Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.
Иеленіп алу мен ысырап етудің ұрлықтан, заңсыз иемденудің басқа түрлерінен айырмашылығы, айыпкер оған заңды түрде сеніп тапсырылған мүлікті қайтарымсыз өз пайдасына асыруға тырысады. Бөтен мүлкі келісім шарттың, өкімнің немесе басқа арнайы жағдайлардың негізінде тапсырыспен беріліп, адамның ондай мүлікке билік жасау, жеткізу немесе сақтауға өкілеті болады. Мәселен, ондай адамдарға қоймашыны, сатушыны, экспедиторды, кассирді, тағы басқа адамдарды жатқызуға болады. Бөтен мүлкі заңды түрде сеніп тапсырылмаған, бірақ осындай мүліктер сақталатын қоймаларға және басқа да үй –жайларға өзінің атқаратын жұмыстарына қарай еркін кіре алатын адамдар осындай мүліктерді заңсыз иемденсе, олардың әрекеттері ұрлық деп саралануға жатады.
Бұл қылмыс тек тікелей ниетпен жасалады және субъектісі арнаулы-жасы он алтыға толған, есі дұрыс, заңды түрде мүлік сеніп тапсырылған мүлікке құзыретті адам.
Сеніп тапсырылған бөтен
8. Алаяқтық- бөтен мүлкін заңсыз иемденудің түрі
Бөтен мүлкіне қарсы жасалған
қылмыстардың ішінде үлес салмағы
жоғары қылмыстың бірі
Кеңес дәуірінде қабылданған қылмыстық кодексте алаяқтыққа қарсы жауапкершілік осы кодестің 76-3 және 136 баптарында қарастырылып объективтік жағына және затына байланысты мемлекеттік және қоғамдық мүлікке байланысты жасалған алаяқтық, жеке мүлікке байланысты жасалған алаяқтық және жеке мүлікке байланыты құқықты иеленуге қатысты жасалған алаяқтық деп үшке бөлуге болатын. Оның үстіне мүлікке қатысты құқықты иелену тек жеке меншікке байланысты болатын.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде: «Алаяқтық - дегеніміз бөтен мүлікті ұрлау немесе алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтен мүлікке құқықты алу»-деп анықтама берілген.
Бұл анықтамадан алаяқтық кезінде кінәлі адам бөтеннің мүлкін немесе оған құқықты иелену мақсатында меншігінде, иелігінде немесе қарамағындағы (қолындағы, шаруашылығындағы) мүлкі бар адамды алдауды пайдаланады, соның нәтижесінде бұл адам, арбауға түсе отырып, кінәлі адамға мүлкін ерікті түрде беретіні көрінеді.
Алаяқтық іс-әрекеттер алуан түрлі және адамзат қоғамының әр түрлі саласында жасалынуы мүмкін. Қоғамның экономикалық өмірі қаншалықты әр түрлі (сауда, өндіріс, қызмет көрсету саласы, құнды қағаздар нарығы, қозғалмайтын (жылжымайтын) мүліктер, сақтандыру және тағы басқа) болса, соншалықты алаяқтық іс-әрекеттер жасау мүмкіндіктері де алуан түрлі болып келеді.
Алаяқтық бөтен мүлкін заңсыз иемденудің нысандарының бірі болып табылады, сондықтан да оған осы қылмыстың жалпы объективті және субъективті белгілері тән.
Алаяқтықтың заты ұрлық, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету, тонау, қарақшылық жасаудағымен салыстырғанда біршама кең.
Алаяқтықтың заты тек бөтеннің мүлкі ғана емес, сондай-ақ кейіннен іс жүзінде иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін қамтамасыз ететін бөтен мүлікке құқық болып табылады. Алаяқтың арбауына түскен жәбірленуші кінәлі адамға өз мүлкін ерікті түрде береді.
Алаяқтықтың объективті жағы мүлікті өз пайдасына немесе басқа тұлғалардың пайдасына айналдыру мақсатында алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы құқыққа қайшы ақысыз бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты иеленуде көрініс табады.
Алаяқтықты бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың басқа нысандарынан ажырататыны қылмысты жасау тәсілі: алдау немесе сенімге қиянат жасау және бұл объективті жағының міндетті белгісі болып табылады.
Алаяқтықтың негізгі объективтік жағы бөтен мүлкін заңсыз иемдену болса, ал, алдау мен сенімге қиянат жасау бөтен мүлкін заңсыз иемденудің әдісі ретінде тануға болады. Алаяқтықты жасаған адам жәбірленушіні алдағаны немесе сеніміне қиянат жасағаны үшін жазаланбайды, осы әдіспен оның мүлкін заңсыз қайтарымсыз иемденіп кеткені үшін жазаланады. Айыпты жәбірленушіні алдау немесе сеніміне қиянат жасау арқылы мүлікті өз пайдасына асырады және мүлік иесі өзінің затын өз еркімен айыптыға береді. Сондықтан да алдау бөтен мүлкін заңсыз иемденуді жеңілдету үшін жасалған болса, мұндай әрекетті алаяқтық деп саралауға болмайды. Мәселен, дүкенде киімді киіп өлшеп көремін деп киінетін бөлмеге кіріп, сумкасына салып шығып кетпекші болған адамның әрекетін ұрлық жасауға оқталғандық деп сараланған.
Ал, Жезқазған қалалық сотының үкімімен Гончаров дүкенге кіріп, сатушыға 10000 теңгенің тауарын сатып аламын деп алдап салдырып алып, сыртта тұрған көліктен ақша алып келемін деп тауарды өзімен бірге ала шығып, кетіп қалғаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК 177 бабының 3 бөлігімен сотталған.
Соттың Гончаров алаяқтық жасады деген пікірімен келісуге болмайды. Сол дүкеннің сатушысы Құндықованың жауабына қарағанда, Гончаров, нешетүрлі тауарларды пакетке салғызып алып, оған тағы да минеральді суды алып бермекші болып артқа бұрылғанда, Гончаров ақшам машинада қалып қойыпты деп тауарларды өзімен бірге алып кетіп қалған. Гончаровтың бұл әркетін тонау деп қарауымыз керек.
Тергеу орындары Гончаровқа ашықтан ашық бөтен мүлікті иемденді деп ҚК 178 бабымен айып таққан. Менің ойымша, тергеу орындарының бұл пікірі дұрыс.
Тағы бір мысал. Орал қалалық сотының үкімімен О. В. Слижевский өзінің танысы Е. А. Тяпухиннан оның 29 704 тенге тұратын ұялы телефонын біреуге звондау үшін сұрап алған Тяпухинның көзінше телефоннан СИМ-картаны шығарып, оны Тяпухиннің өзіне қайтарып берген. Тяпухин өзінің пәтеріне темекі алу үшін кіріп кеткенде, үйден шығып кетіп қалған. Бірінші қатардағы сот Слижевскийді ҚК 177 бабының 1 бөлігімен алаяқтық жасады деп соттаған. Сотталғанның бұл әрекеті бөтен мүлкін ашық заңсыз иемденуді жеңілдетудің бір әдісі ғана.
Алдау - бұл қандайда бір нәрсені туралы жалған түсінік беру, жаңылыстыру, шатастыру. Ол белсенді нысанда не болмаса енжар (бәсең) мінез-құлықта көрініс табуы мүмкін.
Белсенді алдау - бұл тұлғаға қандайда болмасын деректер, оқиғалар туралы түсініктерді бұрмалайтын жалған мәліметтерді хабарлау.
Енжар (бәсең) алдау - шындық туралы үндемеу, жәбірленушіге оның білуі мүлікке билік етуін тежейтін деректерді немесе мән-жайлар туралы мәліметтерді хабарламауы.
Енжар (бәсең) алдау болып басталуы мүліктік қатынастардың шарттары мен мазмұнын елеулі өзгертетін мән-жайлар туралы айтпау (ауыз ашпау, үндемеу) да табылады.
Алдау алаяқтықты жасау тәсілі ретінде өткендегі болған немесе қазіргі уақытта болған деректерді бұрмалауда ғана емес, сондай-ақ алаяқтың сөзі бойынша болашақта болуы тиіс мән-жайлар туралы ұйғарымдар түрінде де көрініс табуы мүмкін.
Қарастырылып отырған іс-
Алаяқтықтағы алдау қандайда болмасын материалдық құралдарды пайдаланумен, сондай-ақ онсыз да жасалуы мүмкін.
Алдаудың материалдық
Жалған құжаттардың өзіне
Құжатты қолдан жасаған және оны алаяқтық кезінде көрінеу пайдалану үшін басқа біреуге берген тұлға оны істегені үшін ғана емес, сондай-ақ алаяқтыққа көмектескені үшін де жауаптылыққа тартылады.
Жалған құжаттардың негізінде зейнетақыларды,
жәрдемақыларды және басқа да мерзімдік
төлемдерді заңсыз алу да алаяқтық болып
табылады.
Жәбірленушіге төмен сападағы, құны арзан заттар және тағы сол сияқтылар берілетін әр түрлі мәмілелерді жасау кезіндегі алдаулар да алаяқтық болып табылады.
Практикада алаяқтықтың кең тараған түрі болашақта болатын оқиғалар жөнінде алдау болып табылады. Осылай, мысалы, жәбірленушіден мәртебелі көлік алу үшін немесе жай ғана «қарызға» ақша алу деректері табылады. Алдау сөз түрінде немесе жәбірленушіні жаңылысуына әкелетін әр түрді іс-әрекеттерді жасауда көрінеді. Алдау нысандары алуан түрлі: құжаттарды қолдан жасау, жәрдемақыларды заңсыз алу, қызметтің белгілі бір түрін заңсыз жүзеге асыру және тағы басқа.
Мүлікті немесе мүлікке құқықты алаяқтықпен иеленудің екінші тәсілі - кінәлі адаммен меншік иесінің немесе мүліктің заңды иесінің арасында туындаған сенім қатынастарын пайдалана отырып, сенімге қиянат жасау арқылы бөтен мүлкін иемдену.
Кінәлі адам қиянат жасаған кезде онымен және меншік иесінің немесе мүліктің заңды иесінің арасында туындаған сенім қатынастарын пайдалана отырып, бөтен мүлікті иеленеді немесе мүлікке құқықты алады. Бұл қатынастарда қандайда болмасын нақты негіздер болуы тиіс: азаматтық-құқықтық (сатып алу-сату, айырбас, кепіл, көтерме, контрактация және тағы басқа шарттар), еңбек, туыстық немесе достық қатынастар, тұлғаның лауазымдық немесе қызметтік беделі.
Алаяқтықтың объективті жағының ерекше белгісі болып жәбірленуші адал жаңылысу күйінде бола отырып, алаяққа ерікті түрде мүлкін немесе мүлікке деген құқығын береді. Бұл кезде әдетте мүліктің бір адамнан екінші адамға өтуі сырттай тараптардың келісімі, мәміле сияқты көрінеді. Бірақ бұндай мәміле заң тұрғысынан алғанда заңсыз, өйткені жәбірленушінің ерік-жігеріне зиян келтіре отырып жасалған.
Алаяқтық объективтік жағынан қылмыстың материалдық құрамы болып табылады және кінәлі тұлға мүлікке билік ету мүмкіндігін не болмаса мүлікті сату құқығын алады.
Алаяқтықтың субъективті жағы тікелей ниетте көрініс табады, бұл кезде субъект бөтен мүлікті немесе оған құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасай отырып, заңсыз, ақысыз иеленетіндігін түсінеді, соның нәтижесінде меншік иесіне немесе мүліктің заңды иеленушісіне тікелей іс жүзінде нақты зиян келетіндігін алдын ала біледі және оны тілейді (қалайды). Алаяқтықтың субъективті жағының міндетті элементі заңсыз иемденген мүлікті өз пайдасына айналдырудан көрінетін пайдақорлық мақсат болып табылады. Бұл кезде тікелей ниет те, сондай-ақ пайдақорлық мақсат та кінәлі тұлғада алаяқтық іс-әрекеттерді жасау сәтіне дейін қалыптасуы тиіс.
Жалпы субъект: 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.
Қолданыстағы қылмыстық заң алаяқтықтың түсінігін анықтай отырып, осы қарастырылып отырған қылмыстың саралаушы белгілері ретінде мән-жайлардың бірқатарын қарастырады. Бұл мән-жайларды заң шығарушы алаяқтық үшін де, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету үшін де бірдей ауырлататын және ерекше ауырлататын белгілер ретінде ескеріп:
-адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
-бірнеше рет;
-тұлға өзінің қызмет бабын пайдаланумен жасалған;
-ұйымдасқан топпен;
-ірі мөлшерде;
-аса ірі мөлшерде;
-мемлекеттік функцияларды атқаруға уәклетті адам не оған теңестірілген адамның өз қызмет бабын пайдалан отырып жасаған алаяқтықттар деп бөлген.
«Адамның өзінің қызмет бабын пайдаланумен» белгісіне қатысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 2003 жылғы 11 шілдедегі «Ұрлық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» №8 нормативтік қаулысының 20-тармағында лауазымды тұлғаның не болмаса коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерін атқаратын адамның қызметтік өкілеттіліктері болмағандықтан немесе қызмет бабын пайдалану мүмкін еместіктен нақты іс жүзінде іске асыра алмайтын іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін ақша, құнды қағаздар және басқа да материалдық құндылықтарды алуын, аталған құндылықтарды иелену ниеті болғанда, алаяқтық ретінде саралау қажет деп түсінік береді.