Меншікке қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа

Описание работы

Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.

Работа содержит 1 файл

Меншікке қарсы қылмыс.doc

— 550.00 Кб (Скачать)

Бұл анықтама меншікке қарсы  қылмыстардың негізгі мынандай белгілерін:

а) пайдакүнемдік мақсатын;

б) мүліктің қайтарымсыздығын;

в)мүлік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіруін;

г) заңға қайшылығын;

д) айыптының немесе өзге адамның пайдасына айналдыруын

атап берді.

Пайдакүнемдік мақсат дегеніміз бөтеннің мүлкін заңсыз қайтарымсыз өз пайдасына немесе басқа адамның пайдасына жарату.

Қайтарымсыздық  деп заттың бағасына сай оның құнын  төлемей өз пайдасына асыру мақсатында бөтен мүлкін тұрақты пайдалануды  түсіну керек. Мұндай жағдайда біреуге  жалға берілген  затты, сол жалға алған адамның  сату немесе  басқа жолдармен өз пайдасына айналдыруға тырысқан әрекеттері  қылмыс болмайды. Мұндай жағдай да меншік иесі   азаматтық істер жүргізу тәртібімен мүлкін қайтарып алуға құқылы.

Материалдық зиян деп  меншігіндегі мүлкін басқа біреудің заңсыз қайтарымсыз иемденуінің салдарынан мүлкінен  айырылуы салдарынан мүлік иесіне белгілі бір мөлшерде келтірілген материалдық зиянды түсінеді.

Заңға қайшылық- бөтен мүлкін заңсыз иемдену әрекетінің қылсыстық заңда қылмыс деп танылуынан көрінеді.

Айыптының немесе өзге адамның пайдасына айналдыру  деп  адамның бөтен мүлікті  иемдену арқылы пайда табуы.      

 

5.  Бөтеннің мүлкін заңсыз иемденудің құрамының қылмыстық-құқықтық маңызы.

 

Әртүрлі  қылмыстық әрекеттер ішінен  нақты қылмысты, мысалы, ұрлықты немесе қарақшылықты  басқа қылмыстардан жекелеу үшін қылмыс құрамы дейтін ерекше  ұғымға жүгіну керек. ҚК–тің 3 бабында «осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі болып табылады» делінген.

Қылмыстық  заң қылмыстық жауаптылықтың  негізі қылмыстың құрамы екенін көрсеткенімен оған түсінік бермейді. Қылмыс құрамының түсінігін көрсетілген 3 бабты және  қылмыс құрамын атап көрсететін басқа  баптарды талдау арқылы беруге болады.

Атап  айту керек, қылмыс кодексі қылмыс құрамы емес қылмыс немесе қылмыстық әрекет деген түсініктерді көп пайдаланады. Қылмысты істеуден өз еркімен бас тарту туралы нормада ғана заң қылмыс құрамы деген түсінікті  пайдаланады. Мәселен, ҚК 26 бабының 2 бөлімінде «қылмысты ақырына дейін  жеткізуден  өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс  құрамы  болған жағдайда ғана  қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс» делінген. 

1996 жылғы ТМД елдері үшін жасалған  модельдік  кодекстің 3 бабында «қылмыстық жауаптылыққа қылмыс жасаған адам, яғни қылмыс кодексінде көрсетілген қылмыстық құрамының белгілері бар әрекеттер жасаған адам тартылады» деп көрсетілген.

Біздің  ҚР қылмыстық кодексі қылмысқа берген анықтамасы  мынандай.

Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қана қылмыс деп танылады.

Сонымен қылмыс дегеніміз қылмыстың  құрамының барлық белгілері бар  қылмыстық кодексте жазалау қатерімен  тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті  әрекет.

Беларусь  Республикасының қылмыстық кодексі  басқаша бағытпен кетті. Осы кодекстің  10 бабына сай: қылмыстық жауаптылықтың  негізі болып, қылмыс заңында тиым салынған кінәлі мынындай әрекеттер:

-аяқталған қылмыстарды;

-қылмыс жасауға дайындық;

      -қылмысқа оқталғандық,

-қылмысқа қатысу әрекеттері танылады.

Бұл анықтамада қылмыс құрамы деген түсінік қолданылмайды.

Батыс елдерінің қылмыс кодекстерінің ішінде де тек Германияның қылмыс кодексінде ғана  қылмыс құрамы туралы түсінік бар. Францияның –1992 жылы, Испанияның  1995 жылы, Австрияның  1975 жылы, Швейцарияның  1937 жылы қабылданған ҚК-тері  «қылмыс құрамы» деген түсінікті қолданбайды. Мұндай түсінік  қылмыс заңдарының англо-саксондық жүйесіне де белгісіз.

 Немістердің ҚК  әрекеттің құрамын «заңды құрам», «заңның құрамы» деп анықтай отырып, оны қылмыстық құқықтық  норманың диспозициясымен теңестіреді. Демек, олар қылмыстың құрамы бар әрекет-құқыққа қайшы әрекет деп бекітеді. Осыған орай, немістердің қылмыстық құқық теориясында құрамы бар, кінәлі және құқыққа қайшы әрекет қылмыс деп танылады.

Қылмыс кінәлілік бағасы беріліп бекітілетін түсінік. Құқыққа қайшылық –қылмыстық әрекеттің  жалпы құқықтық тәртіпке қайшылығын білдіреді. 

Ал, орыстардың  қылмыстық құқығында  қылмыстың құрамына емес, қылмыстық  жауаптылықтың негізі ретінде қылмыстың өзіне баса назар аударылады. 

Латынша «қылмыс құрамы» деген сөз «corpuс delicti» сөзбе сөз айтқанда «корпус деликта» деп аталады. 

Кеңестік қылмыстық құқықтық  теориясында қылмыс құрамы туралы А. Н. Трайниннің  ғылыми еңбектерінде  құнды пікірлер айтылды. Трайнинің түсінігі бойынша  қылмыстың құрамы бұл оның объективтік және заңдылық сипаты. Оның осы пікірі әлі күнге дейін қылмыстық құқық теориясында талас тудырып келе жатыр.  

Қорыта келгенде қылмыс құрамы деп  қылмыстық құқық теориясында  қылмыстық заңмен орнықтырылған, қоғамдық қауіпті әрекетті нақты қылмыс ретінде  бейнелейтін объективтік және субъективтік нышандардың  жиынтығын айтамыз.

Қылмыс құрамы ұғымы нышандардың төрт тобын қарастырады, олар теорияда  қылмыс құрамының элементтері деп  деп аталады.

Қылмыс объектісі-қылмыс жасау нәтижесінде зиян  келтірілетін немесе зиян келтірілуі мүмкін және қылмыстық заңмен осындай әрекеттерден қорғалатын мүдделер.

Бөтеннің мүлкін заңсыз иемденудің  мәнін түсіну үшін ең алдымен  осы қылмыстың объектісін анықтап алған жөн. Бұл қылмыстың объектісін дұрыс анықтау-осы топтағы қылмыстардың мән-мағынасын ашуға, оның қоғамдық қауіптілігінің сипатын көрсетуге және осы қылмыстарды дұрыс саралауға жол ашады.

Меншікке  қарсы қылмыстардың тектік объектісі ретінде меншікке байланысты қарым-қатынастарды қарастыру керек. Меншікке байланысты бұл қатынастар меншікті экономикалық және құқықтық категориялар ретінде түсіндіреді.

Меншік экономикалық категория  ретінде адамдардың өздерінің жеке меншігіндегі мүліктерін  пайдалану арқылы табатын материальдық табыс ретінде анықталады.

Меншік құқықтық категория ретінде меншік иесі өзіне  тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, өз иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала тұра, басқаға мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге өз өкілеттігін  тапсыруға құқылы екенін анықтайды.

  Дәлірек айтсақ, бұл меншік құқығы. ҚР Азаматтық кодесінің 188-195 баптарына сәйкес, меншік құқығы заңнамалық актілермен танылған және қорғалатын субъектінің өзінің қалауы бойынша иелігіндегі мүліктерді иемдену, пайдалану және билік жасау құқығы.

Г. А . Кригер де мүлікті заңсыз иемденудің  объектісі мүлік емес, сол мүлікке меншіктік болып табылады деп көрсетеді. Алайда, мүлікке меншіктік мүліктің, заттың біреудің меншігінде екенін,  оның құқықтық формасы ғана болатынын білдіретін меншік иесі мен мүліктің, заттың арасындағы құқықтық қатынас екенін айтуымыз керек. Бөтен мүлкін заңсыз иемдену осы қатынасты тікелей бұзады.

Бөтен мүлкін заңсыз иемденгенде  меншік иесінің құқығы бұзылып, бөтеннің мүлкі  қылмыскердің билігіне өтеді де, меншік иесі пайда тауып отырған затынан ғана айырылып қоймайды, сол затты пайдалану құқығынан да  заңсыз айырылады.

Сонымен, бөтен мүлкін заңсыз иемденудің тектік объектісі болып меншікті экономикалық  және құқықтық  категория ретінде сипаттайтын қатынасты тануға болады.

Меншікке  қарсы қылмыстардың тікелей объектісі  болып қылмыстық қол сұғушылықтан бұзылатын, нұқсан келетін бөтеннің меншігі танылады.

Бұл жағдай қылмыстың объектісінің  мазмұны қылмыстың затының мазмұнынан кең екендігін  көрсетеді.  Демек, қылмыстың заты қылмыстың объектісінің бөлігі ғана.

Бұл қылмыстың заты болып жеке меншіктегі бағалы белгілі бір зат танылады.

Мұндай  зат ретінде адам еңбегімен жасалған-оның меншігіндегі бағасы бар заттар (ақша, әртүрлі тауарлар, азық-түліктер, малдар, үй құстары және т. б.) танылады. Қозғалмайтын және қозғалмалы мүліктерде бөтен мүлкін заңсыз иемденудің  заты болып табылады.

Қазіргі кезде электр және жылу энергияларын, жылы және суық суларды  немесе біреудің интелектуалдық меншігі болып табылатын шығармаларын заңсыз пайдаланулар  кездесіп жатыр. Бірақ бұларды меншікке қарсы қылмыстардың заты деп тануға болмайды. Себебі бұлардың құны болғанымен заттық белгісі жоқ адам пайдаланатын қызметтер қатарына жатады.

Бөтен мүлкін заңсыз иемденудің объективтік  жағын қылмыскердің әрекеті анықтайды. Ендеше бөтен мүлкін заңсыз иемденудің объективтік жағы ретінде осы  мүлікті ұрлау, тонау, қарақшылық, талан-таражға салу және алдау жолымен өз пайдасына қайтарымсыз асыруды тану қажет. Бұл тәсілдердің  ортақ белгісі бөтен мүлкін заңсыз қайтарымсыз өз пайдасына асыру.

Меншік  иесі өз затынан айрылып, оған зиян келіп жатса, қылмыскер заңсыз бөтен мүлкін иемденіп  пайда тауып жатады. Бұл жерде  қылмыскердің  баюы ешқандай заңмен бекітілмеген, заңға қайшы баю болып табылады. Қылмыстың заты меншік иесінен оның оның еркінен тыс алынады. Бұл қылмыстың объктивтік жағының тағы бір белгісі заңсыз бөтеннің меншігіне алынған заттың қайтарымсыздығы.

Бөтен мүлкін заңсыз өз пайдасына асырудың субъективтік жағына келсек, бұл қылмыс қасақана  пиғылмен жасалатын қылмыс болып сипатталады. Қасақана пиғылмен қылмыс жасау:  ол қылмыскердің  өз пайдасына заттың басқа біреудің меншігі екендігін біліп, ол затқа өзінің құқығының жоқ екенін сезіне отырып, бөтен мүлкін өз пайдасына асыру ниетінің болуын білдіреді.

Қылмыскер өз пайдасына асырмақшы болған заттың, мүліктің біреудің меншігі екенін біледі.  Сөйте тұра затты өз пайдасына асырудың жолдарын қарастырады, дайындалады.

Бөтен мүлкін өз пайдасына асырған  адам, мүлікті иемденуге оның ешқандай құқығының жоқ екенін де біледі. Затты пайдақорлықпен, яғни заттың ешқандай құнын төлемей, қайтармсыз пайдаланатынын түсінеді. Сондықтан да бөтен мүлкіне қарсы жасалған қылмыстарды саралауда  кінәлі адамның  ниетінің пиғылынынң неге бағытталғанын анықтау өте маңызды.

Мысал. Соттың үкімімен М. дүкеннен құны 190 теңге тұратын бір қап макаронды сатушыға күш қолданып ашық заңсыз иемденгені үшін  кінәлі деп танылған.

Қылмыстық іс Жоғарғы соттың қадағалау  алқасында қайта қаралып, қадағалау  алқасы  үкімді өзгертіп, сотталған М.-нің қылмыстық әрекетін ҚК 178 бабының 2 бөлігінің «а» тармағынан осы көдекстің 257 бабының 1 бөлігіне ауыстырып қайта саралаған. Жоғарғы Сот соттың сотталған М-нің тонау жасады деген пікірі қылмыстық іске тіркелген құжаттарға негізделмеген деген қортындыға келген. Қылмыстық іске тіркелген құжаттарға және сотталған М-нің жауаптарына  қарағанда ол қылмыс жасаған күні мас болған және бір қап макаронның қайдан пайда болғанын білмейтіндігі анықталған.

Жәбірленуші А-ның сотта мынларды көрсеткен.

Сол күні М. мас күйінде  дұкеннен арақ, темекі және нан сатып алған. Содан кейін  кешке таман тағы келіп, ол тағыда арақ және сусын сатып алған. Біраз уақытан кейін қайта келіп,  боқтық сөздер айтып сатушымен ұрсысып, ақша төлегенін айтып, сатуышыдан темекі талап ете бастаған. Сатушы ескертуіне бой бермеген. Дүкеннің қатаршасына келіп бір қап макаронды алған. Сатушы полицияға талефон соқпақшы болған да оны ішінде сусыны бар пластикалық шишамен ұрып жіберген. Басқа бөлімінің сатушысы- ның ескертуінен кейін М.дүкеннен шығып кетіп қалған. Мұндай жағдайларда сотталған М-нің ниеті  бөтен мүлкін ашық иемденуге бағытталған деп айтуға болмайды. Сондықтан Жоғарғы Соттың сотталған М-нің әрекетінде тонау емес бұзақылықтың белгілері бар деген қортындысы  орынды.

Қазіргі қылмыстық заң  бойынша  меншікке қарсы қылмыстардың заты бөтеннің мүлкі болғандықтан, қылмыскердің  өз пайдасына асырған мүліктің  жеке адамның немесе кәсіп орынның меншігінде екеніне қарамастан, оның әрекеті меншікке қарсы қылмыстарға жатқызылады.

Ал, кеңес дәуіріндегі қылмыстық  заңның талабы бойынша, егер қылмыскер  адамның жеке меншігіндегі затты  ұрладым деп ойлап, мемлекеттің меншігіндегі  затты  алып кетсе, онда оның әрекеті жеке меншікті ұрлауға оқталу болып сараланды. Ал, керісінше, мемлекеттің мүлкін ұрлаймын деп ойлап, адамның жеке меншігіндегі мүлкін алып кетсе, онда оның әрекеті  мемлекеттің мүлігін ұрлауға оқталғандық  болып сарланды. Меншікті  жасанды түрде екіге бөлудің салдарынынан, қылмыскердің  аяқталған қылмыстық әрекетін, оның қылмыстық ниетінің бағытталуына байланысты қылмыс жасауға оқталғандық деп қате саралауға тура келді.

Бөтен мүлкін заңсыз пайдаланудың субъектісі  ретінде қылмыстың  мөлшері жасалу тәсіліне қарай 14 жаспен 16 жастағы адамдар тартылуы мүмкін. ҚК 15 бабына сай ұрлық жасағаны(175 бабының 2, 3 бөлімдері), тонағаны(178 бап), қарақшылық жасағаны(179 бап) және қорқытып алғаны үшін 14 жасқа толғандар, басқа бөтен мүлкін заңсыз иемденген қылмыстарды жасағаны үшін 16 жастан бастап кез-келген есі дұрыс деп танылған адам  қылмыстық жауапқа тартылады.

 

 

6. Ұрлық- бөтен мүлкін заңсыз иемденудің түрі.

 

Ұрлықты бөтен мүлкіне қарсы  қылмыстардың ішінде ғана емес, жалпы қылмыстардың ішінде ең көп тараған қылмыстардың  қатарына жатқызуға болады. Соңғы он жылғы мәліметтерге сүйенсек ұрлық үшін сотталғандар  жалпы сотталғандардың орта есеппен 24,4 пайызын құраған. Демек, республикада сотталған адамның әрбір төртіншісі ұрлық үшін сотталады екен.

Қылмыстық кодекстің 175 –бабында  көрсетілгендей «Ұрлық дегеніміз бөтен  мүлкін жасырын заңсыз иемдену». Қылмыстық заң ұрлықтың жасырын жасалатынын көрсетеді.

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстар