Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.
Ал, осыған байланысты ҚР
Жоғарғы Соты «Бөтеннің мүлкін
заңсыз иемдену жөніндегі
Сот үкімімен Т.Н.Жексенов
алдын ала сөз байласқан
Қылмыстық
істегі дәлелдемелерге
Сотталған Абдрахманов пен Серікбаев өз жауаптарында Абдрасуловтың бөлмесіне ұрлық жасауға барғандарын, Жексенов жәбірленуші танып қояды деп сыртта қалып қойғанын, екеуі бөлмеге кірген кезде Абдрасулов бөлмесінде ұйықтап жатқанын, ол оянып кетіп, үстел үстіндегі пышаққа жармасқан кезде Абдрахманов пышақты бірінші болып алып қойғанын көрсеткен.
Сотталған Жексеновтың өзі де сот тергеуінде ұрлыққа барғанын мойындап, жәбірленуші танып қояды деп жатақханаға кірмей далада қалғанын, Абдрахманов пен Серікбаев екеуін далада күтіп тұрғанын, олар үйден шыққаннан кейін оған жәбірленушінің ақшасын алып, байлап кеттік деп айтқанын көрсеткен.
Алайда алдына ала тергеуде М. Абдрахмановқа Зафар деген өзбекті білетінін, онда әрдайым ақша болатынын, оны қорқытып ақша алуға болатынын айтқанын көрсетіп бірнеше рет жауаптар берген. Сотталған Жексеновтың бұл жауаптарын тергеуде сотталған Абдрахмановта, Серікбаевта бекіткен.
Сонымен сотталған
Сотталған Жексеновтың ниетінде бөтен мүлкін ашық иемдену ғана болғандықтан, сотталғандар Абдрахманов пен Серікбаевтардың жәбірленушінің мүлкін оның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданамыз деп пышақ көрсету арқылы тартып алу әрекеттері оның ниетімен қамтылмаған. Яғни қылмысқа қатысушылар Абдрахманов пен Серікбаев сотталған Жексеновтың ойында болмаған қылмысты жасап, оның ниетінің шегінен шыққан.
Сондықтан
қадағалау алқасы сотталған
Бірнеше рет жасалған қарақшылық туралы әңгіме қозғағанымызда, қылмыстық заңның өзі осы ұғымға анықтама бергенін айтуымыз керек.
Бірнеше рет жасалған қарақшылық деп бұрын қарақшылық жасаған, бірақ сотты болмаған адам қайталап жасаған қарақшылықты түсіну керек деп ойлаймын.
Келесі сот тәжірибесінде әлі толық шешімін таппай жүрген қарақшылықтың саралау белгісі-қару немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен қарақшылық жасау.
Қарақшылық кезінде қару немесе қару ретінде басқа заттарды қолдану көршілес Ресейдің қылмыстық кодексіне 1961 жылдан енгізілген. Осындай қылмыстық заңның нормасы Түркімен Республикасының қылмыстық кодексінде де қарастырылған.
Қарақшылық кезінде қару немесе басқа заттарды қару ретінде қолдану қарақшылықтың қауіптілігін арттырады, себебі, атыс немесе суық қаруды қолдану арқылы қылмыскер жәбірленушінің өміріне мен денсаулығына қауіпті жарақаттар салады.
Ресейдің қылмыстық құқықтық әдебиеттерінде қаруды немесе басқа заттарды қару ретінде қолдану деп оларды қолданып жәбірленшіге дене жарақатын салуды ғана емес, сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданамын деп жәбірленушіні қарумен қорқыту да түсінеді.
Қарақшылық кезінде қару қолдануға байланысты қылмыстық әрекеттерді дәрежелеу санаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына 1995 жылы алғаш рет енгізілді. Мұнда тек қана қару қолдану көрсетілді. Қару ретінде басқа адамға дене жарақатын салуға жарайтын заттарды қолдану қарашылықтың қарау қолдану санатына жатқызылмады. Қарақшылықтың қауіптілігін арттыратын дәрежелеу санаты ретінде қаруды немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолдану 1997 жылы қабылданған қылмыстық кодексте қарастырылды.
Қазақстан Республикасының «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы заңында қаруға анықтама беріліп, оның түрлері атап көрсетілген.
Қару дегеніміз конструкциялық жағынан алғанда тірі немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар.
Қарулар: атыс қаруы; суық қару; газды қару; электрлі қару; пневматикалыұ қару белгі беру қаруы және лақтырылатын қару болып бөлінеді.
Қарақшылық кезінде осы
Бөтен мүлкін иемдену барысында қару қолдануға байланысты қылмыстық құқықтық әдебиеттерде бір қалыпты пікір әлі күнге дейін қалыптаспаған.
Біз қару қолданылып жасалған қарақшылық
пен қару қолданамын деп қорқытумен
жасалған қарақшылықты айыра білгеніміз
жөн. Бұл екі қылмыстық әрекетттерді
Себебі, қылмыстық заңды сөзбе –сөз түсіндірсек, заңда тек қару немесе қару ретінде пайдаланатын басқа заттарды қолданумен жасалған қарашылық қарастырылған. Қылмыстық заңды басқаша түсіндіруге болмайды. Ендеше, қаруды немесе қару ретінде пайдаланатын басқа заттарды қолданамын деп жәбірленушіні қорқытуды қаруды немесе қару ретінде басқа заттарды қолдану деп түсінуге болмайды.
Жарамды атыс қаруын немесе суық қаруды және қару ретінде пайдалануға болатын басқа заттарды қолданамын деп қорқытуды адам өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытумен ұштасқан қарақшылық деп түсініп, қылмыскердің әрекетін 179 баптың бірінші бөлігімен дәрежелеген жөн.
Профессор Борчашвилидің пікірінше, қарақшылық кезінде қару қолдану немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолдану деп осы қарулардың шын мәнінде қолданылуын: атыс қаруынан оқ атуды, басқа қаруларды қолдану арқылы дене жарақаттарын салуды түсіну қажет. Менің ойымша Борчашвилидің пікірі дұрыс.
Қазіргі уақытта Жоғарғы Сотта осындай пікірге тоқтап отыр.
Жоғарыда аталған қаулыға 2007 жылы енгізілген өзгерістерде Жоғарғы Сот қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар деп олардың көмегімен іс жүзінде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруді, яғни қарудың нмесе заттың тірі нысанаға зақым келтіру мүмкіндігін пайдалануды түсіну керек деп көрсетті.
Сонымен бірге Жоғарғы Сот егер кінәлі жәбірленушінің өмірімен денсаулығына қауіпті дене жарақатын келтіру үшін пайдалану мүмкін емес көрінеу жарамсыз немесе оқталмаған қарумен не қаруға ұқсас (тапаншаның нобайы, ойыншық қанжар және т. б.) затпен қорқытса, онда кінәлінің әрекеттерін , егер басқа саралау белгілері жоқ болса қылмыс кодексінің 178 бабының 1 бөлігімен, егер кінәлі қаруды немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды тікелей қолданбай, тек қолданамын деп қорқытса, онда оның әрекеттерін қылмыс кодексінің 179 бабының 1 бөлігі бойынша саралау керек деп көрсетті.
Россияның қылмыстық кодексіне берген түсінігінде профессор Борзенков: «Қарақшылық жасаудың әдісі тек қана шабуыл жасау кезінде қолданылған зорлық-зомбылық қана емес осындай зорлық-зомбылықты қолданамын деп қорқытуда болғандықтан қару қолдану деп қару қолданып дене жарақатын салуды ғана емес, сонымен қатар ауаға оқ ату, жәбірленушіге қаруды бағыттау, көздеу және басқа әрекеттерді түсінуге болады»-дейді.
Ал, енді РФ Жоғарғы Сотының 27 желтоқсан 2002 жылғы «Ұрлық, тонау және қарақшылыққа байланысты сот тәжірибесі туралы» қаулысында егер адам қаруды көрсетсе не болмаса жарамсыз не оқталмаған, не болмаса қарудың нобайын көрсетіп қорқытса мұндай әрекеттерді 162 бабының 1 бөлімімен не болмаса жәбірленуші оған жарамсыз не оқталмаған қарумен қорқытқанын сезген жағдайда тонау деп саралау қажет деп көрсеткен.
Алайда, сот тәжрибесінде жағдай басқаша. Мәселен, Д. А. Исенов пен И. А. Федоров алдын-ала топ болып бөтен мүлкін иемдену мақсатында Төлебаевтың үйіне шабуыл жасау үшін кірген. Олар ас бөлмеден пышақ алып, оны қолданамын деп жәбірленушінің тамағанына тақап қорқытып, үйінен тоңазытқышын алып кеткен. Осы қылмыстық әрекетті сот сотталғандар бөтен мүлкін заңсыз иемдену мақсатында алдын-ала келісіп топ құрып, жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп, оның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданамыз деп қорқытып қару ретінде пышақ қолданып қарақшылық жасаған деп қортынды жасаған.
Соттың бұл қортындысы мен барлық сот сатылары келіскен. Сот сотталғандар жәбірленушінің өміріне қауіпті күш қолданамыз деп қорқытқан дейді де, сотталғандар қарақшылық кезінде пышақ колданды деп қарма-қайшы қортынды жасайды. Сотталғандар жәбірленушінің өміріне қауіпті күш қолданамыз деп қорқытса, демек күш қолданылымаған, ал, күш қолданылмаса, пышақты қалай қолданылды деп қортынды жасауға болады. Сондықтан соттың сотталғандар пышақ қолданып, қарақшылық жасады деген қортындысымен келісуге болмайды.
Акмола облысы Щучинскі аудандық сотымен
сотталған Королев пен
Сот үкімінің анықтау бөлімінде сотталғандар тапаншаны қалай қолданды ол көрсетілмеген. Ал, анықтау-дәлелдеу бөлімінде қарашылық сотталғандар қару және қару ретінде пайдаланылатын заттарды жасады деп еш қандай дәлелсіз қортындыға келген.
2005 жылы 22 наурызда Баев Е. В., Өскемен қаласында жәбірленуші Благороднаяға шабуыл жасаған. Бәкісін көрсетіп, қорқытып, жәбірленушінің қолындағы алтын заттарын алып кеткен. Ал , 2005 жылдың 25 наурызы күні жәбірленуші Крутьконы бәкі көрсетіп қорқытып, алтын сақинасын алып кеткен. Бірінші қатардағы сот, Баев қарақшылықты пышақ қолданып жасады деген қортынды жасап, оның әрекеттерін ҚК 179 бабының 2 бөлігінің «б, г» тармақтарымен дәрежелеген. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші қатардағы соттың бұл пікірімен келіспей, Баев қарақшылық кезінде пышақты қолданбаған, ал, пышақпен қорқыту, ҚК 179 бабының бірінші бөлігімен саралануға тиіс деп көрсетіп, 179 бабының 2 бөлігінің «г» тармағын үкімнен өте орынды алып тастаған.
Өскемен қалалық сотының үкімімен Галимьянов пен Дереянко екеуі алдын ала келісіп, бөтен мүлкін заңсыз иемдну мақсатында Өскемен қаласында орналасқан «Калинка» дүкеніне қарашылықпен шабуыл жасаған. Дүкеннің ішіне кіргеннен кейін Галимьянов жеңінің ұшынан пышақ шығарып, күш қолданамын деп қрқытып, ақша таппай, 1125 теңгенің арағын алып кеткендері үшін кінәлі деп танылған. Айта кету керек, алдын ала тергеу орындары Галимьянов пен Деревянкоға қарашылықты пышақ қолданып жасады деген айып таққан. Бірінші қатардағы сот, Галимьяновтың қарашылық кезінде пышақ қолданбағанын көрсете келіп, оның пышақ көрсетіп қорқытқан әрекеті адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданамын деп қорқыту белгісімен толық қамтылады деп дұрыс қортындығы келіп, сотталғандарға тағылған айыптан қарақшылықтың пышақ қолданды деген белгісін орынды алып тастаған.
Осындай қортынды Степногорск қалалық соты да жасаған. Стеногорск қалалық соты сотталған Шайдаровтың қарашылық жасау кезінде ұшы қайралған отверкамен қорқытқан әрекетін қарусыз жасалған қарақшылық деп танып, үкімде отвертка тек жәбірленушіні қорқыту үшін пайдаланылған деп көөрсетіп, айыптан қарақшылықтың қару ретінде пайдаланылатын затты қолданып жасау белгісін алып тастаған.
Егер жарамды атыс қаруы қолданушының еркіне байланысты емес жағдайлармен атылмай қалса, немесе қару ретінде пайдаланатын басқа заттарды қолданушы өз еркіне байланысты емес жағдайлармен қолдана алмай қалса(біреу кедергі жасап қаруды тартып алса, немесе қолынан ұшып кетсе), қарақшылық шабуылдың басталған кезінен аяқталды деп есептелетіндіктен, қылмыскердің әрекетін қару немесе қару ретінде пайдаланатын басқа заттарды қолданумен жасалған қарақшылық деп қарастыруға болады.