Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Уақытты қалай өткізесіз» тақырыбына шағын шығарма жазу.
  1. Жаңа сөздерді жаттау.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Уақыт туралы мақал-мәтелдер жазу.
  1. «Менің демалыс күнім» тақырыбына эссе жазу.

 

6 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

Грамматикалық тақырып: ІЛІК СЕПТІК

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан – көп ұлтты егеменді мемлекет. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 16,3 миллион адам тұрады. Қазіргі Қазакстанда жүз отыз ұлттың өкілдері тұрады.

Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань шыңдарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр.

Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын және әр түрлі дәрілік шөптер өсіріледі. Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазда ыстық және құрғақ болады. Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы – бұл аймақтың байлығы. Республиканың солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі. Бұл өсімдіктерге су онша көп қажет емес. Мұнда күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады.

Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар (мыс, қорғасын, қалайы, күміс, алтын және басқалары), көмір, мұнай, фосфориттер. Осыларды игеру барысында жаңа қалалар пайда болды. Олар: Арқалық, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаратау, Теміртау, Ақтау, Кентау, т. б.

Бүгінгі Қазақстан – ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы дамыған, жоғары мәдениетті, білімді ел.

Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет. 1991 жылғы желтоқсанның 1-нде Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды.

 

 

2-тапсырма. Сөйлем  құраңыз.

  1. Қазақстан    многонациональное суверенное государство

      простирается с запада на восток на 3000 км.


    простирается с севера на юг на 1500 км.

    богат полезными ископаемыми.

  1. Қазақстанның   выращивают арбузы, дыни, яблоки, виноград, рис, хлопок.

оңтүстігінде   погода жаркая и сухая.


редко идут дожди.

  1. Қазақстанның  растет хлеб и овощи.

солтүстігінде  погода нежаркая.


часто идут дожди.

 

3-тапсырма. Қазақстанның  географиялық картасына қарап,  төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстанда неше облыс бар? Оларды атаңыз.
  2. Қазақстанда қанша қала бар? Оларды атаңыз.
  3. Қазақстанның теңіздерін, көлдерін, ірі өзендерін атаңыз.
  4. Қазақстанның астаналарын атаңыз.

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

ІЛІК СЕПТІК (РОДИТЕЛЬНЫЙ  ПАДЕЖ)

Сұрақтары: кімнің? кімдердің? (кого? чей? чья? чье? чьи?)

ненің? нелердің? (чего? чей? чья? чье? чьи?)

 

Слово в ІЛІК СЕПТІК+слово с ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ (3 жақ)=неделимое словосочетание


Запомните: Слово в ІЛІК СЕПТІК всегда обозначает хозяина, обладателья кого-либо или чего-либо.

Соңғы дыбыс 

Буын

Дауысты

Үнді м, н, ң

Ұяң ж, з

Үнді р, л, й, у

Қатаң к, қ, п, с, т, ш

Ұяң б, в, г, д

Жуан

-ның

-дың

-тың

бала-ның, бала-м-ның,

бала-ң-ның, бала-сы-ның

қыз-дың, қар-дың,

бал-дың, сарай-дың

хат-тың, кітап-тың,

клуб-тың, геолог-тың

Жіңішке

-нің

-дің

-тің

әже-нің, әже-м-нің,

әже-ң-нің, әже-сі-нің

күз-дің, үй-дің,

жер-дің, көл-дің

мектеп-тің есік-тің, студент-тің, газет-тің


 

4-тапсырма. Төмендегі сөздерге ілік септіктің жалғауларын жалғаңыз.

Қазақстан, ұлт, мемлекет, адам, өкіл, ойпат, тау, шың, аудан, аймақ, жаңбыр, күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, астық, астық, көкөніс, жер, мыс, қорғасын, қалайы, күміс, алтын, көмір, мұнай, фосфорит, қала, ауыр индустриясы, ауыл шаруашылығы, президент.

 

5-тапсырма. Мәтіннен  Ілік септіктегі сөздерді тауып,  дәптеріңізге көшіріп жазыңыз.

 

  • МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

6-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

  • Ел іші – алтын бесік.
      • Отан – оттан да ыстық.
        • Өз елім – өлең төсегім.
            • Туған жерде туың тік.

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • аймақ – край       
  • батыс – запад      
  • дәрілік шөптер – лекарственные травы   
  • егеменді – суверенный     
  • көмір – уголь 
  • қалайы – олово      
  • қорғасын – свинец      
  • мақта – хлопок      
  • мыс – медь      
  • ойпат – низменность      
  • оңтүстік – юг      
  • өкіл – представитель      
  • өсімдік – растение      
  • солтүстік – север      
  • шақырым – километр  
  • шығыс – восток

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М. «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Ұлттық валюта – теңге» тақырыбы бойынша бандама жасау.
  1. Ілік септік жалғауларын меңгеру.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Жаңа сөздерді жаттау.
  1. Туған жер туралы мақал-мәтелдерді жазу.

 

 

 

6 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық  тақырып: ЕЛ РӘМІЗДЕРІ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУЫ

Грамматикалық тақырып: ІЛІК СЕПТІК

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

Әр халықтың тарихына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты рәміздері  болады. Қазақстанның да өз рәміздері бар. 1992 жылы маусымның 4-нде Қазақстан Республикасының туы, әнұраны, елтаңбасы туралы заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  туы – тік бұрышты (ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр) көгілдір мата. Мемлекеттік Туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк.

Зеңгір көк түс – табиғаттағы  жеті түстің бірі. Көк түс – аспанның, ауа мен құрылықтың белгісі. Алғашқы геральдистердің Ансельм жасаған кестесі бойынша көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі. Көгілдір түс – бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың нышаны.

Мемлекеттік Туымыз тек қана бір түсті көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді.

Тудың ортасында жаркырап шыққан шұғылалы күн орналасқан. Бұл – бейбітшіліктің белгісі. Тудағы күн бейнесі, геральдика заңы бойынша, байлық пен берекенің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Дала құсы – еркіндік, дарқандық, қырағылық және биікке самғау белгісі. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек қазақ халкының салт-дәстүрін, мәдениетін, поэтикалық және көркем танымын, ұлттық өнерін білдіреді.

Күн, қыран құс және өрнек алтын  түспен берілген. Алтын түс – молшылықтың, байлықтың, құт-берекенің белгісі. Тудың авторы, суретші – Шәкен Ниязбеков.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз.
  2. Жаңа сөздерді аудармасымен бірнеше рет дұрыс оқыңыз.
  3. Жаңа сөздердің аудармасын есте сақтаңыз.
  4. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, емлесін есте сақтаңыз.
  5. Мәтінді аударыңыз.
  6. Тудың түсі туралы әңгімелеңіз.
  7. Тудағы күн бейнесі туралы әңгімелеңіз.
  8. Тудағы қыран нені білдіретінін айтыңыз.
  9. Тудағы ұлттық өрнек нені білдіретінін айтыңыз.
  10. Мәтінді өз сөзіңізбен толық әңгімелеңіз.

 

2-тапсырма. Мына  сөйлемдерге көп нүктенің орнына  сұрақ қойыңыз.

  1. Қазақ елінің Туының түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк.
  2. ........................ ?
  3. Зеңгір көк түс – табиғаттағы жеті түстің бірі.
  4. .........................?
  5. Ансельм жасаған кестесі бойынша көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі.
  6. ..........................?
  7. Көгілдір түс – бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың нышаны.
  8. ..........................?
  9. Тудағы күн бейнесі, геральдика заңы бойынша, байлық пен берекенің белгісі.
  10. ...........................?
  11. Дала құсы – еркіндік, дарқандық, қырағылық және биікке самғау белгісі.
  12. ...........................?
  13. Өрнек қазақ халкының салт-дәстүрін, мәдениетін, поэтикалық және көркем танымын, ұлттық өнерін білдіреді.
  14. ............................?

 

3-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Халықтың салт-дәстүрі, Қазақстан  Республикасының туы, Мемлекеттік  Туымыздың түсі, жарқын болашақтың нышаны, бейбітшіліктің белгісі, қазақ  халқының ұлттық өрнегі.

 

4-тапсырма. Өлеңді  жаттаңыз. Өлеңнің мазмұнын өз  сөзіңізбен әңгімелеп жазыңыз.

БІЗДІҢ ТУ

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да,

Биікке іліп қояды.

 

Көк аспанда – қызыл  күн,

Көк аспанда – жас  қыран.

Туымыз да қазақша,

Сөйлеп тұрған секілді.

 

Туымызға жас тұрған,

Біз қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында,

Көгереміз, көктейміз.

 

5-тапсырма. Мәтіннен  ілік септіктегі сөздерді тауып,  дәптерлерге жазыңыз.

 

ЖАТТАП АЛЫҢЫЗ!

Қазақстан Республикасы:  егеменді тәуелсіз мемлекет

Тұңғыш президенті: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,

1991 жылғы желтоқсанның 1-нде сайланған

Конституциясы: бірінші конституциясы 1993 жылғы қаңтардың 28-нде, екінші конституциясы 1995 жылғы тамыздың 30-нда қабылданды

Ұлттық ақша: теңге

Рәміздері: елтаңба, ту, әнұран

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • бейбітшілік – мир
  • дарқандық – приволье, свобода
  • ен – ширина
  • жарқын болашақ – светлое будущее
  • зеңгір көк – ярко синий, голубой
  • қырағылық – дальновидность, прозорливость  
  • қыран – собирательное название хищных птиц (беркут, орел, сокол, ястреб и др.)
  • молшылық, байлық, құт-береке – богатство
  • нышан – признак, знак
  • өрнек – орнамент
  • салт-дәстүр – обычаи и традиции
  • самғау – взмывание, вознесение
  • тұтастық – единство
  • тыныштық – спокойствие
  • ұзындық – длина
  • шұғылалы күн – сияющее солнце

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы