Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)

 

 

  • ДАНАЛАР СӨЗІ

3-тапсырма. Даналар  сөзін есте сақтаңыз. Дәптеріңізге  жазып алыңыз.

«Музыканы сүю  үшін, ең алдымен оны тыңдай білу керек» (Д.Шестакович).

«Өнер дегеніміз  – адамдармен сырласудың құралы» (М.П.Мусоргский).

«Бармағыңнан  бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан» (А.П.Чехов).

 

4-тапсырма. Мәтіннен  табыс септіктегі сөздерді жазып алыңыз.

Үлгі: мамандығын (несін?), ...

 

5-тапсырма. Мәтіннен  жатыс септіктегі сөздерді жазып  алыңыз.

Үлгі: Мәскеуде (қайда?), ...

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • бармағынан бал тамған – искусный
  • дайындық – подготовка
  • мақтаныш – гордость
  • машықтану – вырабатывать привычку, навык
  • сегіз қырлы, бір сырлы – многосторонне талантливый человек
  • сезім – чувство
  • сырласу – разговаривать по душам; делиться своими тайнами, секретами
  • тағайындалу – назначать
  • тәлім-тәрбие – воспитание, обучение

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М. «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Қазақ жазушылары» тақырыбы бойынша баяндама жасау.
  1. Жаңа сөздерді жаттау.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Даналар сөзін жаттау.
  1. «Әбілхан Қастеев» тақырыбына реферат жазу.

 

 

 

 

 

8 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: КӨНЕ ДӘУІР ҚАЛАЛАРЫ

Грамматикалық тақырып: ШЫҒЫС СЕПТІК

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

ОТЫРАР

Отырар – ерте орта (IX) ғасырда  Қазақстанда пайда болған ірі  қалалардың бірі. Отырар қаласының  екінші аты – Фараб. Отырар Арал бойындағы көшпелі тайпалармен  сауда жасайтын орталық, Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Монғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады, тірі қалғандары Монғолияға айдап әкетілді. Бірақ, 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды. Отырарда дүниежүзілік сауда бұрынғысынша делдалдық роль атқарды. Отырар қайта түлеп, XIII ғасырдың ортасында Батыс пен Шығыс арасындағы жолда ірі сауда орталығына айналды. Отырардағы өмір XVIII ғасырға дейін жалғасты. Ақ Орда хандары мұнда медреселер, мешіттер, мавзолейлер салған.

Отырар, ортағасырлық ұлы ойшыл  Әбу Насыр әл-Фараби туған аймағы ретінде кеңінен танымал. Алғаш  рет «Отырар» және «Фараб» атаулары жазба деректерде б.д. IX ғ. кездеседі.

Отырар шаһарында ең ірі кітапханалардың бірі болатын.

Адамзат тарихындағы ең ірі кітапханалар саналатын әйгілі Александрия кітапханасы  мен қазақ жерінде болған Отырар кітапханасының болғаны белгілі. «Үлкен Совет энциклопедиясында» Александрия  кітапханасы туралы былай жазылған: «Ежелгі дәуірдің ең әйгілі Александрия кітапханасы б.э.д. ІІІ ғасырда алғашқы Птолемейлер кезінде Александрия қаласында негізі қаланған. Сол заманғы оқымыстылар онда 100 мыңнан 700 мың томға дейін кітап қоры болғанын жазады. Кітапхана қорының негізін ежелгі грек әдебиеті құрағанымен, мұнда шығыс халықтары тілдеріндегі кітаптар да көп болған. Александрия кітапханасы жанында көшірмешілер штаты жұмыс істеп, олар кітаптарды көшіріп жазып, данасын көбейтіп отырған. Александрия кітапханасының бір бөлігі б.э.д. 47 жылы Александрия соғысы кезінде жойылды. 391 жылы І Фердосияның императорлығы уақытында Серапис храмында болған кітапхананың үлкен бөлігі христиан табынушылары шабуылымен тып-типыл етілді» деп жазады.

Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы – Отырар кітапханасы Шыңғысхан  шапқыншылығы кезінде жоғалып кетті. Бұрын Фараб аталған бұл қаладан тек ислам әлеміне емес, күллі дүние жүзіне аты мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар шыққан-ды. Отырар – біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби Отаны. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ол әлемнің екінші ірі кітапханасында білім нәрінен сусындап өсті. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және Қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған. Міне, осындай кітап қоры өте бай кітапхана пұтқа табынушы шапқыншылардың аяғына тапталды. Бұл – 1218 жыл болатын. Алайда, моңғол әскерінің Отырарды 6 ай бойы қоршауы кезінде кітапхана құпия түрде жер астына жасырылған дейтін дерек бар. Бірақ та, оның нақты қай жерге жасырылғаны жөнінде бүгінгі күні ешкім білмейді.

Орта ғасырдан жеткен бір аңызда былай дейді: «Бір аңшы түлкіні қуып келе жатқанда, түлкі бір апанға кіріп кетеді. Аңшы апанды қаза бастағанда, қолына папирус қағазы ілігеді. Сөйтсе, апан дегені – үңгірге кіретін  есік екен. Сырттан түскен жарықпен жігіт үңгірде қатар-қатар тізілген көне кітап үйінділерін көріп қалады. Алайда, сол сәтте түлкі екінші бір жерден атып шығып, соның артынан қуып кеткен аңшы кейін бұл апанды қайта таба алмай қалған көрінеді. Болжам бойынша, аңшының сол көргені – Отырар кітапханасының жер астына жасырылған кітаптары болуы ғажап емес. Отырардағы алғашқы қазбаны Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А. Черкасов 1904 жылы жүргізді. Олар бірқатар траншеялар салып, материал жинақтады. Кейінгі зерттеулер, тек, ХХ ғасырдың 40-жылдары профессор А.Н.Бернштам басшылығымен жалғасын тапты. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы ұйымдастырылып, оны Ақышев К.А. басқарды, ал, 1991 жылдан Байпақов К.М. басқарып келеді. 2001 жылғы 27 тамызда ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония бастауымен «Ежелгі Отырар қалашығын консервациялау және сақтау» Қорының халықаралық жобасы жұмысын бастады.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтіндегі жаңа сөздерді сөздік дәптеріне жазыңыз.
  2. Мәтіннен «сын есім+зат есім» тіркестерін көшіріп жазыңыз.
  3. Мәтіннен «зат есім +етістік» тіркестерін көшіріп жазыңыз.
  4. Мәтіннен «ілік септіктегі сөз+тәуелді сөз» тіркестерін көшіріп жазыңыз.
  5. Пікірлесім құру үшін сұрақтар дайындаңыз.
  6. Мәтінді пікірлесімге айналдырыңыз.
  7. Мәтінді ауызша әңгімелеңіз.

 

2-тапсырма. Мына  сөйлемдерде көп нүктенің орнына  тиісті сөздерді қойыңыз.

  1. 1219 жылғы ... кейін Отырар қайта жанданды.
  2. Отырарда ... бұрынғысынша делдалдық роль атқарды.
  3. Отырардағы өмір ... дейін жалғасты.
  4. Ақ Орда хандары мұнда ..., ..., ... салған.
  5. Отырар, ... Әбу Насыр әл-Фараби туған аймағы ретінде кеңінен танымал.
  6. Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы – Отырар кітапханасы ... кезінде жоғалып кетті.
  7. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған ... мен папирус орама қағаздарынан бастап, ..., ... және ... ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған.

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

ШЫҒЫС СЕПТІК (ИСХОДНЫЙ ПАДЕЖ)

Сұрақтары: кімнен? кімдерден? – у кого? от кого? из-за кого?

неден? нелерден? – из чего? из-за чего? по чему?

қайдан? – откуда?

қашаннан бері? – с каких пор?

Мағынасы: 1. Исходный пункт движения; 2. обозначает из чего сделан предмет;

3. применяется в значении «по  математике», «по экономике» и  т.д.

 

Соңғы дыбыс

дауысты

ұяң ж, з

үнді р, л, й, у

үнді м, н, ң

тәуелдік жалғау

І, ІІ, ІІІ жақ 

қатаң к, қ, п, с, т, ш

ұяң б, в, г, д

 

Жуан

-дан

-нан

-тан

бала-дан, қыз-дан

тау-дан, ата-дан

қалам-нан, маман-нан

бала-м-нан, бала-сы-нан

кітап-тан, жұмыс-тан

Асқаров-тан, ағаш-тан

 

Жіңішке

-ден

-нен

-тен

гүл-ден, бөлме-ден

үй-ден, дәптер-ден

үй-ім-нен, бөлме-м-нен

әже-ң-нен, әке-сі-нен

мектеп-тен, кілт-тен

студент-тен, сурет-тен


3-тапсырма. Мәтіннен  шығыс септіктегі сөздерді тауып,  дәптеріңізге жазыңыз.

Үлгі: Орта Азиядан (қайдан?)

 

  • ӨЛЕҢ

4-тапсырма. Өлеңді  жаттаңыз.

ӨНЕР –  БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

Өнер – білім бар  жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Білімді жиды жалықпай,

Суда жүзді балықтай.

Біз болмасақ, сіз барсыз

Желкілдеп өскен жас  ұрпақ,

Сіздерге бердім батамды-ай.

Ы.Алтынсарин

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • айдап әкету – угнать
  • айналу – превратиться
  • апан – яма, углубление
  • апат – бедствие, крушение
  • дана – экземпляр
  • делдалдық – посредничество
  • ежелгі – древний
  • әуесқой – любитель, увлекающийся чем-л.
  • жасырылу – быть спрятанным
  • жоба – проект
  • жойылу – уничтожаться, ликвидироваться
  • ілігу – зацепиться, попасться
  • қайта түлеу – возрождаться
  • қиратылу – быть разрушенным, разгромленным
  • кітап қоры – книжный фонд
  • көшпелі тайпалар – кочевые племена
  • күллі дүние жүзі – весь мир
  • қырғын – резня, бойня, истребление
  • мәшһүр – известный, популярный
  • Монғол шапқыншылығы – Монгольское нашествие
  • нәр – пища
  • оқымысты – ученый
  • орама қағаз – обертка (бумажная)
  • пұтқа табынушы – идолопоклонник, язычник
  • салдар – следствие, последствие
  • сүбелі – значительный, существенный, важный
  • сусындау – утолять жажду
  • тапталу – быть затоптанным, испорченным
  • үйінді – глыба, куча
  • үлес қосу – внести вклад
  • үңгір – пещера, грот
  • ұшырау – подвергаться чему-л.

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы