Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.
8 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: САЯХАТ. ТУРИЗМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ОРЫНДАРЫ
Грамматикалық тақырып: КӨМЕКТЕС СЕПТІК
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ МАЗАРЫ
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылы маңында ғашықтардың мазары бүгінде Х-ХI ғасырдың мемориал-ескерткіші ретінде орнатылған. Бір зерттеушілердің пікірінше, ол V-X ғасырда көтерілсе, басқалардың пікірінше X-XI ғасырда орнатылған деседі.
Тарихи заманнан келе жатқан сәулетті құрылыстың ең көрнектісі, әрине, Қозы Көрпеш – Баян сұлу күмбезі. Оны төрт бұрышты таспен өріп, ішін жып-жылтыр сыпайы етіп қалаған. Оның биіктігі бұрын 18 метрдей болған, ішкі ені төрт метр шамасында, еденін таспен қалап, жарты метрдей жоғары көтерген. Күмбездің оңтүстігі шығысында кіретін есік, төбесінде терезе сияқты екі тесігі болған. Лиро-эпостық поэманың кейіпкерлерімен байланысқан мазар біздің күнге дейін жеткен ежелгі Қазақстан ескерткіші болып табылады. Жалпы биіктігі 11,65 м.
Кешендегі төрт мүсін тас «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы бейнелерді кескіндейді. Олардың үшеуі әйел, біреуі жас жігіт. Халық аңызы оларды Қозы Көрпеш және олардың апалары Айтаңсық пен Айғыздың суреттері деп атайды. Халық аңызы бойынша фигуралар Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлуды және оның кіші сіңлісі мен келінін суреттеген.
Естелік бозбала мен бойжеткеннің арасындағы шексіз махабаттың символы ретінде сақталып, адамның жоғары руханилығын баяндайды.
Қозы Көрпеш – Баян сұлу мұнарасын, оның сюжет құрылысын қызыға зерттеген аяулы ғалымдардың бірі – Г.Н.Потанин. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырын жаңадан жинау үшін, оның мұнарасын жақсылап зерттеу үшін Г.Н.Потанин көп ғалымдармен, қазақ ақындарымен, шежіре айтушылармен байланысқан. Осының нәтижесінде оның қолына Қозы Көрпеш –Баян сұлудың бірнеше варианты түседі. Оларды жіберген атақты Абай ақын (1884 ж).
Г.Н.Потанин қазақтың «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырын өте жоғары бағалап, мейлінше әділ пікір білдірген: «Орынбор мен Зайсанға дейінгі кеңістікті алып жатқан ұлан-байтақ дала түгелдей білетін сүйікті хикая, қазақ эпикасының ұшар биігі. Жалпы жұртқа ортақ сюжет болғанмен, бірде-бір халық мұны дәл қазақтардай өз эпикасының асқар шыңы ете алмаған» деген (Марғұлан Ә. Қозы Көрпеш Баян сұлу кешені. – Алматы: Өнер, 1994.-Б.12)
Қозы-Көрпеш жігітінің есімімен сұлу Баянның бейнесі он бес ғасыр бойы ажырамай келеді. Олардың сұлу да күшті сезімі бөлінбей, көпғасырлық ескерткіш мұрасын сақтап келеді. Ғашықтардың қос жүректерінен лапылдаған махаббат жаңғырығы ақындарды, драматургтерді, этнографтарды шабытқа жетелеп, әртүрлі халықтың тарихшыларын өзінің әсем мүсінімен тарта білді.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
КӨМЕКТЕС СЕПТІК (ТВОРИТЕЛЬНЫЙ ПАДЕЖ)
Сұрақтары: кіммен? кімдермен? – кем? с кем?
немен? нелермен? – чем? с чем? в чем? на чем? по чему?
қалай? – как?
Мағынасы: 1. совпадает с Т.п. русского языка; 2. употребляется в значении «в пальто», «в сапогах» и т.д.; 3. употребляется в значении «по дороге», «по лесу» и т.д.
Буын |
Соңғы дыбыс | ||
Дауысты Үнді р, л, м, н, ң, й, у |
Ұяң ж, з |
Қатаң к, қ, п, с, т, ш Ұяң б, в, г, д | |
Жіңішке |
-МЕН/ -МЕНЕН |
-БЕН/ -БЕНЕН |
-ПЕН/ -ПЕНЕН |
бала-мен, ата-менәже-мен, отбасы-мен |
қыз-бен, сіз-бен көз-бен, сөз-бен |
кітап-пен, жұмыс-пен Асқаров-пен, кілт-пен |
3-тапсырма. Мәтіннен көмектес септіктегі сөздерді тауып, дәптеріңізге жазыңыз.
Үлгі: таспен (неден?)
4-тапсырма. Төмендегі сөздерге көмектес септіктің жалғауларын жалғаңыз.
Ғашықтар, жоғары руханилығы, күмбез, маңы, мүсін, мұнара, сәулетті құрылыс, хикая, шежіре, аңыз, махаббат, жастық, жігіт, келін, сіңлісі, сезім, ғасыр, заман, ескерткіш, төбе.
8 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: ҚАЗАҚСТАНЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ
Грамматикалық тақырып: ШЫҒЫС СЕПТІК. КӨМЕКТЕС СЕПТІК (қайталау)
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
ҚОРҚЫТ АТА МЕМОРИАЛДЫҚ ЕСКЕРТКІШІ
1980 ж. түркі жұртының ардақты тұлғасы Қорқыт атаға арналып, Қызылорда облысы Сыр бойындағы Қармақшы ауданының Жосалы стансасынан 18 шақырым жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Авторлары – сәулетші Б.А.Ыбыраев, физикадан ғалым С.И.Исатаев.
Жақында жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен ескіріп, мүжіле бастаған бұл монумент қайта жаңартыла бастады. Қорқыт ата мемориалдық кешенінде 1500-ге жуық құнды жәдігерлер бар. Ескерткіш темір бетоннан жасалған төрт бірдей тік көктастан тұрады. Биіктігі 8 метрге жуық. Жоғарғы жағында арнайы түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке келіп түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады.
1997 жылы мемориалдық ескерткішке жүргізілген рестоврациялық жұмыстар нәтижесінде амфитеатр, қонақ үйі тағы басқа да объектілерден тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалды.
2000 жылы мемориалдық кешен жанынан музей ашылды. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталуда. Музей экспозициясында негізінде Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдар қамтылған. Бұл ескерткіш-кешен дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін мұсылман қауымының, бүкіл жұртшылықтың зиярат ететін орны болып саналады.
Біздің дәуіріміздегі ІХ ғасырда өмір сүрген Қорқытты қобыздың атасы ретінде білеміз. Кейбір тарихи жазбаларда оның оғыз тайпасынан шыққандығы туралы деректер бар. Аңыз бойынша қобызды алғаш Қорқыт жасаған деген әңгіме бар.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:
2-тапсырма. Сұхбатты жалғастырыңыз.
3-тапсырма. Мәтіндегі
қарамен терген сөздердегі
4-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Қ.Аманжоловтың өлеңін жаттаңыз.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қ.Аманжолов