Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • айрықша – особенный
  • әуестену – увлекаться
  • дарынды – талантливый
  • кейіпкер – персонаж
  • құрам – состав
  • өшпес із қалдыру – оставлять неизгладимый след
  • сала – область, сфера
  • сахна – сцена
  • толғам – кругозор
  • төлтумалық – оригинальные
  • туындылар – произведения
  • ұстаным – принцип
  • ұшан-теңіз – бесчисленный
  • шоқ жұлдыз – созвездие
  • шыңдау – перен. ковать; закаливать
  • ықпал ету – оказывать влияние

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М. «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Қазақ кино өнері» тақырыбы бойынша баяндама жасау.
  1. Жаңа сөздерді жаттау.
  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры туралы реферат жазу.
  2. Табыс септік жалғауларын меңгеру.

 

7 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ӘН-КҮЙ, БИ ӨНЕРІ

Грамматикалық тақырып: ЖАТЫС СЕПТІК

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

ӘЛЕМДІК ӘНШІ – МАЙРА  МҰХАМЕДҚЫЗЫ

Майра Мұхамедқызы Қытайда туып, сонда білім алған. Мәскеудегі Чайковский атындағы вокальдік байқауға қатысу үшін Қытайда үш мың талапкер жарысқа түсіп, солардың ішінен бес адам таңдалып алынды. Сол бес әншінің бірі – Майра Мәскеуден абыроймен оралды.

Қазақстанға Майра 1994 жылы оралып, консерваторияда Нәдия Шәріпованың ұстаздығымен білімін жетілдіреді. Қазір опера театрындағы қажырлы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында «Қыз Жібек», «Травиата», «Ригалетто» секілді көптеген қойылымдарда басты рөлдерді орындайды.

Қазір Майра Мұхамедқызы дүниежүзілік биікке көтерілді. 2004 жылдан Париждің Гранд-операсы Майрамен келісімшарт  жасап, ол Лос-Анджелес, Вашингтон опера  театрларында әнші болды. Францияның түрлі операларында Пуччинидің «Богемасында», Мейербердің «Африканкасында», Беллини, Доницетти, Верди сияқты композиторлардың операларында басты рөлдерде ойнаған. Францияның басқа да опера театрлары Майрамен 2007 жылға дейін келісімшарт жасаған.

Майра Францияда әлемге әйгілі Рональдо Аланье, Анжело Жоржью, Марчелло Альварес сияқты т.б. ұлы әншілермен бірге ән айтқан. Мұндай дүниежүзілік дәрежедегі қазақ әншілерін көрсету өте қиын, олар бірлі-жарым ғана. Майра Мұхамедқызы дүниежүзілік дәрежеге өзінің әншілік талантымен ғана емес, керемет еңбекқорлығымен жеткен.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
  2. Мәтінді мәнерлеп оқып жаттығыңыз.
  3. Әр абзац бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.
  4. Жаңа сөздерді меңгеріңіз.

 

2-тапсырма. Төмендегі  сұрақтарға жауап беріңіз. Жауаптарыңызды дәптерлерге жазыңыз.

  1. Майра Мұхамедқызы қайда туылған?
  2. Майра Мұхамедқызы қайда білім алған?
  3. Майра қандай байқауға қатысқан?
  4. Байқаудағы жарысқа қанша талапкер түскен?
  5. Майра Қазақстанға қай жылы оралды?
  6. Майраға қандай атақ берілді? Не үшін?
  7. Майра қандай қойылымдарда басты рөлдерді орындаған?
  8. Майра қандай театрларда әнші болған?
  9. Францияның қай театры Майрамен келісімшарт жасаған?
  10. Майра Мұхамедқызы қандай ұлы әншілермен бірге ән айтқан?

 

3-тапсырма. Мәтіннен  ілік септіктегі сөздер мен  олармен тіркесетін тәуелді сөздерді тауып, дәптерлерге жазыңыз.

Үлгі: солардың ішінен

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

ЖАТЫС СЕПТІК (МЕСТНЫЙ ПАДЕЖ)

Жатыс септік обозначает местонахождение, время, число месяца и возраст человека и отвечает на вопросы:

кімде? кімдерде? (у кого?) қашан? (когда?)

неде? нелерде? (на чем? в чем?) нешеде? (во сколько часов? сколько лет?)

 қайда? (где?) нешесінде? (какого числа?)

Окончания: 

-ДА, -ДЕ – после гласных,звонких и сонорных звуков

-ТА, -ТЕ – после глухих и звонких б, в, г, д

-НДА, -НДЕ – после притяжательных окончаний 3-лица -Ы, -І, -СЫ, -СІ

Например: – Ағаң кімде? – Ағам досында.

 – Кітап неде жатыр? – Кітап үстелде жатыр.

 – Әкең қайда? – Әкем жұмыста.

 – Сіз қашан келесіз? – Мен кешке сағат онда келемін.

 – Шешең нешеде? – Шешем елуде.

 – Жиналыс нешеде басталады? – Жиналыс сағат онда басталады.


 

4-тапсырма. Мәтіннен  жатыс септіктегі сөздерді тауып, дәптерлерге жазыңыз.

 

5-тапсырма. Төмендегі  сөздерге жатыс септіктің жалғауларын  жалғаңыз.

Қытай, білім, Мәскеу, байқау, талапкер, жарыс, адам, әнші, абырой, Қазақстан Республикасы, консерватория, опера, опера театры, «Қыз Жібек» қойылымы, рөл, Париждің Гранд-операсы, келісімшарт, Франция, қазақ әншілері.

 

  • МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

6-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

  • Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

        • Өнер білсең өлмейсің.
          • Өнерліге өлім жоқ.
  • Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке  жеткізер.

7-тапсырма. Төмендегі  сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сенің туған күнің қашан?
  2. Сенің жасың нешеде?
  3. Сен қайда тұрасын?
  4. Сен қайда оқисың?
  5. Сен таңертең саған нешеде тұрасың?

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • абырой – честь
  • атақ – звание
  • байқау – конкурс
  • білім алу – получить образование
  • дәреже – уровень
  • дүниежүзілік – всемирный
  • еңбек сіңірген – заслуженный (заслужить трудом)
  • жарыс – соревнование
  • жетілдіру – усовершенствовать
  • жеткізу – достигнуть
  • қажырлы еңбек – упорный труд
  • келісімшарт – договор
  • қойылым – постановка
  • оралу – вернуться, возвратиться

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М. «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Жатыс септік жалғауларын меңгеру. Жатыс септіктегі сөздер бар 5 сөйлем жазып алып келу.
  1. «Қазақ өнері. Театр» тақырыбы бойынша баяндама жасау.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Абай атындағы академиялық опера және балет театры туралы реферат жазу.
  1. Айман Мұсаходжаева туралы баяндама жасау.

 

 

 

 

 

7 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ТЕАТР. КИНО

Грамматикалық тақырып: ТАБЫС СЕПТІК. ЖАТЫС СЕПТІК (бекіту)

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

ЖАНИЯ ӘУБӘКИРОВА – ФОРТЕПЬЯНО ШЕБЕРІ

Жания Әубәкирова – фортепьяно мамандығын сүйіп қалап, бар өмірін оны жетілдіруге арнаған адам. Ол Мәскеуде Л.Н.Власенко, М.Плетнев сияқты атақты пианистерден тәлім-тәрбие алған.

Пианистер үшін концерттердің маңызы зор. Жанияның қанша концертке қатысқанын айтып жеткізу қиын. Концерттің әрқайсысы  өзінше қуаныш әкеледі, көңілде өзінше сүйкімді із қалдырады. Мәскеудегі Ласло Польгара концертінде Жания пианинода ойнағанда, Жанияның музыкалық талантын жоғары бағалаған Ласло Польгара Жанияны венгер операсына шақырды. Ұлы дирижер Геннадий Рождественскиймен оркестрдің концертіне қатысқандағы тамаша сезіміне Жания өзі де таңғалады.

Жания Әубәкирова шетелдерде концерттерге көп қатысқан, ол Францияда, Германияда, Швейцарияда, Испания, Оңтүстік Кореяда, Қытайда концерттерге қатысқан, қазір  Англиядағы концертке дайындық жүріп  жатыр. Рас, Лондонда Жания Марат  Бисенғалиевпен екеуі концертте бұрын да ойнаған болатын.

Жания Әубәкірова дүниежүзілік конкурстардың  лауреаты. 1983 жылы Парижде Маргарита  Лонг және Исак Тибо атындағы конкурста  Гран приді жеңіп алды. Екі жылдан соң Гауһар Мурзабековамен бірге  камералық оркестрдің халықаралық конкурсында да жоғары жеңіске жетті.

Жания Әубәкирова жас таланттарды  дайындау ісімен ерте айналысады, ол әуелі  колледж ашты, одан кейін 1997 жылы Жания  Алматы консерваториясының ректоры  болып тағайындалды. Бұл салада Жания  таланты басқаша жарқырап көрінді. Педагог, администратор, тамаша пианист сияқты сегіз қырлы, бір сырлы Жания халықтың әлемге әйгілі үлкен мақтанышы.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтінді оқыңыз.
  2. Мәтінді аударыңыз.
  3. Мәтіннен таныс емес сөздерді сөздік дәптеріне жазыңыз.
  4. Мәтін бойынша пікірлесіңіз.
  5. Пікірлесімге қажетті сұрақтар дайындаңыз.

 

2-тапсырма. Мына  сөйлемдерді аяқтап жазыңыз.

  1. Жания Әубәкирова Мәскеуде Л.Н.Власенко, М.Плетнев сияқты атақты пианистерден ..... .
  2. Мәскеудегі Ласло Польгара концертінде Жания пианинода ойнағанда, .... .
  3. Жания Әубәкирова шетелдерде концерттерге көп қатысқан, ол ... .
  4. 1983 жылы Парижде Маргарита Лонг және Исак Тибо атындағы конкурста ... .
  5. Екі жылдан соң Гауһар Мурзабековамен бірге ... .

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы