Прибыль как целевая функция фирмы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:43, курсовая работа

Описание работы

Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі. Әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан үйренеді.
Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Қазақ халқы – ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай халық. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың. Бұл күнде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін үйірмелерге, мектептер мен университеттерде оқып біледі.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Біздің оқытушымыз өте білімді маман. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді: сұрақтар қойып, жауап бергізеді, мәтіндерді қазақша оқытып, аудартқызады, сөйлемдерді тақтаға жазғызып, талдатады. Сабақтың көпшілік бөлігі ауызша сөйлеуге арналады. Біз әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, сөйлесулерді жатқа үйренеміз. Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса, түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін біз үйге барып, үй жұмысын орындаймыз: жаттығулар жазамыз, мәтіндерді оқимыз, сөйлесу үлгілерін құраймыз. Келесі сабақта үй жұмысымызды оқытушыға көрсетеміз. Біз қазақша сөйлеуге тырысамыз, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгіміз келеді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 2.86 Мб (Скачать)

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. Алматының көрікті жерлері: Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ.
  1. Жаңа сөздерді жаттау.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Қысқы Азиада ойындары» тақырыбына реферат жазу.
  1. «Қорқыт ата кітабынан» бір аңыз жазып алу.

 

9 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР

Грамматикалық тақырып: ЛЕКСИКА. ОМОНИМДЕР

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді  оқып, аударыңыз.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ

2007 жылдың желтоқсан айында «Батыс Қазақстан облысында жастар саясатын жүзеге асырудың 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы» қабылданған болатын. Бағдарлама аясында облыстық бюджеттен 2009 жылы жастар саясатын жүзеге асыру үшін 49,7 млн. теңге қаражат бөлінді.

Қазіргі таңда облысымызда 56 жастар қоғамдық бірлестігі (ЖҚБ) ресми түрде жұмыстануда, олардың ішінде 16-сы ауылдық жерлерде. Жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызмет түрлері балалар, спорттық, құқыққорғаушылық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, би және студенттік болып бөлінеді.

Жастар саясатының аймақтық бағдарламасы бойынша әлеуметтік маңызы бар жобалары жүзеге асырылуда. Жобалар негізінде  жастардың патриоттық және қайырымдылық акциялары, ақпараттық үгіт-насихат  топтары, пікір-сайыс турнирлері және спорттық-сауықтыру, мәдени-ағартушылық бағыттағы іс-шаралар орындалуда.

Бағдарламаға сәйкес, облысымызда  жастар қоғамдық бірлестіктерінің бастамасымен әлеуметтік қызметтердің 5 түрі қамтылып келеді. Олар:

1. Психологиялық және заңгерлік көмек көрсететін әлеуметтік қызмет;

2. Жастарға арналған экономикалық  және сараптау-бағалау қызметі;

3. Қиын жасөспірімдермен жұмыс  істейтін сауықтыру орталығы;

4. Жастарды жұмысқа орналастыру  орталығы;

5. Мүмкіндігі шектелген жастармен  жұмыс жөніндегі әлеуметтік қызмет.

Облыс аудандарында жастар саясатын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет есебінен, трансферттер арқылы әр ауданның территориясы мен тұрғылықты жастар санына байланысты қаражат бөлінді (әр ауданға 1 млн-нан кем емес). Осының негізінде аудандарда жастар саясатын жүзеге асыруға жаңа серпілістер пайда болды, жастар ұйымдары алдына қойылған міндеттерді орындауға бейімделіп, өз қызметтері ауқымын кеңейтті. Биылғы жылы студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарына жұмыссыз ауыл жастарын тарту жүргізіліп жатыр.

Облыста жастар парламентаризмін дамыту және өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында белсенді көшбасшылар  арасынан сайланған облыстық жастар мәслихаты жұмыс істейді.

Қазіргі таңда облыстық жастар мәслихатының құрамында 30 депутат жұмыс істейді (12 депутат – аудандардан, 18 депутат – жастар ұйымдарының төрағалары, оқу орындарының студенттері). Жастар мәслихатының құрамындагы 6 комиссия жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша жұмыс жасайды.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтінді бөлімдерге бөліп, қарапайым жоспар құраңыз.
  2. Мәтінді ауызша әңгімелеңіз.
  3. Мәтіндегі жаңа сөздерді меңгеріңіз.
  4. Пікірлесім құру үшін сұрақтар дайындаңыз.
  5. Мәтінді пікірлесімге айналдырыңыз.

 

  • ДАНАЛАР СӨЗІ

2-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Даналар сөзін жаттаңыз.

«Жастық шағыңның қадірін біл!. Соңыра қартайғанда жастық жылдарыңды мақтанышпен еске түсірерліктей етіп өмір сүр».

       М.Горький

«Жастық шақ  жаза басқыш, кемел жас қатеге қарсы  күрескіш, кәрілік қатесін ойлап  өкінгіш».

Бенджамин Дизраэли

«Жастық шақтағыдан гөрі жас ұлғайғанда көп еңбек  тындыру керек».

В.Гете

«Жастық шақ  – ерлік жасар шақ».

Стендаль

«Егер әрбір  адам экономиканы білсе, сол мемлекет күшті».

Аристотель

«Жамандықтың  үлкені – пайдакүнемдік. Пайда қуған адам шыншыл да, принципшіл де, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмайды».

В.А.Сухомлинский

«Сараң дүниенің малын жиса да тоймайды».

Ахмед Юнаки

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

ОМОНИМДЕР

Бір тілде қанша сөз болса, олардың  тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика (гр. Lexikos – сөздік) немесе сөздік құрам деп атайды.Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілетін күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология (гректің Lexikos – сөздік + Logos – ілім сөздерінен) дейді.

Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы басқа-басқа сөздер тобын білдіреді. Мағына жағынан әр ұғымның өзара жақындығы, ұқсастығы мүлдем сезілмейді. Мысалы: Ана І. Туған шеше. Ана ІІ. Сілтеу есімдігі (ана жылы, ана бала, ана кітап). Ара І. Ағаш кесетін жұқа темірден жасалған құрал. Ара ІІ. Гүл шырынынан бал жинайтын қанатты жәндік. Ара ІІІ. Екі орта, аралық (екі ауылдың арасы).

 

3-тапсырма. Оқыңыз, түсініңіз. Қарамен көрсетілген  омоним сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

Менің атым қой,

Қойшыңды таңдап қой,

Қойшыңды таңдап қоймасаң,

Қой жинауыңды қой

(ауыз әдебиетінен)

 

4-тапсырма. Сөздіктерді  пайдалана отырып, төмендегі омоним  сөздердің мағынасын ажыратыңыз.

Түс, күн, қас, тамақ, бақ, сан, жарық, арық, қара.

 

  • ГЛОССАРИЙ
  • аймақтық бағдарлама – региональная программа
  • ақпараттық үгіт-насихат топтары – информационные агитационно-пропагандистские группы
  • бағалау – оценивать
  • бағдарлама аясында – в пределах программы
  • бастама – начинание, почин
  • бірлестік – объединение
  • әлеуметтік маңыз – социальная значимость
  • еңбек жасақтары – трудовые отряды
  • жаңа серпілістер – новые прорывы
  • заңгерлік көмек – юридическая помощь
  • қайырымдылық акциялары – благотворительные акции
  • қаражат – средства
  • қиын жасөспірімдер – трудные подростки
  • құқыққорғаушылық – правоохранительные
  • мәдени-ағартушылық бағыт – культурно-просветительское направление
  • пікір-сайыс – дискуссия
  • ресми түрде – официально
  • сараптау – оценивать, проводить экспертизу
  • сауықтыру орталығы – оздоровительный центр
  • төраға – председатель

 

  • ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Ахтамбердиев З.Т. «Қазақ тілі» (учебник для самостоятельного и аудиторного изучения казахского языка). 1995 ж.
  1. Бектұров Ш. «Казахский язык для начинающих». – Алматы: «Білім», 1994 ж.
  2. Бектұрова А.Ш., Ш.К.Бектұрова «Казахский для всех». – Алматы: «Атамұра», 2004
  3. Қазақ тілі. Жоғарғы сынып және студенттерге арналған әмбебап анықтамалық. – Алматы, 1999 ж.
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі (практикалық курс). – Алматы: «Раритет», 2003 ж.
  5. Құрманбаева Ш.Қ., Болатов С.Қ. Қазақша үйренеміз. Ересектерге мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту құралы. – Өскемен: Алтай, 2007. – 116 б.
  6. Мұса А.О., Төленов І.М., Әбіш Ж.Ш., Құдайбергенов Е.Қ. Қазақ тілі. – Алматы: Экономика, 2001 ж.

 

  • СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Мемлекеттік жастар саясаты» тақыры бойынша баяндама жасау.
  1. Даналар сөзін жаттау.
  2. Омонимдер сөздерінің тізімін жасау.

 

  • СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
  1. «Жастар – біздің болашағымыз» тақырыбына шығарма жазу.
  1. Жастар туралы оқымыстылардың ой-пікірлерін жазып алу.

 

9 АПТА

1 КРЕДИТ САҒАТ

№2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Лексикалық тақырып: «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫ

Грамматикалық тақырып: ЛЕКСИКА. АНТОНИМДЕР

 

  • МӘТІНМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

«ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫ

Бүгінде елімізде 720-дан астам  жастар ұйымы жұмыс істейді, олардың  қызметіне 1,2 миллионнан астам жас қатысуда. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты барлық жастар ұйымдарын бір шаңырақ астына біріктірді.

«Болашағымыз – жастар» қағидасының  қаһармандары – жастардың тәрбиесi мен бүгiнгi келбетi ел ертеңiнен айшықты  көрiнiс бередi. Қазақстанда қазiр 180-ге жуық жастар ұйымдары тiркелген  болса, соның 20 пайызы ғана нақты айқындалған бағыт бойынша жұмыс жасап жатыр. Алғашқы топтың iшiндегi ең беделдi де, бiрегейi «НұрОтан» Республикалық саяси париясының «Жас Отан» Жастар қанаты болып отыр.

2000 жылы құрылған пәрмендi ұйымның  негiзгi идеологиясы да қарапайым  Қазақстанның жас азаматтарын тәрбиелеу. Қазiр ұйымның 105 мың мүшесi бар. Осыншама мол жастар арсеналы мемлекеттiң әр облыс, барлық аудандарындағы мекеме, жастар ұйымдарында қызмет етедi. «Жас Отанның» сол сияқты әр қалада өзiнiң филиал, бөлiмшелерi де жұмыс атқарады. Сонымен қатар, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелерi санатындағы бiрнеше мәслихат депутаты, вице-министрлер қызмет етедi. Жалпы алғанда, республика бойынша 30-ға жуық жас мәслихат депутаттары бар. «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Мәжiлiс депутаты Тәңiрберген Бердоңғаров.

Жастар қанатының отау тiккенiне 6 жыл ғана болса да, атқарған шаруалары  орасан көп. Оның iшiнде жергiлiктi жерлердiң  мәселелерiн шешуге арналған кiшiгiрiм  акциялармен бiрге, республикалық  деңгейдегi iрi проблемалар да бар. Жастардың  тұрғын үй мәселесiн шешуге арналған «Баспана» акциясы аясында үлкен байқау өткiздi. Жалпы саны 48 жұмыс қаралып, iрiктелген үшеуiне 1 млн. теңгедей қаржы бөлдi. Алдағы уақытта да бағдарлама аясында атқарылатын iс-шара аз емес.

Қазiр әрiптестiк жөнiндегi келiсiм негiзiнде Қазақстан жастар конгресiмен бiрлесiп, «Жастар-2009» бағдарламасын әзiрлеп, iске асырып жатыр. Жастар қанатының дәстүрге айналған шаралары да аз емес. СПИД-пен күрестiң жастар акциясына айналған «Ине – 1», «Ине – 2», соғыс және еңбек ардагерлерiне қолғабыс ететiн «Менiң қарттарым», «Ұлы Жiбек жолындағы дiлмарлар» атты дебат ұйымдарының жұмыстары ел жастарының белсендi қимыл танытатын акциялары. «Жас Отанның» жүлдесiне Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» кинокомпаниясы өткiзген «Киномания» байқауының да жас киногерлер өмiрiнде алған орны зор.

Бiрақ бәрiнен бұрын студенттерге арнап, тағайындалған стипендиялар «Жас Отанның» ең бiр мықты ұстанымына айналған. «Жастар – сапалы бiлiм үшiн» жастар слетiн өткiзген «Жас Отан» әр аймақтағы 20 үздiк студентке Марат Оспанов атындағы арнайы стипендияның куәлiгiн табыс етiп, мұны қазiр дәстүрлi қағидаға айналдырып келедi. Оның үстiне «Бәйтерек», «Отан» партиясының өзiндiк жеке сыйақылары тағы бар.

«Жас Отан» ұдайы ат салысып  жүрген Жастар парламентi, «Жасыл ел» бағдарламаларымен жүргiзiп жатқан жаңа жобалары да жетерлiк. Атап айтсақ, «Жастар KZ», «Бiз мықты Қазақстан үшiн» акциялары бар.

Жалпы алғанда «Отан» Республикалық  саяси партиясының «Жас Отан»  Жастар қанаты бүгiнгi таңның ең үздiк, айқын бағытты жастар ұйымы болып саналады. Алдағы мақсаттары да елiмiзге қажеттi, бүгiнгiнiң маңызды мәселелерiн шешу болып табылады. Жастар қанатының қатары ұлғайып, ойға алған жоспарлары жүзеге аса берсiн деген тiлегiмiз бар.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС:

  1. Мәтіндегі жаңа сөздерді сөздік дәптеріне жазыңыз.
  2. Мәтіннен жастар сөзі бар сөз тіркестерін көшіріп жазыңыз.
  3. Пікірлесім құру үшін сұрақтар дайындаңыз.
  4. Мәтінді пікірлесімге айналдырыңыз.
  5. Мәтінді ауызша әңгімелеңіз.

 

  • ГРАММАТИКАМЕН ТАНЫСАЙЫҚ!

АНТОНИМДЕР

Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.

Информация о работе Прибыль как целевая функция фирмы