Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.
Бөтен мүлкін заңсыз иемденудің түсінігі және түрлері.
1. Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Әдетте, құқыққа байланысты ұғым субъективті мағынада айтылып, құқық жеке адамның мемлекеттің қорғауында болып, ешкімнің араласуынсыз еркін әрекеттер жасауы (оқуға, еңбек етуге немесе демалуға құқықты) деп түсіндіріледі. Заңдық мағынада құқық мемлекет шығарған құқықтық нормалардың (құқық объективтік мағынада) жиынтығы ретінде түсдіріледі.
Қалайда болмасын құқық және ол туралы түсінік адамдардың өмірімен, оның үстіне қоғамдағы өмірімен байланысты.
Қоғам дегеніміз жеке адамдардың жәй ғана жиынтығы емес, бұл өте күрделі әлеуметтік құбылыс. Ал, адамдардың қоғамдағы бір-бірімен қарым-қатынастары әр уақытта тату, бірін-бірі түсінушілік жағдайларда бола бермейді және де қоғамның мүшесі ретінде адаммен мемлекет арасында да тартысты жағдайлар болады. Осыдан барып, адамдар арасында фәлсапашы Томасс Гоббс айтқандай «бірі біріне немесе топ топқа қарсы шығатын қақтығыстар мен теке-тірестер» туындайды. Міне осы қақтығыстар мен теке-тірестерді реттеуге көмекке құқықтық нормалар келеді.
Құқық дегеніміз-адамдардың қоғамдағы мінез-құлықтары мен әрекеттерін реттеуге бағытталған мемлекеттің өзі шығарып және қолдап отырған заңдары мен басқа да құқықтық актілерінің жиынтығы.
Ал, қылмыстық құқық болса, ол адамдар арасында туатын олардың өмірімен денсаулығына, ар-ожданына және мүлкіне залал келтіретін немесе келтіруі мүмкін талас-тартыстарды болдырмауға және оларға тиым салуға бағытталған ережелердің жиынтығы.
Адамдардың мінез-құлқы мен іс-
Адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын реттеуге бағытталған дінилік және әдет-ғұрыптық шектеулер мен құқықтық нормалар және ережелердің жиынтығы ерте дүниеден ақ жинақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.
Мәселен, Вавилонның патшасы Хамурапидің заңдары бойынша сарай байлығын ұрлаған адам да, ұрланған заттарды сатып алған адам да өлім жазасына кесіліп отырған. Ертедегі Рим құқықтарының жинағы -12 таблица заңдарына сай жалған куәлік еткен адамдар биік жардан лақтырылатын болған.
Қазақ тарихына көз жүгіртсек, қазақ халқы да осындай құқыққа байланысты әдет-ғұрып, ереже-нормалардан кенде болмаған және олар ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп отырған.
Мыңдаған жылдар бойы көптеген түркі тайпалары көшіп–қонып жүрген еркін аймақ жер шарының Батыс Сібір және Орталық Азиялық бөлігінде орналасқан. Бұл аймақ тарихи әдебиеттерде Ұлы дала–қазақия деп аталады. Ұлы даланың дамуының өзіндік ерекшеліктері болды. Ұлы далада қазақ–түркі этносының біртұтас тілдік мәдениеті және көшпелі қазақтардың дамыған демократиялық құқықтық мәдениеті қалыптасты. Қазақ құқығы «дала демократиясы» шеңберінде дамып, бостандық пен әділдікке негізделді.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін қазақ мемлекеті мен оның құқықтық нормаларын зерттеуге көп көңіл бөліне қоймады. Соның салдарынан, Әз Тәуке Хан тұсында жасалған «Жеті жарғы»-қазақ заң жарғыларының көшбасы деп тұжырымдалып келді.
Бірақ та Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған уақыттан бері көне тарихи мұраларға деген ерекше ізденістің арқасында жаңағы тұжырымды жоққа шығаратын соны деректер табылу үстінде.
Мәселен, үш мың жылдық жазбаша тарихымен ерекшеленетін Қытай елінің «Таңнама», «Ханнама» деген тарихи құжаттарының жылнама жинағында Қазақ мемлекетінің ұйтқысы болған сақ, үйсін, ғұн елдеріндегі заң орнына жүрген әдет-ғұрып өлшемдері туралы құнды пікірлер айтылған. Онда маңызын жоймаған әменгерлік туралы: «Ғұндар мен үйсіндерде ағасы өлсе оның әйеліне інісі, інісі өлсе, жесіріне ағасы әменгерлік ететін» деп көрсеткен жазулар бар еді.
Сол кездегі әдеп-ғұрып
Ғұндар мен үйсіндердің тікелей мұрагерлері ретінде жаңа дәуірдегі жыл санаудың 500 жылдары Түркі халықтары деген атаумен тарих сахнасына шыққан бабаларымыз жаңағыдай ережелерді-жарғыларды одан әрі дамытты. Бұл жөнінде Лев Гумилевтің «Көне түріктер» деген еңбегінде мынандай заң ережелеріне сипаттама берілген. «... Түріктерде өте қатал, тіпті қатыгез құқық заңының өзі әйелді қолдап қорғаған. Күйеуі бар әйелді зорлаған кісі өлім жазасына кесілген. Қыздың арына қол салған еркек, оған дереу үйленген. Әйелді зорлау ең ауыр қылмыс-көтеріліс жасау, опасыздықпен кісі өлтіру, тұсаулы атты ұрлау сияқты қылмыспен тең қаралған» -деп жазған.
Тағы бір айтатын жай-қазақ билерінің түп атасы атанған Шыңғыс қағанның уәзірі болған Майқы би заң-жарғыларының бар екені анықталғаны. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген мәтел сөздің астарына терең үңілсек, оның шешендік сөздің майталманы, әділ биліктің арғы атасы болуымен бірге заң жарғылардың қалыптасуына да әсер еткен тұлға екенін байқауға болады. Осыған орай, қазақ заң жарғыларының басы сол Майқы биден басталады деп айтуға толық негіз бар.
Шыңғысханның өмірін жете зерттеген ағылшын жазушысы Джек Уэзерфорд: «Шыңғысхан елдегі малшыдан бастап ханға дейін заңға бағындырды. Сөйтіп, Шыңғысхан заңның бәрінен жоғары екенін жариялап, ол өзіне дейін бірде цивилизация жетпеген жетістікке жетті»-деп жазды.
Майқы би шығарған жарғының ұзын ырғасы
жетеу. Сол заң-жарғылардың мән-
Майқы би шығарған заң-жарғыда ұрлық істер бұдан бұрынғы көшпелі қоғамда қолданылып келген қатал ережелерді жұмсарта түскен. Бұрынғы ережелердегі секілді ұрлық істегендердің қол-аяғын сындырып кесіп, жантүршігерлік азапқа салатын түзімнің күшін жойған. Ұрының ісіне қарай айып тағылып, төлем қайтару күшейтілген. Бұл жарғыда «Егер тартып-тонап алушы болса, еселеп төлем қайтарумен қоса, оған қырық мәрте дүре соғу керек»- делінген.
Содан кейінгі қазақ халқының құқығының жүйеленген қайнар көзі болып «Қасым ханның қасқа жолы»(Қасым ханның билігі-1511-1532ж.), «Есім ханның ескі жолы» (Есім хан билігі-1598-1623 ж.) және Әз Тәуке ханның «Жеті жарғы» атты ережелер жинағы есептеледі.
«Қасымханның қасқа жолы» ережелер жинағында бірінші аталатын себебі, 15 ғасырда Керей және Жәнібек хандардың тұсында қазақ хандығынығның –мемлекетінің негізі қалнаған еді. Осы Әз Жәнібектің баласы Қасым хан қазаұ мемлекетін қалыптастыруға тырысып, заң ережелерін бір қалыпқа келтіріп, ішікі және сыртқы саяси ахуалға оларды ыңғайлауға үмтылған тәрізді. Қазақ шежіресінде қасым ханның хан тағын сарайшықтан ұлытауға көшіргенін, қазақты қатарға қосып кеткен осы қасым хан, екенін қазақтың ортасында «Қасымханның қасқа жолы» делінетін сөз үлгі, қасиет болып қалды делінеді.
Академик Ә. Марғұланның пікірнше Қасым хан шариғат заңдарын қабылдамай, ертеден келе жатқан, көшпенді халық мойындаған «Жарғы» ережелерін бекітуге күш салғандықтан, оны қатты ұнатып «Қасымханның қасқа жолы» деп атап кеткен.
Осы жинақталған ережелер негізінде барлық даулар азаматтық құқықтық сипатқа ие болды және олар үшін мүліктік жауапкершілік орнатылды. Қазақ құқығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші, сот билігін ел бірлігіне арнаған көне дәстүрді берік ұстаған билер болды. Академик Салық Зиманов «Олар әрі ақын, әрі шешен, философ әрі ойшыл, әдет-ғұрып құқығының білгірі және оның реформаторы, әскери қолбасшысы және басқарушысы еді-деп жазды.
Билер өз қызметінде жергілікті ру мүдделлерінен бұрын халықтың мүддесін жоғары ұстады. Сонымен бірге олар қоғамдық пікірдің бақылауында болды. Қазақ биінің моральдық-құқықтық мәртебесі халықтың –«Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген талабынан көрініс тапты. «Әдет әдет емес жөн әдет», «Тіл жүйрік емес, шын жүйрік», «Әділсіз би оңбас, әйелсіз үй оңбас», «Атаңның құлы айтсада, әділдікке бас и», «Елге бай құт емес, би құт» -деген аталы сөздер әділдіктің құндылық ретінде қаншалықты жоғары екенін көрсететін ойлар емес пе. Елдің құты бай емес би болатын болса, онда билік айтып қара қылды қақ жарған би бабаларымыздың қазақ сахарасындағы тарихи орыны алтын әріппен жазылуға тиіс еді.
Қазақ құқығын зертеу кеш 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында ғана басталды. Еуропа әлемі үшін де қазақ көшпелі әлемі осы кезден белгілі бола бастады. Бұл бағытта Ресей зор белсінділік танытып, өзінің шенеуіктерін Ұлы даланы және осы далада көшіп- қонып жүрген қазақ халқының өмірі мен әдет-ғұрпын зерттеуге жібере бастады. Оның өзі қазақ жерін отарлаушылыққа байланысты ғана басталды.
Қазақтың әдет-ғұрып құқығын зерттеген кеңес дәуіріндегі ғалымдардың ішінде Т. Күлтелеевтің аты ерекше аталады. Алғашқы қазақ заңгерлерінің бірі Т.Күлтелеев тұңғыш рет қазақ құқығындағы қылмысқа байланысты әдет-ғұрып заңдарын зерттеген ғалым. Бұл еңбегі «Уголовное обычное право казахов» деп аталады. Орыс тілінде алғаш рет 1955 жылы басылып шыққан. Осы еңбегінде Т. Култелеев алғаш рет әдет-ғұрып заңдарындағы қылмыстың, жазаның түсінігі туралы, адамға, отбасылық-некелікке қарсы, мүліктік қатынастарға байланысты, басқаруға және дінге қарсы қылмыстарға талдау жасады.
Т. Күлтелеев осы еңбегінде қазақтың әдет-ғұрып заңдарында мүлікке қарсы қылмыстардың белгілі бір жүйесі және түсініктері қалыптаспағанын айтады.
Күлтелевтің айтуы бойынша мүлікке қарсы жасалған қылмыстардың бәрі ұрлық деп танылған және мүлікке қарсы қылмыстарды жасаған адамды қазақтар ұры деп атаған. Қазақтың әдет-ғұрып заңдарында тонау түсінігі де ұрлықтан көп ерешелігі де болған жоқ –деп көрсетеді.
Қазақтың әдет-ғұрып заңдарын зерттеген Н. И. Гродеков «Киргизы и кара киргизы в Сыр-даринской области» деген еңбегінде былай деп жазды: «У киргизов нет особых слов для выражения понятий воровства и грабежа. Урлық-воровство или грабеж, уры –вор, разбойник, и вообще преступник, урламак-красть, тартыб алмак-отнимать, грабить».
Патша өкіметінің кейбір орыс зерттеушілері қазақтар ұрлықты мүліктік жауапкершіліктен ажыратпаған, яғни қылмыс деп танымаған деп көрсетеді. Патша өкіметі мен оның шенеуіктерінің мұндай көзқарастары сол кездегі қазақтарды дамымай арта қалған және қоғамдық дамудың ең төменгі сатысындағы ел деп көрсетудің негізінде қалыптасқан. Сондай шенеуіктердің бірі А. Добросмыслов «Суд у киргиз во время ханского управления» деген жазбаларында: «Всмотревшись близко в законы хана Тявки, которые, вероятно, совершенно соответствовали понятиям киргиз того времени, мы увидим, что они мало чем отличаются от понятий и законов, господствовавших в Европе шесть–семь столетий тому назад. Обычаи, подобные киргизским времен Тявки, существовали и у нас, русских. Так, например, в «русской Правде» Ярослава говорится о плате за смерть почетного лица, свободного человека и раба за увечье и пр.
Отсюда следует, что понятие киргиз о праве и правде не есть что либо особенное, а только свидетельствует об их отсталости в умственном развитии на несколько веков от еврпейцев.»-деп қазақтарды алты- жеті ғасырға артқа жылжытып қойған.
Витевский, Рычков сияқты зерттеушілер де ешқандай негізсіз қазақтар ұрлық пен тонауды «жігітік», «ерлік» ретінде қараған деп жазған. Шындығына келгенде қазақ халқы ұрыны ұры деген. «Ұрының үйі күйсін-аяма» немесе «Ұрлық түбі қорлық»-деген мақал-мәтелдер бекер айтылмаған болар. Халық ұрлық жасаған адамды қатал жазалап отырған. Мәселен В. И. Даль 19 ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының ұрлық жасаған адамды қалай жазалағанын-ұрлық жасаған адамды дүре соққаннан кейін суық күзде аяқ-қолын байлап суға отырғызып қойғанын, ертесінде ғана орыс офицері көріп қалып, судан шығарып алғанын көргенін жазып қалдырған.
1816 жылы қазақ даласына саяхатқа шыққан И. П . Шагин «Дневные записки путешествия в степи киргиз-кайсаков Средней орды» деген жазбалаларында: «...За тридцать пять леть пред сим ханы, управляя народом, хотя и по изустным, но строгим и справедливым законам своих предшественников, самовластно содержали оный в мире и спокойствии. Во время сие каждый пользовался собственностью своей без опасения по произволу своему. Тогда малейшее воровство, малейший проступок наказывался смертью.» деп көрсеткен. Осы кезеңді орыстың шығыс танушы-зерттеушісі А. Левшин қазақтың құқықтық өміріндегі «Алтын ғасыр» дәуірі деп атайды.
Қазақ қоғамында халық көшпелі және негізі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан да негізінен мал ұрлығы көп болды. Осыған орай мал ұрлығы үшін қатал жаза тағайындалды. Жеті жарғы бойынша ұрланған мал үшін жай айыптан үш тоғыз айыпқа дейін жаза тағайындалса, ал басқа зат ұрланса сол заттың үш есе құнындай айып салынған.
Қазақтың әдет-ғұрып заңдарын 1846 жылдары жинақтаған орыс шенеуігі Д. Андре: «Воровство-мошенничество и воровство-кража имеет одинаковую степень преступления. Цель или лучшее старание биев скорее стремиться к возвращению угнанного или краденного скота, чем преследованию преступника для должного наказания» деп көрсете келе, ұрлық жасаған адамнан ұрланған затты алумен қатар, заттың иесі немесе оның ауылдастары ұрыға дүре соғатынын да айтады. Сандықтың құлпысын бұзып, ұрлық жасаса қылмыстың ауырлайтынын, киіз үйдің есігін байлаған жіпті шешіп кірсе, ол құлпыны сындырып кіргенмен бірдей болатынын жазады.
Г. Загряжский 1876 жылы жазылған «Юридические обычаи киргиз» деген еңбегінде ұрлыққа байланысты мынандай ережелерді келтіреді. Ұрлық жасаған адам ұрланған затты қайтарумен қатар, осы заттың ұрлануына байланысты келтірілген шығынды өтеп қана қоймай заттың үш есе құнына тең айып та төлеуге тиіс болған. Ал егер зат киіз үйден немесе сандықтан ұрланған болса төрт айып төленетін болған.