Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.
Қызметтік немесе өндірістік үй-жай деп адамдарды немесе материалдық құндылықтарды орналастыруға арналған тұрақты да, уақытша да, стационарлық та, жылжымалы да құрылыс немесе ғимарат түсініледі.
ҚР ҚІЖК 7 бабының 42 тармағына сәйкес баспана деп бір немесе бірнеше адамның уақытша тұрақты тұруына арналған үй-жай, оның ішінде меншікті немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай, мейманхана нөмірі, каюта, тұрғын үйлердің верандалары, балкондары, жер төлесі және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңіз кемесі түсініледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аталған қаулысының 14 тармағанда: «Қойма деп материалдық құндылықтарды тұрақты немесе уақытша сақтау үшін бөлінген құрылыстар, ерекше құрылғылар, шарбақпен немесе техникалық құралдармен арнайы жабдықталған не күзетпен қамтамасыз етілген орындар мен аумақ учаскелері түсініледі деп көрсетті. Оларға мыналарды: мүлікті сақтауға немесе осы мақсатта пайдаланылатын автомашиналардың салондары мен оның басқа да жабық бөліктері, жылжымалы автолавкалар, реферижаторлар, контейнелер, сейфтер, қоймалар, күзетілетін жүгі бар темір жол платформалары, қоршалған немесе қоршалмаған күзетілетін алаңдар және басқаларды жатқызды. Бұл жерде Жоғарғы Соттың қоймалар қатарына сейфтерді жатқызғаны менің ойымша дұрыс пікір деп ойлаймын. Әдетте, сейфтерде азаматтар өз үйлерінде бағалы заттары мен құжаттарын сақтайды және кейде техникалық құралдармен, бұзылмайтын құлыптармен жабдықтайды.
Адамның ұрлық жасау пиғылы, үй жайларға кірмей тұрып пайда болса ғана заңсыз кіру белгісі орын алады.
Мысалы, Қызылорда қалалық сотының үкімі бойынша Досжанов төмендегі қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған.
Бір эпизод бойнша, Досжанов өзінің танысы Мұқановпен алдын ала сөз байласып, адамдар тобын құрып, Комсомол ауылында орналасқан үйдің есігінің кілтін таңдау жолымен ашып, үй-жайға заңсыз кіріп, жәбірленушінің жалпы құны 18450 тенге тұратын мүліктерін алып кеткен.
Енді бір эпизод бойынша Комсомол қыстағындағы үйде өзінің таныстарымен арақ ішіп, үй иесінің мас болып қалғанын пайдаланып, оның қалтасынынан 1000 теңге ақшасын ұрлаған. Содан соң далаға шыққаннан кейін, өзінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін үйге қайта кіріп, жәбірленушінің 12000 теңге болатын құндыз бөрігін ұрлап кеткен.
Осы әрекеттері үшін Досжанов ҚК 175 бабының «а, б, в» тармақтарымен сотталған.
Ал, ұрлау пиғылы үй-жайға кіргеннен кейін пайда болса, онда кінәлі адамның әрекеті үй-жайға заңсыз кіру белгілерімен дәрежеленбейді.
Мәселен, сотталған Кудрявцев, жәбірленушінің үйінің кілтінің өзінде болғанын пайдаланып, кілтпен үйді ашып кіріп, жәбірленушінің 295 тенге болатын заттарын алып кеткен. Бірінші қатардағы сот қылмыскердің бұл әрекетін тұрғын үйге заңсыз кіріп жасалған ұрлық деп саралаған.
Алайда, соттың бұл пікірімен келісуге болмайды. Себебі, Кудрявцев жәбірленушінің үйінде тұрып жатқан, жәбірленуші оған үйдің мүшесі ретінде қараған, үйдің кілтінің қайда жататынын білген. Осы жағдайларды еске алып, жоғарғы сатыдағы сот Кудрявцевтің әрекетінен ұрлықтың «тұрғын үйге заңсыз кіріп ұрлау» деген саралаушы белгісін алып тастады.
Тағы бір мысал. 1989 жылы 8 маусымда кешкі уақытта Кириков жәбірленушінің үйінің жанынан өтіп бара жатып, терезенің аддында тұрған бір бума затты байқап қалады да, үйдің жанындағы бау-бақшадан өтіп, үйге жақындап келіп, ешкімнің жоқтығын пайдаланып, жаңағы терезенің алдында тұрған, ішінде шайға арналған сервизі бар буманы алып кеткен. Кириковтың бұл әрекетін аудандық сот тұрғын үйге заңсыз кіріп жасалған ұрлық деп саралаған. Соттың бұл қортындысы да дұрыс емес. Кириков үйге кірген жоқ. Терезенің алдында тұрған затты алып кеткендіктен, оны тұрғын үйге заңсыз кірді деп айтуға болмайды.
Қоймаларға кіріп ұрлық жасалған кезде материалдық объектілер сақталатын қойманың қоршалғанын не қоршалмағанын және күзет қойылғанын немесе қойылмағанын анықтаған жөн. Егер материалдық объектілер ашық аспан астында жан-жағы қоршалмаған алаңда жатса, бұл заттарды ұрлаған қылмыскерді қоймаға заңсыз кіріп ұрлық жасады деп айыптауға болмайды. Себебі, ол алаңға күзет қойылмаған және адамдар еркін кіріп шыға алады.
Мысалы. Коломиец машина,тракторлар тұрған кәсіпорынның ауласына кіріп, техниканың қосымша бөлшектерін ұрламақшы болып жатқанда көзге түсіп қалып, ұсталған. Бірінші қатардағы сот оның әрекетін қоймаға заңсыз кіру арқылы ұрлық жасауға оқталғандық деп саралаған. Алайда бірінші қатардағы сотта, апелляциялық сотта, кәсіпорынның ауласының қоршауы болғанымен, күзет қойылған немесе қойылмаған аула екенін анықтамаған. Аула қоршалғандықтан ғана, Коломиец заңсыз кіріп ұрлық жасамақшы болды деп қортынды жасаған.
Менің ойымша қоймаға заңсыз кірді деп есептеу үшін мекеменінің ауласы тек қана қоршалып қана қойылмай, сонымен бірге материалдық заттарды сақтауға арналған және күзетілетін де болуы керек. Аулаға күзет тек онда бағалы материалды объектілер сақталса ғана қойылады емеспе. Материалды заттар сақталамайтын қоршалған ауланы қойма деп тануға болмайды деген пікірді С. М. Кочойда қолдайды.
Жоғарғы Сотта «Аумақ (айдын) учаскелері, сақтауға арналмаған (мысалы, күзетілуде тұрмайтын не кіруге кедергі жасайтын қондырғылары жоқ, комбайндардың бункерлері, автомашиналардың ашық кузовтары, платформалар мен жартылай вагондар), алайда осы мақсатта пайдаланылатын ыдыстар "қойма" ұғымына жатпайды»-деген пікір айтып отыр.
2011 жылы Қылмыстық кодекске өзгерістер мен қосымшалар енгізіліп, көлік салоны үй-жай, қоймаларға теңестіріліп, автокөлік салонынан жасалған ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілік ауырлатылды. Осыған орай автокөліктің салонынан жасалған ұрлық енді заңсыз кіріп жасалған ұрлық деп есептеледі. Жоғары да атап көрсетілгендей, Жоғарғы Сот аталған қаулының 14 тармағын жаңа редакцияда жазғанға дейін қойма ретінде мүлікті сақтауға арнайы жасалған автомашиналарды жатқызатын.14 тармақтың жаңа редакциясында автокөліктердің салондар мен басқа да жабық орындарын қойма ретінде тануды ұсынып отыр. Менің ойымша Жоғарғы Соттың бұл түсіндірмесі жалпы қойма деген сөздің кең талдаудан туындап отыр. Қойма деген мүлік, зат сақтауға арналған орын. Ал, автокөлік болса-ол қозғалыс құралы. Оны қойма деп түсінуге болмайды. Бұл бірінші. Екінші қылмыстық заң автоколіктің салонына заңсыз кіруге ғана байланысты жауапкершілікті қарастырса, Жоғарғы Сот бұл заңды кең талқылап, автокоөліктің салонына, көліктің басқа жабық бөліктерінде қосып отыр.
Бұл ретте айта кету керек Ресейдің қылмыстық кодексінің 158 бабының ескертпесінде қоймаға тұрақты немесе уақытша құнды заттарды сақтауға арналған үйден бөлек салынған құрылыс, алаңдар, құбырлар, басқада құрылымдар жатқызылған. Демек, қойма ретінде Ресейдің қылмыстық құқығында арнайы құнды заттарды сақтау үшін салынған құрылыс объектілері танылады.
Соңғы кездерде мұнай және газ құбырларынан мұнай және газ ұрлау жиі орын алуда. Осыған байланысты қылмыстық жауапкершілікті күшейту мақсатында мұнайгаз құбырынан жасалған ұрлық оның саралау белгісі ретінде қылмыстық кодекске жақында енгізілді. Мұнай және газ құбырлары тек мұнай газды тасу үшін ғана емес сақтауға арналған. Құбырлардан мұнай-газ ұрлау тек материалдық шығын ғана келтіріп қомай басқа да қауіпті зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, ұрлық жасау барысында құбыр зақымдалса, онда кінәлі адамның әрекеті ҚК 175 бабымен қатар осы кодекстің 304 бабымен қоса саралануы қажет.
Ұрлықтың аса ауыр түрінің бірі ұйымдасқан топ жасаған ұрлық. Алғаш рет ұйымдасқан топ түсінігі және оны сабақтас ұғымдардан шектеу туралы мәселе КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1947 жылғы 4 маусымдағы «Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы» және «Азаматтардың жеке меншіктерін қорғауды күшейту туралы» жарлықтарының шығуымен байланысты өзекті болып, үлкен мәнге ие бола бастады.
Жоғарыда аталған жарлықтарды қолдану тәжірибесі алдын ала сөз байласу барысында ортақ мақсатқа қол жеткізу – социалистік немесе жеке мүлікті қылмыстық иелену үшін қажетті іс-әрекеттерді және ролдерді бөлісуді көздейтін жоспар әзірлеген топты ғана ұйымдасқан топ деп тану қажеттігін айқындады және кез келген алдын ала сөз байласып ұрлыққа қатысу ұйымдасқан топтың болмайтынын көрсетті. Ұйымдасқан топтың осы ұғымы 1959 жылғы Қазақ КСР ҚК 36-бабы 2-тармақшасындағы ұйымдасқан топтың ауырлататын мән-жай ретіндегі ұғымын ашу кезінде де қолданылған болатын. 1959 жылғы Қылмыстық кодекстен 1997 жылғы қабылданған жаңа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің айырмашылығы-ол алдын ала сөз байласып және ұйымдасқан топпен қылмыс жасау ұғымдары арасындағы айырмашылықты нақты көрсетеді.
Қылмыстық кодекстің 31 бабының 3 бөлігіне сәйкес ұйымдасқан топ дегеніміз күні бұрын бір немесе бірнеше қылмыстар жасау үшін құрылған тұрақты қалыптасқан топ.
Бұл анықтамада ұйымдасқан топтың екі негізгі белгісі қарастырылған. Бірінші, бір немесе бірнеше қылмыстар жасау үшін күні бұрын біріккен топтар. Екінші, осындай топтардың тұрақтылығы.
ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы «Қатысумен істелеген бандитизм және басқа да қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңнамаларды соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» қаулысының 11 тармағында «Ұйымдасқан қылмыстық топ пен банданың тұрақтылығын, атап айтқанда, оның құрамының тұрақтылығы, оның мүшелерiнің өзара тығыз байланыстылығы, олардың келiсе отырып iс-әрекет жасауы, қылмыстық қызметтiң формалары мен тәсiлдерінің тұрақтылығы, оның өмiр сүруiнің ұзақтығы байқатады.»-деп көрсетті.
Ұйымдасқан қылмыстық топ пен банда мұқият дайындықты қажет ететiн бiр ғана қылмысты жасау үшiн де құрылуы мүмкін.
Ұйымдасқан қылмыстық топты құру деп кез келген белсендi де мақсатты iс-әрекеттердi жасаудың нәтижесiнде ұйымдасқан топтың шын мәнiсiнде құрылуын түсiну қажет. Бұл әрекеттер қатысушыларды, қаруларды, оқ-дәрiлердi, байланыс құралдарын, құжаттарды, көлiк құралдары мен өзге де материалдық құралдарды iздеу, құрылымдар мен қылмыстық жоспарларды дайындау, адамдарды арбау және т.б. түрде болуы мүмкiн.
Ұйымдасқан қылмыстық топты құру қандай да бiр қылмыстың жоспарланғанына немесе жасалғанына қарамастан қылмыстың аяқталған құрамы болып табылады. Қылмыстық құрылымдарды құру үрдiсiнiң өзiн оларды құруға дайындалу деп қарастыру қажет.
Егер де осы құрылымдарды ауыр немесе ерекше ауыр нақтылы қылмысты (мысалы, кiсi өлтiру) жасау үшiн құрудың ойластырылғаны анықталған болса, онда адамдардың iс-әрекеттерi осы қылмысты жасау үшiн де дайындалу деп саралау қажет.
Ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасау деп олардың қылмыстық iс-әрекеттерiн жоспарлауға, материалдық қамтамасыз етуге және ұйымдастыруға байланысты, сондай-ақ аталған құрылымдардың нақтылы қылмыстарға дайындалуға және оларды жасауға байланысты шешiмдердi қабылдауы деп түсiну қажет.
Ұйымдасқан қылмыстық топқа бiр немесе бiрнеше адам басшылық жасауы мүмкiн.
Ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасағаны туралы дәлелдемелердiң анықталмауы ұйымдасқан қылмыстық топтың болуын терiске шығармайды.
Ұйымдасқан қылмыстық топ
Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу - аталған қылмыстық құрылымдардың құрамына кiрудi және жоспарланған қылмыстарды қаржыландыруға, қарумен, көлiкпен қамтамасыз етуге, нысандарды iздестiруге, ақпараттарды жинастыруға және т.б., сондай-ақ осы қылмыстарға тiкелей қатысуға бағытталған iс-әрекеттердi жасауды бiлдiредi.
Қылмыстық кодекстің 175 бабының ескертуінің 2 және 2-1 тармақтарында жәбірленушіге келтірілген заладың құны мен мөлшері Қазақстан республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе көп болса ірі мөлшерде жасалған, ал екі мың есе көп болса аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық болып танылады. Кінәлінің әрекетінде ҚК 175 бабының 2 бөлігіндегі ұрлықтың саралаушы белгілерінң бәрі болған жағдайда, ұрлықтың мөлшері ірі болған жағдайда оның әрекеті сралаушы белгілердің бәрі көрсетіле отырып ҚК 175 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен, ал аса ірі мөлшерде болған жағдайда ҚК 175 бабының 4 бөлігінің «б» тармағымен саралануға жатады.
7. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.
Иеленіп алу немесе ысырап ету республикада көптараған қылмысқа жатпаса да, сот тәжірибесінде кездесетін және оған заңдық тұрғыда баға беріп, саралау соттарда қиындық туғызатын, соңғы уақытта көбейіп келе жатқан қылмыстар.
Иемденіп алу және ысырап етудің түсінігі және оларды бір-бірінен ажырату проблемалары бүгінде теорияда және сот тәжірибесінде де талас тудырып отырған жағдайлар. Мәселен, Россияның зерттеушісі В. Н. Дерендяевтың келтіргені бойынша сұралған құқық қорғау орындарының 30 пайызы иемденіп алуды саралауда қыйналғандарын көрсеткен. Ысырап ету түсінігі де осындай жағдайда. Белгілі ғалымдар, мәселен Г. А. Кригер иемденіп алуды ысырап етудің түріне жатқызып, иемденіп алу ысырап етудің алғашқы сатысы деп қортынды жасайды. Алайда бұл пікірді дұрыс деп айтуға болмайды. Себебі иеленіп алу немесе ысырап ету құқықтық жағынан екі түрлі әрекет болып табылады. Бұл пікірді 176 баптың мәтіні де бекітеді. Қылмыстық заң иемденіп алу немесе ысырап ету деп екіге бөледі. Оның үстіне бұл қылмыстың объктивтік жағы, бөтен мүлікті заңсыз иемденудің формасы иеленіп алу және ысырап ету екенін анық көрсетеді.
Сонымен, иемденіп алу дегеніміз-белсенді қызымет жасай отырып субъектінің өзіне сеніп тапсырылған мүлікті, оның иесіне қайтармауы, оған заңсыз иелік орнатуы. Айыпты иеленіп алғанда оған сеніп тапсырылған мүлік, оған заңсыз өтеді, ол мүлікті өз меншігіне айналдырады және айыпты адам осы мүліктің басқа адамның заңды меншігінде екенін жақсы біледі.
Ысырап ету-сеніп тапсырылған мүлікті, оның иесінен айыру арқылы айыптының өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына қайтарымсыз айналдыру. Бұл жағдайда айыпкер мүлікті заңсыз жұмсайды, сатады, өзі пайдаланады не болмаса басқа адамның пайдалануына қайтарымсыз береді.