Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 15:32, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген[1,2б].

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................................5
І. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі..................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы...........................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы............................................................25
ІІ. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары...................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері......................................................42
ІІІ. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары.........................45

Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49

Работа содержит 1 файл

курсавой шыгаратын new.doc

— 398.00 Кб (Скачать)

                Т – тауар массасы,

                  Б – тауарлардың орташа бағасы,

                  V – айналым саны.

 

          К.Маркстің пікірінше, ақша қызметін  алтын орындаған кезде айналысқа  қажетті ақша мөлшері автоматты  түрде стихиялы жолмен реттелген:  егер ақша нақты қажетті деңгейінен асып кетсе, онда алтын айналыстан шығып асыл қазынаға (қор жинауға), яғни жеке қазына жинауға кететін. Егер ақшаға деген қажеттілік артатын болса, онда алтын асыл қазынадан айналысқа қайтып оралатын. Осыған ұқсас ахуал алтынға еркін айырбасталатын банкнот айналысында да орын алды, яғни қағаз ақшалар ақша бірліктерінің ролін мүлтіксіз орындады.

К.Маркстің айналыс заңына сәйкес қағаз ақша эмиссиясы айналысқа  қажетті алтын ақшаның теориялық  мөлшерімен шектелуі керек.

Проблема ештеңемен шектелмеген ақша эмиссиясы ақша белгілерін артығымен көбейтіп, ақша айналысы заңының бұзылуына жол ашып осыған байланысты инфляцияны тудырған жағдайда ғана пайда болады. Ақша айналысының негізгі принципі – айналыста тұтынылатын ақша массасын шектеп, осыған қарай экономиканың балансты түрде дамуына ықпал ету болып табылады.

Металға немесе қағаз ақшаға айырбасталмайтын банкнот айналысында қолма-қол  ақша қағаз-ақша айналысының заңына сәйкес айналымда жүреді.

Экономикалық ғылымда айналыстағы  ақша массасын анықтау бойынша басқа монетаристік көзқарас бар.

 

 

Айналыстағы ақша Жалпы ішкі өнім (М)

  массасы М                  =  ——————————

                                         Айналыс жылдамдығы

 

Сонымен, айналысқа қажетті ақшаның мөлшері елде өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бүкіл мөлшерін ағымдағы баға бойынша сатылатындай деңгейде болуы керек.

Ұлттық банк тарапынан  реттелетін маңызды объектіге ақа  мөлшері немесе айналыстағы ақша массасы жатады. Шаруашылық айналымына қызмет ететін әрі заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ мемлекетке тиесілі сатып алу және төлем құралдырының жиынтық мөлшері ақша массасын білдіреді. Оған айналыстағы қолма-қол ақшалар, яғни халықтың қолындағы, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың кассаларындағы барлық қағаз ақшалар мен металл монеталар кіреді. Ақша массасы қолма-қол ақшамен қатар халықтың, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың өтімділігіне қарай олардың банктік депозиттерін немесе салым ақшаларын құрайды. Ақша массасының ұғымы өтімді актив топтарына жатады.

Қазақстандағы қаржы  статистикасында шетелдік тәжірибе сияқты мынадай ақша агрегаттарының есептері жүргізіледі:

 М0 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, монеталар)

  М1 = М0 + заңды тұлғалардың есеп айырысу, ағымдық, арнайы, чектік шоттарындағы қаражаты, коммерциялық банктердегі салым ақшалар, халықтың талап еткенге дейінгі депозиттері.

М2 = M1 + халықтың банктердегі мерзімді салым ақшалары.

М3=М2 + мемлекеттік қарыз облигациялары, депозиттік сертификаттар.

Бұл арада банктердің ақшаны тек сақтап қана қоймай, жаңа ақшаларды тудыра алатын, яғни қысқа  мерзімді кезеңде олардың мөлшерін жасай алатын (мультипликациялау), ал ұзақ мерзімді кезеңде олардың жаңа түрлері мен формаларына «өмір сыйлай» алатын қабілеті көрінеді.

Алтын және күміс тиындар  банкноттарға біртіндеп орын босатып  келеді, ал олар өз кезегінде шоттарда жазылуы жолымен сақталатын болады.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы  депозиттердің мөлшері банк жүйесіндег банкноттардың мөлшерінен асып түседі., яғни ақшаның жаңа формасы «ескі»  ақшаның  орнын басып қана қоймай, оны мультипликациялап  та отыр. Бұл

M1 (М0 + халықтың талап еткенге дейінгі депозиттерді + заңды тұлғалардың шоттарындағы қаражат) ақша агрегатының пайда болуына әкеп соқтырады. Кредиттік ақшаның болуы мен кредиттеудің икемді жүйесіне көшу шектеулі, өтімді пассивтердің қалыптасуын қажет етеді,  яғни халыққа пайыз әкелетін М2 «М1 + мерзімді салым ақшалар + талап еткенге дейінгі жинақ салым ақша) ақша агрегатының қажеттілігін тудырады.

Кредит сұранысының  артуы жаңа кепілдік объектілерінің пайда болу қажеттілігін тудырады. Ал, бұл қажеттіліктің орнын депозиттік сертификаттар басты, ол өз кезегінде  – М3 (М2 + депозиттік сертификаттар) ақша агрегатының қажеттілігін тудырады.

 

 

Ақша агрегаттары

2003 ж.

2004ж.

өзгерісі

Ақшалай база

316,9

577,9

+261,0

М0

238,5

379,3

+140,8

М1

412,1

677,5

+265,4

М2

693,4

1164,4

+471,0

М3

971,7

1634,7

+663,0


 

Осылайша, бұл ақша агрегаттары  жиынтық ақша айналымының құрылымын, жекелеген компоненттердің динамикасын, кредиттеудің мөлшерін сипаттайды.

Бұл агрегаттағы ақша массасының мөлшерін бағалау ақша-кредит айналымының әр түрлі параметрлерін  толығырақ сипаттауға, ақша айналысының  даму тенденциясын және олардың экономикаға  сәйкесуі бағалауға мүмкіндік береді. Айналысқа қажетті ақша массасын тауар айналымының мөлшері мен құрылымына қарай анықтап қоймай, халықтың ақшалай табысының шамасы мен құрылымын, сондай-ақ ақша сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ескеру керек.

Қазақстандағы ақша массасының дербес компоненттеріне ақша базасы жатады. Оған М0 + екінші деңгейдегі банктер кассаларындағы ақшалай қаражат, банктердің міндетті резервтері мен олардың ҚР Ұлттық  банктің корреспонденттік шоттарындағы қаражаты кіреді. Бұл ақшалар үлкен өтімділікке ғана  ие емес, сондай-ақ Ұлттық банктің іс-әрекетіне қабілеттілігін, өз міндеметтемелерін орындаудағы мүмкіндігін көрсетеді.  Айналымдағы ақша массасының  өзгерісі ақша массасының өзгерісіне тәуелді.

Ақша айналысының жылдамдығы. Ақша айналысының жылдамдығы – бұл айналыс құралы және төлем құралы ретінде жұмыс істейтін ақша қозғалысының қарқын алуын әрі бір жалдағы ақша массасының айналым жылдамдығын, яғни айналымның жыл ішіндегі  жылдамдығын білдіреді.

Ақша массасының әрбір  айналымы табыстың жұмсалуына қызмет етеді. П. Самуэльсонның пікірінше, ақша айналысының жылдамдығы табыс айналысының жылдамдығын көрсетеді.

ҚР Ұлттық банкі ақша айналымының жылдамдығын екі  көрсеткішке қарай анықтайды: Ұлттық банк мекемесінің кассасына ақшаның  қайтарылу жылдамдығы. Бұл айналымдағы орташа жылдық ақша массасына Ұлттық банктің кассасына түсетін ақша соммасының қатынасы ретінде анықталады. Қолма-қол ақша айналымдағы ақшаның айналым жылдамдығы.  Ол Ұлттық банктің кассасына түскен және шыққан ақшаны, оған «Қазпошта» АҚ айналымын қосып есептегендегі соманы жылдық айналымдағы ақша массасына бөліп анықтайды.

Айналым жылдамдығының  өзгерісі жалпы экономикалық және  монеталарлық сипаттағы көптеген факторларға  тәуелді.

Жалпы экономикалық сипаттағы  факторға: экономиканың кезеңдік дамуы, экономикалық өсімнің темпі, бағаның өзгеруі және т.б. жатады.

Монетарлық факторға қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз  айналымдардың арақатынасы, кредиттік  операциялардың және өзара есеп айырысулардың  дамуы, ақша және кредит нарықтарындағы пайыздық мөлшерлемелердің деңгейі, ақшалай есеп айырысудың электрондық құралының пайдаланылуы, халықтың әл-ауқат деңгейі және т.б. кіреді.

Басқадай тең жағдайларда  ақша айналымының жылдамдығы арттырылатын қосымша ақша массасының айналымға  шығарылуын қажет етеді.  
   Ақша массасы талданғанда экономиканың айналымдағы ақшаның массасын арттыратын мүмкіндіктерін анықтайтын ақшалай мультипликатор  көрсеткіші пайдаланылады. Ол М2 айналымындағы жиынтық ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептеледі.

Айналымдағы ақша массасын сипаттайтын әр түрлі көрсеткіштер елдің ақша  шаруашылығын кешенді  талдауға мүмкіндік тудырады. Бұл  ҚР Ұлттық банкісіне өзі жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты арқылы айналымдағы ақша массасын реттеуіне  жағдай жасайды.

Ақша массасы банкнот пен монета эмиссиясы есебіне, Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерді кредиттеу есебінен, Ұлттық банктің алтынды, шетелдік валюталарды және мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алуы арқылы, Ұлттық  банктің бюджет тапшылығын жою үшін үкіметке беретін кредиттің есебінен, екінші деңгейдегі банктердің депозиттердің негізінде кредит ақшаны шығарудың, яғни экономианы кредиттеу жолымен артады.

Ақша массасын арттыратын факторлардың ішіндегі осы соңғысы  кейінгі жылдары Қазақстанда  маңызды мәнге ие болып жүр. Коммерциялық банктер 1999-2004 жылдар аралығында экономиканы қарқынды түрде кредиттеді. Осы уақыт аралығындағы кредиттің үлес салмағы банктердің  активтік операциясында 60%-ға дейін жетті.

Ұлттық банк бұл процесті депозиттердің міндетті резерв нормаларын белгілеу арқылы реттейді. Нормалар арттырылатын болмаса – кредиттеудің мөлшері қысқартылады, егер нормалар кемісе – осыған керісінше жағдай орын алады. Көріп отырғанымыздай, ақша массасының мөлшері өз кезегінде ЖІӨ мөлшерінің болжалды өсіміне, ақшаның айналыс жылдамдылығына және инфляцияның деігейіне  бағдарланатын Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-кредит саясатына тікелей тәуелді.

 

 

 

ІІ. ҚР ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары

 

         2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері

1993 жылдың қарашасында  теңгенің айналысқа шығарылуы  біздің жас тәуелсіз республикамыздың  жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың  бірі болып табылады. Ол еліміздің  тәуелсіздігін нығайту жолындағы  түбегейлі әлеуметтік-экономикалық  реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.

Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.

Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.

Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.

1991 жылы Қазақстан  нарықтық қайта құруды жүзеге  асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.

1993 жылы 3 қарашада Президенттің  Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны  енгізу жөніндегі мемлекеттік  комиссия ұлттық валютаны енгізудің  тұжырымдамасын дайындады. Бұл  құжатта жаңа валютаның енгізілу  мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді.

Тарихи күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын  акцияны түсіндіре отырып, сөз  сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды.

Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші  бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру – ең маңызды шаруалардың бірі болды.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің  қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» және «Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей  Жарлықтары шықты.

1997 ж. 6 наурызда «Заң  күші бар, Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығына толықтырулар  енгізу туралы», 1997 ж. 28 сәуірде «Қазақстан  Республикасындағы вексельдік айналыс  туралы», 1997ж. 11 шілдеде «Банктік  кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары қабылданды.

Информация о работе Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі