Меншікке қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа

Описание работы

Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.

Работа содержит 1 файл

Меншікке қарсы қылмыс.doc

— 550.00 Кб (Скачать)

Егер де адам пара ретінде не болмаса  коммерциялық сатып алу заты ретінде  лауазымды тұлғаға немесе басқару қызметтерін атқаратын адамға беру үшін ақша немесе өзге құндылықтарды алатын болса және осыны істеуге ниет етпей оларды иемденсе, онда оны алаяқтық ретінде саралау керек. Бұл кезде, егер кінәлі тұлғаның іс-әрекеттері басқа адамға пара беруге ниет туындауын қалыптастыратын болса, онда оның іс-әрекетін пара беруге айдап салу ретінде  қосымша саралау қажет болады.

Соңғы жылдары  мемлекеттік қызметте жүрген лауазымды тұлға екінші лауазымды тұлғаға беру үшін немесе оның қызметтік өкілеттіліктеріне кірмейтін басқа тұлғаның пайдасына қандайда болмасын іс-әрекеттерді атқаруы үшін басқа адамнан алатын, кінәлі тұлғалардың іс-әрекетін алаяқтық ретінде саралап жеңіл жаза тағайындау сот тәжірибесінде кеңінен орын ала бастады.

Осыған байланысты заң шығарушы лауазымды тұлғалардың, әсіресе мемлекеттік қызметшілердің, жауаптылығын күшейту үшін ҚК 177-бабы 3-бөлігіне өзгерістер енгізді. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар алаяқтық жасауы ерекше ауырлататын белгі ретінде енгізілді.

Осы ауырлататын белгі бойынша  кінәлі тұлғаның іс-әрекетін саралау  үшін мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам өзінің қызмет бабын  пайдаланды ма жоқ па соны анықтау  қажет. Бұл ретте пара ретінде ақша берген адам одан ақша алған адамның  лауазымды адам екенін біліп, сол лауазымының арқасында   оған көметесетінін  білгенін де ескеру қажет.

Өзінің қызмет бабын пайдаланумен жасаған алаяқтықтың мысалдары  ретінде банк және өзге де мекемелердің қызметкерлерімен жасалатын компьютерлік ұрлықтарды, сақтандыру, қаржылық алаяқтықтарды, құнды қағаздар нарығындағы алаяқтық және тағы басқаларды келтіруге болады.

Банктен несие алу үшін пайдаланылған  кез келген алдау, егер де іс бойынша  ақша қаражаттарын алдаумен иелену, оларды кінәлі тұлғаның немесе басқа адамдардың меншігіне айналдырумен жасалғандығы анықталған, яғни ұрлықтың барлық белгілері көзге көрініп тұрған жағдайда ғана алаяқтық ретінде саралануы мүмкін.

 Алаяқтықтықпен айналысатын  адамдардың бірқатар арнайы мінездемелері болады. Ұрлықшылардан, тонаушылардан және «пайдақорлыққа бағытталған» басқа қылмыскерлерден айырмашылығы алаяқтар анағұрлым зиялы болып келеді, ереже бойынша, психологтар, өзіндік әртістік элементтері болады, анағұрлым жоғары білім деңгейі, өзімшіл өнегелі қағидалары болады.

Алаяқтықты көптеген қылмыстардың құрамынан, ең алдымен, бөтен мүлкін заңсыз иемденудің  өзге де нысандарынан ажырата білген жөн.

Біріншіден, алаяқтықтың бөтен  мүлкін заңсыз иемденудің   барлық өзге нысандарынан ажырататын белгісі болып қылмыскерге  жәбірленушінің мүлікті сырттай өзінің ерікті түрде беруі табылады. Екіншіден, қылмыстық заң бөтен мүлкін заңсыз иемденудің барлық нысандарының  заты ретінде тек мүлікті көрсететін болса, алаяқтықта мүлікке құқықты да көрсетеді.

 

9. Қорқытып алушылық және оның түсінігі.

 

ҚК 181-бабының 1-бөлігінде қорқытып алушылық «яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе күш  қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттер  жасауды талап ету, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратумен не жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау» деп анықталады.

Қорқытып алушылықтың  объектісі (қарақшылық пен күштеп тонаудікі сияқты) меншік қана емес, сондай-ақ жәбірленушінің жеке басы да болып табылады. Ол қорқытумен күшейтілген талапты қойған сәттен бастап аяқталған деп саналады.

Қорқытып алушылықтың негізгі  тікелей объектісі меншіктің нақты нысаны, қосымша – жәбірленушінің қауіп төнетін жеке игілігі.

Қосымша объект кінәлі тұлға қолданатын психикалық күш көрсетудің сипатымен  байланыстырылады.

Қорқытып алушылықтың  қосымша  объектісіне:

-адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті (жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратамын деп қорқытқанда),

-адамның жеке өміріне қол сұқпаушылық (жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялаймын деп қорқытқанда),

-жеке адамның денсаулығы (күш қолдану арқылы қорқытқанда) жатады.

Қылмыстың заты–бұл қол сұғушылық объектісінің элементі, соған ықпал ете отырып, қылмыскер қоғамдық қатынастарды бұзады немесе бұзуға тырысады.

Қорқытып алушылықтың заты болып мыналар:     

-   мүлік;

- мүлікке құқық (қолхат, қорқытып алушының қарызының болуын растайтын келісі-шарт немесе өзге құжат, не болмаса қорқытып алушыға нақты бір мүліктік құқықтардың өтуін растайтын құжат);

- мүліктік сипаттағы іс-әрекеттер (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету және тағы сол сияқты) танылады.

Қорқытып алу кезінде кінәлі тұлға мүліктің меншігіне өтуін  қаламай-ақ, бір немесе бірнеше басқа өкілеттіліктерді талап етуі мүмкін. Қорқытып алушылықтың заты болып қозғалатын, сондай-ақ қозғалмайтын мүлікке құқықта танылуы мүмкін. Мүліктік сипаттағы іс-әрекеттер ақысыз жұмыстарды істеу немесе әдетте еңбекақы төленетін қызметтерді көрсетуден тұрады (пәтерге, көлікке, офиске ақысыз жөндеу жұмыстарын жүргізу, коттедж, гараж, өндірістік немесе әкімшілік ғимараттарды ақысыз салу және тағы сол сияқты).

Сонымен қатар мұнда қорқытып алушыға  мүліктік пайда әкелуі мүмкін кез  келген басқа да іс-әрекеттер (өсиетті  жою, мұрадан, ортақ меншіктегі үлестен  бастарту және тағы сол сияқтылар) жатқызылады.

Қорқытып алушылық кезіндегі психикалық күштеу қорқытуда көрінеді. Күш көрсетуді қолдану арқылы қорқыту жәбірленушіге де, оның жақындарына да бағытталуы мүмкін. Заң шығарушы оның қарқындылығына қатысты қандайда болсын ескерту жасамайды, олай болса, ол кез келген түрде-соғумен қорқытудан өлтіруге дейін қорқыту болуы мүмкін. Мұндай әрекеттердің барлығы толығымен ҚК 181-бабында қамтылған және қосымша саралауды қажет етпейді. Бұл жерде күш қолданамын деп қорқытуда айтылған әрекеттер болашаққа бағытталады. Қорқытуда көрсетілген әрекеттерді бірден іске асыру психикалық күштеуді физикалық күштеуге, ал қорқытып алушылықты – тонауға немесе қарақшылыққа айналдырады. 

Объектитвті жағынан алғанда қорқытып алушылық күрделі құрамды қылмыс болып табылады. Қорқытып алушылық:

а)қорқыту арқылы  бөтен мүлікті  талап ету;

ә)қорқыту арқылы мүлікке байланысты құқықты талап ету;

б)қорқыту арқылы  мүліктік сипаттағы  басқа да әрекеттерді жасауды  талап етуден тұрады.

Қорқытудың өзі бірнеше әрекеттерден тұрады:

а)күш қолданамын деп қорқыту;

ә)жәбірленушінің мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту;

б)жәбірленушіні немесе оның туыстарын  масқаралайтын мәліметтерді таратамын  деп қорқыту;

г)жәбірленушінің немесе оның жақындарының  мүдделеріне  елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді  жариялаймын деп қорқыту. 

Талап етуді кез келген тәсілмен; ауызша, жазбаша, телефон, факс, пошта арқылы және т.б. тәсілдермен көрсетуге болады. Ол мүліктің иесіне, яғни оның заңды иесі болып табылатын не болмаса осы мүлік қорғауында болатын тұлғаға бағытталуы мүмкін. Бұл кезде талап әдетте болашаққа бағытталады. Тек осы белгісі бойынша қорқытып алушылық ұрлықтан, тонаудан және қарақшылықтан ажыратылады.

Соттың үкімімен В. В. Усминский  жәбірленуші Н.И. Прокопенкого байланысты қорқытып алушық әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Қылмыс мынандай жағдайларда жасалған.2011жылы желтоқсан айының 31 күні усминский мас күйінде жәбірленуші Прокопенкодан қорқытып ақша алмақшы болады. Өз ойын бірге арақ ішіп жүрген Васильевке айтады.Содан соң екеуі Прокопенконың үйіне балкон арқылы заңсыз кіріп, оны оятып 10000 тенге ақша талап етеді. Прокопенко ақша беруден бас тартқаннан кейін екеуі оны ұрып соғып, кетіп қалады. Прокопенкоға жеңіл дене жарақаттарын салады. Үкімде анықталғандай сотталғандар жәбірленушіге күшті ол ақша беруден бас тартқаннан кейін қолданған және күш қолданғаннан кейінде  жәбірленушіге басқа ешқандай талаптар қоймай кетіп қалған.

Анықталған қылмыстық жағдай Усминскийдің әрекеттерінде қорқытып алушылықтан  гөрі тонауға оқталушылықтың белгілері  бар екенін көрсетеді.

Сонымен бірге кейбір жағдайларда мүлікті беруді талап ету, талап еткеннен кейін бірден қанағаттандырылуы мүмкін.

Психикалық күш көрсету адамның психикасына зиян келтірілетін қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы ықпал етуде көрінеді.  Мұндай күш көрсету іс-әрекеттері ақпараттық сипатта болады да адамның санасына және ерік-жігеріне теріс әсер етеді. Психикалық күштеудің әдеттегі нысаны - кінәлі тұлғаның немесе жәбірленуші үшін өмірлері қымбат өзге адамдардың қандайда болсын игіліктеріне елеулі зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін теріс (жағымсыз) іс-әрекеттер бірден не болмаса болашақта жасау арқылы қорқыту.

Мұндай жағдайларда Ю.Л. Шевцовтың «психикалық күштеу адамның психикалық аясына қоғамдық қауіпті және құқыққа қайшы ақпараттық ықпал етуін білдіреді» дегенімен келіскен жөн. 

Қорқытып алушылық кезіндегі психикалық күш көрсетудің төмендегідей жалпы белгілері болады.

 Біріншіден, ол жәбірленушіні  қорқытып алушының талаптарын  орындауға талап ету мақсатында  оның психикасына ықпал ету  құралы, тәсілі ретінде қызмет етеді. Басқаша айтқанда, қорқыту – бұл үрейлендіру тәсілі.

Екіншіден, тек нақты қорқыту ғана өз функциясын орындай алады. Қорқытудың нақтылығы және оның осылай қабылдануы туралы әр түрлі мән-жайлар айғақ болуы мүмкін – қорқыту сипаты, қорқытушының жеке басы, оның алдындағы мінез-құлқы, қорқытуды көрсету тәсілі, оны көрсету орны мен уақыты, сол сәттегі қорқытып алушының мінез-құлқы. Мысалы, қорқытып алушылардың ұйымдасқан тобының мүшелері, ірі мөлшерде ақша сомасын талап ете отырып, жәбірленуші бас тартқан жағдайда қылмыскерлер қолдарына түсірген оның омыраудағы баласын өртейміз деп қорқытқан.

Үшіншіден, қорқыту жәбірленуші және оның жақындарына да бағытталуы мүмкін. Олардың қатарына тұлғалардың екі санаты жатады: а) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, жұбайы және тағы сол  сияқтылар); ә) туыстық қатынаста тұратын, сондай-ақ тұрмайтын өзге де тұлғалар. Бұлар достары, қалыңдығы, жігіті, сүйіктісі және тағы басқалар болуы мүмкін. Осы тұлғалардың жәбірленушімен жақын қатынаста болғандықтарын дәлелдеу қажет.

Төртіншіден, жалпы ереже бойынша,  қорқытып алушылық құрамындағы психикалық күштеу болашаққа бағытталады. Қорқытып алушылар егер олардың талаптары қанағаттандырылмайтын болса өз қорқытуларын жүзеге асыратындықтарына уәде береді. Дереу физикалық  күш қолданумен қорқытқан кезде, егер де бұл қорқыту мүлікке құқықты беруді, мүліктік сипаттағы іс-әрекеттерді істеуді немесе болашақта мүлікті беруді талап етумен үйлескен жағдайда, онда қорқытып алушылық орын алды деп айтуға болады.

Егерде осындай қорқыту мүлікті  дереу иеленумен байланысқан болса, онда кінәлі тұлғаның іс-әрекеті тонауды немесе қарақшылықты құрайды.

Қорқытып алушының іс-әрекетін саралау  үшін ол өзінің қорқытушылығын орындауға  ниеттенгені немесе ниеттенбегендігі маңызды емес, жәбірленушінің оны нақты екенін қабылдағаны жеткілікті.

Егер қорқытып алушы, өзінің қорқытушылығын жүзеге асыра отырып, адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн  немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу  жалған мәлiметтер таратса, онда бұл  іс-әрекеттерді ҚК 129-бабы бойынша қосымша саралауды талап етеді.

Дәл осылай, егер кінәлі тұлға өзінің қорқытуын жүзеге асыру үстінде бөтен адамның мүлкiн қасақана жойса немесе бүлдiрсе, едәуiр зиян келтiрсе қорқытып алушылық ҚК 187-бабымен қоса саралануы тиіс.

Қорқытып алушы күш көрсетемін деп қорқытуының  іс жүзінде қолданылуы қорқытып алушылықтың негізгі құрамымен  қамтылмайды және қолданылған күштің сипатына байланысты ҚК 181-бабының 2-бөлінің  «а»-тармақшасы бойынша не болмаса 3-бөлігінің «б»-тармақшасы бойынша   саралануы тиіс.

Қасақана өлтірген жағдайда іс-әрекет барлық жағдайда ҚК 181-бабы 2-бөлігінің  «а»-тармақшасы мен ҚК 96-бабы 2-бөлігінің  «3»-тармақшасы бойынша жиынтықта  саралануы тиіс.

Жәбірленушіге немесе оның жақындарына  тиесілі мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту, өз сипатына қарай болашаққа бағытталған немесе оны дереу жүзеге асыру пиғылынан тұрады.  Мүлікті жою деп–оны толығымен жарамсыздыққа әкелуді, ал бүлдіру–зиян келтіруді айтады. ҚК 181-бабының диспозициясы басқа анағұрлым құнды мүлікті алуды, ұрлауды қарастырмайтындығын атап өту қажет.

Жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратумен қорқытуды шантаж деп атайды.  Жәбірленушіні немесе олардың жақындарын масқаралайтын мәліметтерді жариялаумен қорқыту – үшінші тұлғаға кез келген ақпаратты хабарлаумен  қорқытып тастау, бірақ ол сөзсіз масқаралаушы сипатта болуы тиіс.

Масқаралайтын мәліметтер–бұл таратылуы жеке адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiруі мүмкін кез келген ақпарат.

Жәбірленуші немесе оның жақындары жасаған құқық бұзушылықтар, белгілі бір аурулардың болуы, ерлі-зайыптылық, отбасылық құпиялар туралы және тағы басқа мәліметтерді масқаралайтын мәліметтер деп санауға болады.

Масқаралайтын мәліметтер деп жәбірленуші өзі осындай деп санайтын және сот органдары адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін түсіреді деп танитын мәліметтер түсіндіріледі. Осыған қатысты мәліметтерді масқаралаушы деп танудың бірден-бір белгісі субъективтік белгі, яғни жәбірленушінің өзінің пікірі болып табылады деп ұйғаратын А.А. Пионтковский өзге пікірді ұстанады. Бұл жерде ақпараттың ақиқаттығы немесе жалғандығы маңызды емес.

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстар