Меншікке қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа

Описание работы

Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.

Работа содержит 1 файл

Меншікке қарсы қылмыс.doc

— 550.00 Кб (Скачать)

Киіз үйдің есігі байланған жіпті шешіп немесе жұлып алу не болмаса есікті тіреп қойған  тақтайды алып тастау, үйде адамның жоқтығын пайдаланып ұрлық жасауға оқталуға теңестіріліп, 5 тоғыздан 9 тоғызға дейін айып салынған. Жылқы ұрлаған адам ұрланған жылқыны қайтарудан  бөлек мойнына қосақ және көтіне тіркеу айыптарын төлеген.

Тонауға байланысты жаза тағайындау туралы алғашқы мәліметтер  1824 жылы құрастырылған «Қырғыз (қазақ) әдет-ғұрып құқығының» жинағында келтірілген. Тәуке ханның жеті жарғысында ұрлық пен тонау үшін бірдей жаза тағайындалатын болған. Қазақтың әдет-ғұрып құқығында ауылдарға шабуыл жасап күш қолданып, басқаның мүлкін тартып алуды тонау деп түсінген. Көбіне жолда келе жатқан бірді-екілі адамға күш қолданып мүлкін тартып алуды тонау деп атаған. Л. Ф. Баллюзек «Народные обычаи ...имеющие в Малой киргизской орде силу закона» деген жазбаларында 1865 жылы: «Так, под словом грабеж киргизы разумеют те эпизоды хищнической жизни, когда хищничество ограничивается ограблением одного или двух путников, пробирающихся из одних аулов в другие, и называется тунау, т. е. отобрании платья и лошади под путником»- деп жазды

Ал, егер тонау  мүлік иесіне дене жарақатын салумен  жасалса, онда қылмыскер  екі қылмыс үшін жазаға тартылған.

Қазақ әдет-ғүрып құқығында  «барымта», «барымташылық» деген ұғым болды. Орыстың кейбір зертеушілері  барымтаны тереңірек зертеп оны тонаудан  бөлек қарап, оның қылмысқа  жатпайтынын жазса, кейбіреулері барымтаны тонаумен теңестіріп қылмыс ретінде қараған.

Л. Ф. Баллюзек ұрлық жасап әшкереленген адам ұрланған малды өз еркімен қайтармаса, қайтару жөніндегі билікті орындамаса, мүлік иесінің ұрланған малын ашық түрде, кейде күш қолдана отырып қайтарып алуды барымта деп атайды деп жазады.

А. И. Левшин «Образ управления и законы (киргизов) деген жазбаларында 1820 жылы: «Кто сделает баранту в отмщение за таковую же и отгонит боле нежели  сколько у него угнано, то излишне возвращает претендателям и тем  окончивается»-деп жазады. С. Б. Броневский де «О законах киргизов» деген жазбаларында 1831 жылы да барымта туралы осындай қортынды жасаған. Ал, Н. И. Красовский деген зерттеуші: « тонау, яғни күш қолданып малды айдап кету немесе барымта қазақ әдет-ғұрып заңдары бойынша қылмыс деп танылмайды»- деп көрсетеді.

А. И. Мякутин «Юридический быт киргизов» деген жазбаларында ұрлықты тонаудан, тонауды барымтадан мейілінше дәл ажыратып көрсетеді. Ол малды жасырын айдап кетсе ұрлық, мүлікті күш қолданып тартып алса тонау деп аталады дейді. Барымта деп атау үшін  малды айдап кетуге түнде емес күндіз шығу керек, барымта жасалатыны туралы ашық жариялау керек, барымтаның негізгі мақсаты ұрланған малды қайтару болып табылады деп жазады.

«Очерки  истории государственного  права казахов в 18 и первой половине 19 в.» деген еңбегінде  С. Л. Фкус барымтаны   жауапкерді оған қойған мүліктік талаптарды  орындату немесе сот қарауына беруге көндіруге бағытталған оның мүлкін ашық тартып алуға бағытталған процессуальдық институт ретінде көрсетеді де «...Наличие такого  процессуального института, как барымта, характеризует архаичность  казахского судоустроиства и  судопроизводства и предопрделяет его  особенности» деп жазады.

«Жеті жарғыны» зертеген Ж. Артықбаетың «барымтаны қылмысқа  қарсы қоданатын ұжымдық шара ретінде қарастыруы, менің ойымша өте ооынды.

Барымта алдымен  қылмыс жасаған  жақ билер шешімніе көнбесе немесе  оны орындауды кешітірге  даугер жақ өз тарапынана барымта ұйымдастыруға құқылы. Барымата ең алдымен үрланған малды билер шешіміне сәйкес айдап алу. Бармытаның көолемі билеп шешімім көлемінен шықпайды.

«Жарғы» бойынша егер қылмыскер  би шешіміні орындамаса, туыстары қорғап, өз тарапынан айыбын тартпаса, ауыл болып дауды  шешуден бас тартса зәбір шегуші  жақ барымтаға барады» –деп жазады Ж. Артықбаев.

Сонымен бірге малды айдап келгеннен  кейін зәбір көрген жақ би-ақсақалдарға қанша мал айдап келгенін баяндайтын болған. Айдап әкелінген мал  билер шешімімен берілген айыпқа немесе құнға сәйкес болуға тиіс. Барымта ашық түрде жасалады. Барымтаға қатысқан  адам жорықта өлетін болса зәбір шеккен жақ, құн төлеуді  талап етуге құқылы болған.

Сонымен,  қортындылай келе қазақтың қылмыстық әдеп-ғұрып құқығында  ұрлықтың да, тонаудың да түсінігінің  толық қалыптасқанын байқаймыз.

  Қазақтың қылмыстық әдеп-ғұрып құқығында  біреудің малын, мүлкін жасырын заңсыз иеленуді ұрлық деп таныса, екені, ал, бөтеннің мал-мүлкін –дүниесін ашық  және  күш қолдану арқылы заңсыз иеленуді тонау деп таныған.

Орыс  зертеушілері қазақ құқығындағы  негізі жаза ретінде адамға қарсы жасалған қылмыстарға негізнен құн төленетінін, мүлікке қарсы жасалған қылмыстарға айып төленетінін көрсетеді.

Л. Ф. Баллюзек айыптың мынындай түрлерін келтіреді.

Қылмысқа  жатпайтын әрекеттер үшін:

1. Ат-тон  айып. Бір жылқы мен шапан.Жылқы  үш жастан төмен болмауы керек

2. Ат-тон.  Бұл осылай деп аталғанымен, негізінен кінәлі шапан беріп құтылатын болған.

3 Азусыз  –ат, жиексіз тон. Әдетте бұл айыпқа қой мен мата беріп құтылған.

Қылмыс  жасағаны үшін:

1. Бір  ат.

2. Бір  түйе, бір шапан.

3. Бір түйе, бір ат.

4. Тоғыз-  тоғыз  бас мал.

Тоғыз айыптың түрі- түйе бастатқан тоғыз. Бұл айыпты бір түйе тайлақ ботасымен, бір бие тай-құлынымен, бір сауын сиыр тайынша, бұзауымен құрайды.

Ат  бастатқан тоғыз-бие,тай мен құлыннан,сауын сиыр,тайыншамен бұзаудан, қой,тоқтымен қозыдан тұрады.

Өгіз  бастатқан тоғыз үш іріқара мал  және алты қойдан  немесе бір өгіз және сегіз қойдан тұрады.

Тоқал тоғыз- әдетте сегіз қойдан тұрады.

Бұдан басқа ұрлық жасаған адамға айыптың  ерекше түрлері қарастырылған.

Мойнына қосақ, көтіне тіркеу айыбы. Ұрланған малдың үстіне қосып  төленетін мал. Мойнына қосаққа әдетте үш жасар құнан, көтіне тіркеу ретінде екі жасар тай берілген немесе ұрланған малдың түріне қарай қосақ  немесе тіркеу төленген.

Айыптың ең ауыры 3 тоғыз төлеу, оны шау  алу  деп атаған.

Халқымыздың осындай әдет-ғұрып  дәрежесіндегі  бөтен мүлкіне байланысты қымыстық құқықтық ережелері мен қалыптасқан түсініктері бола тұра қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңдарымызда соларды пайдалануға батылымыз жетпей келеді. Кеңес дәуірінде немесе Ресейде жазылған заңдарды көшірумен келеміз. Әсіресе сол ата заңдарымыздағы мүлікке қарсы қылмыстарда қолданылатын жазаларды, солардың ішінде құн төлеуге байланысты  жазаларды неге кеңінен қолданбасқа. Мәселен, бөтен мүлкіне қарсы қылмыстарды (ұрлықты немесе тонауды)бірінші рет жасаған адамдарға сол заңсыз иемденілген заттардың құнын еселеп (бес еседен он есеге дейін немесе одан да көп еселеп) төлеу жазасын орнатуға болады ғой.   

 

 

 

2. Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы  бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

 

Қазақстанның кеңес дәуіріндегі  қылмыстық заңы Октябрь Социалистік  революциясымен тікелей байланысты екені белгілі. Қазан революциясының жеңісінен кейін  1917 жылдың 24 қарашасында осыған дейін қолданыстағы заңдардың  «революциялық идеяларға қайшыларының» бәрін жоққа шығарған кеңес халық коммисарының  № 1 Сот туралы декреті шықты. Осы заң актісі бойынша мүлікке қарсы қылмыстар, революцияға қарсы қылмыстармен бірге ревтрибуналдың қарауына берілді.

Бүкіл Россиялық Атқару  Комитетінің  1919 жылғы 21 қазанындағы «Соғыс жағдайынының жариялануына байланысты жалпы соттарда қаралатын  істерді алу» туралы  декретіне сәйкес бүкіл Россиялық Төтенше жағдайлар комиссары «кеңестік және қоғамдық  қоймалардан және  дүкендерден мүлікті  заңсыз иемдену мақсатында тонау  және қарақшылық жасағандарды» ату құқығына ие болды.

Ал, 1921 жылы 1 маусымда БРАК мен КХК-нің  бірлескен «Мемлекеттік қоймалардан заңсыз мүлік иемдену және  осыған әкелетін лауазымдық қылмыстармен  күресу» туралы декретінде бөтен мүлкін заңсыз иемденуге байланысты қылмыстарға қамсыздандыру, бөлу, дайындау  және өндіру органдарында, қоймаларда, баздарда жұмыс істеп жүрген адамдардың заңсыз  тауар беруі, мемлекеттік қоймалардан, баздардан, диірмендерден майда тауарларды алып-сатарлық үшін әдейі заңсыз алулары жатқызылды. Осы декрет бойынша мүлікті заңсыз иемдену үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланса, бұл қылмысты  әлденеше рет жасаса немесе үлкен лауазымды адам жасаса  ату жазасы белгіленді.

Бұл декреттің  сол  уақыт үшін үлкен  саяси маңызы бар болды. Сол кездегі  жеке капитал тек қана, мемлекеттің  қоймаларынан ұрланған тауарлардың  арқасында ғана дамиды деген пікір қалыптасқанды.

1922 жылы  РКФСР қылмыстық кодексі  қабылданып, мемлекеттік және қоғамдық мүліктермен қатар азаматтардың мүлкіне қарсы жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік осы кодекстің мүліктік қылмыстар деген тарауының баптарымен(180 бап-ұрлық, 182,183 баптар-тонау, 184 бап-қарақшылық, 185 бап-талан-таражға салу, 187, 188 баптар-алаяқтық және тағы басқалар) қарастырылды. Аталған кодекс бойынша мемлекеттік және қоғамдық мүлікке қарсы қылмыстар, азаматтардың мүлкіне қарсы жасалған қылмыстарға қарағанда ауыр қылмыстар қатарына жатқызылды.

Мәселен, жеке адамның мүлкі ұрланса, алты айға еңбекпен түзету жұмысына немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, мемлекеттік мүлікті ұрлау бір жылға дейін осындай жазаларға тартылатын болды.

Аталған кодекстің 180 бабына сәйкес басқа біреудің қолдануында, пайдалануында және игеруіндегі заттарды жасырын иемдену ұрлық деп танылды. Бұл заңда бөтеннің мүлкін заңсыз  иемденудің түсінігі жан-жақты ашылмады. Оған тек ғылыми тұрғыда ғана анықтама  берілді.

Заңды немесе  жеке тұлғаның иеленуіндегі бөтеннің мүлкін қасақана заңға қайшылықпен  өз пайдасына асыру мақсатында иелену- бөтен мүлкін заңсыз иелену деп танылды.

Осы бапқа сәйкес ұрлық бірнеше түрге бөлінді. Олар: жай, ауыр және жылқы немесе  іріқара мал ұрлығы деп бөлінді. Жылқы немесе ірі-қара мал ұрлығы үшін,  егер ұрланған мал егіншілікпен  айналысатын еңбекші халықтікі болса ғана жауапқа тартылатын болды.

Ұрлық  қару немесе сайман  қолданылып жасалса, ұрлықты кәсіп етіп алған  адаммен  жасалса, алдын-ала келісіліп жасалса және жәбірленушіге өте қажетті затты ұрланса, мұндай әрекеттер ауыр ұрлықтарға жатқызылды.

Осы жылы  өрт, су тасқыны, поездің апатқа ұшырауы  немесе басқа да апатты  жағдайлар кезінде жасалған ұрлық  үшін жауапкершілік белгіленді.

1923 жылы ВРОАК қаулысымен  қылмыстық  кодекске 180а бабы енгізіліп, қоймалардан,  вагондардан, кемелерден және басқа мемлекеттік мүлікті сақтау орындарынан  қандай тәсілмен болса да  мүлікті заңсыз иемденуге байланысты жауапкершілік енгізілді және осындай қылмысты лауазым иесі жасаса немесе ол аса ірі мөлшерде жасаласа, үш жылдан жоғарғы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал егер  қылмысты ауырлататын жағдайлар болса-өлім жазасы қарастырылды.

1932 жылы 7 тамызда  кеңестер одағының  ОАК және ҚХК «мемлекеттік өнеркәсіптер, колхоздар мен кооперациялардың мүліктерін қорғау және қоғамдық социалистік меншікті қорғауды күшейту» туралы  заң қабылдады. Бұл заңда мемлекеттік және қоғамдық мүлікті заңсыз иемденгені үшін жеңіл жағдайларда 10 жылдан жоғары бас бостандығынан айыру жазасы, жазаны ауырлататын жағдайларда  өлім жазасы  қарастырылды. Бірақ бұл заңда  мүлікті заңсыз иемденудің түсінігі және оның саралау белгілері анықталмады. Сондықтан бұл заң қолданыста көп қиындықтар туғызды және қандай жағдайда қылмыстық заң, қандай жағдайларда осы заңның қолданылатындығы анықталмады. Кейде бұл заң мүлікті заңсыз иемденуге байланысты емес әрекеттерге де қолданылды.

1947 жылғы 4 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің «Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті заңсыз иемденуге байланысты қылмыстық жауапкершілік» және «Жеке меншікті  қорғауды күшейту» туралы жарлықтары социалистік және жеке меншікке  қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті одан әрі күшейтуге бағытталды. Бұл жарлықтармен мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүлікті заңсыз иемденудің әдістеріне қарамай жауапкершілік орнатылды. Қоғамдық мүлікті заңсыз иемденуге қарағанда мемлекеттік мүлікті заңсыз иемденуге ауыр жаза тағайындалатын болды. Жеке мүлікті заңсыз иемденудің ұрлыққа және қарақшылықа байланысты түрлеріне жауапкершілік орнатылды.

Осы жарлықта ұрлыққа «жасырын немесе ашық түрде мүлікті иемдену» деп анықтама берілді. Бұл екі әрекеттің мазмұны негізінде тонауды да қамтыды. Бұл қылмыстардың  саралаушы белгілері ретінде қылмыстың қайталануы және қылмысты  ұйымдасқан топтың жасауы қарастырылды.

1955 жылы КСКР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұсақ мөлшерде заңсыз иеленуге байланысты жауапкершілік» туралы жарлығы шықты. Осы жарлыққа сәйкес, мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұсақ мөлшерде заңсыз иеленуге байланысты қылмыстық жауапкершілік орнатылып, осындай қылмысты бірінші рет жасағанға 6 айдан 1 жылға дейін түзеу жұмыстары немесе 3 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын болды.

Оның  үстіне, мүлікті ұсақ мөлшерде заңсыз иемдену қандай  әдіспен жасалғанының құқықтық маңызы қажет етілмеді. Айта кету керек, ол кезде мүлікті ұсақ мөлшерде заңсыз иемденуге байланысты жауапкершілік заңсыз иеленген заттың бағасымен ғана емес, оның мөлшерімен де өлшенді. Мәселен, бағасы 300-350 рубль болатын затты заңсыз иелену мүлікті ұсақ мөлшерде иеленуге жатқызылды. Ал, бағасы 215 рубль болатын 450 килограмм қарбызды ұрлаған адам қарбыздың мөлшеріне байланысты  1947 жылғы жарлықтың негізінде жауапқа тартылды.

Қазақ ССР-інің 1959 жығы қабылданған қылмыстық кодексінде меншік –мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік деп бөлініп, бұларға қарсы жасалған қылмыстар қылмыстық кодекстің 2 және 5  тарауларында қаралды. 2 тарауға социалистік меншікке қарсы қылмыстар кірсе, 5 тарауға азаматтардың жеке меншігіне қарсы қылмыстар кірді.

Бұл қылмыстық заңда Кеңес одағының басқа республикаларының қылмыстық заңдары сияқты социалистік меншікке қарсы қылмыстардың жасалу тәсілі мен формасына қарай  қылмыстық жауапкершіліктер орнатылды. Сол кездегі қалыптасқан түсінік бойынша, социалистік меншікке қарсы қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі, мемлекет пен қоғамдық орындардың басқаруы мен пайдалануындағы барлық азаматтар мен еңбекшілердің еңбегімен жасалған социалистік меншіктегі материалдық заттарды қылмыскердің заңсыз иеленіп пайдалануында еді.

Информация о работе Меншікке қарсы қылмыстар