Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.
3-тапсырма. Төмендегі сөздерді І кесте бойынша тәуелдеңіз.
Үлгі: менің досым менің жиенім менің інім менің анам
сенің досың сенің жиенің сенің інің сенің анаң
сіздің досыңыз сіздің жиеніңіз сіздің ініңіз сіздің анаңыз
оның досы оның жиені оның інісі оның анасы
Бас, аяқ, бел, кеуде, дәрі, емхана, тұмау.
2-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз. Дәптерге көшіріп жазыңыз.
4 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІ
Грамматикалық тақырып: ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ (көпше түрі)
1-тапсырма. Сұхбатты оқып, жазып алыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
ЕМХАНАДА
ЖАҒДАЯТТЫҚ ТАПСЫРМАЛАР:
2-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.Дәптерге көшіріп жазыңыз.
Саулық – байлық негізі.
Дауды елемеген төлейді.
Қайғы басса –жан азады.
Екінші байлық – он саулық,
Үшінші байлық – ақ жаулық.
ЕСКЕРТУ: Біздің, сіздің деген ілік жалғаулы сөздерден кейін келетін сөздердің тәуелдік жалғауы түсіріліп те айтылуы мүмкін. Мысалы: біздің үй, біздің ел, біздің бала, біздің ауыл, сіздің мектеп, сіздің ауыл.
ІІ-КЕСТЕ
Көпше |
Соңғы дыбыс | |||
Дауысты |
Дауыссыз | |||
Жуан |
Жіңішке |
Жуан |
Жіңішке | |
І Біздің (наш, наша, наше, наши; у нас) |
-мыз |
-міз |
-ымыз |
-іміз |
бала-мыз |
әке-міз |
қыз-ымыз |
келін-іміз | |
ІІ Сендердің (ваш, ваша, ваше, ваши; у вас) |
-ң |
-ң |
-ың |
-ің |
бала-ң |
әке-ң |
қыз-ың |
келін-ің | |
ІІ Сіздердің (ваш, ваша, ваше, ваши; у вас) |
-ңыз |
-ңіз |
-ыңыз |
-іңіз |
бала-ңыз |
әке-ңіз |
қыз-ыңыз |
келін-іңіз | |
ІІІ Олардың (их; у них) |
-сы |
-сі |
-ы |
-і |
бала-сы |
әке-сі |
қыз-ы |
келін-і |
3-тапсырма. Төмендегі сөздерді ІІ кесте бойынша тәуелдеңіз.
Үлгі: біздің досымыз біздің жиеніміз біздің ініміз біздің анамыз
сендердің досың сендердің жиенің сендердің інің сендердің анаң
сіздердің досыңыз сіздердің жиеніңіз сіздердің ініңіз сіздердің анаңыз
олардың досы олардың жиені олардың інісі олардың анасы
Қол, көз, құлақ, жүрек, дәріхана, баспа.
4-тапсырма. Мәтіннен
тәуелдік жалғаулы сөздерді
4 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Грамматикалық тақырып: ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ (қайталау)
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Әрбір адамның өзін-өзі күтіп, денсаулығын сақтай білуінің маңызы зор. Денсаулық адамның жан-жақты дамып, еңбек етуіне, тұрмыс жағдайын жақсартып, көңіл күйінің көтеріңкі болуына мүмкіндік береді. Медицина ауырғандарды емдеп сауықтыруға, аурудың асқынбауына, жұқпалы індеттердің таралмауына көмектеседі.
Түрлі аурулардың алдын қалай алу керек, қалай тамақтанған жөн, зиянды әдеттерден аулақ болуды т.б. насихаттауда дәрігердің орны ерекше.
Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі шылым шегеді, арақ ішеді, жөнсіз тамақтанудан денелерін май басып жатады. Осылардың әсерінен адамның көңіл күйі өзгеріп, сана сезімі төмендейді, зат алмасу процесі, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылады.
Соңғы жылдары елімізде көбейіп, халықтың денсаулығы күннен-күнге нашарлап, өмір сүру ұзақтығы кеміп барады.
Денсаулықты сақтауды кеңінен насихаттауда медицинаның бір саласы валеологияның қызметі зор.
Валеология латынның «VALEO» – дені сау және гректің «LOGOS» – ғылым деген сөздерінен құралған. Сонда валеология дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым дегенді білдіреді. Оны ғылымға XX ғасырдың 60-жылдардың аяғында проф.М.И.Брехман енгізген. Валеология арқылы халық гигиенаны және салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздерін, денсаулықты сақтау мен нығайтудың тәсілдерін үйренеді.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС: