Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.
Егерде жәбірленуші туралы жала жабушылық немесе қорлаушылық сипаттағы мәліметтер жарияланса, жасалынған іс-әрекетті осыған негіздер болғанда ҚР ҚК 181-бабының көзделген қылмыстарды және ҚР ҚК 129,130-баптарына сәйкес жиынтық бойынша саралау қажет.
Тарату үшінші тұлғаларға осы мәліметтерді хабарлау, бұл кезде бөгде адамдарға хабарлануы міндетті емес. Жәбірленушінің жақындарына (жұбайына, балаларына, ата-аналарына, бизнес бойынша серіктестеріне) ақпаратты хабарлаумен қорқыту көбінесе анағұрлым тиімді болады. Жәбірленушінің немесе оның жақындарының құқықтарына немесе заңды мүдделеріне елелулі зиян келтіруі мүмкін өзге мәліметтер ретінде баланы асырап алу фактісі, қандайда болсын аурулардың болуы туралы ақпараттарды келтіруге болады.
Қорқытып алушылық қылмыс құрамының конструкциясы бойынша формалды болып табылатын – қорқытып алушылық мүлікті беру, мүлікке құқықты беру немесе кінәлі тұлғаның немесе ол көрсеткен адамдардың пайдасына қарай мүліктік сипаттағы іс-әрекеттерді жасау туралы заңсыз талапты, осы талаптардың орындалуына байланыссыз, ұсынған сәттен бастап аяқталған деп танылуы тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы «Қорқытып алушылық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» №6 қаулысына сәйкес қорқытумен күшейтілген талап берілген сәттен бастап, қылмыскердің өзінің мақсатына жеткен не жетпегеніне қарамай, қылмыс аяқталған деп саналады.
Қорқытып алушылықтың субъектісі – бұл қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған және сол үшін заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық көтеруге қабілетті, есі дұрыс 14 жасқа толған адам. Қылмыс субъектісі болып тек жеке тұлға ғана табылады. Бұлар Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар шетел азаматтары.
Қорқытып алушылықтың
9. Қорқытып алушылықты ауырлататын белгілер
Қорқытып алушылықтың
Қорқытып алушылық:
а) Күш қолдану;
ә)Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б)бірнеше рет;
в)ұйымдасқан топ;
г)жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіре отырып;
д)ірі мөлшерде мүлік алу мақсатымен;
г) аса ірі мөлшерде мүлік алу мақсатымен жасалуы мүмкін
Осы ауырлататын белгілердің ішінде күш қолдануға қысқаша тоқатала кеткенді жөн көрдік. Күш қолдану арқылы жасалатын қорқытып алушылық деп осы қылмысты бостандықты шектеумен, физикалық күшті қолданумен, жәбірленушінің немесе оның жақындарының денсаулығына жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіре отырып, соққыға жығумен байланыстыра отырып жасау түсіндіріледі.
Күш қолдану арқылы жасалатын қорқытып алушылық деп осы қылмысты бостандықты шектеумен, дене ауырсынуына әкеп соқтыратын, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл, орташа ауырлықтағы зиян немесе ауыр зиян келтірумен байланысты жасалаған әрекеттер түсіндіріледі. Сондықтан ұрып-соғу, жеңіл, ауырлығы орташа зиян келтіру қорқытып алушылық құрамымен қамтылады және ҚК 104-бабы бойынша саралауды қажет етпейді.
Қорқытып алушылық барысында зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері жасалған болса, онда жасалған іс-әрекетті ҚК 120, 121, 122-баптарымен қосымша саралануға жатады.
Егер қорқытып алушылық барысында адамды ұрлау, адамды бостандығынан заңсыз айыру әрекетері орын алса, онда кінәлінің әрекеттері ҚК 125, 126-баптарымен қосыша саралануға жатады.
Ал, егер қорқытып алушылық адам өлтірумен ұштасқан жағдайда, кінәлінің әрекеті қорқытып алушылықпен қатар ҚК 96 бабының 2 бөлінінің «з» тармағымен қоса саралануға жатады.
Қорқытып алушылықтың сабақтас құрамдардан ажырататын белгілері.
Сабақтас қылмыс құрамдарынан қорқытып алушылықты ажырату мәселелері сот-тергеу практикасы үшін нақты бір қиындықтар туғызады. Күш қолдану арқылы қорқытумен ұштасқан қорқытытып алушылық оны күш қолданып тонау, қарақшылық және тағы басқа сияқты қауіпті қылмыстармен жақындастыратын бірқатар белгілері болады.
Қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша ауырлатылған қорқытып алушылықты қандайда болсын күш қолданып тонаумен және қарақшылықпен салыстыруға болады: онда да мұнда да қылмыскердің мүліктік талаптары нақты қорқытулармен ұштасады, ал көп жағдайда жәбірленушінің және оның жақындарының денсаулығына, кейде тіпті өмірлеріне де тікелей қол сұғушылықтармен де байланысты болады.
ҚР ҚК 181-бабында көзделген
қорқытып алушылықты осы
Олар:
-қылмыстарды қорқытудың
- физикалық күштеуді қолдану мақсаты бойынша ажырату;
-қылмыстарды қорқытулардың
Қылмыстарды қорқытудың орындалуы мүмкін уақыты бойынша шектеу.
Құқық қорғау органдарының практикасында осы мәселе бойынша бірыңғай пікір болған жоқ. Бұрындарда күштеп тонау мен қорқытып алушылықты ажыратқан кезде сот практикасынан жарияланған бірден-бір – жалғыз жағдайға сілтеме жасалынған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы 2006 жылғы 23 маусымдағы «Қорқытып алушылық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» № 6 қаулысында тонау мен қарақшылық кезіндегі қорқытудан қорқытып алушылық кезіндегі қорқытудың айырмашылығы ол жәбірленуші қылмыскердің талабын орындамауымен ғана байланысты болады және бұл кезде бірден емес, нақты бір уақыт өткеннен кейін, қандайда бір алыс болашақта жүзеге асырылады деп түсінік береді.
Қорқытып алушылық, біріншіден, қорқытып алушының мүлікті беруі туралы талабы болашаққа бағытталғандығымен; екіншіден, күш қолдану арқылы қорқыту жәбірленушінің осы талапты орындамауымен байланысты ғана жүзеге асырлатындығымен ажыратылады. Осымен қатар практикада кінәлі адам қорқытып алушылық жасаған кезде мүлікті дереу беруін де талап етуі, сондай-ақ күш қолдану немесе талап қою кезінде тікелей қорқытуы да мүмкін.
Күштеп тонау мен қорқытып алушылықтың айырмашылығы, сот тәжірибесі көрсеткендей, қорқытуды орындауға келтіру сәті бойынша ғана қылмыскер мүлікті беруді талап ететін және бірқатар уақыттан кейін жәбірленуші талапты орындамағандықтан қорқытудың орындалуына әкеп соғатын, классикалық деп аталатын жалпы жағдайлардан көрінеді. Осы қылмыс құрамдарын тек жалғыз осы белгі бойынша шектеу қалған жағдайларда жасалған қылмыстық іс-әрекеттің дұрыс сараланбауына әкелуі мүмкін. Сондықтан да сот тәжірибесі бұл жерде біраз өзгеше бағыт ұстанады.
Мысалы, В. жәбірленушінің Г-нің үйіне келіп, оны қолындағы пышақпен қорқыта отырып, оған бір аптаның ішінде 5000 теңге әкеп беруін талап етті. Оның айтқанын орындамаса жазасын беретіндігін айтып Г-ні бетінен және басынан жұдырығымен ұрды делік.
Осы жағдайда В. Г-ға мүлікті дереу иелену мақсатында емес, болашақта ақша беруіне көндіру үшін өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен қорқытты. Сондықтан оның іс-әрекетін қорқытып алушылық ретінде қарастыру қажет.
Қорқытып алушылықты тонау мен қарақшылықтан шектеу туралы мәселені шешкен кезде қарақшылық пен тонау кезінде қылмыскер жеке мүліке қол сұғады, ал қорқытып алушылық кезінде мүліктің жәбірленушіде болмауы да мүмкін.
Сонымен қорқытып алушылықтың классикалық формуласы – қорқытып талап ету және талапты болашақта орындау.
Физикалық күштеуді қолдану мақсаты бойынша қылмыстарды ажырату.
Қарақшылық немесе тонау кезінде күш қолдану мүлікті иеленудің тікелей тәсілі болып табылады. Қорқытып алушылық кезінде қылмыскердің күш қолдануы жәбірленуші оның мүліктік талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда қорқытудың нақты орындалатындығын көрсетудің тәсілі сипатында болады.
Қылмыстық істерді зерттеу көптеген жағдайда қорқытып алушының жәбірленушіге қойған ауызша талабының орындалмайтындығын көрсетеді. Алайда, егер оған алдын ала қандайда болмасын, тіпті, елеулі емес физикалық немесе психикалық күштеуді қолданса, талапты орындау мүмкіндігі артады.
Заңның мағынасы бойынша қарақшылық кезінде кінәлі тұлғаның ниеті жәбірленушінің мүлкін дереу иемденуге бағытталған. Бұдан басқа, егер қарақшылық кезіндегі күш қолдану мүлікті бірден иелену тәсілі болып табылса, қорқытып алушылық кезінде күш бірден қолданылмайды және ол мүлікті бірден иеленудің тәсілі емес.
Күш қолданып тонау мен қарақшылық кезінде физикалық күш көрсету талап етілетін мүлікті не болса да түпкілікті тартып алу үшін қолданылады. Қорқытып алушылық кезінде ол заңсыз талаптарды қанағаттандырудан бас тартқаны үшін кек алу құралы ретінде қызмет етуі мүмкін. Олай болса, мүлікті жою, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті немесе қауіпсіз күш көрсету қорқытып алушылықтың объективті жағына, яғни оның объективті жағының бөліктерінің бірі – қорқытудың айтылу тәсіліне жатқызылуы қажет. Күш көрсету, керісінше жағдайда, қорқытып алушылықтың құрамынан шегінен шығып кетеді де мәжбүрлеу құралына айналады. Мұндай жағдайда күш қолдану арқылы дене жарақатын салу қорқытып алушылықтың ауырлататын белгісі болып табылады және қосымша саралауды талап етпейді (оның объективті жағына кіреді).
Қылмыстарды қорқытулардың немесе қойылатын талаптардың түрлері бойынша шектеу.
Қолданыстағы қылмыстық
ҚР ҚК 181-бабына сәйкес пайдақорлық мынадай түрде:
Жоғарыда көрсетілген
Қорқытып алушылықты өзінше билік етуден ажыратқан кезде қорқытып алушылықтың құрамында меншік қатынастары қорқытып алушылықтың негізгі объектісі ретінде қатысатындығын, ал жәбірленушінің денсаулығы, ар-намысы және қадір-қасиеті қосымша объект ретінде қатысатындығын, сонымен бір уақытта өзінше билік ету кезінде негізгі объект ретінде басқару тәртібі саласындағы қатынастар қатысатындығын, ал жеке адамға және меншікке зиян келтірілген жағдайда, соңғылары қосымша объектілер түрінде қатысатындығын ескерген жөн.
Осы құрамдардың субъективті
Өзінше билік етудің субъективті жағы кінәлі тұлғаның өзінің іс-әрекеттеріне қатысты тікелей ниетінің болуымен сипатталады, алайда қылмыскерде пайдақорлық себеп болмайды, өйткені ол мүлікке, өзінің пайдасына қарай жәбірленушінің тарапынан мүліктік сипаттағы әрекеттерді істеуге нақты немесе болжамды құқығының бар екендігін ұғынады және осы заттар оған немесе басқа адамдарға берілуін, ал і-әрекеттердің оның пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына істелуін қалайды.
Қорқытып алушылық объективті жағынан
алғанда өзінше билік етуден айырмашылығы
қорқытып алушылықтың объективті жағының
конструкциясы бойынша