Ақшаның мәні мен қажеттілігі

Автор: k***********@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 08:53, доклад

Описание работы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау ушін жас-алынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша".

Работа содержит 1 файл

Ақшаның мәні және қажеттілігі.docx

— 62.83 Кб (Скачать)

Ақшаның мәні және қажеттілігі.

Ақшаның пайда болуы және тауарлық табиғаты.

Ақша  ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір  шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау ушін жас-алынған  еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі  қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың  тауарға айналуы ақшаның пайда  болуындағы объективті алғышарттарды  құрайды. Бірақ кез келген зат  тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан  мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті  тұтыну кұнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша  айырбас құны ретінде көрінеді. "Айырбас  құн тауарлардың өзінен бөлініп  шыққан және олармен бірге өз бетінше  өмір сүретін тауар, ол ақша".

  Ақша жалпыға бірдей құндық  эквивалент тауар ақшаның ерекшелігі.

Тауар өндірісінің дамуы барысында  кездейсоқ айырбас жиілеиді. Жалпы  тауар массасының ішінен барынша  жиі айырбасталатын тауардың белініп  шығуымен құннын жай формасы толык  формаға өте бастады. Мысалы, бидайды  етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айыр-басталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндык эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық  даму процесіиде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір  тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзІнде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер  болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек  бөлінісінің нәтижесінде мал  бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық  жағдайларға байланысты нақты сол  ортада айырбас құралы болды. 
 

Ақша  тауардан дами отырып, тауар болып  қала береді, бірақ олар бар және бола береді.

Ақша  – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде  қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үзіліссіз  жасала береді.

.Ақшаның  қызметтері.

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар  айырбастау процесінен туындайтын, тауар  өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық ма-ңызының белгілі бір жағын  мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем қүралы, қор және қазына жинау  құралы, дүниежүзілік ақша.

Ақша  кұн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық кұнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі ~ ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекиен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша  айналыс құралы. Акша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауарлар  бір қолдан екінші қолға ауыса  отырып, өзінін тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздІксіз қозғалыста болады. Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі  сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уакыты мен кеңістігі бойынша  сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан  кейін, басқа тауарды сатып алуға  әр уакытта асық-пайды. Ол тауарды  бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі  ақшанын көмегімен уақыт пен  кеңістіктегі өзара сай келмеушілік  жойылады.

Акша  төлем кұралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құннын еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар козғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер  тауар мен ақшаның қарама-қарсы  козғалысы болмаса, яғни тауар төлем  ақы түскенге дейін сатып алынған  немесе керісінше болса, онда бұл  жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен  бірге қаржы-несие қатынастарына  да қызмет етеді

Ақша - қорлану және қазына жинау кұралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қа-жеттігі Т ~ А - Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айрылуымен байланысты.

Капиталистік  қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты "таза қазына" формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым  қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жок, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда  әкелетін капиталға (өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен  байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.

Ақша  айналысы және ақша жүйесі

Ақша  айналысының мазмұны  мен құрылымы.

Қайта құру кезеңіне дейін "ақша айналымы" мен "ақша айналысы" ұғымдары арасында айтарлыктай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның  қозғалысы танылды. Ал ақша айнаымы  ұтымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-колсыз айналым  мағынасын сипаттайды, Бұл жағдайда қолма-кол ақша козғалысы тұрғындардын, (халықтың) ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өңдіріс  қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

Ақша  белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол ақша түтыну заттары  және кызметтер жиынтығымен камтамасыз етілсе, қолма-қолсыз ақша бөлуге арналған өндіріс кұралдарынын жиынтығымен  қамтамасыз етіледі.

Мұндай  жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытга кәсіпорындар мен  халықтың қолында қанша ақша, қанша  тауардың- болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына,  меншіктің мемлекет иелігінен  алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып қалды.

Ақша  айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінін арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы -ақша айналысы деп аталады.

Қолма- қолсыз ақшалар айналысы

Ақша  айналысын реттеудің маңызды  элементі - қолма-қол ақшанын қолдану  аясын азайту болып келеді. Бұл  мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-кол  ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.

Банк  жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазакстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертгі. Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-кол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда қолма-кол ақша айналысын тұрақтан-дыру және баскарудың экономикалык әдістерінің алғы-шарттары жасалынды.

Дамыған елдерге бұл процесс  кеңінен дами түсуде: оларда қолма-колсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысулары-нын 25-27%-зы гана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелІк карточкалар, т.б. көмегімен жүргізіледі.

Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айна-лысын ақша айналымы-нан бөлуге болмайды. Ақша айналысын колма-қол және қолма-колсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай коймады.

Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу кажет емес. Ақша өз айналасында қолма-колдан қолма  қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң  оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз акша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы  мүмкін.

Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып  бөлінеді. Сондай-ақ:

-   өнімді    өндіру    және    сату    процесін,    яғни   тауарлы сипаттағы    есеп    айырысулармен    байланысты    ақша айналымы;

-   тауарлы   емес   сипаттағы   есеп   айырысулармен   байланысты  ақша айналымы;

.- ақша айналысы бірнеше тарихи  кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен  жүзеге асырылды.

Ақша  жүйесі типтері және элементтері

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген  елдегі ақша айналысын ұйымдастыру  ақша жүйесі болып табылады. Әрбір  мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының  ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Бұл Жарғыда ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

Ақша  жүйесі келесі элеметтерден тұрады:

Ақша  бірлігініқ атауы. ҚР-нын ақша бірлігі  ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге  болып табылды.

Ақша  белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына  дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу  құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне  қабылданатын банкноттар мен юнеталардан  құралады. Олар Ұлттық банктің міндетгемесі болып табылады және барлық активтермен  қамтамасыз етіледі.

Эмиссия   тәртібі.  Қолма-қол   ақшаларды   шыгарып,   олар айналысын   ұйымдастыру   және   айналыстан   шығаруды Ұлттық банктің қолма-колсыз акша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.. 

Ақша  түрлері. Заңды телем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар. 

Валюталык бағам дегеніміз - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

Әлемдік тарихта ақша жүйесінің  келесі типтері бопған:

-металдық  айналым, мұнда ақшалай тауар  ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;

-несие  және қағаз ақша айналысы, мұнда  алтын айырбастамайтын банкнотамен  айналыстан ығыстырылып шыгарылды  және қазынаға айналды.

Металдық  айналысқа қатысты аталып өткен  екі ақша жүйесі - биметаллизм және монометаллизмге тән.

Биметаллизм - бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін занды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:

- параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;

Информация о работе Ақшаның мәні мен қажеттілігі