Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.
Ал, бізде керісінше. Қарақшылықты
ұйымдасқан топпен қару қолданып жасаса,
сегіз жылдан он бес жылға дейін,
ал бандитизм үшін бес жылдан он
бес жылға дейін бас
Мәселен, Қызылорда облыстық сотының
үкімімен Рсалиев құрған банданың мүшелері
Қожалепесов пен Ысқақов
Тағы бір мысал. Соттың үкімімен И. Шефер, Ю. Прохоров және И. Павлюк күні бұрын топ құрып, қылмыстық рольдерін бөліп, 16 калибрлі екі аңшы мылтығымен қаруланып, беттеріне бет перде киіп, Щучинск аудандық почта байланысы басқармасының зейнет ақыға арналған ақша таситын көлігіне шабуыл жасап, мылтықтан оқ атып, жәбірленушілерге ауыр дене жарақатын салып, 4814755 теңге иемденген. Сотталғандар кінәлі деп танылған қылмыстық әрекеттерде қылмыстық кодексте қарастырылған бандитизмнің барлық белгісі бар. Алайда, тергеу орындары қылмыскерлерге бандитизме байланысты айып тақпаған. Осыған байланысты бірінші қатардағы сот сотталғандардың әрекеттерін ҚК 179 бабының 3 бөлініің «в» тармағымен дәрежелеген.
Қостанай облыстық сотының үкімімен Боровик В. В. және Бихе А. Э. облыс аумағында шабуыл жасау үшін қарулы топ құрып, аңшы мылтығымен қаруланып, жүргізушілер Горбик пен Энграфқа олардың мүлкін иемдену мақсатында шабуыл жасап, құны 360000 теңге болатын мүліктерін тартып алған. Сот қылмыскерлердің осы әрекеттерін ҚК 237 бабының 1,2 бөліктерімен және 179 баптың 3 бөлігнің «а, в» тармақтармен дәрежелеген. Соттың бұл үкімімен апелляциялық алқа да келісіп отыр. Демек, қылмыстық заңның бұл қайшылығын түзетуге әрекет жасауымыз керек.
2000 жылғы 5 мамырда қылмыстық
кодекске енгізілген толықтырулар
қарақшылықтың құрамын одан
әрі күрделілендіріле түсті.
Қылмыскердің ниеті бұл жағдайларда негізінен зорлық-зомбылық жасау арқылы бөтеннің мүлкін иемденуге бағытталады. Жәбірленушіге зорлық –зомбылық жасау үстінде қылмыскер оның денсаулығына ауыр зиян келтіретінін біледі, алайда ол жәбірленушінің өлімін қаламайды. Бірақ қарақшылық кезіндегі ауыр жарақаттан жәбірленушінің өліп те кетуі мүмкін.
Осыған орай айтатын нәрсе: ол -егер қарақшылық шабуыл кезіндегі зорлық зомбылық адам өліміне әкеп соқса, мұндай әрекеттің қарақшылықтың объективтік жағынан шығып, қасақана адам өлтіруге байланысты қылмыстардың объективтік жағын құрайтыны. Басқаша айтқанда, қарақшылықтың ең ауыр түріде адамды қасақана өлтіруге байланысты қылмыстың құрамын толық қамтымайды. Осы мәселеге байланысты ғылыми-құқықтық әдебиеттерде әртүрлі пікірлер айтылды. Мәселен Г. А. Кригер қарақшылықтың объектісі тек қана адамның денсаулығы емес, оның өмірі де болып табылады деп көрсетті.
Осы ретте А. Санталовтың қарақшылықтың объектісі адам өмірі емес, тек оның денсаулығы ғана болады, қарақшылық кезінде адамға қасақана қаза келтірілсе, бұл әрекеттер қарақшылықтың құрамына кірмейді деген пікір айтқанын және бұл пікірдің түп негізі дұрыс екенін айқанымыз жөн. Осындай пікірлерді А. Игнатов пен Л. Гаухманда айтып, қарақшылықтың объектісі адамның денсаулығы деп атап көрсетеді.
Алайда соңғы кезде, Қазақстанда заңгерлер арасында, әсіресе 2000 жылғы 5 мамырда Қылымыстық кодекстің 96 бабына енгізілген өзгертулерден кейін, қарақшылықпен ұштасқан адам өлтіру қылмыстар жиынтығымен емес, бірақ баппен саралануы қажет деген пікірлер айта бастады.
Сотта осындай істерді қарау тәжірибесі де бір қалыпқа келе қойған жоқ.
Демек, қылмыскер қарақшылық кезінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіретінін білсе де, оның өліміне абасыздықпен қарайды. Ал, сот тәжірибесінде осыған байланысты қиындықтар туып отыр. Көп жағдайларда, соттар, қылмыскердің осындай әрекеттерін қылмыстық кодекстің 96 бабының 2 бөлігімен қоса дәрежелеп жүр.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының үкімімен Ханкельдиев, Черня Денеко және Нұрғалиетер алдын ала келісіп топ болып Сарыағаш қаласының тұрғыны Яморжаның үйіне қарақшылықпен шабуыл жасаған қарақшылық кезінде Ханкельдиев жәбірленушінің басынан монтировкамен бірнеше рет ұрған. Жәбірленуіші басынан алған соққының салдарынан құлап қалған. Жәбірленушінің үйінен іздеген ақшаларын таппаған топ оны өлтіруді ұйғарған. Ханкельдиев жәбірленушіні қылқындырып өлтірмек болып, оның мойнына белдік салғанда жәбірленушінің өліп қалғанын білген. Ханкельдиевтің осы қылмыстық әрекетерін сот қарақшылық кезіндегі әрекетерін жасыру мақсатында адам өлтіру деп танып, ҚР ҚК 179 бабының 3 бөлігінің «в» тармағы, 96 бабының 2 бөлігінің «ж, к» тармақтарымен дәрежелеген. Апелляциялық сатыдағы сотта бірінші қатардағы соттың үкімімен толық келіскен.
Алайда, бірінші және екінші
сатыдағы соттар, Ханкельдиевтің
қарашылық жасаған кезде
Осыған орай, Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы қылмыстық істі қайта қарап, Ханкельдиев қарақшылық жасау кезінде жәбірленушіге абайсызда оның өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салған деген қортындыға келіп, оның қылмыстық әрекетін ҚК 179 бабының 3 бөлігінің «б,в» тармақтарына ауыстырып қайта дәрежелген.
Пайдаланылған заңдар мен әдебиеттер:
6.Уголовное право Республики Казахстан . Особенная часть. Часть 1 Алматы. 2000 года.
7.Курс советского уголовного права. Под. Ред. Беляева Н. А. и Шаргородского М. Д. Издательства Ленинградского Университета. 1973 г.
8.Курс советского уголовного права. Под ред. А. А. Пионтковского. Москва. 1970 г.
9.Уголовное право Казахстана. Под ред. И. И. Рогова. Алматы. 2001г.,
10.Уголовное прво Республики Казахстана. Под ред. И. Ш. Борчашвили. Алматы. 2000г.
11.А. Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы. 2000 жыл.
12.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9 том. Алматы. 1986 жыл.
13.Қазақ тілінің сөздігі. Алматы. 1999 жыл.
14.Қазақ Совет энциклопедиясы. 11 том. Алматы. 1977 жыл.
15.Қазақстан Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы 2001 жыл.
16.Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Под ред. И. Ш. Борчашвили и С. М. Рахметова. Алматы. 2000 г. Уголовное право Казахстана. Особенная часть. Под ред. Рогова И. И. и. С. М. Рахметова. Алматы. 2001 г.
17.Қазақстан республикасының қылмыстық кодексіне түсіндірме. А. Н. Ағыбаев. Алматы. 2010 ж.
18.Комментарий к уголовному кодексу РФ. Отвественный редактор В. И. Радченко.
19. Комментарий к уголовному кодексу РФ. Десятое издание. Отв. Редактор В. М. Лебедев. Москва. 2010 ж.
20. Уголовное право.
Особенная часть. Под
21. Уголовное право
россии. Особенная часть. Отв.
Редактор О. Г. Ковалев.
22. Ответственность
за корыстные преступления
23. С. Фукс. Очерки истории
государственного права