Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:52, реферат
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Кіріспе......................................................................................................... 3
1 Қаржының мәні мен қажеттігі.....................................................................4
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы немесе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымы ...............................................................................4
1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы.........................................................6
Қорытынды................................................................................................ 9
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................10
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қаржы және экономика мектебі
Қаржы және бухгалтерлік есеп кафедрасы
Реферат
Қаржының мәні
және объективті қажеттілігі
Орындаған:
Қаржы-экономика мектебінің
“Қаржы” мамандығының
2 курс студенті
Абдрахманова А.А.
АЛМАТЫ, 2013
Мазмұны
Кіріспе......................
1 Қаржының мәні мен қажеттігі.....................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
>Кіріспе
Мемлекет экономикасында
қаржы жүйесінің атқаратын
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.</h4>
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Ал халықтың қаржысы шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының проценті және тағы басқалар) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды. жұмсалады.
<h4>
<h4
>1 Қаржы жүйесінің мәні және қажеттілігі
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы немесе Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымы
Қаржы (орта ғасырдағы
латын тілінің «financia» сөзін
Қаржының мәні оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің функцияларымен айқындалады. Қаржының пайда болуынын бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. «Қаржы» термині екі мағынадан тұрады: материалдық мағынада және экономикалық категория ретінде.
Материалдық (ақшалай)
«Қаржы жүйесі» ұғымы қаржы
ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана
түсуі болып табылады. «Қаржы жүйесі»
ақша қаражаттарының қорларын құру және
пайдалану негізіндегі
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды. Қаржы қатынастары негізінен екі сфераны қамтиды: мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары және кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы жүйесі оған кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларды функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды жатқызады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, қаржылық бақылаудың және басқа қосалқы жүйелер. Сонымен қаржылар ақшалай құралдар қорының қалыптасу, бөлу және пайдаланумен байланысты қатынастарды көрсетеді.
<h4>
1.2 Қаржылардың
атқаратын қызметтері және
басқа экономикалық
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның қызметтерін анықтауды да талап етеді. Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен маңызы олардың мына функциялары арқылы көрініс табады: бөлу, реттеу, ынталандыру және бақылау функциялары. Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.</h4>
Қаржының бөлу функциясы арқылы қаржының қоғамдық мақсаты жүзеге асады. Бұл функцияның көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді. Қаржының бөлу функциясының қызмет ету объектісі болып жалпы қоғамдық өнім құны, сонымен қатар ақшалай нысанда сипатталатын ұлттық байлықтың бөлігі болып табылады. Қаржылық бөлудің субъектілері болып ұдайы өндіріс үдерісінің қатысушылары және иелігінде нысаналы мақсаттағы қорлары бар заңды және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорын, бірлестік, ұйым, мекеме, азаматтар) табылады. Қаржы арқылы бөлу үдерісі материалдық өндіріс, айналыс және тұтыну салалары тәрізді қоғам өмірінің барлық саласында жүреді. Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден, табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан, ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әр түрлі экономикалық жеңілдіктер кезінде жүзеге асырады.
Қаржының ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әр түрлі ынталандырғанда жүзеге асады.
Бақылау қызметі қаржының
бөлгіштік қызметінен туындайды. Бұл
функцияның арқасында ақша қаражаттарының
жиыстырылу және бөлу процестерінің
заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ
мемлекеттің ақшалай
Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың бұлжымай сақталуын, мемлекеттік бюджет, банк алдындағы қаржылық міндеттемелердің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің есептесу және төлемдер жөніндегі өзара міндеттемелерінің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі. Қаржы жүйесі мен салық қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығын бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырылады. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынандай түрлері бар: қаржылық шаруашылық бақылау, қаржылық - бюджеттік бақылау және несиелік - банктік бақылау.
Қаржылық-шаруашылық
бақылау фирмалардың,
Несиелік-банктік бақылау фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілділігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметтер көрсету) жүйесі арқылы жүргізіледі.
Информация о работе Қаржының мәні және объективті қажеттілігі