Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)



 

5-тапсырма. 2-кесте  бойынша төмендегі сөздерді жіктеңіз  және дәптеріңізге жазып алыңыз.

Үлгі: Біз инженерміз   Біз күштіміз

Сендер инженерсіңдер  Сендер күштісіңдер

Сіздер инженерсіздер  Сіздер күштісіздер

Олар инженерлер Ø   Олар күшті Ø

Аспаз, қонақ, жас, көңілді, үшінші.

 

  • МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

6-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

 Білекті бірді жығар, 

Білімді мыңды жығар.

 Еріншектің ертеңі  таусылмас.

 Адам аласы ішінде,

Мал аласы  сыртында.

 Ақ жүрек адам азбас.

  • Дүниеқор – дүниенің құлы.
  • Адал дос алтыннан қымбат.

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • айнымалы – непостоянный (человек, который легко бросает свои слова на ветер)
  • ақжарқын – отқрытый
  • аққұба – блондин
  • алдамшы – обманчивый, изменчивый
  • бейтарап – инертный, пассивный, равнодушный
  • жауырынды - плечистый
  • зиялылық – интеллектуальность, образованность, интеллигентность
  • имандылық – порядочность
  • ілтипат – внимание, почтение, благосклонность
  • қара торы – брюнет
  • қыр мұрынды - прямой нос
  • парасатты – рассудительный, здравомыслящий
  • сабырлы – спокойный, выдержанный
  • сенімді – верный
  • сүйкімді – симпатичный
  • тартымды - привлекательный
  • тәжірибелі /тәжірибесіз - опытный /неопытный
  • тәрбиелі /тәрбиесіз – воспитанный /невоспитанный
  • тиянақты /тиянақсыз – основательный, серьезный /неустойчивый, непостоянный

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М. «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Адамның қасиеттері туралы мақал-мәтелдерді жазып алып келу.
  1. «Сыртқы түр, киіну, сөйлеу мәдениеті» тақырыбы бойынша сұхбат құру.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Мінездеме. Экономист имиджі туралы шығарма жазу.
  1. Жіктік жалғауларды жаттау (көпше түрі).

 

 

 

 

 

3 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: СТУДЕНТ КЕЛБЕТІ. МӘДЕНИ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

Біздің Қазақ тілі орталығында әр елдің азаматтары жиналады. Олардың алдарында бір мақсат бар – қазақ тілін тез үйреніп алу. Дегенмен, олар бір-біріне ұқсамайды.

Мысалы, Минаның бойы аласа, ал Тимнің бойы ұзын. Гленданың бойы Минаның бойынан биіктеу, бірақ  Тимнің бойынан тапалдау. Вильямның бойы ең ұзын, ал Шерілдің бойы ең тапал. Сурештің бойы орта бойлы. Дарья да, Ксения да, Роза да орта бойлы.

Суреш және Мина толықтау, Ал Вильям және Шерил арықтау. Ең толық  – Тим, ал ең арық – Гленда. Қалғандары онша толық та емес, арық та емес.

Сурештің шашы қара, бұйра. Минаның шашы да қап-қара, ұзын, бірақ  бұйра емес. Көздері үлкен, қара. Сурештің сақалы бар. Вильямның шашы сары, өте қысқа, көзі көк. Шерилдің де көзі көк, шашы сары, ұзындау. Екеуінің де көзілдіріктері бар. Тимнің шашы жұқа, сары, мұрты бар. Гленданың шашы сары, қалың, бұйра, онша ұзын емес. Виталийдің, Розаның, Дарьяның және Ксенияның шаштары боялған: Виталийдің шашы қараға, Розаның шашы қызылға, Дарьяның шашы қара қоңырға, Ксенияның шашы сарыға жатады. Виталийдің көзі қоңыр, Розаның көзі қара, Дарьяның және Ксенияның көздері көк.

Ал менің бойым 1 метр 80 сантиметр, салмағым 70 килограмм, онша толық емеспін. Шашым қара, бұйра, көзім де қара, көзілдірік тақпаймын. Сақалым, мұртым жоқ.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтіннің мазмұнын түсініңіз.
  2. Мәтінді пікірлесімге айналдырыңыз.
  3. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, емлесін есте сақтаңыз.
  4. Мәтіннен адам келбетін суреттеуге қатысты сөз бен сөз тіркестерін тауып, жазып алыңыз.

 

2-тапсырма. Берілген  сөз тіркестерінің антонимдер  табыңыз.

Ұзын бойлы, толық, ақылды, ұзын шашты, адал, тиянақты, жуас, қара шашты, қалың, бұйра, жомарт, тәрбиелі.

 

  • МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

3-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

  • Әдептілік ар-ұят –

Адамдықтың белгісі,

Тұрпай мінез, тағы жат  –

Надандықтың белгісі.

 Ақылсыз адам айқайлай келеді,

Жан-жағын  жайпай келеді.

Ақылды адам жай, жай келеді.

Жан-жағын  байқай келеді.

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • адал /арам - честный /нечестный, подлый
  • ақылды /ақылсыз - умный /глупый
  • әдепті /әдепсіз - тактичный, деликатный, вежливый /неучтивый, бестактный, невежливый, непочтительный
  • белгілі, атақты /белгісіз – известный /неизвестный
  • білімді /білімсіз – образованный /необразованный
  • дүниеқор – корыстолюбец (корыстолюбивый, жадный)
  • еңбекқор /жалқау – трудолюбивый/ ленивый
  • жақсы /жаман – хороший /плохой
  • жомарт /сараң – щедрый /скупой
  • жуас /тентек – тихий, кроткий /шаловливый, озорной
  • жұдырық – кулак
  • көңілді /мұңды – веселый /грустный
  • мейірімді, мейірбан /мейірімсіз – добрый /бездушный, безжалостный
  • надандық – невежество
  • салмақ – вес
  • сүйкімді /сүйкімсіз – симпатичный, привлекательный, обаятельный /несимпатичный
  • тұрпай – грубый, резкий

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Абдульманов А. «Кел, қазақша сөйлесейік». Орал, 2005
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі»учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка. 1995
  2. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994
  3. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  4. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. Қазақ тілі: Алматы, 1999
  5. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). Алматы: «Раритет», 2003
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001
  7. Сабыр М., «Қазақ тілі». Алматы, 2002
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». Алматы: «Білім»2001

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Студент келбеті» тақырыбына эссе жазу.
  1. Мақал-мәтелдерді жаттау.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Мәдени мінез-құлық ережелері» тақырыбы бойынша реферат жазу.
  1. Жаңа сөздерді жаттау.

 

4 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ

Грамматикалық тақырып: ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ (жекеше түрі)

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ ЗИЯНЫ

Темекі тарту ежелгі замандарда пайда болған. Американы ашқан  Х.Колумб Еуропаға темекіні XVI ғасырда  әкелген деген болжам бар. Еуропадағы алғашқы темекіні өсірген де дәрігер екен. Ол кезде дәрігерлер темекінің зиянды екенін білмеген. Франция королевасының Жан Нико оған темекі ұнтағын жіберіп, емдік дәрі ретінде пайдалануға кеңес береді. Сол Никоның атымен темекінің улы заты – никотин аталған.

Кейін темекінің зиянды жақтары  да байқала бастады. Көкжөтел және ерін, тіл, тамақ, өкпе аурулары тарай бастады. Темекі никотині алдымен жүйке жүйесін уландырады, қарын қышқылы көбейіп ас қорыту процесі бұзылуы мүмкін.

Никотин қан қысымын жоғарылатып, жүрек соғуын жиілітеді. Темекі шегудің әсерінен созылмалы бронхит, жұтқыншақ рагі сияқты аурулар пайда болады. Темекі асқазан жарасын, аяқтың қан тамырлары ауруларын асықындырады.

Адам темекіні алғаш рет тартқанда  уланады: басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Жалпы темекінің үштен бір бөлігі өте қауіпті, онда көміртегі қышқылы – 5 есе, никотин – 3 есе, аммиак – 46 есе көп. Никотин оттегінің алмасуын қиындатып, қан тамырларының жұмысын әлсіретеді. Әрбір темекі С дәруменінің мөлшерін азайтып отырады. Бұл кезде жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтін оқып, әр сөзді дұрыс айтыңыз.
  2. Мәтінді аударыңыз, мазмұнын түсініңіз.
  3. Жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз.
  4. Қарамен терген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасына ерекшк назар аударып, есте сақтаңыз.
  5. Мәтіннің әр бөлігін әңгімелеңіз.
  6. Мәтінді толық әңгімелеңіз.
  7. Мәтінді пікірлесімге айналдырып, бір-біріңізбен сөйлесіңіз.

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ (ПРИТЯЖАТЕЛЬНЫЕ ОКОНЧАНИЯ)

Тәуелдік жалғау – меншіктілік, тәуелділік мағынаны білдіретін грамматикалық категория. Тәуелдік жалғау – түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің грамматикалық құрылысының өзіндік ерекшелігі. Славян, орыс тілдерінде бұл категория жоқ. Сөз жекеше де, көпше де тәуелденеді. Тәуелдік жалғау заттың меншіктілігін білдіреді. Тәуелдік жалғаулы сөз ілік септіктегі сөзбен тіркесіп қолданылады. Тәуелдік жалғау төмендегі сұрақтарға жауап береді:

кімі? кімдері? (кто?)

несі? нелері? (что?)

І-КЕСТЕ

Жекеше 

Соңғы дыбыс 

Дауысты

Дауыссыз

Жуан

Жіңішке

Жуан

Жіңішке

  І Менің (мой, моя, мое, мои; у меня)

-ым

-ім

бала-м

әке-м

қыз-ым

келін-ім

ІІ Сенің (твой, твоя, твое, твои; у тебя)

-ың

-ің

бала-ң

әке-ң

қыз-ың

келін-ің

ІІ Сіздің (ваш, ваша, ваше, ваши; у вас)

-ңыз

-ңіз

-ыңыз 

-іңіз

бала-ңыз

әке-ңіз

қыз-ыңыз

келін-іңіз

ІІІ Оның (ее, его;

у нее  у него)

-сы

-сі

бала-сы

әке-сі

қыз-ы

келін-і

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы