Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  2. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  3. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  4. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  5. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  6. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  7. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  8. Сабыр М. «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  9. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Біздің ту» өлеңін жаттау.
  1. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауы бойынша баяндама жасау.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Қазақстан – құқықтық, зайырлы мемлекет» тақырыбы бойынша эссе жазу.
  1. Жаңа сөздерді жаттау.

 

6 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық  тақырып: ЕЛ РӘМІЗДЕРІ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛТАҢБАСЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ

Грамматикалық тақырып: БАРЫС СЕПТІК

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛТАҢБАСЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ

Біздің Елтаңбамыз – шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі – шаңырақ. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, Отанды, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын – бейнелейді. Отбасы – шаңырақ, сіздің үйіңіз. Шаңырақ – қазақ елінің белгісі, рәмізі.

Шаңырақ – әлемдік геральдика тарихында тұңғыш рет пайдаланылып отырған бейне. Шаңырағы бар Елтаңба тарихта болған емес. Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Олар күн сәулесіндей жарқырайды.

Елтаңба композициясында – ай мүйізді, алтын қанатты пырақ бар. Қанатты  пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығын көрсетеді. Ұлттық өрнек қазақ халқының тұрмысымен байланысты, ал ат, жылқы, тұлпар – қазақ тұрмысының негізі.

Елтаңбадағы ең басты белгінің бірі – бес бұрышты жұлдыз бен «Қазақстан» деген елдің аты. Ол – еліміздің бес құрықпен байланысын білдіреді. Реңдік бейнесі – алтын және көгілдір түсті.

Елтаңбаның авторлары – сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік  Әнұранының алғашқы сөзін жазған белгілі ақын-жазушылар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева. Ал әнін атақты композиторлар – Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди – жазған. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Әнұраны өзгерді. «Менің Қазақстаным» деген халықтың сүйікті әні Әнұранға айналды. Қазіргі Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, музыкасын жалған: Шәмші Қалдаяқов.

 

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтінді аударыңыз.
  2. Жаңа сөздердің аудармасын есте сақтаңыз.
  3. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, емлесін есте сақтаңыз.
  4. Елтаңбадағы шеңбердің мәнін түсіндіріңіз.
  5. Елтаңбадағы шаңырақ мәнін түсіндіріңіз.
  6. Шаңырақ басқа Елтаңбаларда қолданылған ба?
  7. Мәтінді толық әңгімелеңіз.

 

2-тапсырма. Мына  сөйлемдердегі көп нүктенің орнына  тиісті сөзді жазыңыз.

  1. Біздің ... – шеңбер ішінде.
  2. Шаңырақ – ... белгісі, рәмізі.
  3. Шаңырақты айнала ... шаншылған.
  4. Елтаңба композициясында – ай мүйізді, алтын қанатты ... бар.
  5. Елтаңбадағы ең басты белгінің бірі – бес бұрышты ... бен ... деген елдің аты.
  6. Ол – еліміздің бес ... байланысын білдіреді.
  7. 2006 жылы Қазақстан Республикасының ... өзгерді.

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

БАРЫС СЕПТІК

Сұрақтары:  кімге? кімдерге? кому? к кому? за кем?

неге? нелерге? чему? зачем? за чем? на что? во что?

қайда? куда?

қаншаға? на сколько?

Мағынасы: 1. бағыт; 2. мақсат;

 

соңғы дыбыс

дауысты

үнді р, л, м, н, ң, й, у

ұяң ж, з

қатаң к, қ, п, с, т, ш

ұяң б, в, г, д

тәуелдік жалғау

І, ІІ жақ 

(-м, -ым, -ім,

-ң, -ың, -ің)

тәуелдік жалғау

ІІІ жақ 

(-ы, -і, -сы, -сі)

 

жуан

-ҒА

-ҚА

-НА

бала-ға

қыз-ға

қалам-ға

ауыл-ға

кітап-қа

жұмыс-қа

Асқаров-қа

орталық-қа

бала-м-а 

бала-ң-а

қыз-ым-а

қыз-ың-а

қыз-ы-на

кітаб-ы-на

бала-сы-на

ана-сы-на

 

жіңішке

-ГЕ

-КЕ

-НЕ

гүл-ге

бөлме-ге

үй-ге

үстел-ге

мектеп-ке

кілт-ке

студент-ке

бес-ке

студент-ім-е студент-ің-е мектеб-ім-е мектеб-ің-е

студент-і-не

мектеб-і-не

бөлме-сі-не

іні-сі-не


 

 

3-тапсырма. Өлеңді  жаттаңыз.

ЕЛТАҢБА

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ  үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Елтаңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Қара шаңырақ –  ел күні,

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы – елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

Тұманбай Молдағалиев

 

4-тапсырма. Төмендегі сөздерге барыс септіктің жалғауларын жалғаңыз.

Мемлекет, заң, сәуле, пырақ, отбасы, тұлпар, үй, ай, күн, аспан, бейне, жұлдыз, байлық, біртұтастық, шаңырақ, тарих, уықтар, өмір, халықтар, өрнек, тұрмыс, ел, ақын, жазушылар, композиторлар, ән, музыкасы.

 

5-тапсырма. Мәтіннен  барыс септіктегі сөздерді тауып,  дәптерге жазыңыз. 

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • алғашқы – впервые
  • біртұтастық – единство
  • құрық – материк
  • отбасы ошағы – семейный очаг
  • пырақ – пырак (сказочный крылатый конь)
  • сәуле – луч
  • тұлпар – скакун
  • уық – вогнутые жерди, на которых держится верхний купол юрты
  • шаңырақ – шанырак (деревянный круг на верхушке юрты, дымоход)
  • шеңбер – круг

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М. «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Елтаңба» өлеңін жаттау.
  1. «Парламент» тақырыбы бойынша сұхбат құрау.
  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Барыс септіктің жалғауларын меңгеру.
  2. Қазақстан туралы өлеңдерін жазу.

 

7 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ҚАЗАҚ ӨНЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТІ

Грамматикалық тақырып: ТАБЫС СЕПТІК

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

ШӘКЕН АЙМАНОВ

Айманов, Шәкен Кенжетайұлы (1914-1970 ж.ж.) – қазақтың әйгілі актері, режиссер. Туып өскен жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.

1928 жылы орта мектеп бітірген соң, Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен.

Театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынады. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. 1951 жылы театрдың бас режиссері болды.

Ол М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай – Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханұлы және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренёв, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф. Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

1953 ж. бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті. Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның артында қалдырған мұралары ұшан-теңіз. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық датырқан өміршең туындылар. Бұл фильмдер бүкіләлемдік киноөнерінде шоқ жұлдыз боп қалған. Қазір Қазақстанда жылда «Шәкен жұлдыздары» атты кинофестиваль өтеді.

Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал  еткен, өшпес із қалдырған дара дарын  иесі.

Ш.Айманов Қазақстанның халық әртісі; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  сыйлығының лауреаты; КСРО Халық әртісі.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтінді бөлімдерге бөліп, қарапайым жоспар құраңыз.
  2. Мәтінді ауызша әңгімелеңіз.
  3. Шәкен Аймановтың ойнаған рөлдерін атаңыз.
  4. Шәкен Аймановтың фильмдерін атаңыз.
  5. Пікірлесім құру үшін сұрақтар дайындаңыз.
  6. Мәтінді пікірлесімге айналдырыңыз.

2-тапсырма. Төмендегі  сөздерге барыс септіктің жалғауларын  жалғаңыз.

Жұлдыз, туынды, бас режиссері, актері, мектеп, Алматы қаласы, театр өнері, еңбек, сахна, шығармашылығы, бейнелері, «Абай» спектаклі, кино өнері, мұралары, фильмдер, тарих, «Шәкен жұлдыздары», өмір, халықтар, қазақ драматургиясы, әлем драматургиясы, халық әртісі, ән, музыкасы.

 

3-тапсырма. Мәтіннен  барыс септіктегі сөздерді тауып,  дәптерге жазыңыз. 

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

ТАБЫС СЕПТІК

Сұрақтары: кімді? кімдерді? (кого?)

нені? нелерді? (что?)

Мағынасы: используется для обозначения прямого объекта (лица, предмета, явления, события), на которое направление действие.

 

 

Буын

Соңғы дыбыс

дауысты

үнді р, л, м, н, ң, й, у

ұяң ж, з

қатаң к, қ, п, с, т, ш

ұяң б, в, г, д

тәуелдік жалғау

ІІІ жақ 

(-ы, -і, -сы, -сі)

 

 

Жуан

-НЫ

-ДЫ

-ТЫ

бала-ны

ата-ны

сахна-ны

қыз-ды

жұлдыз-ды

қар-ды

жұмыс-ты

Асқаров-ты

орталық-ты

қыз-ы-н

кітаб-ы-н

ана-сы-н

 

Жіңішке

-НІ

-ДІ

-ТІ

бөлме-ні

кеме-ні

жеті-ні

үй-ді

жер-ді

көл-ді

студент-ті

мектеп-ті

бет-ті

мектеб-і-н

бөлме-сі-н

іні-сі-н

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы