Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.
Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Отбасы – бір-біріне жақын адамдардың одағы (1). Ол өзінше бір кішкентай мемлекет. Әке – отбасының иесі (2), шеше – отбасының киесі (3). Бала – үйдің базары (4). Баланың балалары – немере (5). Ал немере баладан да тәтті болады (6). Шөбере, шөпшек, немене – кейінгі буын (7). Жеті буын жеті атаны құрайды (8). Олар: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Баласының әке болғанын көріп (9), немере сүю (10), шөберелі болу, шөпшек көру (11) – ата-ананың бақыты (12). Ұл бала – шаңырақ иесі, қыз бала – қонақ (13). Сондықтан қазақ халқы «ұлды ұяға, қызды қияға қондыруды» ата-ананың парызы санаған (14).
Қазақстан – үлкен мемлекет. Мұнда көптеген ұлт өкілдері үлкен отбасын құрып, шаңырақ көтеріп отыр (15). Қазақ елі, қазақ жері барлық қазақстандықтардың мекені, туған жері. Қазақ жері қазақ ұлтының атамекені. Осы топырақта біздің ата-бабаларымыз мекендеді, осы топырақта біздің ұрпағымыз өсіп-өнбек.
Әр отбасының бірлігі, ынтымағы, достығы, шаттығы (16) арта берсін.
2-тапсырма. Жаңа сөздерді сөздік дәптеріне жазып, емлесін есте сақтауға жаттығыңыз.
ЖАҢА СӨЗДЕР МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
1 – союз близких другдругу людей
2 – глава семьи
3 – хранительница очага
4 – радость семьи
5 – внук, внучка
6 – внук ближе и слаще сына
7 – последующее поколение
8 – Жеті ата – семь поколений
9 – увидеть как сын становиться отцом
10 – воспитывать внуков
11 – увидеть потомков
12 – счастье родителей
13 – сын – хозяйн дома, дочь – гость
14 – считали своим долгом
15 –создали свой очаг, пустили корни
16 – единство, согласие, дружба и радость
4-тапсырма. Сөздерді
тіркестіріп, сөйлем
1. 1) басталады 2) отанға 3) отбасынан 4) сүйіспеншілік 5) деген
2. 1) жақын 2) бір-біріне 3) одағы 4) отбасы 5) адамдардың
3. 1) бір 2) мемлекет 3) ол 4) өзінше 5) кішкентай 6) отбасы
4. 1) елдің 2) да 3) туған 4) ыстық 5) топырағы
5-тапсырма. Мәтінді еске түсіре отырып, бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен байланыстырыңыз.
1 |
әке |
немере | |
2 |
шеше |
қонақ | |
3 |
бала |
үлкен мемлекет | |
4 |
баланың балалары |
жеті ата | |
5 |
немере |
баладан да тәтті | |
6 |
шөбере, шөпшек, немене |
кейінгі буын | |
7 |
жеті буын |
отбасының иесі | |
8 |
ұл бала |
отбасының киесі | |
9 |
қыз бала |
шаңырақ иесі | |
1 |
Қазақстан |
үйдің базары |
6-тапсырма. Мәтінді
есіңізге түсіріп, келесі
1. Отанға деген сүйіспеншілік неден басталады?
2. Отбасы кімдердің одағы?
3. Отбасы қандай мемлекет?
4. Әке кім?
5. Шеше кім?
6. Бала кім?
7. Баланың балалары кім?
8. Баладан тәтті кім?
9. Кейінгі буын кім?
10. Ата-ананың бақыты не?
11. Шаңырақ иесі кім?
12. Қонақ кім?
13. Ата-ананың парызы не?
14. Қазақстан қандай мемлекет?
15. Қазақ елі, қазақ жері
16. Қазақ жері кімнің атамекені?
17. Қазақ топырағында кімдер мекендеді?
18. Қазақ топырағында кімдер өсіп-өнбек?
19. Әр отбасына қандай тілек айтасың?
7-тапсырма. Мәтінді
есіңізге түсіріп, көп
Отанға деген сүйіспеншілік --------- басталады. Отбасы --------- одағы. Ол өзінше бір ---------. Әке – ---------, шеше – -----------. Бала – -----------. Баланың баласы – ----------. Ал немере --------. Шөбере, шөпшек, немене – ----------. Жеті буын ----------- құрайды. Олар: ----------. Баласының әке болғанын көріп, немере сүю, шөберелі болу, шөпшек көру – ------------------. Ұл бала – -----------, қыз бала – --------. Сондықтан қазақ халқы «----------» ата-ананың парызы санаған.
Қазақстан – -----------. Мұнда көптеген ұлт өкілдер үлкен отбасын құрып,-----------. Қазақ елі, қазақ жері барлық --------. Қазақ жері қазақ ұлтының -----------. Туған елдің топырағы да ---------. Осы топырақта біздің -------- мекендеді, осы топырақта біздің --------- өсіп-өнбек.
Әр отбасының ------- арта берсін.
КӨПТІК ЖАЛҒАУ
Көптік жалғау сөзге көптік мағына қосу үшін қолданылады.
Сұрақтары: кім? кімдер? не? нелер?
Соңғы дыбыс |
ДауыстыҮнді р, й, у |
Ұяң ж, з Үнді л, м, н, ң |
Қатаң к, қ, п, с,т, ш Ұяң б, в, г, д |
Жуан |
-лар |
-дар |
-тар |
қор-лар жұбай-лар |
қыз-дар маман-дар |
дос-тарклуб-тар | |
Жіңішке |
-лер |
-дер |
-тер |
немере-лер күйеу-лер |
жиен-дер әйел-дер |
мүгедек-тер актив-тер |
8-тапсырма. Әңгімеден зат есімдерді тауып, оларға көптік жалғауды жалғаңыздар.
9-тапсырма. Көптік жалғау жалғаңыз.
Әже… Аға … Ата …
Қыз … Нағашы … Шеше …
Әке … Туысқан … Әпке …
Сіңлі … Қарындас … Ұл …
Іні … Жиен ... Немере ...
10-тапсырма. Мәтіндегі көптік жалғаулы сөздерді оқып, онда көптік жалғаудың қандай дыбыстық варианты қолданылғанын айтыңыз.
11-тапсырма. Мәтіндегі сөздердегі көптік жалғаулардың қай дыбыстан соң жалғанғанын айтыңыз.
12-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.
Әйелдің бақыты – отбасында.
Ақша ашпайтын құлып жоқ.
Үйлену оңай, үй болу қиын.
1. Отбасы туралы мақал-
2. Жаңа сөздерді жаттау.
2 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№ 3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: МЕНІҢ ОТБАСЫМ
Грамматикалық тақырып: ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ (АССИМИЛЯЦИЯ)
1-тапсырма. Кейіпкерлердің сұхбатын оқып, таныс емес сөздерге назар аударыңыз.
ОТБАСЫ – ШАҒЫН МЕМЛЕКЕТ
СҰХБАТ БОЙЫНША ЖҰМЫС:
Қожанасырдан біреу:
Қожа: – Қазір досымның санын айта алмаймын, қазылықтан түскен соң айтайын, – депті.
ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ (АССИМИЛЯЦИЯ)
Ассимиляция – латын тілінің assimilato «ұқсату» (уподобление) деген мағынаны білдіретін термин.
ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ (Прогрессивті ассимиляция).
КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ (Регрессивтік ассимиляция).
К, Қ, П дыбыстарына аяқталатын сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанса, К → Г, Қ → Ғ, П → Б, У дыбыстарына өзгереді, мысалы: тілек→тілегім, көйлек→көйлегім, қонақ→қонағыңыз, сабақ→сабағың, топ→тобым, кітап→кітабым, тап→табу→тауып, жап→жабу→жауып және т.б.
2-тапсырма. Сұхбаттағы қарамен терген сөздерден Ілгерінді ықпал заңын түсіндіріңіз.
3-тапсырма. Төмендегі зат есімдерге -ым, -ім тәуелдік жалғауларын жалғаңыз.
Бақ, дақ, лақ, сабақ, тамақ, аяқ, тырнақ, ынтымақ, қаймақ, таяқ, топырақ, сарымсақ, шаруашылық, жапырақ, борсық, денсаулық, жорық, қайық, бастық, болашақ, қонақ, астық, тауық, бауырсақ, аймақ, иық, мамандық, ойыншық, достық, саусақ, балық, қуыршақ, оқулық, орындық, мамандық, жақ, әлек, иек, кірпік, тілек, жібек, терек, белдік, етік, кезек, тесік, жолсерік, шек, жидек, тірек, есік, бесік, білезік, жәшік, тәулік, ілгек, ірімшік, келешек, топ, қап, сап, шарап, қорап, жауап, есеп, жіп, тәртіп, кәсіп, кітап, аспап, тақырып, себеп.