Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 15:32, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген[1,2б].
Кіріспе.................................................................................................................................5
І. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі..................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы...........................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы............................................................25
ІІ. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары...................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері......................................................42
ІІІ. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары.........................45
Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49
2011 жылғы республикалық бюджетті нақтылаудың негізгі мақсаты -Елбасының ағымдағы Жолдауында айтылған дағдарыстан кейінгі орнықты даму үшін экономиканы одан әрі жаңғыртуды және жұмыспен қамту стратегиясын іске асыруды, сондай-ақ шұғыл шешуді қажет етпейтін бірқатар басым емес шығыстарды оңтайландыруды қамтамасыз ету болып табылады. 2010-2011 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы 2010 жылы әлемдік экономика өсімінің одан әрі баяулауы, ресурстарға жалпы әлемдік сұраныстың төмендеуі ескеріле отырып нақтыланған. Бұған қоса құжатта теңгенің құнсыздануы әсері де ескеріледі. 2010 жылдың соңындағы инфляция деңгейі теңгені құнсыздандыруға орай 11 пайызға дейін артады деген болжаммен нақтыланды. Жалпы алғанда республикалық бюджет кірістерінің 2010 жылға арналған болжамы нақтыланып, 1 трлн. 529 млрд. 482 млн. теңге мөлшерінде белгіленді. Бұл бұрын бекітілген жоспардан 371 млрд. 150 млн. теңгеге азайтылғанын көрсетеді. Ал бюджет кірістері ағымдағы жылы 373 млрд. 376 млн. 783 мың теңге сомасында азайтылады. Бюджет кірістерін үстеме пайда салығының есебінен 2 млрд. 226 млн. 573 мың теңгеге ұлғайту көзделеді. Жалпы 2009 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 3 трлн. 411 млрд. 41 млн. теңге сомасында нақтыланып отыр. Ал 2010 жылдың бюджет тапшылығы 573 млрд. 624 млн. 995 мың теңгеге немесе ішкі жалпы өнімнің 3,4 пайызын құрайды [13,2б].
Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөнінде жүргізілген кешенді шаралар нәтижесінде инфляциялық процестерді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туды. Мәселен, 2009 жылдың соңында инфляция 6,2 % болды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3,3 %-тік тармаққа төмен. Орташа алғанда бір жылда инфляция 9,7 %-тік тармаққа төмендеген. Жыл соңына қарай орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның деңгейі Ақмола, және Алматы қалаларында байқалса, ең төмен деңгей – Маңғыстау облысында қалыптасты [14,1б].
Өткен 2007 жыл экономиканың
барлық салалары үшін оңай болған жоқ. Ғаламдық, барлық аймақтық
деңгейді шарпыған қаржылық-экономикалық
құбылыстар бірқатар елдердің ұлттық
экономикасына кері әсер етті. Мұның қатарында
біздің ел де бар. Рас, 2007 жылы инфляция
деңгейі екі таңбалы санмен өлшенетін
көрсеткіштен асып кетті. Оның үстіне,
инфляцияның негізгі белең алуы сыртқы
және ішкі себептерге байланысты жылдың
соңғы тоқсанында орын алды. Сонымен қатар,
инфляцияға қарсы қажетті іс-шараларды
іске асыру үшін мемлекет тиісті шараларды
қолдануда: Қазақстан Республикасында
инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі
2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
бекітілді, аймақтарда бағаны тұрақтандыратын
азық-түлік қорлары жұмыс істеді. Қазақстан
Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
жеке құрылым болып жасақталды. Азық-түлікке
баж салығын уақытша азайту және әлеуметтік
маңызы бар тауарлардың ішкі өндірісін
ынталандыру сияқты фискальді шаралар
қабылданды.
«Үкіметтің экономикалық блогін қайта
үйлестіру» мәселесіне қатысты, егер бұл
мәселе тиісті мемлекеттік органдардың
жоғарыда аталған инфляция, қаржылық тұрақтылық
және бүгінгі күні өзекті болып отырған
басқа да мәселелерге қатысты өзара келісілген
мемлекеттің саясатын жүргізу жөніндегі
үйлестірілген жұмысты тұспалдасаңыз,
онда Қаржы министрлігі осы бағыт бойынша
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен,
Ұлттық банкпен, Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен
және басқа да құзыретті органдармен үйлестіре
және келісе отырып жұмыс жүргізіп отырғандығын
атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары жоғарыда атап өткен. Қазақстан Республикасында инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, елдегі және банк секторындағы қаржылық тұрақтылығы мәселелері жөніндегі меморандум секілді бірлесіп іске асырылатын бағдарламалық құжаттар осының айғағы. Бұл жайттардың бәрі Үкімет құрамындағы мемлекеттік құрылымдар және өзге де құзыретті органдар бір-бірімен үйлестіріле және келісе отырып жұмыс істеп отырғандығын көрсетеді.
Инфляция жөніндегі
мәселеге келетін болсақ, осының алдындағы
жауапта инфляцияға қарсы қажетті
іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік
органдар тиісті шараларды қолданып
отырғанын атап өттім. Қазақстан Республикасының
Статистика жөніндегі комитетінің ұсынған
мәліметтері бойынша, жылдың алғашқы тоқсанында
инфляция деңгейі мынаны құрады: қаңтар
айында – 1,1 пайыз, ақпан айында – 0,8 пайыз,
наурыз айында – 0,6 пайыз.
Осылайша, инфляция деңгейін төмендету
жөнінде мемлекет тарапынан қолданылып
отырған шаралардың әлсіз екендігін танытып
отырған жоқ, өйткені осы бағыттағы мемлекеттік
саясат кешенді сипатқа ие [15,1-2б].
«Ұлттық банк елімізде ешқандай деноминация немесе ақша реформасы болмайтынын, бұндай жоспардың болмағанын мәлімдейді. Қолданыстағы номиналды банкноттар мен ұлттық валютаның теңге монеталары экономикадағы баға деңгейіне сәйкес келеді. Бұдан басқа, өткен жылы ғана банкноттардың жаңа дизайны қолданысқа енгенін білесіздер. Ал, тәжірибе бойынша қолма қол ақшаның айналымда жүруі ең төменгі есеппен 7 жылдан асуы тиіс», деді Д. Ақышев.
Оның айтуынша, экономикада
айналыста жүрген номиналды банкноттарды
бір жылдан кейін алмастыру мақсатсыз
шара болып табылады. Бұның өзі
көптеген қаржы және уақыт шығыстарын талап етеді [16,1б].
Өнеркәсіп өнімін өндіру. 2010 жылғы қаңтар
– маусымда өндірілген өнеркәсіп өнімі
5336,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың
осындай кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға
өсті, оның ішінде тиісінше тау – кен өнеркәсібі
– 3440,9 млрд. теңге (6,7%), өңдеу өнеркәсібі
— 1623,2 млрд. теңге (0,7%-ға құлдырады), электр
энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде
— 272,5 млрд. теңге (9,0%). Көмір өндіру көлемі
53,9 млн. тоннаны құрап, 19,8%-ға өсті, мұнай
және газ конденсаты – 35,6 млн. тонна (7,1%),
газ (табиғи) – 17,8 млрд. куб. м. (15,6%), мыс-мырыш
рудасы – 2,2 млн. тонна (6,3%), алюминий рудасы
– 2,6 млн. тонна (7%), марганец рудасы – 1,2
млн. тонна (4,9%). Темір рудасын өндіру 3,1%-ға
төмендеді, 11,8 млн. тоннаны құрады, темір
рудасы шекемтасы -0,8%-ға (3,9 млн. тонна),
мыс рудасы – 3,2%-ға (16 млн. тонна) төмендеді.
Инфляция. Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 жылдың қаңтар — маусымындағы инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда 5,7%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,1%-ға (4,6%) жоғары. ТБИ (тұтыну бағалар индексі) құрылымында баға өсімінің едәуір өсуі 2007 жылғы желтоқсанға 8,1%-ға өскен (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%) азық-түлік тауарлары болып отыр. Азық-түлік емес тауарлар бағасы 3,8% (2,8%) өсті. 2008 жылдың қаңтар-маусымында ақылы қызметтерге бағаның өсуі, 2007 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда төмен болды (4,5%-бен салыстырғанда 4,2%).
Ағымдағы жыдың алты
айы ішінде 30,7 млн. тонна мұнай
экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес деңгейінен 2,4%-ға төмен,
құндық мәнде бұл тауардың экспорты 21,5
млрд. АҚШ долларын құрап, 1,7 есе өсті. Бидай
және меслин экспорты 0,1%-ға төмендеп, 3,5
млн. тоннаны құрады, құндық өлшемде 2,1
есеге өсті (1014,8 млн. АҚШ доллары), темір
рудасы экспорты 7,8 млн. тонна құрады (5,5%),
құндық мәнде – 568,1 млн. АҚШ доллары (1,6
есе)
Негізігі капиталға салынған инвестициялар.
Едәуір белсенді инвесторлар жеке меншік
нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері
болды. Олар негізгі капиталға салған
инвестициялардың 56,4%-ы игерілді. Қазақстан
Республикасының аумағында қызметін жүзеге
асыратын басқа мемлекеттер кәсіпорындары
мен ұйымдарының үлес салмағы 26,4% құрады.
Мемлекеттік сектордың үлесіне салымдардың
17,2%-ы келеді.
Инвестицияның технологиялық құрылымында
55,8%-ды ғимараттар мен үйлердің құрылысы
мен күрделі жөндеу жұмыстары, 27,8% — машиналар,
жабдықтар, құралдар, сайман, 16,4% — өзге
де күрделі жұмыстар мен шығындар құрады.
Өнеркәсіп салалары инвестициялық салымдар үшін тартымды болып отыр — 44,4%, оның ішінде мұнай және табиғи газ өндіру, осы салаларда қызмет көрсету инвестициялар салу үшін ең тартымды сала болып табылды, ол негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 25,3%-ын алады және де жылжымайтын мүлікті жалға беру мен тұтынушыларға қызмет көрсету операциялары – 26,9%.
2007 жылғы қаңтар-маусыммен
салыстырғанда электр
Елдің халықаралық резервтері. 2008 жылғы
бірінші жартыжылдықта Ұлттық Банктің
таза халықаралық резервтері ағымдағы
бағамен 21,2 млрд. долл. дейін 20,4% ұлғайды.
2009 жылғы қаңтар-мамырда ақша массасы банк
жүйесінің таза сыртқы активтерінің ұлғаюы
нәтижесінде 5 108,1 млрд. теңгеге дейін 10,3%
өсті.
2009 жылғы қаңтар-мамырда айналымдағы қолма-қол
ақша аз ғана, 741,5 млрд. теңгеге дейін 0,2%,
ал банк жүйесіндегі депозиттер 4 366,7 млрд.
теңгеге дейін 12,2% ұлғайды.
Валюта нарығы. 2010 жылғы І жартыжылдықта теңгенің орташа алынған айырбас бағамы бір доллар үшін 120,52 теңге болды. Теңге номиналдық мәнде АҚШ долларына қатысты 0,37% әлсіреді және биржалық бағам маусымның аяғында бір доллар үшін 120,75 теңге болды.
Депозит нарығы. Резиденттердің депозит ұйымдарындағы депозиттерінің жалпы көлемі 2008 жылғы қаңтар-мамырда 4366,7 млрд. теңгеге дейін 12,2% өсті. Бұл ретте заңды тұлғалардың депозиттері 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2894,7 млрд. теңгеге дейін 17,8%, жеке тұлғалардың депозиттері 1472 млрд. теңгеге дейін 2,8% ұлғайды.
Кредит нарығы. Банктердің экономикаға кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 2010 жылғы қаңтар-мамырда іс жүзінде өзгерген жоқ және 7258,3 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық валютадағы кредиттер 2010 жылғы 5 айда 0,2% төмендеді және 4151,1 млрд. теңге болды, ал шетел валютасындағы кредиттер 3107,1 млрд. теңгені құрай отырып, 0,2% өсті. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 57,3%-дан 57,2%-ға дейін төмендеді. Ұзақ мерзімді кредиттердің өсу үрдісі байқалып отыр. Мәселен, ұзақ мерзімді кредиттер 2010 жылғы қаңтар-мамырда 5860 млрд. теңгені құрай отырып, 1,0% өсті, ал қысқа мерзімді кредиттер 1398,3 млрд. теңгені құрай отырып, 4,1% төмендеді. Қорытындысында ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 79,9%-дан 80,7%-ға дейін өсті.
Банктердің шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне кредиттері 2010 жылғы қаңтар-мамырда 1494,2 млрд. теңгені
құрай отырып, 0,8% төмендеді.
Салалар бойынша алғанда экономиканың
сауда (21,9%), құрылыс (17,9%), өнеркәсіп (9,5%)
және ауылшаруашылығы (3,2%) сияқты салалары
неғұрлым белсенді кредиттелуде.
Банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2009 жылғы желтоқсандағы 14,8%-дан 2010 жылғы мамырда 16,1%-ға дейін, ал жеке тұлғалар бойынша 19,3%-дан 19,4%-ға дейін өсті.
Еңбек нарығы және еңбек
қатынастары. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында
15 және одан жоғары жастағы экономикалық
тұрғыдан белсенді халық саны 8,4 млн.
адамға жетті. Жұмыс істейтіндер
құрылымында жалдамалы
Еңбекақы төлеу. 2010 жылғы қаңтар — мамырда бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 59310 теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,3%-ға өсті, нақты мәнде жалақы 1,4%-ға төмендеді [17,4-8б]
Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері
2011 жылғы республикалық
бюджетті нақтылаудың негізгі
мақсаты -Елбасының ағымдағы
Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөнінде жүргізілген кешенді шаралар нәтижесінде инфляциялық процестерді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туды. Мәселен, 2009 жылдың соңында инфляция 6,2 % болды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3,3 %-тік тармаққа төмен. Орташа алғанда бір жылда инфляция 9,7 %-тік тармаққа төмендеген. Жыл соңына қарай орташа республикалық деңгейден асатын инфляцияның деңгейі Ақмола, және Алматы қалаларында байқалса, ең төмен деңгей – Маңғыстау облысында қалыптасты [14,1б].
Өткен 2007 жыл экономиканың
барлық салалары үшін оңай болған жоқ. Ғаламдық, барлық аймақтық деңгейді
шарпыған қаржылық-экономикалық құбылыстар
бірқатар елдердің ұлттық экономикасына
кері әсер етті. Мұның қатарында біздің
ел де бар. Рас, 2007 жылы инфляция деңгейі
екі таңбалы санмен өлшенетін көрсеткіштен
асып кетті. Оның үстіне, инфляцияның негізгі
белең алуы сыртқы және ішкі себептерге
байланысты жылдың соңғы тоқсанында орын
алды. Сонымен қатар, инфляцияға қарсы
қажетті іс-шараларды іске асыру үшін
мемлекет тиісті шараларды қолдануда:
Қазақстан Республикасында инфляциялық
үдерістерді реттеу жөніндегі 2008-2009 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары бекітілді,
аймақтарда бағаны тұрақтандыратын азық-түлік
қорлары жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау агенттігі жеке
құрылым болып жасақталды. Азық-түлікке
баж салығын уақытша азайту және әлеуметтік
маңызы бар тауарлардың ішкі өндірісін
ынталандыру сияқты фискальді шаралар
қабылданды.
«Үкіметтің экономикалық блогін қайта
үйлестіру» мәселесіне қатысты, егер бұл
мәселе тиісті мемлекеттік органдардың
жоғарыда аталған инфляция, қаржылық тұрақтылық
және бүгінгі күні өзекті болып отырған
басқа да мәселелерге қатысты өзара келісілген
мемлекеттің саясатын жүргізу жөніндегі
үйлестірілген жұмысты тұспалдасаңыз,
онда Қаржы министрлігі осы бағыт бойынша
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен,
Ұлттық банкпен, Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен
және басқа да құзыретті органдармен үйлестіре
және келісе отырып жұмыс жүргізіп отырғандығын
атап өткен жөн.
Информация о работе Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі