Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.
Осыған байланысты, Қазақ КСР қылмыстық кодексінде социалистік меншікке қарсы жасалған қылмыстар үшін жеке меншікке қарсы қылмыстарға қарағанда қатал жаза қарастырылды. Мәселен, мемлекеттік және қоғамдық мүлікті қайталап немесе алдын-ала келісіп топ болып жасаған ұрлық үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылса, дәл осындай жағдай да жеке мүлікті ұрлағаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды. Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемденсе, мүлкі тәркіленіп он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қатар өлім жазасы да қарастырылды. Ал, жеке меншікке қарсы қылмыстарда аса ірі мөлшерде жеке мүлікті заңсыз пайдалану түсінігі болған жоқ .
Мемлекеттік немесе қоғамдық меншікті ұрлау, тонау, қарақшылық және алаяқтық жолмен заңсыз иемденуді аса қауіпті рецидивист жасаса немесе ірі мөлшерде жасалса, бұл қылмыстардың жасалу әдісіне және формасына қарамай, бес- алты жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды. Ұрлықтың қарашылыққа қарағанда қауіптілігінің төмендігіне қарамай, оны аса қауіпті рецидивист жасаса немесе ірі мөлшерде жасалса, он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыру-осы қылмыстық заңның ішкі қайшылықтарын көрсетеді. Және бұл жасалған қылмыстың жасалу әдісі мен қауіптілігіне қарап емес, қылмыс субъектісінің ерекшелігіне және қылмыс затының мемлекеттік немесе қоғамдық мүлкі болуына және оның мөлшеріне байланысты жаза тағайындау еді.
Сол кездегі қолданыста болған қылмыстық кодекс бойынша мемлекттік және қоғамдық мүлікті заңсыз иемденудің төмендегі формалары мен әдістері: ұрлау(76 бап); тонау(76-1); қарақшылық(76-2); алаяқтық(76-3); қызметтік жағдайын пайдаланып талан-таражға салу(76-4); қорқыту(76-7) қарастырылды.
Ал, 5-тарауда қарастырылған жеке меншікке қарсы қылмыстардың құрамы мемлекеттік және қоғамдық мүліктерге қарсы қылмыстардан өзгеше бола қойған жоқ. Мұнда да ұрлау(132 бап), тонау(133 бап), қарақшылық(134 бап),қорқытып алу(135 бап), алаяқтық(136 бап) және сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу(137 бап) жолдарымен жеке меншікті өз пайдасына айналдыру қарастырылды.
Енді осы қылмыстық
Осы қылмыстық кодекстің тағы бір ерекшелігі азаматтардың жеке мүлкін қайталап ұрлау және тонау деп, егер осы қылмыстарды мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді заңда көрсетілген жолдармен заңсыз өз пайдасына асыру қылмыстарының біреуін немесе жеке азаматтардың мүлкін ұрлау, тонау және алаяқтық жолдарымен заңсыз иемдену қылмыстарының біреуін жасағаннан кейін жасаса қылмыстардың қайталануы деп танылды. Жеке азаматтардың мүлкін қорқытып алу немесе қарақшылық жолымен жасағаннан кейін жеке мүлкін ұрласа немесе тонаса, бұл қылмыстарды қайталап жасаланды деп айтуға болмайтын еді. Бұл да сол кездегі қылмыстық кодекстің ішкі қайшылықтарының бірі еді.
1995 жылы сол кезде қолданыста
болған Қазақ ССР қылмыстық
кодексінде өзгертулер
Ал, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексі 6 тарауын меншікке қарсы қылмыстар деп атап, оның объективтік жағы мен жасалу әдістеріне қарап бөтен мүлкін заңсыз иемденуге байланысты қылмыстарды: ұрлық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық, ерекше құнды заттарды ұрлау, қорқытып алушылық деп бірнеше түрге бөлді. ҚР Қылмыстық кодексінің «Меншікке қарсы қылмыстар» тарауы заңи тұрғыдан жетілдіріліп қылмыстардың құрамдарына қарай бірыңғайластандырылды. 175 баптың ескертуінде бөтен мүлкін заңсыз иемденудің жалпы ұғымы бекітілді. Тауып алған немесе кездейсоқ қолға түскен бөтен мүлкін иемдену қылмыс санатынан шығарылды. Халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес ерекше құнды заттарды заңсыз иемдену (180-бап), жерге заттай құқықтарды бұзу (186-бап) сияқты қылмыстардың жаңа құрамдары енгізілді.
3. Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.
Меншікке қарсы пайдақорлықпен жасалатын қылмыстардың объективтік жағын толық сипаттап, оларды бір-бірінен ажыратуға септігін тигізетін, осы қылмыстарға ортақ ұғымды қалыптастыру қазақ қылмыстық құқық заңының теориялық және тәжірибелік маңызын арттырары сөзсіз және осы бағытта жұмыс істеуіміз керек те.
Осы ұғымның қалыптасуына байланысты ойларды Қазақ ССР–нің өзі одақтас республика ретінде тұңғыш қабылдаған қылмыстық кодексті талдаудан бастау орынды болады.
Жоғарыда атап өткенімімздей кеңес дәуіріне дейін қазақтың әдет-ғұрыпымен тікелей байланыста болған қылмыстық құқықтарында пайдақорлық мақсатпен жасалған бөтен меншігіне қарсы қылмыстарды ұрлық және тонау деген ұғымдармен қамтыған.
Ғылыми-теориялық еңбектерінде ғалымдарымыз көп қолданатын қылмыстық құқықтық заңының теориялық базасын жасаған орыс заңгер-ғалымдарының меншікке қарсы қылмыстарға байланысты және меншікке қарсы қылмыстардың мазмұнын толық ашып беретін «хищение» деген ұғымның мазмұнын ашуға арналған бірнеше ондаған ғылыми еңбектерімен бәріміз таныспыз.
Заңда қолданылған терминдердің мазмұнын дұрыс ашудың маңыздылығын көрсетіп, профессор А. И. Санталов: «Необходимость общего определение хищения вытекает из того, что законодатель не отказался от термина «хищение», сохранил его назывании соответствующих статей(хищение путем кражи, хищение путем мошенничества и т. д.). Но одного этого обстоятельства-ссылки на закон было бы недостаточно для обоснования общего определения хищения. Важно другое, определение общего понятие хищения позволяет глубже раскрыть сущность отдельных способов хищений, отличить хищения от других смежных преступлений»- деп жазды.
Тағы бір пікірді келтірейік. «В науке уголовного права было признано, что раскрытие понятие хищения и характеристика его основаных элементов позволяет выявить и обособить признаки, присущие всем формам хищения, облегчат анализ конкретных форм хищения, помогут отграничить их от других преступлений против собственности, от посягательства на иные объекты, а также от действий, не наказуемых в уголовном порядке.»
Ресей ғалымдарың ғылыми еңбектерінде «Хищение» деген ұғым екі мағынада түсіндіріледі.
Бірінші ол- меншікке қарсы қылмыстардың жасалу әдісі. Осы әдістеріге бөтен мүлкін жасырын, ашық, алдау арқылы, күш қолданамын деп қорқыту немесе күш қолдану арқылы иемденуді жатқызған.
Екінші ол-бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге байланысты қылмыстардың түрін және формасын сипаттайтын заңдылық категория, ұғым ретінде қолданылады.
Түрі мен формалары ұрлық, тонау, қарашылық, алаяқтық түрлерінде орнатылған.
Біздің қылмыстық кодекстің 175 бабының ескертпесінде берілген анықтаманы да дәл осындай заңдылық категориялық ұғым деп түсінуге болады.
Бұл ұғым(хищение) заңсыз пайдакүнемдік мақсатпен қайтарымсыз бөтен мүлкін өз пайдасына ұрлау, тонау, қарақшылық, алаяқтық жолдарымен асыру дегенді білдіреді.
Ал, ұрлық осы қылмыстық әрекеттердің бір формасы ретінде ғана көрсетілген. Ұрлық деп өз пайдасына асыру мақсатында бөтеннің мүлкін қайтарымсыз жасырын иемденіп алуды таныған.
Қазақстанда соңғы кездерде орыс тілінде жарық көрген қылмыстық құқыққа байланысты ғылыми еңбектерде де осындай пікірлер айтылған.
Профессор И. И. Роговтың бас редакторлығымен 2001 жылы орыс тілінде шыққан «Уголовное право Казахстана» деген коллективтік ғылыми еңбекте де: «В зависимости от способа изъятия в УК РК закреплено шесть форм хищения: кража, присвоение вверенного имущества, мошенничество, грабеж, разбой» деп көрсетілген.
Қазақ тіліндегі ғылыми еңбектерде және қылмыстық құқықтық оқулықтарда бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге қатысты қылмыстардың бәріне ортақ ғылыми және практикалық тұрғыдан сипаттама беретін түсінік-анықтаманың болмауы қазақ тіліндегі қылмыстық заңдарда осы қылмыстарға байланысты неше түрлі түсініктердің қатар қолданылуына әкеп соқты.
Мәселен, 1959 жылы қабылданған қылмыстық кодекстің ішінде бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге байланысты бірнеше ұғымдар қатар қолданылды. Бұлар:
Талан-таражға салу ұғымы қылмыстық заңда мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ұрлау, тонау жолымен, алаяқтықпен және меншіктеу немесе жұмсап қою жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып, қиянат жасау жолымен мүлікті пайдалануға байланысты қолданылды.
Тонауға -мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ашықтан- ашық талан- таражға салу деп түсінік берілді
Қылмыстық кодекстің осы баптарының мәтіндерін салыстыра талдасақ, заң шығарушының бұл ұғымды осы әрекеттерге байланысты неге қолданғанын түсіндірмейтініне және басқа ұғымдармен ауыстыра салатынына көз жеткіуге болады.
Мәселен, осы қылмыстық кодекстің 76 бабы мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ұрлау жолымен талан-таражға салу деп аталса, 76-3 бабы мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті алаяқтықпен талан-таражға салу деп аталды. Ал, заңның көрсетілген екі баптағы диспозициясына келсек, талан-тараж деген түсінік ұрлау және мүлікті иемдену деген сөздермен ауыстырылады.
«Ұрлық, яғни мемлекеттік немесе қоғамдық
мүлікті жасырын түрде ұрлау»-
Талан–тараж деген түсінік мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті меншіктеу немесе жұмсап қою жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып, қиянат жасау жолымен мүлікті пайдалануға байланысты қылмыстардың объективтік жағының мазмұнына сай болғанымен, мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ұрлау, тонау және алаяқтық жолдарымен иемденуді жалпы талан-тараж деп түсіндіру дұрыс емес еді.
Сот тәжірибесіне көз салсақ, мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті тонау немесе алаяқтықпен талан-таражға салу қылмысының заты, әдетте бір немесе бір неше мүлік қана болуы мүмкін.
Ал, мемлекеттік мүлікті ерекше көп мөлшерде заңсыз өз пайдасына асыру, оның жасалу әдісіне қарамастан ұрлық деп танылды. Сол кездегі сот тәжірибесіне сәйкес мемлекеттік мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену көп жағдай да тек қана қызмет бабын пайдаланудың арқасында мүмкін еді. Осындай мүлікке қарсы қылмыстық әрекеттерді мүлікті талан-таражға салу десек, бұл қылмыстың объективтік жағына сай болар еді. Ал енді қарақшылық жолымен ерекше көп мөлшерде мүлікті заңсыз иемдену өте сирек кездесетін қылмыстарға жататын.
Қазақ КСР ҚҚ 76-5 бабында:«Ұрлау тәсіліне қарамастан, мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті ерекше көп мөлшерде ұрлау» деп көрсетіліп, осындай мөлшерде ұрлаудың тәсілдеріне ұрлықты, тонауды, алаяқтықты, қарақшылықты және меншіктеу немесе жұмсап қою жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып, қиянат жасау жолымен мүлікті пайдалануды жатқызған.
Сонымен қатар, ұрлықты, тонауды, қарақшылықты, алаяқтықты немесе мелекеттік немесе қоғамдық мүлікті талан-таражға салуды қайталап жасау ұрлықты қайталау деп түсіндірілді(76-7).
Қылмыстық кодекстің 76-2 бабы мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті иемдену мақсатымен шабуыл жасап тонау деп аталды. Оған: «Шабуыл жасап тонау деп шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш жұмсаумен ұштастырып, немесе сондай күш жұмсамақ болып қорқытып, мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті иемдену мақсатымен шабуыл жасау»- деп анықтама берілді. Осы жердегі мүлікті иемдену ұғымы жеке меншік мүлікті шабуыл жасап тонауға байланысты да қолданылды.
Мүлікті социалистік, мемлекеттік, қоғамдық немесе жекелік деп атасақта оны заңсыз иемденудің екі жолы бар. Бұлар-мүлікті жасырын иемдену және ашық иемдену. Мүлікті иемдену заңсыз және қайтарымсыз, оның құнын төлемей пайдақорлық мақсатпен мүліктің иесіне материалдық зиян келтіріле отырып іске асырылады. Мүлікті иемденудің осы құқыққа қарсы берлгілері қоғамдық дамудың қандай формациясы болмасын ортақ болып табылады.
Алайда, социализм дәуірінде мемлекеттік және қоғамдық мүлікті социалистік фондыдан ақшасын төлеп алсада, заңсыз алу деп есептелді. Өзінің қызмет бабын пайдаланып, социалистік фондыдан құнын төлеп мүлікті сатып алып, кейін оны біреуге үстеме қосып сатса, мұндай әрекеттер алыпсатарлық деп танылып, кінәлі адам жауапқа тартылды.
Социалистік қоғамның тағы бір ерекшелігі ұрлаудың немесе талан-таражға салудың заты тек қана мемлекет пен қоғамдық ұйымдарға қарайтын социалистік меншіктегі мүліктер танылды.
Оның үстіне мемлекеттік және қоғамдық мүлікті жеке адам өз пайдасына асырса ғана бұл әрекеттер ұрлық немесе талан-таражға салу деп танылды. Сондықтан пайдақұмарлық мақсатпен социалистік меншікке өтпеген мүліктерді, ақшалай заттарды пайдаланып кету ұрлық немесе талан-таражға салу деп танылмады. Мәселен, лауазымды адам коммуналдық қызметтер көрсеткені үшін жинаған ақшаны пайдаланып кетсе, мұндай әрекеттер алдау жолымен мемлекеттік немесе қоғамдық мемекемеге зиян келтіру деп танылды. (2.)