Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 19:53, курсовая работа
Экономиканың даму тарихы, сонымен қатар, тауар өндірісі мен тауар айналымының тарихы болып табылады. Бұнда өндірушілердің бір-бірімен байланыстары бір тауарды басқа тауарға айырбастау арқылы жүзеге асып отырған. Тауардың белгілі бір пропорцияда басқа тауарлармен айырбаста алатын қасиеті, оның айырбас құнын құрайды. Алғашқы даму сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болған, ақшаның көмегінсіз жүрген. Айырбастың осындай ыңғайсыз жағдайы аз болмаған.
Кіріспе...................................................................................................................
Негізгі бөлім.........................................................................................................
І тарау. Ақшаның шығу тегі............................................................................
1.1. Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі.................................................
1.2. Ақшаның даму тарихы...................................................................................
ІІ тарау. Ақшаның қажеттілігі..........................................................................
2.1. Ақшаның жалпы эквивалент ретіндегі түсінігі...........................................
2.2. Ақша – экономикалық категория..................................................................
2.3. Қазіргі заманға ақшаның түрлері..................................................................
2.4. Қазақстанның валютасы – Теңге...................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.................................................
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
Негізгі
бөлім.........................
І
тарау. Ақшаның шығу
тегі..........................
1.1. Ақшаның
пайда болуы, мәні және
1.2. Ақшаның
даму тарихы...................
ІІ
тарау. Ақшаның қажеттілігі...........
2.1. Ақшаның
жалпы эквивалент ретіндегі
2.2. Ақша
– экономикалық категория.....................
2.3. Қазіргі
заманға ақшаның түрлері.......................
2.4. Қазақстанның
валютасы – Теңге..............
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
КІРІСПЕ
Экономиканың даму тарихы, сонымен қатар, тауар өндірісі мен тауар айналымының тарихы болып табылады. Бұнда өндірушілердің бір-бірімен байланыстары бір тауарды басқа тауарға айырбастау арқылы жүзеге асып отырған. Тауардың белгілі бір пропорцияда басқа тауарлармен айырбаста алатын қасиеті, оның айырбас құнын құрайды. Алғашқы даму сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болған, ақшаның көмегінсіз жүрген. Айырбастың осындай ыңғайсыз жағдайы аз болмаған. Айырбастың бұл сатысына құнның жай, кездейсоқ формасы сәйкес келеді. Жеке тауардың құны басқа бір тауар арқылы тек кездейсоқ түрде бейнеленген. Қоғамдық өмір дамыған сайын, айырбас операциялары жүргізуге көмектесетін жалғыз тауардың бөлініп шығуының қажеттілігі пайда болды. Ақшаның тұңғыш формалары дүниеге келді. Әр халықтарда, әр географиялық аймақтарда олар әр түрлі болды.
Ақшаны қалай түсінуге болады? Құн түрінің дамуы мынаны куәландырады: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол – жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақша қандай қызметтер атқарады?
Бара- бара ақшаны майдалап айырбастаушылар алтын, күміс кесектеріне оның салмағын көрсететін таңба басатын болған. Осылай куәландырылған алтын, күміс кесіндісі монета деп аталған. Жер әлемінің көптеген халықтарында монета заңды айырбас және төлем құралы болып табылған. Бірте – бірте ол айырбаста қолайлы денгелектенген форма алып монетадағы металдың салмағын және сынамасын мемлекет өзінің белгілі мөрімен бастап отырған. Міне осылай, тарихи даму барысында металдық ақша айналымы жұйесі қалыптасқан.
Осылайша ақша әдеттен тыс ерекше, өзіне жалпылама айырбас құралының рөлі тән, тарихи жағынан тауарлық табиғатқа ие болған құбылыс.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зертеп келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан – жақты ашып, жауап берді.
Ақша – тауарлы өндірістің өнімі. Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты өмірімізге елеулі жаңалықтар еніп жатыр. Солардың бірі Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгені енгізу болып табылады. Ақша бірлігіміз теңгенің тұрақтылығы, оның айналымда еркін жүруі өзекті мәселе. Сондықтанда тауар айырбасы нәтижесінен туған ақшаның пайда болуын, даму тарихын осы курстық жұмыста қарастырдым.
Курстық жұмыстың негігі мақсаты – ақшаның пайда болуы, мәні және қызметіне тоқталып, оның қазіргі кездегі тарихының қажеттілігін қарастыру болып табылады.
Бұл жұмыстың бірінші тарауында ақшаның мәні және даму тарихы эволюциясына тоқталамыз.
Ал екінші тарауда ақшаның қажеттілігі – эквивалент түсінігі және экономикалық категория ретіндегі түрлері қарастырылады. Сонымен қатар ақшаның қазіргі кездегі түрлері: қағаз ақша, монеталар, электронды, несие, вексель, биметализм, монолитализм, банкнота, чек түрлеріне тоқталамыз.
Осылайша
Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге,
оның мәні жайлы қарастырамын.
І ТАРАУ. АҚШАНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ
Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны – белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан. Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, "тауар құны қатынасында қорытындыланатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады".
Тауардың айырбасталу кезеңінде көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері – жермен айналысты,сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады. Мұнда айырбас алғашқыда кездейсоқ бірегей сипатқа ие болды:
Т Т экв.
(1 қойға = 1 қап астық) экв
Бұл мысалымызда
бірінші тауар (қой) өзінің құнын басқа
тауарда (1 қап астық) айырбасын көрсетсе,
онда салыстырмалы құн түрінде болғаны,
ал бір қап астық оның эквиваленті болып
табылады, яғни эквивалентті түрде болғаны.Тауар
өндірісінің ары қарай дамуы тауар айырбасын
реттілікпен жеткізуге алып келеді. Айырбаста
екі ғана емес, оданда көптеген тауар түрлері
қатысады. Құнның – толық немесе кеңейтілген
екінші түрі қалыптасады.
Т(1 қой) Т1 (1 қап астыққа) экв.
Т3 (5 құмыраға) экв.
Т4 (2 гр. алтынға) экв.
Осы қатардағы тауарлар эквивалент болып табылады, қойға қайта деген қоғамдық еңбек шағындарын куәландырады.
Құнның кеңейтілген түрінің пайда болуымен қатар, сондай-ақ айырбаста қиындықтар туындайды.
Мысалы, қойдың иесіне астық қажет, бірақ астық иесіне қой керек емес, оған балта қажет, ал балта иесіне қой керек. Неғұрлым нарыққа тауар көп түскен сайын, қиындықтар да түседі. Бұл жағдайда астық иесі қойды алуға келіседі, сөйтіп өзінің астығына айырбастайды, себебі оны (қойды) балта иесі алуға ынталы. Осы жерде қой делдалдық, яғни жалпыға ортақ (жалпылама) роль атқара бастайды. Сөйтіп құнның үшінші түрі қалыптасып, ол жалпылама деп аталады.
Т1 (1 қап астыққа) = 1 қойға (экв)
Т3 (5 құмыраға)
Т4 (2 гр. алтынға)
Кейініректе жалпылама эквиваленттік рольді игілікті металдар (алтын, күміс) атқара бастады, себебі оның өзіне тән бірқатар артықшылығы болды: жеңіл бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сақталынатындығы, ең маңызды артықшылығы сол, осы металдардың аз ғана бөліктерінде көптеген еңбектің сіңірілгені болып табылады. Құнның ақшалай түрін былай көрсетуге болады:
Т1
(1 қап астық)
А ( 2 гр. алтын) (тауар делдал – жалпылама эквивалент)
Т4
(1 қой)
Ақшаны қалай түсінуге болады? Құн түрінің дамуы мынаны куәландырады: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол – жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақша қандай қызметтер атқарады?
Ақшаның бірінші қызметі – құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.
Тауар құны мен алтын құнының тәуелділігі ерекше мүдделікті байқатады. Сұраным мен ұсыным бір-біріне сай келгенде баға екі мөлшердің яғни тауар құнымен алтын құнының арақатынастарымен анықталады.
Егер тауар бағасы тауар құнына қарайлай өссе, онда алтын құнының тауар бағасына деген байланысы кері пропорционалды тәуелділікте болады. Алтын құны көп болса, тауар бағасы төмен болады және керісінше – алтынның құны төмен болса, тауар бағасы жоғары болады.
Сөйтіп тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына тура пропорционалды және алтын (ақша) құнына кері пропорционалды өзгереді.
Екінші қызметі – айналым құралы. Осы қызметті ақша қолма-қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді, егер оның айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып ақша белгілері арқылы атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және алтынның қоры шашырайтын болса, онда алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік (сақтық) қор ретінде қажет.
Үшінші қызметі – төлем құралы. Бұл қызметті тауарды-ақша несиеге (төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде ақшаны қарызға бергенде,салықты, жер рентасын, жалақыны, девидентті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.
Несие
қатынастарының дамуымен
- несие ақшалар пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырысы, чек, пластикалық карточка, "электрондық ақша". Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептесу мүмкіндігін қарастырады.
Ақшасыз есеп айырысу тауар айналымы тұтынысының қолма-қол ақша белгілерін кәдімгідей қысқартады, сөйтіп әлеуметтік-экономикалық салдарға соқтрады: кассирлер мен күзетшілер саны, сейфке сұраным, көлік құралдары қысқарады және ақша белгілерін басуға шығындар азаяды. Ең бастысы - өзара есептесу процесі жеделдейді, ақша бірлігі тұрақтылығы мығымдала түседі.
Төртінші қызметі – қазына жинау қорлану құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина жабдықтары немесе ұзақ мерзімге пайдаланатын (теледидар, тоңазытқыш және т.б.) тауарларды сатып алу үшін қолданылады. Ақшаның қазына түрінде қолданылуы әрбір тауар өндірушінің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, сөйтіп өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Бұл рольді толық бағалы ақша (алтын) орындайды. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.
Бесінші қызметі – ақшаның әлемдік ақша түрінде болуы. әлемдік ақша алтын және өнеркәсіп дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.
әлемдік
аренада ақшаның айналым құралы
емес, төлем құралының ролі бірінші
орында болады. Бұл алдымен халықаралық
несиенің дамуымен түсіндіріледі. Халықаралық
аренада ақша өзінен - К. Маркстің
бейнелеп айтуындай, - "ұлттық шекпенің"
алып тастайды және өзінің ең алғаш түріне
енеді – игілікті метел қаймағы түрінде
болады.
Қоғамдық
дамудың алғашқы қауымдық