Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)

Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы  ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден (қалың – жұқа, ұзын –қысқа) болады, онан соң етістіктер (келу – кету, сөйлеу –үндемеу), зат есімдер (жер – аспан, күн – түн), үстеулерден (көп – аз, асты – ұсті) азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтың қасында.

Мысалы: «Кейі сараң, кейі мырза, Кейі қапа, кейі ырза. Барша жұртты сынады» (С.Сейфуллин). «Кейде қайғы, кейде шат, Кейде тұнық, кейде ылат, Кейде қорқақ, кейде өжет, Кейде тірі, кейде өлет» (І. Жансүгіров).

 

2-тапсырма. Мақал-мәтелдерді  орыс тіліне аударып, мағынасын  түсініңіз. Ішіндегі антоним сөздерді  табыңыз.

  1. Қорлық өмірден ерлік өмір артық. 2. Ер бақыттың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі. 3. Еріншек егіншіден елгезек масақшы озады. 4. Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ. 5. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық. 6. Досыңнан асын қасындай іш. 7. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

 

  • ДАНАЛАР СӨЗІ

3-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Даналар сөзін жаттаңыз. Ішінен антоним сөздерді табыңыз.

«Дегдар азамат

Үш түрлі  жағдайда,

Үш түрлі  кейіпте танылады:

Алыстан көрсең – тәкаппар, айбынды,

Жақыннан көрсең – ізетті, мейірбан,

Сөзін тыңдасаң – тура, қатқыл».

      Конфуций жазбаларынан

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • айбынды – доблестный, удалой; величавый, величественный
  • айшықты – выразительный, яркий
  • ардагер – ветеран
  • ат салысу – помогать, оказывать поддержку; участвовать в каком-л. деле
  • бiрегей – настоящий, уникальный
  • біріктіру – объединить
  • дегдар – благородный, знатный
  • ең үздiк – самый лучший
  • кiшiгiрiм – сравнительно небольшой; незначительный, маловажный
  • кейіп – облик, вид, внешность
  • көрiнiс – вид, облик; картина, явление
  • күрес – борьба
  • қаралу – бть расмотренным
  • қарапайым – простой
  • қарт – старик
  • қатқыл – строгий, жесткий
  • қимыл – действие
  • отау тiккен – отделяться, становиться самостоятельным
  • пәрмендi – сильный, действенный
  • соғыс – война
  • сыйақы – награда, премия
  • тағайындалу – быть назначенным
  • тәкаппар – горделивый, надменный
  • ұлғаю – увеличение; расширение, прибавление
  • ұстаным – принцип
  • ізетті – учтивый, благовоспитанный

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.
  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Жас Отан» жастар қанаты туралы баяндама жасау.
  2. Конфуций сөзін жаттау.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Тақырыпқа қатысты антоним сөздерінің қатарын жазу.
  1. Жастар туралы даналар сөзін жазып алу.

 

9 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ЖАСТАР ОДАҚТАРЫ

Грамматикалық тақырып: ЛЕКСИКА.СИНОНИМДЕР

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ЖАСТАР ҰЙЫМЫ – «ЖЕРЛЕСТЕР»

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында айшылық  алыс жерден Санкт-Петербург университетіне білім, ғылым, өнер үйренуге барған Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Мәмбетәлі  Сердалин, Бақтыгерей Құлманов, Абдолла  Теміров сынды бір топ қазақ жастары жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу – мақсат деп «Жерлестер» ұйымын құрды. «Жерлестер» – қазақ тарихындағы ең тұңғыш ұйытқы болған жастар ұйымы.

Жетісу облысынан тұңғыш болып  Санкт-Петербургке білім алуға  аттанып бара жатқан Барлыбек Сыртановты бүкіл ел болып, Құдайы тамақ беріп, Құран оқытып және жиған-тергендерін қолына ұстатып ұзақ сапарға шығарып салады. Осылайша әрбір қазақ баласы ел аманатын арқалап Санкт-Петербургке келген болатын. Қазақ қоғамындағы қалыптасқан әлеуметтік жағдайлар мен саяси-құқықтық қатынастар қазақ даласының әр түкпірінен Санкт-Петербургке келген қазақ жастарының өзара тізе қосып бірігуіне әкелді, әрі олардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін анықтауға әсер етті. «…Сол кезде Петроградта 2-3-тей-ақ қазақ студент бар еді, қазақ арасынан университетке алғаш кірген солар еді», – деп жазады М.Тынышбаев. Солардың бірі – 1881 жылы Петербург университетінің заң факультетіне қабылданған Бақтыгерей Құлманов. Ол осы факультетте 1884 жылға дейін оқып, әр түрлі себептерге байланысты университеттің шығыс тілдері факультетіне ауысты. 1889 жылы тіл білімінің министрі деген үлкен ғылыми атақпен ойдағыдай бітіріп шықты. Б.Құлманов араб, парсы, түрік және татар тілдерін еркін меңгерген оқымысты қазақтар қатарындағы тұңғыштардың бірі. Петербург университетінің есігін 1886 жылы бір топ қазақ жастары ашты. Олардың ішінде Көкшетаудан келген Мәмбетәлі Сердалин, Жетісудан – Барлыбек Сыртанов, Оралдан – Бақытжан Қаратаев, Ақтөбеден – Абдолла Теміров сияқты жас жігіттер бар еді. М.Сердалин жаратылыстану факультетіне түсіп, В.И.Лениннің ағасы А.И.Ульяновпен бірге оқыды. Б.Қаратаев пен А.Теміров заң факультетінде оқыды. Барлыбек Сыртанов шығыстану факультетіне түсті. Университет қабырғасында қазақ даласының әр облысынан білім іздеп келген жастар қоян-қолтық араласып, шартарапқа әйгіленген білім ордасынан сусындайды. Бұл мұраттардың бәрін университетте әр ұлттың жастары арасында өзінің бағдарламасы бар, саяси бағыт көздеген «Жерлестер» («Землячества») үйірмесі немесе «Жерлестер одағы» («Союз землячества») деп аталатын астыртын ұйымдардың ішінде жүріп шыңдаған еді. 1880 жылдары Санкт-Петербургтың барлық жоғары оқу орындарында астыртын түрде «Жерлестер» ұйымдары кең қанат жайған болатын. Алғашында «Жерлестер» ұйымының мүшелерінің мақсаты бір ұлттан немесе бір өлкеден келген мұқтаж студенттерге материалдық көмек көрсету болған. Бірақ бұл ұйымдардың пісіп-жетілуі барысында алдарына қойған мақсаттары саясатқа ұшырасып кетіп отырды». Бірте-бірте «Жерлестер» үйірмелерінің аясы ұлғая келе көп студенттерді қамтыған «Жерлестер одағына» айналып отырды. Олардың арнайы Жарғылары, мүшелік жарналары болған. 1880 жылдары Санкт–Петербургте студенттер арасында 20-ға жуық «Жерлестер» үйірмелері болған және олардың мүшелігіне 1500-ге тарта студенттер кірген. Атап айтсақ, студенттердің Сібір, Поволжье, Кубань, Дон, Польская касса, Таврия, Новгород, Украина, Грузия, Армения сияқты «Жерлестер» үйірмелері мен одақтары тұрақты түрде қалыптасты. Сол «Жерлестер» ұйымы қазақ жастары арасында да болған еді. Барлыбек Сыртанов, Мәмбетәлі Сердалин, Бақытжан Қаратаев, Абдолла Теміров және шығыстану факультетінде бұлардан бұрын келіп дәріс алып жүрген Бақтыгерей Құлманов сияқты жігіттер «Жерлестер» үйірмесін құрады. Қазақ жастары үйірмеге мүше болған студенттерге қаражатпен көмектесу, ауырған жағдайда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты мәселелерді шешті. Өйткені, университет қабырғасында оқып жүрген студенттер материалдық ауыр жағдайды да бастан кешіреді. 1887 жылғы наурыздың бірінші жұлдызында Александр ІІІ-ге қастандық жасағаннан кейін Министрлер кабинеті оқу үшін төленетін ақыны (1884 жылғы Жарғы бойынша бекітілген 60 рубльді 100 рубльге көтерді) тым көтеріп жіберді. Бұдан да басқа көптеген төлеуге міндетті нәрселерді жүктеді. Студенттердің 40 пайызы материалдық ауыр жағдайда болды. Бақтыгерей Құлманов студенттік өмірін өте ауыр мұқтаждықта өткізген, соған қарамастан университетті тастап кетпей, оның толық курсын аяқтап шыққаны жөнінде деректер бар. Ал қазақ зиялысы Сәдуақас Шорманов Санкт-Петербург университетіндегі Барлыбек Сыртановтың халінен хабардар болып, Григорий Потанинге жазған хатында: «…бір бала Петербургский университетте оқиды, руы Сыртанов, соған мүмкін болса көрісіп, лайық болған қадари жәрдеміңізден тастай көрмеңіз» делінген. Қазақтың баласы бір-біріне осылай жанашырлық көрсеткен. «Жерлестердің» мүшелері қаладағы қайнап жатқан өмірден тыс қалмай, барлық оқиғаларға атсалысып отырды. Атап айтсақ, 1886 жылдың қарашасының 17-сінде орыстың ойшылы Н.А.Добролюбовты еске түсіруге арналған демонстрацияға қатысады. «Жерлестер» саяси бағыт алғандықтан ұйымның мүшесі болып, оның жиындарында көрінгені үшін патша өкіметі М.Сердалинді оқудан шығарып, Көкшетауға полицияның бақылауына жіберіледі. Б.Қаратаев, Б.Сыртанов және А.Теміров 1890 жылы университеттің толық курсын ойдағыдай аяқтады. Бұлардың ішінде Б.Қаратаевтың тамаша дарынды қабілетіне патша үкіметінің басшылары да назарын аударып, Сенаттың екінші департаментіне қызметкер болып орналасуына жолдама берді. Бақтыгерей Ахметұлы Құлманов – университеттен диссертация дипломмен қоса ғылым кандидаты атағын алып шыққан қазақтың қоғам қайраткері, Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік думасының депутаты, Алаш көсемдерінің бірі. Жетісулық Барлыбек Сыртанов шығыс тілдері факультетін араб, парсы, түрік, татар тілдері негізінде І дәрежелі дипломмен, ырғыздық Абдолла Теміров алтын медальмен, оралдық Бақытжан Қаратаев заң факультетін алтын медальмен тәмамдады. Бұлармен бір жылда түскен көкшетаулық Мәмбетәлі Сердалин саяси көзғарасы үшін қудаланып, университетті бітіре алмағанымен, зиялы, экономист-ғалым ретінде танымал болды.

«Жерлестерден» қанатын қағып  ұшқан қазақ жастары ойы, көзғарастары ХХ ғасырдың басындағы Алаш идеясына ұласып кетті. «Жерлестердің» салған сара жолының арқасында Санкт-Петербургте  оқығандар көп болды. Санкт-Петербург  ақмешіттік С.Лапинді, семейлік Д.Сұлтанғазинді (Шоқанның немере інісі), оралдық Ә.Ниязовты, қарқаралылық Ә.Бөкейхановты және т.б. атауға болады. Қорыта келгенде, бостандық жолындағы сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалыстың бір көрінісін Ресей астанасының қақ төрінде тұлғаларымыз «Жерлестер» ұйымының аясында көрсетті. Кейін елге оралып, өз істерін жалғастырды. Бұл ұйым мемлекеттік деңгейдегі идеялардың қайнар көзі болғаны даусыз.

Дәурен Сейітжанұлы

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтін оқып, әр сөзді дұрыс айтыңыз.
  2. Мәтінді аударыңыз, мазмұнын түсініңіз.
  3. Жаңа сөздерді сөздікпен аударыңыз.
  4. Мәтіннің әр бөлігін әңгімелеңіз.
  5. Мәтінді толық әңгімелеңіз.
  6. Мәтінді пікірлесімге айналдырып, бір-біріңізбен сөйлесіңіз.

 

  • ӨЛЕҢ

2-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Өлеңді жаттаңыз.

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты  – 

Мен жастарға сенемін!

 

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!

 

Жас қырандар – балапан,

Жайып қанат, ұмтылған.

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін!

 

Жұмсақ мінез жібектер,

Сүттей таза жүректер,

Қасиетті тілектер – 

Мен жастарга сенемін!

Мағжан Жұмабаев

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

СИНОНИМДЕР

Синонимдер ұғымы бір, әр түрлі  дыбысталып айтылатын сөздер тобын  қамтиді. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер белгілі бір ұғымды білдіргенімен, олардың арасындағы мағына жағынан толық сәйкестік, тепе-теңдік қасиет болмайды. Синонимдік қатардағы сөздердің саны кейде қырықтан асып жығылады.

Мысалы: той – мейрам – мереке – думан – тамаша (адам баласының қуанышты қызықты күндерін білдіреді). Ас – тамақ – дәм – тағам – ауқат (адам баласының жейтін қоректік затын білдіреді).

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • дарынды – талантливый одаренный
  • жәрдем – помощь
  • жиын –сбор, сборище, скопление
  • жүктеу – возложение обязанностей, обязывание
  • зиялы – образованный, интеллигентный
  • көксеу – сильно желать чего-л., жаждать, стремиться к чему-л.
  • қадари – по мере возможности
  • қайнар көзі – источник
  • қоян-қолтық – рука об руку
  • қоян-қолтық араласу – тесно общаться
  • қудалану – быть преследуемым
  • құдайы тамақ – жертвоприношение за благополучный исход
  • мұқтаж – надобность, нужда
  • сан ғасырлық – многовековая
  • сынды – то же, что сияқты подобные
  • тұлға – фигура, личность
  • ұйытқы – организующее начало, ядро, основа
  • ұлт-азаттық қозғалыс – национально-освободительное движение
  • шартарап – все четыре стороны, все концы света

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Мағжан Жұмабаевтің өлеңін жаттау.
  1. «Қазақстандағы жастар одақтары» тақырыбына реферат жазу

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Тақырыпқа қатысты сөздердің синонимдік қатарын жазу.
  1. Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Мәмбетәлі Сердалин, Бақтыгерей Құлманов, Абдолла Теміров туралы реферат жазу.

 

10 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: БОС УАҚЫТ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

Грамматикалық тақырып: СӨЗ ТІРКЕСІ

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

САЯТШЫЛЫҚ ҚҰРУ

Қазақ халқы ерте заманнан-ақ аң аулап, құс салуды кәсіп етеді. Бұл кәсіптің маманын саятшы деп атайды. Саятшылық  – қасиетті ұлттық өнердің бір  саласы. Саятшылықтың ішінде иттерді  қолға ұстап, аң аулауға үйрету салбурын өнеріне жатады. Аң ұстайтын итті қазақтар тазы деп атайды. Ол өте ашулы кезінде тайсалмай қасқырға да түседі. Тәжірибелі аңшы тазыны өте семіртпей не арытпай ұстайды. Бүркітпен аң аулау да аңшылықтың кең тараған бір түрі. Елімізде бүркіт көбінесе Алтай, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау өңірлерінде кездеседі. Құс салуға бірнеше кісі бірігіп шығады. Аң мен құстың мекеніне жетісімен қыран ұстаған құсбегі биіктеу жерде тұрады. Қалғандары дабыл қағып, аңды тау-тастан үркітіп, үйрек-қазды судан ұшырады. Дабылдан сескенген аңға, құсқа томағасын сыпырып қыран қосады. Ұстаған аңды, құсты аңшылар жолына, жасына қарай бөліп алады. Аңға шығар алдында саятшыларға «Қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады. Аңды кейде арнайы қақпан, тұзақ құрып та аулауға болады. Аңшылар бұлғын, сусар, борсық, қызыл түлкі сияқты аңдардың бағалы терісі үшін ауласа, арқар, тауешкі тәрізді аңдарды еті үшін аулайды. Ал аю, қасқыр секілді жыртқыш аңдарды малын қорғау үшін аулап, терісін кәдеге жаратып отырады. Кекілік, үйрек, қырғауыл, бөдене, қаз сияқты құстарды әр алуан әдістермен аулап, қосымша азық етуге де болады. Олардың етінен тамақ дәмді жасалады.

Аңшылықпен айналысу адамды алғырлыққа, ептілікке баулиды. Ал табиғаттың тамаша саясы бойды сергітіп, көңілді  көтереді. Халқымыз ерекше киінген, жүйрік аты мен құмай тазысы, алғыр бүркіті бар, өзі палуан, өзі әнші жігітті сері деп атаған. Сері жігітттер қыран құстарды асырап, баптап, аң-құсқа салып «саятшылық» құрған.

 

2-тапсырма. Берілген сөз мен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы