Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.
2-тапсырма. Берілген
сөз тіркестерімен сөйлем
Денсаулығын сақтау, еңбек ету, тұрмыс жағдайын жақсарту, мүмкіндік беру, жұқпалы індеттер, аурудың асқынуы, зиянды әдеттер, аулақ болу, шылым шегу, арақ ішу, сана сезімі, бауыр мен бүйрек қызметі, халықтың денсаулығы.
3-тапсырма. Мәтіннен
тәуелдік жалғаулы сөздерді
Үлгі: өзін-өзі, денсаулығын, ...
5 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: УАҚЫТ ЖӘНЕ МЕЗГІЛ
Грамматикалық тақырып: СЕПТІК ЖАЛҒАУ
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
УАҚЫТ АЛТЫННАН ҚЫМБАТ
Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең.
Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.
Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбелік бар, тек біреуі соның үш күнін орынды пайдаланады да, біреуі үш күнін қанағат тұтады.
Уақыт – ақсүйектілікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат.
Дүниеде уақыт белгілегеннен артық
демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік
уақытты пайдалануға
Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жомарт дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады.
Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.
Профессионал жазушы күніне неше бет жазатынын жоспарлап отырады, бизнес те осыған жақындаса, жаман емес.
Уақыттың көп шашылуы – шығын. Мұны дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Мысалы, бір нәрсені жасау үшін, уақыт неғұрлым көп кетсе, соғұрлым оның құны да қымбатқа түспек.
Үнемі кешігіп жүретін адамға бизнес әлемінде орын жоқ.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:
2-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердің мағынасын қалай түсінесіз. Түсіндіріңіз.
СЕПТІК ЖАЛҒАУ
Қазақ тілінде 7 септік бар, олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес. Әрбір септіктегі сөз белгілі бір сұрақтарға жауап береді.Септіктің сұрақтары кім? не? деген негізгі сұрақтан өрбиді. Қазақ тілінде жай септеу және тәуелді септеу бар.
3-тапсырма. Өлеңді жаттайық.
УАҚЫТ ТУРАЛЫ
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді
Өтпейтіндей көретін адамдарға.
Өтеді ғой ...
Өтеді ғой барлығы да.
Күн арқалап кетеді таңды мына.
Менің жаным ашиды барлығына
Таң нұрына, адамның тағдырына.
М.Мақатаев
5 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: КҮН, АЙ АТАУЛАРЫ
Грамматикалық тақырып: АТАУ СЕПТІК
1-тапсырма. Уақыт туралы сұхбат құраңыз.
2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
3-тапсырма. Оқыңыз,
түсініңіз. Даналар сөзін
«Әркім өз уақытын еңбегінің көлемінен өлшегені ең дұрыс жол» (В.Г.Белинский).
«Жастық өз уақытын білмейді» (Р.Хорезми).
«Минут ұрыс тағдырын шешеді. Сағат шайқас тағдырын шешеді. Күн бүкіл мемлекет тағдырын шешеді» (А.В.Суворов).
АТАУ СЕПТК
Атау септіктің сұрақтары: кім? кімдер? не? нелер?
Атау формадаға сөздер жекеше де, көпше де және тәуелді түрде де қолданыла береді. Атау септіктің жалғаулары болмайды. Атау септіктегі сөздер сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та, кейде анықтауыш та болады. Мысалы: Еңбектен еңбек туады. Ол – мұғалім. Мен қол сағат сатып алдым.
|
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
(Сегодня какое число?) (Какого числа придешь?)
І
Қаңтар-дың Ақпан-ның Наурыз-дың Сәуір-дің Мамыр-дың Маусым-ның Шілде-нің Тамыз-дың Қыркүйек-тің Қазан-ның Қараша-ның Желтоқсан-ның |
ІІ (1) бір-і (2) екі-сі (3) үш-і (4) төрт-і (5) бес-і (6) алты-сы (7) жеті-сі (8) сегіз-і (9) тоғыз-ы (10) он-ы (11) он бір-і ............. (20) жиырма-сы (21) жиырма бір-і ............ (30) отыз-ы (31) отыз бір-і |
І
Қаңтар-дың Ақпан-ның Наурыз-дың Сәуір-дің Мамыр-дың Маусым-ның Шілде-нің Тамыз-дың Қыркүйек-тің Қазан-ның Қараша-ның Желтоқсан-ның |
ІІ (1) бір-і-нде (2) екі-сі-нде (3) үш-і-нде (4) төрт-і-нде (5) бес-і-нде (6) алты-сы-нда (7) жеті-сі-нде (8) сегіз-і-нде (9) тоғыз-ы-нда (10) он-ы-нда (11) он бір-і-нде ............. (20) жиырма-сы-нда (21) жиырма бір-і-нде ............ (30) отыз-ы-нда (31) отыз бір-і-нде |