Меншікке қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа

Описание работы

Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.

Работа содержит 1 файл

Меншікке қарсы қылмыс.doc

— 550.00 Кб (Скачать)

1995 жылы Қазақ ССР-інің  қылмыстық кодексіне енгізілген  өзгерістер  бойынша қылмыстық  кодексте:

 -бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау(ұрлық);

 -бөтеннің мүлкін ашықтан ашық ұрлау( тонау);

-шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына  қауіпті күш жұмсаумен ұштастырып, немесе сондай күш жұмсамақ болып  қорқытып бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен шабуыл жасау(шабуыл жасап тонау);

 -алдау немесе сенімге қиянат  жасау жолымен  бөтеннің мүлкін  иемдену немесе бөтеннің мүлкіне құқықты сатып алу(алаяқтық);

 -өзіне сеніп тапсырылған немесе қарамағындағы бөтеннің мүлкін айыптының ұрлауы деген ұғымдар пайда болды.

Алайда, бұлар да меншікке қарсы қылмыстардың объективтік  жағын толық сипаттамайтын ұғымдар  еді.

Бөтен мүлкіне қарсы  қылмыстарды сипаттайтын  ортақ  ұғым қылмыстық құқықтық еңбектерде қалыптаспады және осы мәселені көтерген ғылыми еңбектерде көп емес. Осыған байланысты  пікір айтқан ғалымдар саусақпен санарлық болса, соның біреуі     проффесор А. Н. Ағыбаев.

Профессор А. Н. Ағыбаев  «Қылмыстық құқық» деген  2000 жылы және «Қазақстан Республикасы  қылмыстық кодексіне түсіндірме» атты 2010 жылы қазақ тілінде жарыққа шыққан  ғылыми еңбектерінде: «Заңға сәйкес  талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта айыптының  бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып өзінің  немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін  алып қою, айналдыру»- деп анықтама берген және ұрлықты,  тонауды, алаяқтықты, қарақшылықты және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуді осы талан-тараж етудің нысандары ретінде таныған. Бөтен мүлкін заңсыз иемденудің жалпы сипаттамасы ретінде бұл еңбекте талан-тараж деген ұғым қолданылған.

Қылмыстық кодекісінің  175 бабының ескертпесінде меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы ретінде  ұрлық деген ұғым қолданылған. «Ұрлық» деген ұғымның анықтаманың мазмұнын ашпайтыны анық және бұл ұғымның  пайдаланылуы осы кодекстегі  пайдакүнемдік мақсатта бөтеннің мүлкін осы мүліктің иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамның пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою немесе айналдырудың барлық түрін:  ұрлықты да, тонауды да, алаяқтықтыда, қарақшылықтықты да ұрлау деген бір ұғымға ғана сыйдырып, қазақтың ұрлау, ұрлық жасау деген сөздерінің мағынасын орынсыз кеңейтіп отыр. 

Бұл ұғымды заң шығарушы орган ғана емес, сонымен қатар  заңгер ғалымдарда қазақ тіліндегі ғылыми еңбектерінде  қолдана бастады. 2001 жылы қазақ тілінде профессор С. М Рахметов пен Т. Ә. Бапановтың редакторлығымен шыққан «Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне түсінікте» 175 бабқа –түсініктеме бере отырып- «Ұрлыққа тән нышан – оның жасырын тәсілмен жасалуы, ұрлық болды деп санау үшін  бөтен мүлікті  жасырын түрде  ұрлауға айыптының ниеті  болуы тиіс»- деп түсіндіре келе, алудың тәсілдеріне  байланысты ҚК-ісінде ұрлаудың алты формасы: ұрлық, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап  ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық түрлерінде  бекітілген- деп қортындылайды.

Енді осы  ұрлық, ұрлау  деген сөздердің  мазмұны нені білдіреді. Соны білу үшін осы сөздерге талдау жасап көрейік.

  Негізінде ұрлық, ұрла және ұрлау деген сөздердің түбірі «ұр» деген бір сөз. Осы түбір сөзге –лық, -ла және -лау  жұрнақтарын қосып ұрлық сөзін –зат есімді, ұрла сөзін- етістікті және  ұрлау сөзін  шығарып отырмыз.

Бұл сөздердің қазақ  тіліндегі мазмұны не білдіретінін білу үшін қазақ тілінің соңғы жылдары шыққан түсіндірме сөздіктеріне жүгінейік. 1986 жылы шыққан  12 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ұрла, ұрлау және ұрлық сөздері біреудің затын білдірітпей жасырын алып кетуді білдіреді деп түсіндірген. Профессор Т. Жанұзақовтың  редакторлығымен  1999 және 2008 жылдары жарық көрген Қазақ тілінің сөздіктер     інде де «ұрла»- деген сөз  бір нәрсені білдірітпей, жасырын алып  кету, «ұрлық»-деген сөз біреудің затын, нәрсесін иесіне білдірмей меншіктену түріндегі  қылмыстық іс-деп түсіндірген. Ал, Қазақ Совет энциклопедиясында: «Ұрлық-мүлікті жасырын түрде иемдену немесе талан- таражға салу» деп көрсеткен.   

Сонымен қазақ тілінде  ұрлау сөзі мүлікті тек қана жасырын алуға, иемденуге байланысты қолданылып отыр. Сондықтан да Қылмыстық кодексте меншікке қарсы қылмыстарға байланысты қылмыстық әрекеттердің бәріне бірдей «ұрлау» деген ұғымның қолданылуы дұрыс емес    деп ойлаймын.

Енді осы айтылған ойлардан кейін  Қылмыс кодексінің  меншікке қарсы  қылмыстар тарауындағы бірнеше  баптарға қазақша және орысша мәтіндерін қатар келтіре отырып талдау жасайық.

Қылмыс кодексінің 175 бабының  бірінші  бөлігінде: «Ұрлық, яғни бөтен мүлікті  жасырын ұрлау» деп көрсетілген. Мүмкін бұл анықтама көп талас тудыра қоймас. Алайда, меншікке қарсы басқа қылмыстардың объективтік(әрекеттік) жағын талдай бастағанда «ұрлау» деген түсініктің орынсыз қолданылып, меншікке қарсы кейбір қылмыстардың әрекеттік жағынының мазмұны дұрыс ашылмай  отырғанын байқауға болады.

 Қылмыстық кодекстегі 176 баптың  1 бөлігінің орыс тіліндегі мәтіні мынандай: «Присвоение или растрата, то есть хищение чужого имущества, вверенного виновному». Ал, осы баптың қазақша мәтіні: «Иеленіп алу немесе ысырап ету, яғни кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау» деп көрсетілген.

Ал, профессор А. Н Ағыбаев қылмыстық кодекстің 176 бабына  сілтеме жасай отырып, «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету»- деп анықтама беріп «ұрлау» деген сөзді қолданудан орынды бас тартқан.

 Сот тәжірибесінде  кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін, оның  иемдену немесе  ысырап ету әрекеттері қылмыс кодексінің осы бабымен сарапталады және оны ешқашанда ұрлау деп танымайды.   Себебі  айыпты адам бөтеннің мүлкін жасырын алмайды. Бөтеннің мүлкі айыптыға сеніп тапсырылады да, осы мүлікке байланысты оның белгілі  заңды өкілеттігі болады.

177 баптың орысша мәтіні мынандай: «Мошенничество, то есть  хищение  чужого имущества или  приобретение  права на чужое имущество путем  обмана или  злоупотребление  доверием».  Ал, қазақша мәтініне назар аударайық: «Алаяқтық, яғни, бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу». Алаяқтықтың қазақ тіліндегі мазмұнына үңілсек,  ол  объективтік(әрекеттік) жағынан екі түрлі мағынаға ие болып, бірінен бірі алшақ жатқан екі түрлі қылмыстық әрекетті көрсеткен. Біріншіден-алаяқтық бұл  бөтен мүлікті ұрлау, екіншіден-бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы  алу.

 Сот тәжірибесінде  де, осы тақырыпқа арналған ғылыми  еңбектерде де алаяқтық  деп алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін немесе мүлікке деген құқықты иемденуді түсінеді.  1998 жылға дейінгі қолданылған қазақ тіліндегі қылмыс кодексінде де  алаяқтыққа осындай анықтама берілген.

Келесі 178 бапты алып қарайық. Мұнда: «Тонау, яғни  бөтен мүлікті  ашық ұрлау» деп көрсетілген. Тонау кезінде бөтеннің мүлкін алу процесі, басынан аяғына дейін ашық сипатта болады. Тонаудың ашық сипаты  бөтеннің мүлкін алу оның иесінің немесе бөгде басқа адамдардың көзінше жасалатындығында. Ұрлықты жасырын түрде бөтеннің мүлкін  иемдену десек, тонауды қалай ашық ұрлау деп түсінуге болады? Тонау дегеніміз бөтеннің мүлкін ашықтан-ашық тартып алып иемдену  емес пе?

1959 жылы қабылданған Қазақ ССР-інің  қылмыстық кодексінде «Шабуыл  жасап тонау, яғни  жәбірленушінің өміріне я денсаулығына қауіпті түрде күш жұмсап, немесе сондай күш жұмсаймын деп қорқытып азаматтардың өзіндік меншігіндегі мүлкін имедену мақсатымен  шабуыл жасау»- деп көрсетілген. 1995 жылғы   осы қылмыстық кодекске енгізілген өзгертулерде «азаматтардың өзіндік меншігіндегі мүлкін» деген сөз «бөтеннің мүлкін» деген сөздермен ауыстырылғаны болмаса,   шабуыл жасап тонаудың  жоғарыда келтірілген  анықтамасы сақталды. Бұл дұрыста еді. Себебі айыптының  адам өміріне қауіпті күш қолданып немесе қолданамын деп  бөтеннің мүлкін тартып алуы сот тәжірибесінде шабуыл жасап тонау  әрекеттері деп сараланып келді.

Қазақ ССР Жоғарғы соты Пленумының  өзгерістермен қабылданған  1996 жылғы 20 желтоқсанындағы «Тонау  және шабуыл жасап тонау туралы  істер жөніндегі сот тәжірибесі  туралы» қаулысында (қазір күші жойылған)«Тонау-бөтеннің мүлкін иеленген сәттен бастап, ал шабуыл жасап тонау-жәбірленушіні өмірі мен  денсаулығы үшін қауіпті саналатын күш көрсетумен немесе осындай күш көрсетуді тікелей қолданамын деп қорқытумен байланысты  бөтеннің мүлкін иемдену мақсатындағы шабуыл жасау сәтінен бастап аяқталған болып табылады»- деп соттарға түсінік берген болатын. Жоғарғы Сот   бұл қаулысында шабуыл жасап тонау-бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында шабуыл жасау деген ұғымды өте орынды пайдаланған.

Ал, 1998 жылы қабылданған  қылмыстық кодексте «шабуыл жасап  тонау» деген сөз «қарақшылық» деген сөзбен ауыстырылып, 179 бапқа «Қарақшылық-бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай  күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан  шабуыл жасау» деген анықтама берілген.

Қарақшылық деген ұғым «ел талаушылық, тонаушылық» деген  ұғымдыдарды білдіреді. Мұны дұрыс деп қабылдағанмен анықтамада да сот тәжірибесінде қалыптасқан дұрыс ұғымның барлығына қарамастан  «ұрлау мақсатында» деген ұғым  орынсыз қолданылды. Бөтеннің мүлкін ұрлау үшін шабуыл жасаудың   тіпті  қажеттілігі жоқ.

Осы қателікті қазақша қылмыстық кодекске берілген  түсініктеме де қайталанды. Түсініктеменің авторлары объективтік жағынан қарақшылық  жәбірленушінің  денсаулығы мен  өмірі үшін  қауіпті зорлықпен немесе осындай  зорлықты  тікелей  қолдану қаупімен  ұштасқан шабуыл арқылы сипаталады деп көрсете келе, оны мүлік ұрлау түрлерінің бірі деп қарастыруға болады деп  пікір айтады.

Қазақстан Республикасының 1998 жылы қабылданған  қылмыстық кодексі  бойынша ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан құнды  заттар мен құжаттарды  заңсыз, қайтарымсыз иемдену, осы иемденудің тәсіліне қарамастан  айыпты қылмыстық жауапқа тартылып  оған жаза тағайындалатын болды. Қазақ тіліндегі қылмыстық  кодексте «хищение» деген сөздің орнына тағы да «ұрлау» деген ұғым қолданылған.

Осы 180 баптың 1 бөлігінің  орысша мәтініне назар аударайық. Онда: «Хищение предметов или документов, имеющих особую историческую, научную, художественную или культурную ценность, независимо от способа хищение наказывается лишением свободы-деп көрсетілген. Осы сөйлемді қазақша кодексте: «Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени жағынан құнды  заттар мен құжаттарды  ұрлау, ұрлықтың жасалу тәсіліне қарамай қарамастан  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады» деп аударған. Ұрлық дегеніміз жоғары да  көрсетілгендей мүлікті жасырын заңсыз, қайтарымсыз иемдену болса, оны жасаудың да бірақ тәсілі бар-ол ұрлау. Менің ойымша, бұл баптағы ұрлау, ұрлық деген ұғымдар осы қылмыстың объективтік жағын толық сипаттай  алмайды. Себебі, бұл қылмыс тонау, қарақшылық және алаяқтық жолдарымен де жасалуы мүмкін.

Енді  осындай мағынасы қылмыстың объективтік жағымен сәйкес келе бермейтін анықтамалар орын алған қылмыстық кодекстегі бөтен мүлкіне қарсы жасалатын сот тәжірибесінде кездесетін  қылмыстық әрекеттерді саралауға байланысты туындаған мәселелерді соттарға түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  2003 жылдың 11 шілдесінде «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулы қабылдады. Бұл қаулының маңыздылығы-сот тәжрибесінде ғана емес, сонымен қатар қылмыстық құқықтық заңының теориясында да шешімін таппай жүрген жүрген біраз сұрақтарға жауап берді.

Бұл қаулы бөтеннің мүлкіне қарсы  жасалған қылмысты тек қана ұрлау  деп қарастырмай, ғылыми-тәжірибелік  тұрғыдан маңызды және бұл қылмыстардың мазмұнын толық ашатын- бөтеннің мүлкін заңсыз  иемдену- деген түсінікті бекітті.

Жоғарғы Сот өзінің нормативтік қаулысында заң шығарушы орынның бөтеннің мүлкін өз пайдасына асыруға байланысты қылмыстардың бәрін ұрлау деген  түсініктемесіне өзінің пікірін  айтты және бөтеннің мүлкін заңсыз иемденудің мағынасы ұрлау деген ұғымнан кең екенін атап көрсетіп, 1- бабында: «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және айналдыру танылады»- деп анықтама берді.

Сонымен бірге Жоғарғы Сот  қаулысында бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену және меншікке қарсы  өзге де қылмыстардың  заты бөтен, яғни  кінәлінің меншігінде тұрмаған мүлік болып табылатынын атап көрсетті.

Аталған қаулының 4 тармағында «Ұрлық –бөтеннің мүлкін  заңсыз жасырын иемдену» деп анықтама беріп, бөтеннің мүлкін  заңсыз иемденудің  жасырын болып табылатыны туралы мәселені шешу кезінде соттар  кінәлі адамның өзі жағдайды қалай  қабылдайтынын  басшылыққа алып, егер кінәлі  адам айналасындағылар үшін  өзі байқатпай әрекет жасадым деп санаса, онда тіпті  егер меншік иесі не өзге адам  оның әрекеттерін бақылап жүргеннің өзінде, ұрлық деп сралануға жатады атап көрсетті.  

Бұдан туатын қортынды: ұрлық, тонау, алаяқтық  және қарақшылық - бөтеннің мүлкін заңсыз иемденудің түрлері болып есептеледі. Оларды осы жасалу  тәсіліне, объективтік жағына қарап бірінен бірін ажыратамыз.

  Мұндай түсінік Қазақстанда   орыс тілінде шығып жатқан  меншікке қарсы қылмыстарға арналған ғылыми-құқықтық еңбектерде қолданылады және ешқандай пікір талас тудырып жатқан жоқ.

Байқап отырсаңыздар, Жоғарғы Сот аталған  қаулысында  күш қолдану деген сөз тіркесінің орнына «зорлық зомбылық  әрекеттерін  жасау» деген сөзтіркесін пайдаланып отыр. Менің ойымша, зорлық–зомбылық деген сөз өте орынды қолданылған және «насилие» деген сөз орысшадан қазақшаға дәл осылай аударылады да.

Сонымен, меншікке қарсы  пайдақорлықпен жасалатын қылмыстардың бәріне ортақ бір ұғымды қылмыстық құқық теориясында  қазақ тілінде қалыптастыру бұл қылмыстардың объективтік жағын  ашып көрсетуге, сол арқылы бірінен бірін  қателеспей ажыратуға көп септігін тигізген болар еді.

 

4. Бөтен мүлкін заңсыз иемденудің түсінгі.

 

Бөтен мүлкін заңсыз иемденудің түсінгі тек құқықтық ғылыми еңбектерде  ғана емес  қылмыстық заңда да қарастырылған. ҚК кодексінің 175 бабының ескертпесінде:«Қылмыстық кодекстің баптарында ұрлық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады»-деп көрсетіп, бөтен мүлкін заңсыз пайдаланудың мазмұнын ашып отыр.

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстар