Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 22:18, курсовая работа
Несие – банктердің дамыған нарықтық экономикадағы алатын табысының негізгі көзі.Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.
КІРІСПЕ
1. НЕСИЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ 6
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі 6
1.2. Несиенің формалары және олардың жіктелуі 8 1.3. Несие және несие қатынастарының ерекшелігі 11
2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ТАЛДАУ 15
2.1. «Альянс банк» АҚ даму тарихы мен қызметінің жалпы сипаттамасы 15
2.2. «Альянс банк» АҚ – ның активті және пассивті операцияларының 2006 –
2007 аралығындағы құрылымын талдау
2.3. Банктің несиелік портфелінің құрамына құрылымдық талдау 24
3. БАНКТІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ 30
3.1. Несиелік механизм мен несиелеу әдістері, несиелеу объектілері мен 30
субъектілері
3.2. Несие ресурстарын қаржылық талдау 32
3.3. Несие ресурстарының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары 35
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ГЛОССАРИЙ 40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 42
ТІРКЕМЕЛЕР 44
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. НЕСИЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ 6
1.1. Несиенің
мәні және қажеттілігі
1.2. Несиенің
формалары және олардың
2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ТАЛДАУ
2.1. «Альянс банк» АҚ даму тарихы мен қызметінің жалпы сипаттамасы 15
2.2. «Альянс банк» АҚ – ның активті және пассивті операцияларының 2006 –
2007 аралығындағы құрылымын талдау
2.3. Банктің несиелік
портфелінің құрамына
3. БАНКТІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ 30
3.1. Несиелік
механизм мен несиелеу
субъектілері
3.2. Несие ресурстарын
қаржылық талдау
3.3. Несие ресурстарының
қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары
35
ҚОРЫТЫНДЫ
ГЛОССАРИЙ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТІРКЕМЕЛЕР
КІРІСПЕ
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілерімен қатар, мемлекетте, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес , несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Коммерциялық банктерді басқарудың батыстық теориясында пассив және активтерді басқару, сонымен қатар, банк ресурстарын орналастырудың барлық тәсілдерін анықтаушы көрсеткіш ликвидтілікті басқару жолдары қарастырылған.
“Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты - банктің несие ресурстарының құрылуы мен бөлінуіне сипаттама бере отырып, талдау. Несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамыз.
Осы тақырыпты зерттеу кезінде мына мәселелер қарастырылады :
- Несиенің
мәні және қажеттілігі
- Несиенің
формалары және олардың жіктелуі
- «Альянс банк» АҚ даму тарихы мен қызметінің жалпы сипаттамасы
- «Альянс банк» АҚ – ның активті және пассивті операцияларының 2006
- 2007 жылдар арлығындағы құрылымын талдау
- Банктің несиелік портфелінің құрамына құрылымдық талдау
- Несиелік механизм мен несиелеу әдістері, несиелеу объектілері мен
субъектілері
- Несие ресурстарын қаржылық талдау
- Несие ресурстарының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары.
Несие
– банктердің дамыған нарықтық экономикадағы
алатын табысының негізгі көзі.
1. НЕСИЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
1.1.
Несиенің мәні және қажеттілігі
Несиенiң мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi ұстану керек, несиелердiң барша түрi формалардан тәуелсiз оның мәнiн көрсетуi керек:
Несие берушi — несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден қарызға алған болуы да мумкiн.Қазiргi уақытта қарызға ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиенi тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жағдайға несие берушi болса, екiншi жағдайда— қарыз алушы болып көрiнедi.
Қарызға алушы — несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай қарызға алушылар — кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мумкiн. Алайда, қарызға алушы карызға алынған қаражаттың меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Несиелiк мәмiледе қарызға алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие берушi өз талаптарын қояды. Алайда, карызға алушы мен несие берушi несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндеттi түрде қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкiн. Несие берушi —қарызгер болуы мүмкiн. Несие берушi мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiгi сипатын көрсетедi. Несиелiк мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар оны қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғұрлым жоғары пайыздық несие бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу муддесi болады.Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс – берістің объектісі – құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны – несиелеген құн болып табылады.
Несиенің мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма – қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.
Несиенің қайтарылу принципі – қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады.
Несиенің төлемділігі – қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдалануына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Бұл принциптердің барлығы бір – бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады.
Адамзаттың өз өрісінде несие ақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланды. Несиенің шаруашылық саласында қаржы – қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай қанағаттандыруда ерекше маңызы бар.Қарыз беруші өзінің басы артық ақша қоры есебінен басқа бір субъектінің сұранысын қанағаттандыра алады. Ал қарыз қаржы алушы өзінің ақша қорын несие алу есебінен молайта отырып, өндірістік мақсаттарын түбегейлі шеше алады. Жеке азаматтар да, ірі бірлестіктер де, мемлекеттің өзі де несие қызметін пайдалануға құығы бар.
Қазіргі
заманда несие экономиканың тірегі,
экономикалық дамудың басты бір
тұтқасы ретінде танылып отыр.
Несие алушы жеке азаматтар да,
кәсіпорындар да өзінің кезек күттірмейтін
шаруасын жедел шешу мақсатында несие
мүмкіндігіне жүгінеді. Мысалы, қазір
нарыққа көшкен Қазақстан жағдайында
да несие алу арқылы жеке меншік шағын
кәсіпорындар, тамақтандыру, тігін, тағы
басқа орындар ашып, пайда табушылар қатары
арта түсуде. Осы тұрғыдан алғанда да несие
экономикалық қажеттіліктен туындаған
құбылыс әрі экономиканың қайсы саласында
да, меншік түрінің қайсы түрінде де болсын
аса тиімді қаражат қоры болып отыр.
1.2.
Несиенің формалары және
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі - бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Информация о работе Несиенін қажеттілігі,мәні және формалары