Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 15:32, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген[1,2б].
Кіріспе.................................................................................................................................5
І. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі..................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы...........................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы............................................................25
ІІ. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары...................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері......................................................42
ІІІ. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары.........................45
Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49
Чек – бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты, онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді әрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді. Ол қысқа мерзімді әрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді. Ол ел ішінде және халықаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.
Ішкі айналымдағы чектер банктерден қолма –қол ақшаны алу үшін; тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шоттар бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы ретінде қолданылады.
Есеп айырысу чектері ордер сипатында болады. Шот иелеріне арнайы чек кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітапшаларындағы чектер тауарлар мен кқрсетілген қызметтер үшін қолданылады.
Банк қызметіне
олардың ішінде банктік және саудалық карточкаларын өте кең таралған.
Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалықт карточкалар көмегімен сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сомма тауарларға төлеу үшін сіздің шотыныңдан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрдежүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік шоттарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді: клиент өзінің дербес компъютерін компътерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындағы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды «Интернет» желісі арқылы сату-сатып алу кең өріс жайды.
Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталады, өйткені бұл ұл рөлге айрықша арнайы тауарды бөліп шығару тауар өндірісі мен айналысының заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етеді, ол тауар өндірісімен үздіксіз байланыста болады. Осы бастапқыда тұғырға сүйене отырып, мынаны сеніммен атап өтуге болады, яғни ақша дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып табылады, ол шаруашылық өмірдің жағдайына және қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерге маңызды түрде және үнемі ықпал етеді. Ақша тауарлар мен қызметтердің жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.
Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейтуде, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыруда және оларды ұдайы өндірісте тиімді қолдану үшін инвесторларға беруде жатыр. Осылайша, ақшаның экономикалық жүйедегі қоғамдық рөлі мынада, яғни олар нарықтық экономикадағы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып табылады.
Ақша тауарларды, қызметтерді, тауарлық-материалдық құндылықтарды шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін құндық есепке алу және бақылау құралы ретінде қолданылады.
Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі еңбекақы , сыйақы түрінде еңбек шығындарын құндық өлшеу және бақылау ретінде, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін, еңбектің саны мен сапасын бақылау құралы ретінде, сонымен бірге еңбек өнімділігін ынталандыру және арттыру құралы ретінде айқындалады.
Ақшаның экономикадағы
рөлі тауарларды, қызметтерді сату
– сатып алу бойынша экономикал
Мемлекеттер экономикасын ақшалай-кредиттік реттеудегі ақшаның рөлі жоғары, онда бұл реттеу ақшаның монетаристік теориясы негізделеді. Әрбір елде жыл сайын орталық банк тарапынан ақша массасы өлшеудің ақшалай бағыт-бағдары құралдары көмегімен оны реттеу жүзеге асады.
Мұндай ақша-кредиттік реттеудің мақсаты – ақша массасының өсуін тежеу, инфляцияны болдырмау, елдегі ЖІӨ-нің өсуін ынталандыру.
Осылайша, ақша экономикада өте маңызды рөлді атқарады: «сол трансакциялық шығындарды төмендету, еңбектің мамандануы мен бөлісін ынталандыру арқылы экономиканың жеңіл қозғалысын жүзеге асыратын жағармай».
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі ақшаның негізін және құрамын сипаттайды. Ақша қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік – экономикалық қатынастардың бір жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Батыстың теория ақша қызметінің өте қарапайым және түсінікті үш түрін анықтады: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К.Маркс жақсы жүйеледі және суреттеді, ол жоғарыда аталған ақшаның үш қызметімен қатар барлығы тағы екі қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.
Демек, олар қазіргі кездегі және нарықтық экономикадағы ақшаның маңызы мен рөлін өте толық ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.
Құн өлшемі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасын қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Онда тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарлардың өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Баға- тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді.Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.
Металл айналысы кезінде бағалардың масштабы ақшалай металдың салмақтық көлемі деп аталады, ол кез келген елде ақша бірлігі ретінде және басқа барлық тауарлардың бағаларын өлшеу үшін қызмет етеді. Егер ақша ретінде алтын есептелетін ьолса, онда бүкіл тауарлық әлем алтынның әр түрлі көлеміне теңестіріледі. Алтын арқылы тауарлар өзара салыстырмалы бола бастады. Алтынның фунтқа және унцияға бөдіну қасиеті бар. Алғашқы ақшалардың аты ақшалай металл (алтын,күміс) ақшаның салмақтық құрамымен сәйкес келді, ал салмақтық масштабтың аты бағалар масштабы деп аталады. Күмістің фунты фунт стерлинг деген атауды туындатты.
Бағалар масштабының рөлі мынада, яғни ол өз ретінде ұлттық ақша бірлігі салмағын тұрақтандырушы ретінде әрекет етеді. Бұрын мемлекет ақшаның алтындық құрамын оқтын-оқтын белгілеп отырған. Бірақ та 1976-1978 жылы енгізілген алтынның ресми бағасын Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) қатысушы елдердің ақша бірліктерінің алтындық құрамын Ямайка валюта жүйесі алып тастады. Қазіргі таңда бағалар масштабы баға көмегімен тауар құнын салыстыру арқылы нарықтық үрдісте стихиялық түрде қалыптасып жатыр.
Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде ақша әр түрлі қызметті атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде құн өлшемі болып айқындалады, бағалар масштабы – металдың тұрақты салмағы ретінде қарастырылады. Сондықтан да құн өлшемімен құн ретіндегі тауарлар, және керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі көлемі өлшенеді.
Қазіргі жағдайда алтын ақшаның міндетті атқарудан қалды, яғни ол ақша қызметін, соның ішінде құн өлшемі қызметін жоғалтты. Алтын кредиттік ақшалармен алмастырылады.
Әрбір мемлекет өз құн өлшемін белгілейді. Қазақстанда құн өлшемі ретінде теңге, Ресейде – рубль, АҚШ-та – доллар, Еуропалық Одақта – евро саналады. Ел шеңберіндегі ішкі айналыста бағалар масштабы айрықша рөлді атқармайды, ал ел шегінен тыс сыртқы айналыста ол ақшаның сатып алушылық қабілетін анықтау үшін үлкен рөл ойнайды. Айрықша қажетті жағдайда үкімет алдын ала белгіленген бағалар машстабын өзгертеді. Мұндай өзгерту ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасы – бұл құнның бір өлшемінен басқасына өту, ол ақшаның жалпы көлемінің азаюымен түсіндіріледі.
Демек, құн өлшемі – бұл ақша бірлігі, ол тауарлар мен қызметтер құнын өлшеу және салыстыру үшін қолданылады.
Айналыс құралы.
Бұл қызметтің маңызын
тауар айналымының Т-А-Т
Кредиттік ақшалар. Тікелей тауар айналымы кезінде, яғни бартерде (тауарды тауарға) сатып алу мен сату сәйкес келді. Айналыс құралы ретіндегі ақша қызметі кезінде тауарларды сатып алу және сату актілері арасынында алшақтық пайда болады, дербес болады, уақыт бойынша сәйкес келмейді. Сатушы тауарды сатып болған соң, қолдағы ақшасын басқа тауарды сатып алу үшін жұмсауға асықпайды.Бұл айырбастың бұзылуының объективті мүмкіндігін қалыптастырады, яғни сатылған тауар сатып алынған тауардан көп, нәтижесінде дағдарыстық жағдай қалыптасады.
Тауар айырбасының бастапқы сатыларында, яғни алтын тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бөлініп шыққан кезде, ол бір мезетте әрі құн өлшемі, әрі айналыс құралы ретінде ақша қызметін орныдады. Ондағы екі қызмет бір-біріне сәйкес келмеді.
Тауарлықайналымның ары
қарай дамуы ақшаның осы
Құн өлшемі ретнідегі ақша гиперинфляция кезеңінде айналыс құралы қызметін атқармайды, Қазақстанда 994-1997 жылдары тауар бағалары американдық доллар, немесе екі бағада: доллар және теңгеге белгіленді. Негізінен теңгедегі бағалар күн сайын долларға қатысты айырбас курсы негізінде қайта есептеліп отырды.Бұл мезетте теңгемен өрнектелген бағалар жедел өсті, доллардағы бағалар өзгеріссіз қалды. Бұл мына себепке байланысты болды, яғни айналыстағы ақша массасы тауар массасына қарағанда едәуір өсті, ол ақшаның құнсыздануына, яғни инфляцияға әкелді.
Сонымен, айналыс
құралы – тауарлар мен
Төлем құралы.
Тауар өндірісі және тауар
айналымының дамуы, сонымен бірге
кредиттік қатынастардың дамуы
нәтижесінде ақшаның төлем
Информация о работе Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі