Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.
3 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: МІНЕЗ ЖӘНЕ КЕЛБЕТ
Грамматикалық тақырып: ЖІКТІК ЖАЛҒАУ (жекеше түрі)
1-тапсырма. Мәтінді оқып, суреттелген адамдардың келбетіне назар аударыңыз. Мәтінді аударыңыз.
КЕЛБЕТ
Мен жазда халықаралық лагерде демалдым. Онда көптеген ұлттың өкілдерімен таныстым. Олардың тек тілі ғана емес, сонымен қатар келбеті де бір-біріне ұқсамайды. Мысалы, жапон қызы Лилидің бойы аласа, шашы қара, ұзын және тік, көздері қой көз, мұрны кішкентай, өзі арық. Оның досы Дженнифер ұзын бойлы, шашы қара, ұзын, бұйра-бұйра, ерні томпайған, қыр мұрынды, көздері үлкен, қара. Ол Конгодан келген.
Чехиядан келген Милена орта бойлы, шашы сары, аздап бұйраланады; үлкен көздері көкпенбек, толықтау келген, аппақ тістері маржандай әдемі. Француз Андрэ – күресші, сондықтан оның денесі ірі, бойы ұзын, жұдырығы балғадай. Бірақ ол жымиіп күлсе, кішкентай баладай сүйкімді, мейрімді болады, себебі үлкен көк көздері күлімсіреп, жүзі жылы лебіз білдіреді. Оған қарсыласатын итальяндық Паоло, керісінше, ірі денелі емес, орта бойлы, бірақ өте күшті. Оның бұйра қара шаштары өзіне әбден жарасады. Екеуі кілемде қарсыласқанмен, өмірде үлкен дос, үнемі демалыстарын бірге өткізеді.
Адамдардың келбеті мен
2-тапсырма. Мәтінді
есіңізге түсіріп, кестені
аты |
бойы |
шашы |
көзі |
денесі |
ерні |
мұрны |
мінезі |
тісі |
Лили |
||||||||
Дженнифер |
||||||||
Милена |
||||||||
Андрэ |
||||||||
Паоло |
3-тапсырма. Төмендегі суреттегі аруларды суреттеңіз.
ЖІКТІК ЖАЛҒАУ (ЛИЧНЫЕ ОКОНЧАНИЯ)
1-кесте
Жақ |
Соңғы дыбыс |
Жекеше | ||
І жақ
МЕН (Я) |
Жалғаулар |
Мысалы | ||
Дауысты, үнді р, л, м, н, ң, й, у |
-МЫН /-МІН |
Мен оқушы-мынМен үлкен-мін Мен осында-мын Мен бірінші-мін Мен келе-мін | ||
Ұяң з, ж |
-БЫН /-БІН |
Мен ұстаз-бын | ||
Қатаң к, қ, п, с, т, ш Ұяң б, в, г, д |
-ПЫН /-ПІН |
Мен студент-пінМен геолог-пінМен педагог-пін Мен барып-пын | ||
ІІ жақ
СЕН (ТЫ) |
Дауысты Үнді Ұяң Қатаң
|
-СЫҢ /-СІҢ |
Сен оқушы-сыңСен студент-сіңСен осында-сың Сен келе-сің | |
СІЗ (ВЫ) Сыпайы түрі |
Дауысты Үнді Ұяң Қатаң |
-СЫЗ /-СІЗ |
Сіз оқушы-сызСіз студент-сізСіз осында-сыз Сіз келе-сіз | |
ІІІ жақ
ОЛ (ОН, ОНА) |
Жұрнақтары: -А/ -Е/ -ЙАуыспалы осы шақ (Переходно-настоящее время); Ауыспалы келер шақ (Переходно-будущее время) Жұрнақтары: -ЫП/ -ІП/ -ПЕжелгі өткен шақ (Неочевидно-прошедшее время) |
Ø
-ДЫ /-ДІ
-ТЫ /-ТІ |
Ол оқушы Ø Ол осында ØОл бар-а-ды Ол кел-е-діОл ойна-й-дыОл бар-ып-ты Ол кел-іп-тіОл ойна-п-ты |
4-тапсырма. 1-кесте
бойынша төмендегі сөздерді
Үлгі: Мен студентпін Мен ақылдымын
Сен студентсің Сен ақылдысың
Сіз студентсіз Сіз ақылдысыз
Ол студент Ø Ол ақылды Ø
Дәрігер, оқытушы, жақсы, әдемі, екінші, жалғыз
3 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: МЕНІҢ ДОСТАРЫМ
Грамматикалық тақырып: ЖІКТІК ЖАЛҒАУ (көпше түрі)
МЕНІҢ ДОСЫМ
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Менің досымның аты – Арман. Арман ұзын бойлы, жауырынды, тіп-тік, аққұба, қыр мұрынды, қара көзді әдемі жігіт. Жасы он сегізде. Ол көбіне өзінің ақылдылығымен, әдемілігімен, тартымдылығымен ерекшеленеді. Адал, сенімді дос. Қиын кезде әрқашан қол үшін беруге дайын. Мінезі ақжарқын, сабырлы. Көп ашуланбайды.
2-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз, меңгеріңіз. Досыңызды төмендегі үлгі бойынша суреттеңіз.
3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ АҚЫЛ СӨЗДЕРІ
Зиялылық адамның жақсы
Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойының жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлуі қажет.
Бейтарап адамдардың адалдығына көз жеткенше, оларға дос адамдай беріліп, кетуге болмайды.
Жақсы ой-тілектегілер араз адамдарды татуластыруға, олардың арасында қарым-қатынасты орнатуға жәрдемін тигізеді.
Мақтаншақтар өзін жұрттан артық ұстағанды ұнатады. Бұларға қарсы тұрып, теріс қылықтарын үнемі бетіне басу қажет.
Адамда достық болады. Оның бірі – адал дос, екіншісі – айнымалы, алдамшы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айрылып қалмау жағын көздеген дұрыс. Достар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы тиіс.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:
4-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз, меңгеріңіз. Досыңызды жоғарыдағы үлгі бойынша суреттеңіз.
Керекті сөздер: ұзын бойлы, толық, ақылды, қалың ерінді, сараң, қысық көзді, өткір мінезді, жуас, арықша келген, қара торы, парасатты, ұялшақ, қыр мұрынды, жомарт, тәрбиелі, адал дос және т.б.
ЖІКТІК ЖАЛҒАУ (ЛИЧНЫЕ ОКОНЧАНИЯ)
2-кесте
Жақ |
Соңғы дыбыс |
Көпше | |
І жақ
БІЗ (МЫ) |
Жалғаулар |
Мысалы | |
ДауыстыҮнді р, л, й, у |
-МЫЗ /-МІЗ |
Біз оқушы-мызБіз осында-мыз Біз бірінші-міз Біз келе-міз | |
Ұяң з, ж Үнді м, н, ң, |
-БЫЗ /-БІЗ |
Біз үлкен-біз Біз ұстаз-быз Біз маман-быз | |
Қатаң к, қ, п, с, т, ш, ұяң б, в, г, д |
-ПЫЗ /-ПІЗ |
Біз студент-пізБіз геолог-пізБіз педагог-піз Біз барып-пыз | |
ІІ жақ
СЕНДЕР (ВЫ) |
Дауысты Үүнді Ұяң Қатаң |
-СЫҢДАР / -СІҢДЕР |
Сендер оқушы-сыңдарСендер студент-сіңдерСендер осында-сыңдар Сендер келе-сіңдер |
СІЗДЕР (ВЫ) Сыпайы түрі |
Дауысты Үнді Ұяң Қатаң |
-СЫЗДАР / -СІЗДЕР |
Сіздер оқушы-сыздарСіздер студент-сіздерСіздер осында-сыздар Сіздер келе-сіздер |
ІІІ жақ
ОЛАР (ОНИ) |
Жұрнақтары -А/ -Е/ -ЙАуыспалы осы шақ (Переходно-настоящее время) ; Ауыспалы келер шақ (Переходно-будущее время) Жұрнақтары -ЫП/ -ІП/ -ПЕжелгі өткен шақ (Неочевидно-прошедшее время) |
Ø
ДЫ /-ДІ
-ТЫ /-ТІ |
Олар оқушылар Ø Олар осында ØОлар бар-а-ды Олар кел-е-діОлар ойна-й-дыОлар бар-ып-ты Олар кел-іп-тіОлар ойна-п-ты |