Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)

 

 

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Ойын-сауық орындары» тақырыбы бойынша баяндама жасау.
  1. Жаңа сөздерді жаттау.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. А.Файзуллинаның сөзін жаттау.

 

10 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: СТУДЕНТТІҢ БІР КҮНІ

Грамматикалық тақырып: ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР

 

  • СҰХБАТТАСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Сұхбатты  оқыңыз, меңгеріңіз. Өзіңіздің бір  демалыс күні туралы әңгімелесіңіз.

  • Сәлеметсің бе?
  • Амансыз ба? Қысқы сессияны қалай тапсырдың?
  • Қысқы сессияны жоғары балдарға тапсырдым. Қазір екі апталық қысқы демалысым басталды.
  • Жақсы екен. Демалысқа не жоспарладың?
  • Көкшетауға демалуға барамын. Ал, сен қалай сессияны тапсырдың?
  • Жақсы. Тағы бір емтиханым бар. Жұма күні демалыс басталады.
  • Сен де демалысты жақсы өткізуді жоспарлаған боларсыз.
  • Мен демалысты Ақжайық санаторийінде өткізсем, табиғатын тамашаласам деймін.
  • Иә, таза ауа, судың жағасында демалған жақсы ғой!
  • Көкшетау жер жаннаты. Қазақстандағы табиғаты керемет аймақ. Сен отбасыңмен барасыз ба?
  • Иә, біз жолдама алып қойдық. Ал, сен Ақжайыққа достарыңмен барасың ба?
  • Иә, мен достарыммен солай шештім.
  • Демалыстарыңыз жақсы өтсін!
  • Рақмет! Сіз де жақсы демалыңыз!

 

  • ДАНАЛАР СӨЗІ

2-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

«Ертеңгі күнді болжау қиын, бірақ бүгінгі күнді пайдалануға  болады».

Марес

«Аузына келгенді сөйлеу – наданның ісі, аузына түскенді жеу  – хайуанның ісі».

Әлішер Науаи

«Ақылды әрі адал адамға жақындауға талпын. Ақылды әрі өтірікші адамнан сақ бол. Адал әрі ақымақ адамды ая. Өтірікші әрі ақымақ адамнан аулақ қаш».

Үнді нақылы

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер, қос сөздер жатады.

Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері:

1. Дайын тілдік  единица ретінде жұмсалады; 

2. Жалпыға бірдей  танылған қолдану заңы болады;

3. Мағына бірлігі  сақталады; 

4. Екі сөзден  кем болмайды.

Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын бәріде ең алғаш  халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді. Қазақ тілі фразеологизмдерінің біразы өткір сықаққа құрылған. Ол қасиет, әсіресе, жағымсыз образдарды сипаттайтын идиома, мақал-мәтелдерде баса сезіледі. Мысалы: «түйе үстінен сирақ үйту», «жүн қырыққан», «ит екеш итке де бір сүйек қарыздар» және т.б

  • ГЛОССАРИЙ
  • аулақ – остерегаться
  • аяу – жалеть
  • жолдама – путевка
  • керемет – прекрасный
  • қашу – бежать
  • надан – неуч, необразованный
  • сақ болу – опасаться
  • талпыну – стремиться
  • хайуан – животное
  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Демалыс орындары» тақырыбына сұхбат жасау.
  2. Даналар сөзін жаттау.
  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. 10 фразеологиялық тіркес жазып алу.
  2. «Менің демалыс күнім» тақырыбына эссе жазу.

 

11 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯСЫ

Грамматикалық тақырып: ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАСАЛУЫ

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

ОРМАН

Ертегі – әр халықтың ең ертеден  келе жатқан рухани-мәдени қазынасы. Сол  ертегілерде: арыстан, жолбарыс, аю, қасқыр, түлкі, қоян, сусар, тиін, борсық, тышқан, бұғы, марал, елік сияқты аңдар, қаршыға, қырғи, байғұз, қырғауыл, жапалақ, үкі, көкек, құр, шіл, тоқылдақ тағы басқа құстар мен жәндіктер көбінесе орманда бас қосып жатады. Олай болатыны – орман аңдар мен құстардың, әр түрлі жәндіктердің атамекені. Маймылдар да ормансыз тіршілік ете алмайды. Әуелі адамдар да ормансыз тіршілік ете алмайды.

Орман – жер бетіндегі өсімдіктердің  бір бөлігі. Онда ағаштың көптеген түрлері: қарағай, шырша, самырсын, қайың, тал, шетен, үштақ, ырғай, тобылғы, қарағаш, емен, үйеңкі, тораңғы, сексеуіл, бұта тіпті жабайы алма, өрік, долана секілді толып жатқан жеміс ағаштары да кездеседі. Орманда қарақат, таңқурай, қойбүлдірген, сиырбүлдірген, орман жаңғағы, шөп, балдыр, мүк, қына, саңырауқұлақ өседі.

Өзен-көлдердің бойын жағалай, қалың  өскен орманның тағы бір түрі –  тоғай. Сондықтан да көбінесе орман-тоғай  делініп, қосарлана айтылады. Біздің Республикамызда тоғайлар: Сырдария, Шу, Іле, Қаратал, Лепсі, Шарын өзендерінің  алқаптарында кездеседі. Орман бүкіл құрылықтың 4126 миллион гектарын алып жатады екен. Соның 26 миллион гектары Қазақстанда. Орманның шығу жиілігі, сырт көрінісі алуан түрлі. Соған орай: жасыл орман, қара орман, ну орман деп аталады. Солтүстік тундра аймағының қалың орманын тайга дейді.

Адамдар ағашты тек қана құрылым  материалы ретінде пайдаланып қоймай, одан отыз мыңнан астам әр түрлі  зат алады. Қазір омандарды қорғау, тазарту, қолдан көбейту, жаңарту жұмыстарын қолға алу қажет. Осы күні адамдар  орманды өрттен, зиянды жәндіктерден, ұрлап кесетін баукеспелерден қорғап отырады.

Орман қорғау деген сөз – күллі  тіршілікті қорғау, адамдардың өздерін  өздері қорғауы болып табылады.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтін оқып, орыс тіліне аударыңыз.
  2. Жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз.
  3. Мәтіннен аңдар атауларын көшіріп жазңыз.
  4. Мәтіннен құстар атауларын көшіріп жазңыз.
  5. Мәтіннен жеміс атауларын көшіріп жазңыз.
  6. Мәтіннен ағаш атауларын көшіріп жазңыз.
  7. Мәтінді пікірлесімге айналдырып, бір-біріңізбен сөйлесіңіз.

 

  • МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

2-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

  • Ақымақ балташы орманға кірсе, ағаш біткен қалтырайды.
    • Тау биік, талап таудан да биік.
  • Шыққан туың биік болса, лақтырған тасың алысқа түсер.
    • Су жоқта ну да жоқ.

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

Зат есім заттың, құбылыстың атын білдіреді. Зат есім КІМ? КІМДЕР? НЕ? НЕЛЕР? деген сұрақтарға жауап береді.

ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ

Мағынасын қарай:   жалпы  Мысалы: ел, өлке, аймақ


жалқы  Мысалы: Қазақстан, Астана, Жайық

Тұлғасына қарай:  негізгі    Мысалы: су, жер, ағаш


туынды  Мысалы: балалық, білім

Құрамына қарай:  дара   Мысалы: адам, халық, орман


күрделі  Мысалы: Атамекен, оқу орны

 

3-тапсырма. Мәтіннен  жалпы және жалқы зат есімдерді  екі қатарға бөліп жазыңыз. 

 

4-тапсырма. Мәтіннен  дара және күрделі зат есімдерді  екі қатарға бөліп жазыңыз.

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • алқап – равнина
  • аңдар – звери
  • арыстан – лев
  • аю – медведь
  • байғұз – сыч
  • балдыр – водоросль
  • борсық – барсук
  • бұғы – олень
  • бұта – кустарник
  • долана – боярышник
  • елік – косуля
  • емен – дуб
  • жабайы – дикий
  • жапалақ – сова
  • жәндіктер – насекомые
  • жолбарыс – тигр
  • көкек – кукушка
  • қазына – достояние
  • қайың – береза
  • қарағай – сосна
  • қарағаш – карагач
  • қарақат – смородина
  • қаршыға – ястреб
  • қасқыр – волк
  • қойбүлдірген – земляника
  • қоян – заяц
  • құр – тетерев
  • құстар – птицы
  • қына – хна
  • қырғауыл – фазан
  • қырғи – кобчик, ястреб-перепелятник
  • марал – самка оленя или марала
  • мүк – мох
  • орман жаңғағы – лесной орех
  • өрік – абрикос
  • самырсын – кедр
  • саңырауқұлақ – гриб
  • сексеуіл – саксаул
  • сиырбүлдірген – ежевика
  • сусар – куница
  • тал – ива
  • таңқурай – малина
  • тиін – белка
  • тобылғы – таволга
  • тоқылдақ – дятел
  • тораңғы – тополь сизолистый
  • түлкі – лиса
  • тышқан – мышь
  • үйеңкі – клен
  • үкі – филин
  • үштақ – жимолость (лесную жимолость называют волчьей ягодой)
  • шетен – рябина
  • шырша – ель
  • шіл – куропатка, рябчик
  • ырғай – кизильник

 

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007 ж. – 116 б.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Экологиялық аймақтар» тақырыбына реферат жазу.
  1. Мақал-мәтелдерді жаттау. Табиғат туралы мақал-мәтелдерді жазып алу.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Адам және табиғат» тақырыбына реферат жазу.
  1. Глоссарий меңгеру.

 

11 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР

Грамматикалық тақырып: ЗАТ ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ  ТРАГЕДИЯСЫ

Арал теңізі – Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан. XX-шы ғасырда ауданы жағынан – 68 мың км² – әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ Арал теңізі 1963 жылдардан бастап тартыла бастады. Аймақта су ресурстары нәзік мәселе. Соңғы 10 жылда Арал теңізінің аумағы 70 пайызға азайды. Жергілікті жүйеге, тіршілікті қамтамасыз ету мен ұлттық өркендеуге қауіп төндіре бастады. Климаттың өзгеруі өңірде қосымша мәселелер туындатады.

Арал теңізінің проблемасы жөнінде  Алматы, Ташкент, Нөкіс, Қызылорда және Арал қалаларында мемлекетаралық деңгейде кеңестер өткізілді. Осының нәтижесінде құны 84,0 млн. АҚШ долларын құрайтын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы іске асып, жобаның І фазасы 2007 жылы аяқталды. Қазіргі таңда жобаның ІІ фазасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі теңізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы