Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.
10. Қарақшылыққа байланысты қылмыстық заңдардың жалпы сипатамaсы.
Кеңес дәуірінде қарақшылыққа байланысты ең алғашқы заң нормасы РКФСР-дың 1922 жылдың 24 мамырында қабылданған қылмыстық кодекстің 184 бабының 1 бөлігінде қарастырылды. Онда «Қарақшылықтың затты заңсыз иемдену мақсатында жеке адамның ашық түрде басқа біреуге өлімге не болмаса дене жарақатына әкеп соғу қаупі бар физикалық немесе психикалық күш қолданумен ұштасқан шабуыл» екені көрсетілді.
1926 жылғы 1 қаңтарда қабылданған
РКФСР Қылмыстық кодексінде
1947 жылы 4 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының «Азаматтардың жеке меншігін қорғауды күшейту» туралы жарлығында қабылданды. Осы жарлықта алғаш рет «Қарақшылық бөтен мүлкін иемдену мақсатында күш қолданып немесе қолданамын деп қорқытып жасалған шабуыл»-деп танылды. Бірақ, қарақшылық кезіндегі зорлық-зомбылықтың адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екені көрсетілмеді.
Ал, қайталанып немесе шайканың(ұйымдасқан топтың) жасаған, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып немесе өлтіремін немесе ауыр дене жарақатын саламын деп қорқытып жасалған қарақшылық –қарақшылықтың ауыр түріне жатқызылды.
1961 жылғы 21 шілдеде енгізілген
Қазақ КСР қылмыстық
Қазақстан Республикасы ҚК 179 бабында: «Қарақшылық, яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау»- деп көрсетілген.
Осы заң мәтіндерін қортындылай келе, қарақшылықтың бөтен мүлкін иемдену мақсатымен жасалған шабуыл деп түсінгеніміз жөн.
Мәселен, Германия Федеративтік Республикасының
қылмыстық заңында қарақшылық деп
кімде кім құқыққа қарсы
Ал, Түрік Республикасының
Қарақшылыққа байланысты қылмыстық
заңдардың қай кезде
Қарақшылықтың объектісі.
Қарақшылық бір жағынан
Қарақшылыққа тән заңдылық-
екі объектінің біреуі болмаса,
Қарақшылықтың объективтік жағы
Қылмыстық заңда қарашылықтың объектілік жағы бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену мақсатында адамның өмірімен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау деп анықталған.
Қарашылықтың осы объектілік жағының негізгі бөліктерін талдап көрсетсек ол төмендегідей:
Бірінші, бөтеннің мүлкін заңсыз имеденуге бағытталған шабуыл;
Екінші, адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен ұштасқан шабуыл;
Үшінші, адам өмірімен денсаулығына қауіпті күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл.
Қарақшылықтың субъективтік жағы-тікелей ниетпен сипатталады және ол тікелей ниетпен пайдакүнемдік мақсатта жасалатын қылмыс. Қарақшылықтың пайдакүнемдік мақсатта жасалатын қылмыс екені қылмыстық заңның диспозициясында тікелей көрсетілген.
Пайдакүнемдік мақсат дегеніміз бөтеннің мүлкін заңсыз қайтарымсыз өз пайдасына немесе басқа адамның пайдасына жарату.
Енді осы қарашылық кезіндегі шабуыл деген не? Шабуыл жасау қарақшылықтың объективтік жағының негізгі белгілерінің бірі болсада оның мазмұнын қылмыстық заңда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылдың 11 шілдесіндегі «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысы да ашып көрсетпеді.
Шабуыл жасау тағы бір ауыр қылмыс-бандитизмнің де белгісі. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001жылғы 21 маусымдағы «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отрырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» қаулысында: «жәбірленушіге күш қолдану не оны дереу қолданамын деп шынайы қауіп туғызу арқылы қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағытталған әрекетті бандитизм кезіндегі шабуыл жасау»-деп түсіндірді. Бұл анықтаманың толық емес екенін айтуымыз керек. Себебі бұл анықтамада шабуылдың аяқ астынан, жәбірленуші күтпеген жағдай да болатыны көрсетілмеген. Оның үстіне, бандитизм кезіндегі шабуыл міндетті түрде қару қолдану арқылы жасаласа, қарақшылық кезіндегі шабуыл қарусызда жасала береді.
Қарақшылық жасау кезіндегі шабуыл-бұл, әдетте, аяқ астынан, жәбірленуші күтпеген жағдайда жәбірленушінің мүлкін тартып алып иемдену мақсатында оған оның өмірі мен денсаулығына қауіпті қандайда бір зиян келтіріп, зорлық-зомбылық көрсету немесе осындай осындай зорлық –зомбылық көрсетемін деп қауіп төндіру. Жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілген зорлық зомбылық қарусызда, қарумен де жасалуы мүмкін.
Шабуыл жасау уақыты мезгілде тез бітуі немесе ұзаққа созылуы мүмкін. Шабуылдың аяғының зорлық –зомбылыққа ұласуы да мүмкін немесе шабуыл зорлық-зомбылықсызда бітуі мүмкін. Мәселен, қаруланған адам кенеттен шабуыл жасап жәбірленушіден бағалы заттарын талап етсе, жәбірленуші бағалы заттарын қарсылықсыз бере салуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қылмыскерге зорлық зомбылықпен заттардың иемденудің керегі болмай қалады да шабуыл осымен аяқталады.
Ал, егер жәбірленуші қарсылық көрсеткен жағдайда шабуыл зорлық-зомбылықпен ұласуы мүмкін. Шабуыл уақыты басталғаннан, қылмыскердің бөтен мүлкін толық иемденгеніне дейін созылады. Бірақ, қарақшылық кезіндегі шабуыл мен зорлық-зомбылық қолдануды теңестіруге болмайды. Дегенмен де шабуыл мен зорлық-зомбылық жасаудың бір-бірімен өте тығыз байланыста болатынын айтуымыз керек. Жәбірленушіге қолданылған зорлық –зомбылық бөтен мүлкін заңсыз иемдену мақсатымен жасалған шабуылдың нәтижесі. Демек шабуылсыз зорлық-зомбылық болмайды, ал, зорлық- зомбылықсыз шабуыл жасалуы мүмкін. Мұндай шабуыл тек зорлық –зомбылық жасаймын деп қорқытумен ғана шектеледі.
Сонымен бірге атап айтқан дұрыс, қарақшылықтағы шабуыл кенеттен, жәбірленуші күтпеген жағдайда болатындықтан жәбірленушінің шабуыл жасаған адамға тойтарысу беру, не біреуді көмекке шақыру мүмкіндігі болмайды.
Қарашылық кезіндегі зорлық-зомбылық жасау адам өмірі мен денсаулығына қауіпті болуы қылмыстық заңның негізгі шарты. Адам өміріне қауіпті зорлық-зомбылықтардың қатарына, әдетте, өлімге әкеп соғу қауіпі бар зорлық-зомбылықтар, өмірге қауіпті денсаулыққа ауыр зиян келтірген зорлық-зомбылықтар жатады. Мұндай зорлық зомбылықтар адам өміріне ғана емес сонымен бірге денсаулығына қауіпті қауіпті болады және адам денсаулығына да бағытталып жасалады.
Сондықтан қылмыстық құқықтық теориясында бұл қылмысты бөтен мүлкін заңсыз иемдену үшін зорлық зомбылық жасалған кезден немесе осындай зорлық-зомбылық жасаймын деп қауіп төндірген кезден-ақ аяқталған деп есептеп, қылмыскердің бөтен мүлкін сөзсіз иемденуін керек етпейді.
Сонымен, бірге, қарақшылық кезінде адам өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық бөтен мүлкін тартып алу үстінде де, мүлікті заңсыз иемденгеннен кейінде қолданылуы мүмкін.
Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық -зомбылық жасау деп, әдетте сот тәжірибесінде, ғылыми қылмыстық құқықтық теориясында да жәбірленушіге жеңіл, орта және ауыр дене жарақаттарын салуды түсінеді.
Сот тәжірибесінде жәбірленушінің денсаулығына сараптама жасау жолымен анықталатын, денсаулығының қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес дәрежеде тұрақты жоғалтуына себепші болатын жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан зорлық-зомбылықты өмірге және денсаулыққа қауіпті зорлық –зомбылық деген түсінік қалыптасты.
Ал, енді қолында ешқандай қару жоқ, бөтен мүлкін заңсыз иемдену барысында жәбірленушіге қолымен немесе аяғымен бірді-екілі соққы беріп, жеңіл түрдегі дене жарақатын салғанда, қылмыскердің осы әрекеті адам өмірі мен денсаулығына қауіпті ме және осындай әрекетті соттар неге қарақшылық деп саралап жүр?
Мәселен, Ленгер қаласының тұрғыны А. түн ортасында көшеде кездесіп қалған Т. деген азаматты құшақтап алып қалтасынан бір пачка темекісін суырып алған. Осыдан кейін қашпақшы болған жәбірленушіні қуып жетіп жұдырығымен оң көзінен бір рет ұрып құлатып, қалтасынан 9000 теңгесін алып қашып кеткен. Жәбірленушінің тергеуде әлденеше рет берген жауаптарына қарағанда А. оны оң көзінен бір рет ұрып құлатып, қалтасындағы ақшасын алып қашып кеткен.
Сот-дәрігерлік сарапшылар А.-ның қылмыстық әрекетінен жәбірленушінің оң жақтағы көзі және оң жақтағы жамбасы мен тізесіне түскен көгерген дақтарды жәбірленушінің денсаулығының қысқа уақыттық бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа келтірілген жеңіл жарақаттар деп анықтаған. Сарапшылардың осы қортындысы бірінші қатардағы соттың А-ны қарақшылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, ҚР ҚК 179 бабының 3 бөлімінің «г» тармағы мен соттауға негіз болды. Себебі сот, жәбірленушіні денсаулығына келтірілген жеңіл дене жарақатын оның өмірі мен денсулығына қауіпті деп таныған.
Түркістан қалалық сотының үкімімен Сайдзаминов бірге отырып арақ ішкен Айтуреев дегенді жұдырығымен бірнеше рет ұрып, сот-дәрігерлік сараптаманың қортындысына сәйкес жәбірленушінің бетіне көгерген дақтар, салып, адамның денсаулығының бұзылуына әкеп соққан жеңіл дене жарақаттар салып, оның жалпы бағасы 14900 теңге болатын ақшалай заттай мүліктерін иемденіп, қарашылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Бұл жағдайда да, бірінші қатардағы сот Сайдзаминовты қарақшылық жасады деп қортынды жасауына қылмыстың қандай жағадай да жасалуы емес, сот –дәрігерлік сараптаманың қортындысы тікелей әсер еткен.
Қарағанды облысы Абай ауданық сотының үкімімен Д. Н. Ивасев пен С. Т. Бадыкулов Южный ауылының алдына ала келісіп топ болып, бөтен мүлкін ашық иемдену мақсатында, жәбірленуші Агеевтің пәтерінің есігін бұзып кіріп, екеуі оны аяқ-қолдарымен бірнеше рет ұрып –тепкілеп, оған жеңіл дене жарақатын салып жалпы құны 9000 теңге болатын заттарын алып кеткендері үшін кінәлі деп танылған. Алдынала тергеу орындары оларға қарашылық жасады деп айып тапқан.
Іс бойынша жүргізілген сот-дәрігерлік сараптаманың қортындысы бойынша жәбірленуші Агеевке денсаулығының уақытша бұзылуына әкеліп соққан жеңіл дене жарақаты салынған.
Сот-дәрігерлік сараптаманы осындай
қортындысына қарамастан, бірінші
қатардағы сот жәбірленуші
Ал, енді егер қылмыстық іс бойынша
сот –дәрігерлік сараптама
Бірінші қатардағы сот тергеу орындарының пікірімен келіспей сотталушы К-нің болған қылмыстық жағдайда қыстық киіммен болған жәбірленушіні жіңішке трубамен арқасынан бір рет ұрғанын оның өмірі мен ден саулығына қауіпті зорлық -зомбылық деп тануға болмайды деп көрсетіп, оның әрекеттерін ҚР ҚК 178 бабының 2 бөлігімен дәрежелеген.
Сот тәжірибесінде кездесетін осындай қылмыстық жағдайлар, әсіресе, жәбірленушіге келтірілген жеңіл зиянның жәбірленушінің денсаулығын қысқа уақыттық бұзылуына әкеліп соқса, қылмыстық әрекеттер сот-дәрігерлік сараптаманың қортындысына байланысты қалыптасқан сот тәжірибесіне сәйкес мұндай зиян адам өмірі және денсаулығына қауіпті деп танылып, қарақшылық деп сараланып жүр. Осындай сот тәжірибесінің қалыптасуына қандай себептер әсер етті?
Осыны түсіну үшін кеңес дәуірінде шыққан заңдар, ғылыми еңбектермен қылмыстық құқықтық оқулықтарға көз салайық.
Кеңес дәуірінде қарақшылыққа байланысты ең алғашқы заң нормасы бас жағында көрсеткендей, РКФСР-дың 1922 жылдың 24 мамырында қабылданған қылмыстық кодекстің 184 бабының 1 бөлігінде қарастырылды. Онда «Қарақшылықтың затты заңсыз иемдену мақсатында жеке адамның ашық түрде басқа біреуге өлімге не болмаса дене жарақатына әкеп соғу қаупі бар физикалық немесе психикалық күш қолданумен ұштасқан шабуыл» екені көрсетілді. Алайда, қандай дене жарақатының адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екені анық көрсетілмеді.