Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа
Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.
Аңшы, жүйрік ат, құмай тазы, аң аулау, саятшылық құру, салбурын, құсбегі, құс салу, дабыл қағу, құсты үркіту, бағалы тері, қыран құс, қанжығасы майлану, бой сергіту, алғыр бүркіт, сері жігіт, қақпан құру, алғырлыққа баулу, жыртқыш аң, үйрету, табиғат саясы, саяткерлік; құнды, қымбат, кәдеге жарату, пайдаға асыру, тойдуман, сауық-сайран, аң көп ілінсін, қанжығаңа берсін, олжалы бол, бүркітші, икемділік, бейімділік, бүркітпен аң аулау.
3-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз, меңгеріңіз.
Нұрлыбек:
– Аманжол, сен аң аулауды жақсы көресің бе?
Аманжол:
– Иә, аң аулау – қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық өнерінің бір түрі емес пе!? Мен де бала кезімнен аң аулағанды, балық аулауды ұнатамын. Бос уақытымда достарыммен аң аулауға шығамын.
Нұрлыбек:
– Салбуырынды да көрген шығарсың, Аманжол?
Аманжол:
– Әрине, салбуырын – саятшылардың аңшылық кезіндегі ойын-сауық думаны ғой. Біз де достарымызбен аң аулау кезіндегі ойын-сауық құрамыз.
Нұрлыбек:
– Өзіңіздің баптаған қыран бүркітіңіз бар ма?
Аманжол:
– Мен бір бүркітті бала кезінен бастап баптап, күтіп отырмын. Әлі аңға шығарған жоқпын. Қазір аңға шығару үшін де оны баптап күтудемін.
Нұрлыбек:
– Рақмет, Аманжол.
АҢШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР
Охотнику, идущему на охоту, обязательно надо пожелать удачи и сказать: «Қанжығаң майлансын!»
Первую добычу охотник не должен дарить или отдавать никому.
Голову зверя, которого поймал охотник, должен взять себе.
Коготь беркута вешают над детской колыбелью – БЕСІК.
Нельзя брать или дарить родственникам и близким людям собаку и нож!
4-тапсырма. Оқыңыз,
түсініңіз. ақыл сөзді
«Дем алғың келсе, уақытыңды рәсуа етпе».
Б.Франклин
«Өмір ойын-сауық та емес, айт пен той да емес, өмір – қияметтей қиын жұмыста».
Сантаяна
«Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені – ең дұрыс жол».
В.Г.Белинский
Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.
Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:
Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.
СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ
Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:
10 АПТА
1 КРЕДИТ САҒАТ
№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Лексикалық тақырып: ОЙЫН-САУЫҚ ОРЫНДАРЫ
Грамматикалық тақырып: ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
ГОЛЬФ ОЙЫНЫ
Гольф ойынының мақсаты баппен соққы беру арқылы допты жасыл алаңдағы кішкентай шұңқырға түсіру болып табылады. Гольф ойнау үшін доп пен доптаяқты қалай ұстайтынын үйрену керек. Гольфты үйрену үшін сабақ алу керек және арнайы жаттығулар өткізген дұрыс.
Гольф ойынының ең маңызды бөлігі гольф этикетін сақтау.
Гольф – нағыз жігіттердің ойыны, ал оның этикеті – оның дәстүрін мұқият сақтауда жатыр. Сондықтан гольфтың көп жылғы тарихында оның ережесіне ешбір өзгеріс енбеген. Бәрінен бұрын жақсы әдепке дағдыланып, қарсыластарыңыз бен серіктесіңізге құрметпен қарым-қатынаста боласыз.
Гольф ойынында үш басты қағиданы естен шығармау керек. Олар:
2-тапсырма. Берілген сөз бен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз.
Доптаяқ, шұңқыр, қағып кіргізу, домалау, алаң, ереже, топ, лақтыру, қарсыласу, ойнау, серіктес, қарсылас, допты түсіру, құмдақшөп, жеңімпаз, жарыс, халықаралық, аймақтық, жеңіс, ойыншы, маусым, спорт кешені, қызығушылық, шаңғышылар жарысы, ойын этикеті.
3-тапсырма. Қазақ тілінен орыс тіліне аударыңыз.
______________________________
______________________________
Гольф – нағыз жігіттердің ойыны, ал оның этикеті – оның дәстүрін мұқият сақтауда жатыр.
______________________________
______________________________
4-тапсырма. Қазақ тілінен орыс тіліне аударыңыз.
мягкий удар ______________________________
попасть в лунку ______________________________
нужно научиться держать мяч
и клюшку ______________________________
нужно заниматься на специальных тренажерах________
самая важная часть ______________________________
его этикет – это строгое соблюдение традиций игры _____________________
ни одно изменение не включено в
правило _____________________________
приучаться к хорошим манерам ______________________________
играй на поле, как оно есть ______________________________
играй в мяч, как он лег ______________________________
и если ни то, ни другое невозможно, поступай по справедливости _______________
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
«Фразеология» термині белгілі
бір тілдегі тұрақты сөз
Ақ сөйле – әділ бол;
Қанды қанмен жуды – қанды қол, өшін алды, қан жалады;
Ала аяқ – сұм, қу, залым, зымиян, суайт.
7-тапсырма. Қарамен берілген фразеологизмдерді синонимдес фразеологизмімен ауыстырыңыз.
1. Ана бұзық арамызға жік түсірді, араздастырмақ, жауластырмақ болды (от салды).
2. Адамға шатасу қиын ба? Тек ары таза болса екен. Жалғыз тілегім осы ғана (сүттен ақ, судан таза).
3. Поповтардың көрі қазылды. – Рас па? – деп, Нұрыш қуанып кетті.
Ол сен сияқты ала аяқ емес, ардың адамы.
6-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. А.Файзуллинаның сөзін жаттаңыз.
Еңбек ету үшін уақыт тап, бұл – табыс кілті.
Ойлану үшін уақыт тап, бұл – күш-жігер бастауы.
Ойын үшін уақыт тап, бұл – жастық құпиясы.
Оқу үшін уақыт тап, бұл – білім негізі.
Достық үшін уақыт тап, бұл – бақыттың шарты.
Армандау үшін уақыт тап, бұл – жұлдыздарға барар жол.
Махаббат үшін уақыт тап, бұл – өмірдің қуанышы.
Көңіл көтеру үшін уақыт тап, бұл – жанның әуені.
А.Файзуллина (психолог)