Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 15:32, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген[1,2б].

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................................5
І. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі..................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы...........................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы............................................................25
ІІ. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары...................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері......................................................42
ІІІ. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары.........................45

Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49

Работа содержит 1 файл

курсавой шыгаратын new.doc

— 398.00 Кб (Скачать)

Нәтижесінде тауарларға қатысты ақшаның салыстармалы дербес қозғалысы жүзеге асады.

Егер ақшаның айналыс  құралы ретіндегі қызметі кезінде  ақша мен тауардың қарама-қарсы бір уақыттағы қозғалысы орын алса, ал ақшаның төлем құралы қызметінде бұл қозғалыс барысында уақыт бойынша алшақтық болады, яғни қарыз алушы тауарды несиге сатып алып сатушыға қарыз мендеттемесін береді,ол белгіленген мерзімде ғана төленеді. Төлем құралы ретінде ақшаны пайдалануды К. Маркс былайша сипаттады: «Бір  тауар иесі қолма-қол тауарды сатады, ал екіншісі ақша өкілі немесе болашақ ақша иесі ретінде әрекет ете отырып, сатып алады. Сатушы кредит беруші болса, сатып алушы – қарыз алушы болады».

Төлем құралы ретіндегі ақша тауарлық айналысқа ғана емес, сонымен бірге қаржылық және кредиттік қатынастарға қызмет етеді: тауарлар мен қызметтерді сату кезінде, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде, салықтарды және басқа қаржылық міндеттемелерді мемлекетке төлеу кезінде, банктік қарызды қайтару, айыппұлдарды, санкцияларды өтеу кезінде және т.б.

Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметінің дамуы қолма-қолсыз есеп айырбасуды және кредиттік ақшаларды  дамытуға ықпал етті. Осылайша, айналыс  шығындары қысқарады, төлемдер жеделтіледі және қолма-қол ақшалар айналыстан шығарылады, сонымен қатар олар кредиттік электрондық ақшалармен  алмастырылады. Төлем құралы қызметіндегі ақшалар көптеген тауар иелерін, сатушылар  мен сатып алушылары өзара байланыстарады, олардың әрқайсысы тауарды кредитке сатып алады және сатады. Егер белгілі бір буынға қарыз міндеттемелері (жеткізушінің шотына) бойынша төлемдер нақты уақытында түспесе, яғни төлемдік тізбектің бір буынанда үзіліс болса,  онда бұл жайт өзінің артынан төлем жасамаудың біртұтас тізбегін (кредит бойынша мерзімінен асып кеткен борыш, бюджетке төлем бойынша, еңбекақы бойынша және т.б.) туғызады. Мұндай дағдарыстар 1991-1996 жылдары Қазақстан тәжірибесінде болған. Ол экономикамызға аса зор материалдық, моральдық шығын әкелді, жекелеген кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді дағдарысқа және банкротқа ұшыратты.

Қазіргі кездегі қоғамда  кредиттік, электрондық ақшаның  дамуы кезінде есеп айырысудың басым  формасы ретінде қолма-қол есеп айырысумен салыстырғанда артықшылығы  басым болып келеді. Сонымен қатар төлем құралы қызметін қолма-қол ақшалар да атқара алады. Фирмалар, кішірім кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер төлем құралы қызметіндегі қолма-қол ақшаларды, зейнетақы, стипендия төлеу, облигация, лотореялық билет бойынша ұтыстарды төлеу, тұтынушылық қажеттіліктерге және потека  кредит беру, сонымен бірге халықтың коммуналдық қызметтер үшін төлемі және т.б.

Жинақтау және қорлану  құралы

Төлем қралы ретіндегі  ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары  резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақтау және қорлану құралы ретіндегі қызметін туындатады. Ақшаның жинақтаудың қажеттілігі қайтадан Т-А-Т айналымының екі құндық актіге Т-А және А-Т бөлінуімен байланысқан.

Бірінші актіде тауар  сатылады да ақшаға айналады, бұл жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген тауарды сатып алуға немесе кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің  барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі ақша және т.б. түрде сақтай алады. Бірақ ақшалар көбінесе осы қызметті орындайды, өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құны бар   актив саналады. Ақшалар төлем құралы ретінде пайдаланылады және  олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.

Бірақ та жоғары инфляция кезінде ақша өзінің жоғары өтімділігіне қарамастан, қор жинау құралы ретінде  өз құндылығын жоғалтады. Егер долларға немесе теңгеге сатып алуға болатын  тауарлар саны күннен-күнге төменде  берсе, яғни ақша құнсызданса, онда адамдар өте өысөа мерзімге оларды қорланудан және жинаудан бас тартады. КСРО азаматтарының жинақтары соның айқын мысалы, олар Одақтас Респубдикалар дербестігін алған кезде толығымен жоғалып кетті. Қазақстан өз азаматтарының осындай  жинақтарының аз ғана бөлігін өтеді. Бұл ақшаның құнсыздануының классикалық мысалы. Айналым құралы қызметінен және міндетті түрде нақты шын құны болуы тиіс. Бұл жинақтау қызметін негізінен толыққұнды нақты ақша (алтын,күміс,платина) атқарады, бірақ ол қағаз, кредиттік ақшалардың өкілдерімен  алмастырылуы мүмкін, жоғарыда айтылғандай, гиперинфляция немесе дағдарыс кезінде олар өз қызметін жоғалтатынын естен шағармауға болмайды.

Жекелеген адамдар сияқты, мемлекет алтын қоры және халықаралық  резерв қоры түрінде қорландыру қорын құрады. Ол оған салыстырмалы экономикалық тәуелсіздікті кепілдейді, яғни мемлекет кез келген сәтте өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша есеп айырсады.

2006 жылдың 1 маусымында  қарай Халықаралық резервтік  қор 23,7 млрд доллардан асты. Мұндай резервтерге ұлттық қор да кіреді, ол 8,7 млрд долларды құрады.

Алтынды айналымнан шығару нәтижесінде оның жинақ және қазыналық  құрал ретіндегі рөлі төмендегенімен, алтын әлі де қазына құралы ретінде  қолданылады. Алтын резервтерінің  көлемі елдің  байлығын көрсетеді және басқа елдер мен инвесторлардың осы елге  деген сенімін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде алтынның ең үлкен қоры – АҚШ-та 260 млн тройск унциясы, (1тройск унциясы-31,1г.), ГЕрменияда – 120, Францияда – 102, Ресейде -150  млн тройск унция бар.

Ақшаның жинақтау және қазыналық  қызметінің объективті алңышарты бар  және ол ақша айналысы заңмен байланысқан. Айналыстағы ақша көлемі үнемі өзгеріп  отырады, ақша айналыс аясынан жинақтау аясына және керісінше ауысып отырады. Мысалы Қазақстанда 2004 жылы мұнай бағасының жоғарылауы шарттарында экспорттық түсімдер айналысқа түсіп, айналыстағы ақша массасын көбейтті, сондықтан ҚР Ұлттық банкі жедел шараларды қолдануға мәжбүр болды, яғни бұл ақшаны айналымының тұрақтылығына қол жеткізілді, инфляция жойылды.

Әлемдік ақшалар .

Ақша формасының дамуындағы сапалы жаңа кезең әлемдік ақша арқылы өрнектелді.

Әлемдік ақшалар ақшаның  барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра  отырып, ол қазыналық және төлем  құралы қызметінің тұтастығы арқылы ақша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады. К.Маркс былай жазған «Өзінің түсінігі ғана емес, сонымен қатар әрекет әдісімен ақшалар қазына және жаппай төлемін құралы ретінде әлемдік нарықта жалпы айырбас құралы, жалпыға ортақ тауар болып табылады». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты,экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрінеді. Халықаралық төлем құралы қызметі жөнінде айтсақ, онда ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интернационалдық белгілері бойынша жүзеге асырылады.

Егер ел ішінде ақша мемлекет тарапынан заңдастырылған ұлттық ақша формасында әрекет етсе, онда оның шекарасынан  тыс жерде К. Маркстің пікірінше «ақша өзінен ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы – бағалы металл құймалары түрінде әрекет етеді».

Алтын монометаллизмнің әрекет етуі  кезеңінде, яғни алтын  монета және алтынға айырбасталатын кредиттік ақшалар айналымда жүрген кезде, әлемдік ақша нарығына ақшаның шығуы және әлемдік ақша ретінде әрекет етуі кедергісіз жүзеге асты.

Қазіргі таңда айналымда  алтын құймалар және еркін айырбасталымды валюта түрінде қолданылады. Бірақ  та ХХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап олар төлем құралы ретінде  еркін айырбасталатын валюта мен ығыстырыла бастады,яғни ондай шет елдік валюталарды барлық басқа мемлекеттер тарапынан еш тоқтаусыз қабылдайды. Мұндай валюталарға американдық доллар, евро және фунт стерлинг жатады. АҚШ доллары қазіргі кезде Қазақстанның әлемдік нарығында кең қолданылатын төлем құралы болып табылады. Барлық төлемдердің 20 пайызға жуығы евро, басқа валюталар арқылы жүзеге асырылады. Барлық мұнай, металл долларға экспортқа шығарылады.

Әлемдік ақша қызметін валюталық-қаржылық институттардың арнайы есептік бірліктері, атап айтқанда Халықаралық  валюталық қор (ХВҚ) тарапынан айналысқа ақша шығару, қарыз берудің арнайы құқықтары (СДР); Ортақ нарық елдерінің есептік бірлігі (ЭКЮ), ол ХХ ғасырдың 90-жылдарының соңында евроға ауысты; Варшава Келісімі елдері  арасында ауыстырылған рубль қолданылды, олар социализмнің күйреуі нәтижесінде жоғалды.

Жаппай сатып алушылық құралы толыққұнды әлемдік ақшалар  елдер арасында өзара қарым-қатынастар және есеп айрысулардың қалыпты режимі бұзылған кезде немесе жоқ болған жағдайда әрекет етеді (астықтың шықпауы) Мысалы, ХХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстанда астақ өнімдерді шықпай қалған кезде КСРО астықты алтынға сатып алды.

Ақшаны қоғамдық байлықтың абстрактылық заттанған формасында пайдалану мына жағдайда жүзеге асады: елдің алтын және валюталық қорын толтыру кезінде, алтын немесе еркін айырбасталымды валюта түрінде басқа елдерге кредит ұсыну.

Егер елдің төлем  балансы активті болса, яғни экспорт  импорттан басым болса, онда еркін  айырбасталымды валюта валюталық резервтерді толтыруға бағытталады, егер төлем балансы теріс болса, онда керісінше, резервтердегі айырма жабылады.

Біз қарастырғанда ақша қызметтері бір-бірімен өзара байланысқан, бір-бірін толықтырады және жаппай балама ретінде ақшаның біртұтас мәніс айқындалады. Олар тығыз байланыста және бірлікте болады. Логикалық және  тарихи тұрғыда әрбір келесі қызмет алдыңғылардың танымал дамуын алдын ала көрсетеді. Ақша қызметтерінің өзара байланысының негізі болып құн өлшемі ретіндегі ақша қызметі есептеледі. Бұл өте орынды, өйткені ақшаның бұл қызметі анықтауыш болып саналады. Ақшаларда бұл қызмет болмаған жағдайда барлық басқа қызметтер өз рөлін іс жүзінде толыққұнды атқара алмайды.

 

    1.3 Ақша айналымы және оның құрылымы. Ақша айналысы

 

        Ақша айналысы  ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.

Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және тұтынуға арналған өндірілген өнімдер  мен көрсетілген қызметті ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді. 

Сондай-ақ, ақшаның көмегімен  кредит мен басқа ресурстары қалыптасып, қата бөлінеді және пайдаланылады. Бұл  арада шаруашылық жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер  арасындағы, олардың мемлекет арасындағы, шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы, халық пен мемлекеттің  арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтардың арасындағы тікелей ақша қатынасында  қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдада есеп аырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесіп, біріңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесіне қызмет етуі барысында, өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) және ұлттық табыстың (ҰТ) жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін құрайды.

Алайда, ақша айналымы тауар  айналымының ақшала жағын ғана білдірмейді. Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өткізген  тауарларымен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіруге болады. Ақшаны шаруашылық жүргізуші органдар жұмысшылармен қызметкерлерді ынталандыру мақсатында оларға еңбекақыны төлеу үшін пайдаланады. Жалпы ақша айналымның көп бөлігін – ұлттық табыстың қалыптасуымен, бөлінуімен және қайта бөлінуімен байланысты жүзеге асатын айналым құрайды. Ұлттық табыстың қалыптасу сатысында ақша айналымы шаруашылық органдардың да, жеке азаматтардың да төлемдерін бейнелейді. Тауарларды өндіру мен өткізу процесінде қалыптасатын шаруашылық органдардың таза табысы мен айналымнан алынатын салыққа бөлінеді. Мемлекеттік бюджеттің табысына айналымнан алынатын салық пен пайданың бір бөлігі толық аударылады. Халық та өз табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджеттің табысына аударады.

Ақша айналымының біршама  бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысын  пайдалану сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы, мемлекетті, капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруға жүзеге асады.

Ақша айналымының бір  бөлігіне банктің кредиттік ресурстарын  жұмылдыру және оларды орналастыру (инвестицияны кредитлеу) жатса, тағы бір  бөлігіне сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және т.б. төлемдері жатады.

Ақша айналымының жалпы  көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық  қызмет, газ, электр энергиясы, жылу энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да осындай қызмет түрлері үшін төлейтін төлемдермен байланысты айналым да кіреді.

Осылайша, бүкіл ақша айналымы қолма-қол ақша айналымына және қолма-қол ақшасыз айналымға  бөлінеді, сондай-ақ, ол төменде келтірілген  ретінде де бөлінеді:

    • Тауарлық сипаттағы, яғни өнімдерді өндіру мен өткізу процесін бейнелейтін ақша айналымы;
    • Еңбекақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен, коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және тағы басқа төлемдермен байланысты орын алатын тауарлық емес сипаттағы ақша айналымы.

Сонымен, ақша айналымы төлеу  құралы және айналыс құралы қызметінде төлемдердің ақша арқылы жүзеге асатын процесінде қалыптасатын кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және кооперптивтік  ұйымдардың, қаржы және кредит мекеиелерінің, халықтың қаражаттар жиынтығын білдіреді. Қолма-қол ақшаның көмегімен және өолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртібімен жүзеге асырылатын жоғарыда аталған әрі әлі атала қоймаған барлық ақшалай төлемдердің жиынтығы ақша айналымының мазмұнын құрайды.

Информация о работе Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі