Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

БЕКІТЕМІН

Оқу және оқу-әдістемелік істер  жөніндегі проректор

 Джумакаева Б.С.

« »   2012 ж.

 

 

 

 

 

 

ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

«5В050900 – Қаржы», «Туризм», «Информатика» мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған

 

 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ»

 

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курс –     

Семестр –    

Кредит саны –   

Практикалық сабақ –  

СОӨЖ –    

СӨЖ–     

Емтихан –   

Барлығы –    

 

 

 

 

ОРАЛ, 2012

 

 

 

І БӨЛІМ

1.4 САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

1 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫН БІРІКТІРЕТІН ФАКТОР

Грамматикалық тақырып: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз. Мәтінді әңгімелеңіз.

АНА ТІЛІ. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның  тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай  кезінен әке-шешесінен, әжесі мен  атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен  журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.

Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.

Қазақ тілі сабақтары өте қызықты  өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді  маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

 

2-тапсырма. Мәтіннен  таныс емес сөздерді сөздік дәптеріне жазып, емлесін есте сақтауға жаттығыңыз. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттығыңыз.

 

3-тапсырма. Мәтінді  пікірлесімге айналдырыңыз.

 

  • СҰХБАТТАСАЙЫҚ!

4-тапсырма. Сұхбатты  жалғастырыңыз.

  • Сіздің ана тіліңіз қай тіл?
  • Менің ана тілім орыс тілі.
  • Сіз қазақша сөйлесе аласыз ба?
  • Мен қазақ тілін таяуда ғана үйрене бастадым. Менің қазақша сөйлеп, үйренгім келеді.
  • Басқа қай тілдерді білесіз?
  • Ағылшын тілін білемін.
  • Ағылшын тілін жақсы білесіз бе?
  • Иә, ағылшын тілінде еркін сөйлей аламын.
  • Қазақ тілін не мақсатпен үйреніп жүрсіз?
  • Қазақ тілі менің елімнің мемлекеттік тілі, сондықтан қазақ тілін жақсы меңгергім келеді.

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!
  1. Казахский язык относится к агглютинативным, а русский язык к флективным языкам.

Языки разносистемны, поэтому они  существенно отличаются друг от друга.

Одним из важнейших свойств грамматического  строя языка являются способы фиксации. Здесь необходимо отметить два момента :

а) в каз.языке при аффиксации корень слова в основном остается без изменения.

Мысалы:  бала® бала +лар® бала + лар +ым и т.д.

или день – дня, сон – сна и т.д.

б) в каз.языке аффиксы в основном однозначны. Каждый аффикс прибавляет слову одно значение, вследствие этого в слове могут находиться по несколько аффиксов, количество их может доходить до восьми, которые присоединяются друг за другом в строгой последовательности.

Мысалы: жаз+у+шы+лар+ымыз+ға и т.д.

или работой – ед.ч., твор.падеж, жен.род

в) почти все  аффиксы имеют фонетические варианты, которые зависят от двух основных законов: закона сингармонизма и закона ассимиляции

Мысалы: окончания множественного числа имеют 6 вариантов:

-лар/-лер; -дар/-дер;-тар/-тер

  1. В каз.языке отсутствует приставка ( вместо них суффиксы и окончания).
  2. Отсутствует категория рода.
  3. В каз.языке имеются окончания притяжательности ( в русском языке нет).
  4. В каз.языке имеются личные окончания (в рус. языке только у глаголов), которые присоединяются ко всем частям речи, если они выполняют функцию сказуемого.
  5. В каз.языке нет согласования прилагательного с существительным, так как в каз.языке прилагательное неизменяемая часть речи.
  6. Если существительное сочетается с количественным числительным и наречиями «көп»и «аз», то оно не принимает окончания множественного числа.

Мысалы: отыз студент – тридцать студентов

он кітап – десять книг

көп кітап – много книг

аз кітап – мало книг и т.д.

  1. В казахском языке хорошо развита полисемия.

Мысалы: бас қала – главный город

 жол басы – начало пути и т.д.

  1. В казахском языке отсутствует категория вида, но очень развита категория протекания действий, которая указывает на его характер. В этом основную роль играют вспомогательные глаголы. Это самая трудная категория для усвоения.
  2. В казахском языке имеются послелоги, которые являются аналогами предлогов в рус.языке. Они выражают отношения между предметами и управляют каким-либо падежом.

Мысалы: өзім туралы – о себе (им.п.)

  1. Ударение в казахском языке имеет постоянное место – последний слог слова. В казахском языке ударение более слабое и особой силы не имеет как в русском языке.

При присоединении аффиксов ударение перемещается на последний слог.

Мысалы: бала'® балала'р ® балаларға'

В казахском языке порядок слов в предложении постоянный, твердый.

 

  • МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

5-тапсырма. Тіл  туралы қандай мақал-мәтелдерді  білесіз? Төмендегі мақал-мәтелдерді  жаттаңыз.

 Тіл – көңілдің кілті.

              • Ең тәтті де – тіл,

Ең  ащы да – тіл,

Ең  жұмсақ та – тіл,

Ең  қатты да – тіл.

  • ГЛОССАРИЙ
  • білім – образование       
  • білімді – образованный
  • құрметтеу – уважать       
  • мәдениет – культура       
  • меңгеру – усваивать       
  • мәртебе – статус       
  • саясат – политика       
  • Тәуелсіз мемлекет – Независимое государство
  • Үкімет – правительство      
  • ұлт – нация        
  • ұмтылу – стремиться

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  7. Сабыр М. «Қазақ тілі». – Алматы, 2002 ж.
  8. Сариев К. «Қазақ тілі». – Алматы: «Білім», 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Қазақ тілі – Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі» тақырыбына эссе жазу.
  1. Тіл туралы мақал-мәтелдерді жазу.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Ана тілім – арым бұл» тақырыбына шығарма жазу.
  1. Жаңа сөздерді жаттау.

 

 

 

 

 

1 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ҚАЗАҚ ТІЛІ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ

Грамматикалық тақырып: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫС ЖҮЙЕСІ (ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР)

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ

Қазақ халқы өзінің тарихи даму жолында жазуды пайдаланған. VII-VIII ғасырларда қазақ рулары туысқан түркі халықтарына  ортақ Орхон-Енисей, Талас және көне ұйғыр жазуларын қолданған. Бұл  көне жазба ескерткіштері тасқа  қашалған руна жазулары. Олар көлемі 1-2 немесе 5-6 сөйлем болып келетін сол дәуірдің батырлары туралы тарихи шежірелер, діни аңыздар және мақал-мәтелдер. Бұл жазу – түркі халықтарының төл жазуы болып есептелінеді.

X-XІІ ғасырлардан бастап, басқа  түркі халықтары сияқты мұсылман дінін қазақ рулары да қабылдады. Бұл кезде араб графикасының негізінде түркі халықтарының жазуы қалыптасып, көптеген ескерткіштер жазылды. Ол ескерткіштер: Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік», Махмуд Қашқаридың «Дивани лұғат ат – түрік» деген шығармалары. Бұл араб жазуы өзге халықтармен қарым-қатынас жасауға, мұсылманша ғылым-біліммен танысуға қызмет етті.

1924 жылы араб жазуына реформа  жасалынды. Ахмет Байтұрсынов  араб жазуын қазақ тілінің  дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, жасаған қазақ әліпбиін ұсынды. Бұл әліпби 1929 жылға дейін қолданылды. Содан кейін 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әліпбиін қолданылды. 1940 жылдан бастап орыс графикасына негізделіп жасалған қазіргі қазақ әліпбиіне көшті.

Қазіргі қазақ тілі – өркендеген мәдениеттің тілі, ғылым тілі, публицистика, ресми іс қағаздарының тілі болып, стиль жағынан жан-жақты сараланды.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтінді екі рөлде екі адам кезекпен әңгімелеңіз.
  2. Мәтінді әңгімелеу үшін жоспар жасаңыз.
  3. Мәтінді жоспар бойынша өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.
  4. Мәтін бойынша 5 сұраулы сөйлем құраңыз.

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар мыналар: а, ә, е, ү, ұ, о, ө, ы, і, и, у, ё, э, ю, я.

Дауыстылар жуан, жіңішке болып бөлінеді.

Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, и, у.

Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и, у.

Қазақ тіліндегі сөздерде, көбіне, дауыстылар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады: мемлекет, егеменді, Отан, халық.

Жуан, жіңішке дауыстылар аралас сөздер сирек кездеседі: құрмет, қадір, мұғалім.

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР

Тілдің қатысына қарай

(По положению языка)

Еріннің қатысына қарай

(По участию губ)

Жақтың қатысына қарай

(От степени раскрытия рта)

Жуан

а, о, ы, ұ, у

Жіңішке

ә, ө, і, ү, е, и

Еріндік

о, ө, ү, ұ, у

Езулік

а, ә, е, і, ы, и

Ашық

а, ә, о, ө, е

Қысаң

ұ, ү, у, ы, і, и


2-тапсырма. Мәтіннен жуан дауысты дыбыстары бар зат есімдерді теріп жазыңыз.

 

3-тапсырма. Мәтіннен  жіңішке дауысты дыбыстары бар  зат есімдерді теріп жазыңыз.

 

  • НАҚЫЛ СӨЗДЕР

4-тапсырма. Ана  тілі туралы айтылған әйгілі  ақын-жазушылардың нақыл сөздерін  жаттап алыңыз.

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы