Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)



 

  • ГЛОССАРИЙ
    • дүйсенбі – понедельник
    • сейсенбі – вторник
    • сәрсенбі – среда
    • бейсенбі – четверг
    • жұма – пятница
    • сенбі – суббота
    • жексенбі – воскресенье
    • секунд – секунда
    • минут – минута
    • сағат – час
    • күн – день
    • апта (жұма) – неделя
    • ай – месяц
    • жыл – год
    • қаңтар – январь
    • ақпан – февраль
    • наурыз – март
    • сәуір – апрель
    • мамыр – май
    • маусым – июнь
    • шілде – июль
    • тамыз – август
    • қыркүйек – сентябрь
    • қазан – октябрь
    • қараша – ноябрь
    • желтоқсан – декабрь

 

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М. «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Күн, ай атауларын жаттау.
  1. «Менің болашақ мамандығыма уақыттың қатысы» тақырыбы бойынша шағын шығарма жазу.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Алтын күз» фестивалі (шығарма).
  1. Уақыт туралы даналардың сөзін табу.

 

5 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: САҒАТ

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

САҒАТ

Мыңдаған жылдар бұрын адамдарға уақытты дәл білу үшін онша қажет болмады. Олар күн шыға оянып, күн бата ұйықтаған. Біртіндеп өмір күрделене бастағанда, сағаттың қажеттілігі туып, рөлі артты.

Уақытты санаудың ең алғашқы қарапайым құралы күн сағаты болған. Ол бұдан 3500 жыл бұрын пайда болған. Бірақ күн бұлтты күні бұл сағат қолайсыз болды. Сондықтан адамдар су сағатын ойлап тапты.

Су бір ыдыстан екінші ыдысқа тамшылап тұрады. бірінші ыдыстың  суы біртіндеп азайып уақыттың дәл  мезгілін білдіреді. Құм сағаты да осылай жұмыс істейді.

Механикалық сағаттар жөніндегі деректер VI ғасырдың аяғында-ақ белгілі болған. Ол туралы ғалымдар Византикалық қолжазбалардан тапты. Мұнда сағаттың бір ғана тілі болған.

Голландиялық ғалым Х.Гюйгенс  1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты.

Кварцты сағат 1929 жылдары пайда бола бастады, ал 1404 жылы Мәскеуде тұңғыш мұнара сағаты орнатылды. Кремльдегі бұл сағат  Ресейдің басқа қалаларында да орнатылды. Кварцты сағат отыз жылда бір  секундқа ғана қателесуі мүмкін.

Уақытты бұдан да дәлірек көрсететін атомдық және молекулалық сағаттар ойлап шығарылды. Атомдық сағат  бір миллион жылда бір секундқа қателесуі мүмкін. Атомдық сағат 1948 жылы орнатылды.

XX ғасырдың 70-жылдары электронды сағат кеңінен тарады. Соңғы кезде өздігінен жүретін сағаттар да пайда бола бастады.

Бір сағатқа жиі қарайсыз ба? Сағаттың керектігі қазіргі кезде аса  қажет екені әр адамға түсінікті. Автокөлікке немесе кездесуге кешікпеу үшін сағатқа еріксіз қарайсыз, өйткені  қазіргі кезде іскер адамның бәріне сағат қажет.

Ең алғашқы сағаттар қалта сағаты деп аталған, өйткені олар киімнің  қалтасына салынатын болған. Қалта  сағатының алтын не күміс шын-жырының  екінші басында сағатты бұрап  отыратын кілті болған. Қазіргі кезде  қалта сағаты сәннен шыға бастады.

Кейіннен қол сағат пайда  болды. Ең алғашқы қол сағатын 1910 жылы Роллекс компаниясы жасап шығарды.

Сағаттың өмірде алатын орны ерекше: жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі  мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілінің алмасуы – бәрі белгілі бір уақытпен өлшеніп, анықталып отырады.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтінді қайтадан оқып шығып, мазмұны бойынша сұрақтар құрап жазыңыз.
  2. Таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін сөздік дептерге жазыңыз.
  3. Мәтінді пікірлесімге айналдырыңыз.

 

2-тапсырма. Төмендегі  сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Солнечные часы, водяные часы, песочные часы, механические часы, часы-маятники, кварцевые часы, башенные часы, атомные  часы, электронные часы, самозаводящиеся  часы, карманные часы, ручные часы.

 

 ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

– Қазір сағат неше?

– Қазір уақыт қанша? Сейчас сколько времени?

– Қазір сағат неше болды?

 

  • Сағат нешеде? – Во сколько часов?
  • Жарты сағат – Полчаса

 :

ОБРАЗЕЦ:       ОБРАЗЕЦ:

– ҚАЗІР  САҒАТ НЕШЕ?    – ҚАЗІР САҒАТ НЕШЕ? (13:30) 

– ҚАЗІР САҒАТ  БІР.      – ҚАЗІР САҒАТ БІР ЖАРЫМ.

 






 

 

 

 

3-тапсырма. Сұраққа жауап  беріңіз. Цифрларды сөзбен жазыңыз.

Үлгі: – Қазір  сағат неше? – Қазір сағат екі (– қазір сағат үш жарым).

  • Қазір уақыт қанша?
  • Қазір   0800, 0930, 1000, 1130, 1200, 1400, 1630, 1800, 2030, 2200, 2330.

 В ответе на вопрос Сағат нешеде? (қашан?) к числительным прибавляются окончания МЕСТНОГО ПАДЕЖА –да, –де, –те (бірде, екіде, үште, төртте, бесте, алтыда, жетіде, сегізде, тоғызда, онда, он бірде, он екіде, жарымда), например:

  • Қазір сағат неше?
  • Қазір сағат бес.
  • Ал сен сағат нешеде (қашан) келесің?
  • Мен сағат алтыда келемін.

4-тапсырма. Сұрақтарға  жауап беріңіз. Цифрларды сөзбен  жазыңыз.

  1. Сіз таңертең сағат нешеде тұрасыз? (0700)
  2. Сіз таңертең сағат нешеде тамақтанасыз? (0730)
  3. Академияда сабақ сағат нешеде басталады? (0830)
  4. Академияда сабақ сағат нешеде аяқталады? (1430)
  5. Сіз түсте сағат нешеде тамақтанасыз? (1300)
  6. Сіз кешке сағат нешеде тамақтанасыз? (1930)

 

 

 

               КЕТТІ




 

 ОБРАЗЕЦ:

  • ҚАЗІР САҒАТ НЕШЕ?
  • ҚАЗІР САҒАТ ЕКІДЕН ЖИЫРМА МИНУТ КЕТТІ.

 

синтаксистік конструкция  құрамыз!

 

  • Қазір уақыт қанша?

– Қазір ...


  (1) бірден

(2) екіден

(3) үштен

(4) төрттен

(5) бестен

 САҒАТ  (6) алтыдан  1 (2, 3, 4, ... 29) МИНУТ КЕТТІ


(7) жетіден      (КЕТКЕНДЕ)

(8) сегізден

(9) тоғыздан

(10) оннан

(11) он  бірден

(12) он  екіден 

 В вышеуказанной конструкции  слово КЕТКЕНДЕ применяется в ответе на вопрос Сағат нешеде? (қашан?), например:

  • Қазір сағат неше?
  • Қазір сағат алтыдан он минут кетті (1810).
  • Ал сен сағат нешеде (қашан) келесің?
  • Мен сағат тоғыздан жиырма минут кеткенде (в 2120) келемін.

 

5-тапсырма. Сұрақтарға  жауап беріңіз. Цифрларды сөзбен  жазыңыз.

  • Қазір сағат неше?
  • Қазір    0600, 0805, 0910, 1015, 1120, 1222, 1424, 1625, 1807, 2018, 2229, 2330

 

6-тапсырма. Сұрақтарға  жауап беріңіз. Цифрларды сөзбен жазыңыз.

– Сіз сағат нешеде тұрасыз? (0720)

– Сіз үйден сағат нешеде шығасыз? (0805)

  • Сіз академияға сағат нешеде келесіз? (0825)
  • Бірінші сабақ сағат нешеде аяқталады? (0920)

 

 

 

 

 

 

 

 ҚАЛДЫ




 ОБРАЗЕЦ:

  • ҚАЗІР САҒАТ НЕШЕ?
  • ҚАЗІР САҒАТ ОНҒА БЕС МИНУТ ҚАЛДЫ.

 

синтаксистік конструкция  құрамыз!

  • Қазір уақыт қанша?

– Қазір ... (1) бірге


(2) екіге

(3) үшке

(4) төртке

   (5) беске


 САҒАТ  (6) алтыға  29 (28, 27, ... 1) МИНУТ ҚАЛДЫ

(7) жетіге      (ҚАЛҒАНДА)

(8) сегізге

(9) тоғызға

(10) онға

(11) он  бірге

(12) он  екіге 

В вышеуказанной конструкции  слово ҚАЛҒАНДА применяется в ответе на вопрос Сағат нешеде? (қашан?), например:

  • Қазір сағат неше?
  • Қазір сағат он екіге жиырма минут қалды (1140).
  • Ал сен сағат нешеде (қашан) келесің?
  • Мен сағат үшке он бес минут қалғанда (1545) келемін.

 

7-тапсырма. Сұрақтарға  жауап беріңіз. Цифрларды сөзбен жазыңыз.

  • Қазір сағат неше?
  • Қазір    0530, 0735, 0940, 1045, 1150, 1555, 1458, 1659, 2300

 

8-тапсырма. Сұрақтарға  жауап беріңіз. Цифрларды сөзбен жазыңыз.

  • Төртінші сабақ сағат нешеде басталады? (1140)
  • Бесінші сабақ сағат нешеде басталады? (1240)
  • Алтыншы сабақ сағат нешеде басталады? (1340)

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • алмасу – чередование
  • анықтау – уточнять
  • дәл – точно
  • дерек – факт
  • қалта – карман
  • қарапайым – простой
  • қолжазба – рукопись
  • мұнара – башня
  • рөлі артты – возросла роль
  • сән – мода
  • тамшылау – капать
  • шынжыр – цепочка

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М. «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы