Меншікке қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа

Описание работы

Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.

Работа содержит 1 файл

Меншікке қарсы қылмыс.doc

— 550.00 Кб (Скачать)

1926 жылғы 1 қаңтарда қабылданған РКФСР Қылмыстық кодексінде қарақшылыққа жаңа түсініктеме беріліп «бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында  жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен ұштасқан шабуыл деп танылды.

1947 жылы 4 маусымда  КСРО Жоғарғы  Кеңесі Президумының «Азаматтардың жеке меншігін қорғауды күшейту» туралы  жарлығында қабылданды. Осы  жарлықта алғаш рет «Қарақшылық  бөтен мүлкін иемдену  мақсатында күш қолданып немесе қолданамын деп қорқытып жасалған шабуыл»-деп танылып, оның адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екені көрсетілмеді. 

КСРО Жоғарғы Сотының «1947 жылғы 4 маусымдағы Жарлықты қолдану туралы» 1948 жылғы 19 науырыздағы  қаулысында жәбірленушіге қаза келтіру немесе ауыр дене жарақатын салу мен ұштасқан қарақшылықты адам өмірі мен денсаулығына  қауіпті күш қолдануымен ұштасқан қарақшылық деп саралау керек деп көрсетті. Демек, Жоғарғы Сот  осы қаулысында  адам өмірі мен денсаулығына қауіпті дене жарақаты ретінде тек ауыр дене жарақатын таныған.       

Алайда, орыстың үлкен криминалист-ғалымдары соттың осы анықтамасына қарамай, алпысыншы жылдардың басында басқаша пікірлер айта бастады. Мәселен, 1962 жылы  М. Д. Шаргородский мен Н. А. Беляевтердің  редакторлығымен шыққан РСФСР қылмыстық кодексіне  түсінікте «Қарақшылық кезінде адамға қаза,  немесе ауыр, орта және жеңіл дене  жарақаттар келтірілсе, адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану орын алады»- деп көрсетілген.   

1964 жылы Москва университетінің  коллективі шығарған «Кеңес қылмыс  құқығы» деген оқулықта проф. Н. Д. Дурманов: «Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдауымен байланысты шабуыл деп қасақана қаза келтіру, ауыр, орта дәрежедегі, және адам денсаулығының бұзылуына әкеп соққан жеңіл дене жарақатын салған адамға жасалған қастандықты танимыз»- деп анықтама берген. Осындай пікірлерді А. А. Пионтковский, А. И. Санталовта қолдады. 

Алайда, осы пікірлердің авторлары  неге  жәбірленушінің денсаулығына  келтірілген жеңіл зиян  жәбірленушінің денсаулығының қысқа  уақыттық бұзылуына  немесе оның   жалпы еңбек қабілетін  айтарлықтай емес дәрежеде тұрақты жоғалтуына  себепші болса, осындай зиянның адамның денсаулығына  және өміріне неге қауіпті болатынын айтпайды.

Ал, 1966 жылы  РСФСР Жоғарғы Соты қабылдаған «Тонауға және қарақшылыққа байланысты қылмыстық істерді соттардың қарау тәжірибесі» туралы қаулысында «адамның денсаулығының бұзылуына әкеп соққан жеңіл дене жарақатын адам өмірі мен денсаулығына қауіпті деп тану керек деп көрсеткен түсінігін біз 1968 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Соты пленумының осы аттас қаулысында сөзбе сөз қайталадық. Аксиомаға айналған, бұл түсінікке ешкім қарсы пікір айтқан жоқ.

Біз оны қырық жылдан  кейін  қабылданған  Еліміздің Жоғарғы  Сотының қаулысында да: «Жәбірленушінің  денсаулығына ауыр  және орташа ауырлықта  зиян келтіруге, сондай-ақ оның  денсаулығына сараптама  жасау жолымен анықталатын, денсаулығының қысқа уақыттық бұзылуына  немесе жалпы еңбек қабілетін  айтарлықтай емес дәрежеде тұрақты жоғалтуына себепші болатын жеңіл зиян келтіруге әкеп  соққан зорлық-зомбылықты өмірге және денсаулыққа қауіпті зорлық –зомбылық деп түсіну қажет»-деп көрсеттік.

Жәбірленушіге  келтірілген жеңіл  дене жарақатын сарапшылар ешқашанда  адам өмірімен денсаулығына қауіпті  деп  қортынды  бермейді. Денсулық Сақтау Министрінің  2004 жылғы 20 желтоқсандағы  бұйрығымен бекітілген «Сот-дәрігерлік сараптама ұйымдастыру және өткізу» туралы ережелерінде денсаулыққа келтірілген жеңіл зиян, адам өмірі мен денсаулығына қауіпті  зияндардың қатарына жатқызылмаған.

Ал, қарақшылық кезінде жасалған зорлық-зомбылық адамның өмірі және денсаулығына  қауіпті болуы қылмыстық заңның шарты болса, онда көрсетілген қаулыдағы бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену мақсатында күш қолдану салдарынан жәбірленушінің денсаулығының  қысқа уақыттық  бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес жоғалтуына әкеп соққан жеңіл зиянның адам өмірі мен денсаулығына қауіптілігі туралы тұжырымының қылмыстық заңмен қайшылықта екеніне назар аударып, бұл тұжырымның қарақшылықтың  объективтік жағымен сәйкес келмейтінін және осы мәселенің әлі де болса жан-жақты зертеуді талап ететінін атап көрсеткіміз келеді.

Біздің ойымызша,  жеңіл зиянның  жәбірленушінің денсаулығын қысқа  уақыттық бұзылуына  немесе оның   жалпы еңбек қабілетін  айтарлықтай  емес дәрежеде тұрақты жоғалтуына  себепші болса,  қылмыскердің әрекеті  қарақшылық деп дәрежеленуін тек сот-дәрігерлік сарапшылардың осындай қортындысымен тікелей байланыстыру- сот сараптама қортындысын тікелей дәлеледеме   ретінде қабылдау- ҚІЖК 120 бабының 3 бөлігіндегі заңның «Сарапшының  қортындысы  қылмыстық процессті жүргізуші орган үшін міндетті болып табылмайды»- деген қағидасын  жоққа шығару болып табылады.

  Осыған орай, бөтен мүлкін  заңсыз иемдену мақсатында  жасалған  қылмыстық әрекеттердің салдарынан  денсаулыққа жеңіл зиян  келтірілген  жағдайларда  қылмыстық әрекеттің  адам  денсулығына қаншалықты қауіпті екенін  сараптама қортындысымен қатар істегі басқа мән-жайлармен бірге соттың өзі бағалап, кінәлі адамның қылмыстык әрекетінде  қарақшылықтың  немесе тонаудың құрамының бар немесе жоқ екенін  соттың  анықтауы қажет  деп білемін. Денсаулыққа жеңіл зиян, егер, қару  немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданылмай келтірілсе, кінәлінің әрекетін тонау деп тану қажет. Егер денсаулыққа жеңіл зиян қару немесе күні бұрын қару  ретінде дайындалған заттарды қолдануменмен келтірілсе, кінәлінің әрекетін қарақшылық деп тану қажет. 

Сонымен,  қылмыстық әрекетті қарақшылық деп дәрежелеу үшін бөтен мүлікті  иемдену мақсатында шабуыл кезінде  қолданылған зорлық-зомбылық адам өміріне  және денсаулығына қауіпті болуы  керек немесе осындай зорлық зомбылықты қолданамын деп қорқыту қажет.

 Оның ұстіне Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Соты өзінің 11 мамыр 2007 жылғы «Бөтеннің мүлкін заңсыз  иемдену жөніндегі істер бойынша  сот тәжірибесі туралы» 2003 жылғы  11 шілдедегі №8 нормативтік қаулысының 23 тармағында «жәбірленушіге өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда (мысалы, өмірлік маңызды дене мүшелеріне аяқ-қолдарымен көптеген соққылар беру және с.с.) зиян келтіріліп, одан айығу үшін ол амбулаторлық немесе стационарлық ем қабылдауға мәжбүр болса, мұндай жеңіл зиян да адам өміріне немесе денсаулығына қауіпті деп танылуы мүмкін» екенін көрсетіп отыр    .

Осыған орай мен Жоғарғы Соттың төменгі шешімін өте дұрыс  қабылданған деп есептер едім.

Cотталған Сәрсенбаевқа байланысты  қабылданған сот қаулыларын Жоғарғы Сот   төмендегі мән-жайлардың негізінде өзгертіп шешім қабылдаған.

Заң талаптарына сәйкес қарақшылықтың  объективтік жағы бөтен мүлікті  ұрлау мақсатында адамның өмірі  мен денсаулығына қауіпті күш  көрсетумен немесе тікелей осындай  күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы белгіленеді.   Жәбірленуші Шарикованың алдын-ала тергеуден басты сот талқылауына дейін біркелкі және тұрақты берген жауаптарына қарағанда сотталған Сарсенбаев оның арқасынан түртіп, ол артына бұрылғанда, оны басқа адам  бетінен ұрып,  шалқасынан бетондалған полға құлатып, аз уақытқа ес-түсінен айырып,  жатқан жерінде   қолымен ұрып-соғып, мойнына асынған сөмкесін, оның ішіндегі 12000 теңге ақшасын тартып алған.   

Сот-дәрігерлік сараптама қорытындысы  бойынша, жәбірленуші Шарикованың оң жақ беті қанталаған, жоғарғы еріні жарақатталған, шүйдесі көгерген, бұлар жеңіл дене жарақатына жататыны көрсетілген.  Бірінші сатыдағы сот көрсетілген дәлелдемелерді үкімге негіз етіп алып,  Сарсенбаев жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен ұштасқан шабуыл, яғни қарақшылық жасаған деп тұжырымдаған.

       Істегі жинақталған  дәлелдемелерді зерттеу барысында   сотталғанның  жанында болған  басқа адам жәбірленуші Шарикованың  мүлкін иемдену мақсатында күш қолданып, оның бетінен ұрғаны, соның нәтижесінде оның бетінде қанталаған іздердің болуы жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай деп есептеуге болмайды. Сондай-ақ сотталғанның тарапынан Шариковаға нақты қауіптің де төнгені көрінбейді. Алған дене жарақатының салдарынан жәбірленуші дәрігерлік көмекке де жүгінбеген. Жәбірленуші Шарикова сотталған Сарсенбаев  артынан тек түрткенін, сосын есікті  қалқалап тұрғанын көрсетіп, оны кешіретінін, сотта Сарсенбаевқа шартты жаза  қолдануды сұраған. Осы өтінішін жәбірленуші өзінің апелляциялық арызында да көрсеткен. 

Сонымен қатар, соттың Сарсенбаев өзінің қылмыстық әрекеттерін тергеуде анықталмаған адаммен алдын-ала  келісіп жасаған деген қортындысы қылмыстық істе жинақталып, сотта  тексерілген дәлелдерге сай келмейді. Мемлекеттік айыптау алдын ала тергеуде де сот  мәжілісінде де Сарсенбаевтың анықталмаған адаммен бөтен мүлкін заңсыз иемденуге байланысты алдын-ала келіскені туралы дәлелдер келтірмеген.

  Келтірілген мән-жайларлардың  негізінде  қадағалау алқасы  сотталған Сәрсенбаев  анықталмаған адаммен топ болып, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, бөтен мүлкін ашық түрде заңсыз иемденген деген қортындыға келген.

Осыған орай, қадағалау алқасы сотталған  Сарсенбаевтың қылмыстық әрекеттерін ҚК-нің 179 бабының 2 бөлігінің «а» тармағынан ҚК-нің 178-бабының 2 бөлігінің «а» тармағына ауыстырып қайта дәрежелеп жаза тағайындаған. 

Адам өміріне қауіпті зорлық-зомбылық деп кейде  жәбірленуші дене жарақатын  алмаса да бірақ жасалу әдісі мен сипатына байланысты адам өмірі мен денсаулығын қауіп төндіретін әрекеттерді түсіндіруге болады. Мәселен, автокөлігін тартып алу мақсатымен  жәбірленушіні жүріп келе жатқан  көліктен итеріп жіберу, немесе биік жардан құлатып жіберу т. б. әрекеттер.

Қарақшылық кезінде зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқытуға, әдетте  қолына пышақ  немесе атылатын қару алып қорқытуды жатқызуға болады. Осыған орай  қолына суық қару немесе атылатын қару алып бөтен мүлкін иемдену  мақсатымен  адамды қорқытуды қарақшылық деп саралайды.  Бірақ кей жағдайларда  қолына атылатын қарудың макетін алып  бөтен мүлкін заңсыз иемдену мақсатымен шабуыл жасалса, кеңес дәуіріндегі қылмыстық құқық теорияларында осындай әрекеттерді қарақшылық деп дәрежелеуді жәбірленушінің  субъективті ой-пікірімен байланыстыратын. Егер де жәбірленуші қылмыскердің қолындағы макетті шын мәніндегі қару  ретінде қабылдаса, қылмыскердің әрекеті қарақшылық деп дәрежеленетін. Мұндай объективтік, қылмыскердің әрекетінің объективтік жағымен сай келмейтін айыптаулар қазірде сот тәжірибесінде кездесіп қалып жатыр.

Қарақшылық  саралау белгілеріне қарай қылмыстық заңдарда бірнеше түрлерге бөлініп келді. 1961 жылы қабылданған қылмыстық кодекстің 76-2 бабының 2 бөлігінде:

  1. мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті  көп мөлшерде иемденуге бағытталған;
  2. бір топ адамның алдынала  сөз байласуы бойынша жасалған;
  3. денені ауыр жарақаттаумен байланысты;
  4. аса қауіпті рецедивист жасаған;
  5. бұрын мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті немесе жеке мүлікті  иемдену мақсатында  қарақшылық немесе бандитизм жасаған адам жасаған қарашылық деп бөлінді.

  1982 жылы қылмыстық кодекске  енгізілген толықтырулар бойынша  үй-жайға немесе өзге  де қойма  орындарына басып кіру арқылы  жасалған  қарақшылық деген тағы  бір түрі енгізілді. Қарашылық  бұл түрлері азаматтардың өзіндік мүліктеріне байланысты жасалған қарақшылыққа тән болды.

1995 жылы қылмыстық кодекске енгізілген  өзгерістерге байланысты мемлекеттік,  қоғамдық және азаматтардың өзіндік  мүліктері  жинақталып бөтеннің  мүлкі деген ұғыммен ауыстырылды  да қару қолданылып жасалған, топ болып жасалған және аса ірі мөлшерде жасалған қарақшылық деген түрлері енгізілді.

Қазіргі қолданыстағы қылмыстық кодекс бойынша:

  1. адамдар тобының алдынала сөз байласуы бойынша;
  2. бірнеше рет;
  3. тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған;
  4. қару немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен жасалған;
  5. денсаулыққа ауыр зиян келтірумен жасалған;
  6. ұйымдасқан топ;
  7. денсаулыққа ауыр зиян келтірумен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан;
  8. мүлікті ірі мөлшерде иемдену мақсатымен;

Қарақшылықтың осы түрлерін шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады.

Қылмысқа қатысу нысандарына қарай: адамдар тобының алдынала сөз  байласуы бойынша және ұйымдасқан топ  жасаған қарақшылық;

Қайталануға байланысты: бірнеше рет  жасалған қарақшылық;

 Қарақшылықтың жасалу әдісіне  қарай: тұрғын, қызметтік, өндірістік  үй-жайға не қоймаға заңсыз  кірумен және қару немесе қару  ретінде пайдаланатын  заттарды  қолданумен жасалған қарақшылық;

Объективтік жағының  салдарына  байланысты: денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, абайсызда  жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққ ауыр зиян  келтірумен  және мүлікті ірі  мөлшерде ұрлау мақсатымен  жасалған қарақшылық деп  бірнеше топқа бөлуге болады.

Қылмысқа қатысу қылмыстық кодекстің 31 бабына сәйкес адамдар тобы, адамдар тобы алдынала сөз байласып, ұйымдасқан топ болып және қылмыстық сыбайластық жасаған қылмыс деп бөлінеді. Заң шығарушы осының ішінде қарақшылықтың дәрежелену белгісіне  қылмысқа қатысу нысаның  жоғарыда көрсетілген  екі түрін ғана  жатқызған.

Әрине, қылмысты жасау үшін адамдар  тобы алдынала сөз байласып жасаған  қарақшылық қауіпті екені белгілі. Мұндай жағдайларда қылмыскерлер қарақшылық жасауға күні бұрын келісіп, қылмысқа дайындалып келеді.   Бірақ та қарақшылық кей жағдайларда күні бұрын сөз байласпаған екі адамның қатысуымен жасалауы мүмкін. Сот тәжірибесінде мұндай қылмыстарда топ адам болып жасаған деп сараланып жүр. Ал, қылмыстық заңда жазылған қарақшылықтың осы түрінің диспозициясын сөзбе –сөз талдасақ, онда күні бұрын сөз байласпай, қарақшылық жасағандардың әрекеті қылмыстық кодекстің 2 бөлігінің «а» тармағымен дәрежеленуге тиіс емес.

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстар