол) қызметін, бірде төлем құралының ( қолма-қол) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша қатынастарын бейнелеуші болып табылады, яғни ол айналыс құралы ретінде және төлем құралы ретінде ақша қызметтерін танытады.

Қолма-қол ақша мен  қолма-қол ақшасыз айналымдары  ішкі төлем айналымын  шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады.

Қолма-қол ақшасыз  айналыс және оны ұйымдастыру. Қолма-қол  ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемердің жиынтығын білдіреді.

Қолма-қол ақшасыз  айналым екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей бейнелейді.

Айналымның тауарлық қолма-қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма-қол ақшасыз аударымдар жүзеге  асырылатын кіреді.

Тауарға қатыссыз қолма-қол  ақшасыз айналымда кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, сондық-ақ халықтың  ұлттың табысты  қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу, амортизациялық аударымды қайта бөлу процесіндегі төлемдері, айналымдағы қаражат пен пайда, банктің кредиттеуі, сақтандыру және басқа да тауарға қатысы жоқ төлемдер көрініс табады.

Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жататындар: еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық, пошталық  және т.б. қызмет төлемдері; кредитті өтеудің төлемі және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.

Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша айналымын жылдамдату үшін әрі көлік (тасымалдау) шығындарын азайту үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың салаларын одан ары ұлғайтып, жетілдіруіміз қажет. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен кәсіпорындар мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты бойынша жоғары тұрған ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттің  жәнеқаржы-кредит мекемелерінің арасында есеп айырысулар жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда халықпен есеп айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылу салалары кеміп келеді. Еңбекақы беру, коммуналдық, пошталық төлемдер және басқа да шығындардың көп бөлігі қалаларда банктердегі салым ақшадан пошта бөлімдерінен, пластикалық карточкалармен аудару арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады, сондай-ақ сатып алынған тауарлардың төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық карточкалар арқылы төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма-қол ақшаның пайдаланылатын салаларын кемітуге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың  артықшылықтары мынада:

  • ол банк жүйелерінің кредиттік ресурстарын арттыруға, кредит қатынасын дамытуға мүмкіндік береді;
  • ол айналымға аса қажетті қолма-қол ақша сомасының тұтынылуын кемітеді;
  • ол трансакциялық шығындардың (банкноттар мен тиындарды басып шығару, сақтау, тасымалдау, санау түріндегі айналыс шығындары) кемуіне мүмкіндік тударыды;
  • ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмысында есеп айырысуларды және қаражат айналымын шапшаңдатады;
  • қолма-қол ақшасыз есеп айырысу процесінде шаруашылық органдардың төлем қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін орындауға мүмкіндік алады. Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайлары тұрақталып, жұмыстарының тиімділігі мен пайдалылығы жоғарлайды.

Мынаны айту кету керек, қолма-қол ақшасыз айналыстың аталған барлық артықшылықтары есеп айырысулар  үнемі жүзеге асырылғанда ғана нақты шындыққа айналады. Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз айналымды ұйымдастыруда белгілі бір принциптері сақталуы керек.

Оған мыналарды жатқызуға  болады:

    • Төлеушілердің банктерді және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың түрлерін таңдаудағы еркіндік принципі. Бұл принцип болашақ клиентке қызмет көрсету мәдениеті жоғары әрі есеп айырысу операцияларын жылдам және дәл орындай алатын банктерді таңдауға, сондай-ақ келісімшарттағы шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мақсатқа лайықты түрлерін мүмкіндік береді.
    • Төлеушінің төлем келісімін міндетті түрде беру принципі, яғни төлеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат міндетті түрде болуы керек. Мұның мағынасы мынадай; шот иесінің шоттағы қаражатын банк төлемдердің белгіленген кезегіне қарай әрі шотта қалған қаражаттың мөлшерінде төлем жасайды. Соңғысы (шот иесінің шоттағы қаражатының шегінде төлемнің жүзеге асырылуы) төлемнің қамтамасыз етілуі принципін төлеушінің өтімділік принципін білдіреді.
    • Төлемнің мерзімділік принципі. Бұл принциптің экономикалық мағынасы мынадай: ақшалай қаражатты алушы қаражаттың келісімшартта көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі. Төлемді уақтылы алудың маңызы өте зор.
    • Барлық есеп айырысуға  қатысушылардың келіпшарт қатынастарының сақталуына мүліктік жауапкершілік пен есеп айырысудың үздіксіз жүруіне бақылауды жүзеге асыру принципі.

Есеп айырысудың барлық принциптері бір-бірімен өзара тығыз байланысты болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің бұзылуына әкеп соқтырады. Барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің бір шоттан екіншісіне ақша аудару туралы немесе өзара тараптарды есепке алу туралы банкке берген тапсырмаларын білдіретін есеп айырысу құжаттары негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының   қозғалысы мен құжат айналымын  бір-бірінен  бөліп қарастыру қажет. Есеп айырысу құжаттарының қозғалысы – бұл құжаттардың есеп айырысудың басынан бастап аяғына дейін қозғалып пунктері бойынша дәйекті жүйелі өтуі. Ал, құжат айналымы есеп айырысу құжаттарының қозғалысына қажетті уақытпен қоса есеп айырысуға қатысты әр түрлі операциялардың жүзеге асырылатын уақытты да қамтиды. Есеп айырысу құжаттарына төлем тапсырмалары мен айырысу чектері жатады.

Қолма-қол ақшасыз  есеп айырысу жеке және заңды  тұлғалармен  оларға тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі. Ол шоттар мынадай болады: есеп айырысатын, ағымдағы, депозитті және валюталық. Шот жай және контокорренттік ағымдағы болуы да мүмкін. Есеп айырысу шоты, депозит шоты және валюта шоты меншік түріне қарамастан барлық заңды тұлғаларға ашылады.

Есеп айырысу қызметі  үшін банк пен клиент арасында банктік  шот келісімшарты – екі жақты  дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт бекітіледі. Банктер мен басқа кредит мекемелері өзара есеп айырысуы үшін бір-бірінде корреспондеттік шот ашады әрі бір банк басқа банктің депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлем мен басқа операциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісім шарт негізінде ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және нақты уақыт аралығында жүзеге асырылады.

Ақша айналысының заңы. Ақша массасы және айналу жылдамдығы

Әр түрлі формадағы  ақша айналысы тауарлар массасының, олардың  баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі.

К.Маркс айналысқа  қажетті ақша мөлшерін былайша анықтайды.

 

                 Сатылған тауар             Кредитке                   Міндеттемелі                 Өзара

                  бағасының         -       сатылған     +                 төлем                -       төлемді

                     сомасы                       тауарлар                     сомасы                       есепке алу

                                                         сомасы                                                           сомасы

Мақша = ____________________________________________________________________

                            Айналыс пен төлем құралы ретіндегі  айналымның орташа мөлшері

 

Осылайша, К.Маркс ашып беріп кеткен ақша айналысы заңының  мәні мынада: айналыс құралының және төлем құралының қызметтерін  орындауға қажетті ақша мөлшері  сатылған тауарлардың баға сомасына ақшалай бірлік айналысының мөлшеріне тең болуы керек.

                                         ∑ТБ

                               М=—————

                                            V

мұндағы  М – ақша массасы,

Информация о работе Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі