Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:15, курсовая работа
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.
Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.Қазақстанның қылмыстық құқығындағы бөтен мүлікті заңсыз иемдену ұғымының қалыптасуы.
Осы жерде атап көрсетсек жәбірленуші атыс қаруы болды деп, және қару алынған жағдайда, сараптама қортыныдысымен атыс қаруының жарамды немсе жарамсыз екені анықталып, сотта тексерілуі керек Егер қолдануға оқталды деген қару жарамсыз болса, одна соттлған әрекетінде қарақшылықтың белгілері болмайды.
Соттың үкімімен С.З. Абазов ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігімен, 179 бабының 2 бөлігінің «а,г» тармақтарымен кінәлі деп танылған.
Соттың анықтағаны, Абазов тергеуде анықталмаған адаммен алдын ала сөз байласып, жәбірленуші Р.Ізмағамбеттің мүлкін иемдену үшін, оған алдын ала тергеуде анықталмаған «Оса» пішінді қарумен қаруланып, ақша талап еткенін, екінші адам жәбірленушінің автокөлігінен барсеткасын ішіндегі ақшасымен алып, оған 134 427 теңге мүліктік зиян келтіріп, оқиға болған жерден қашып кеткен.
Сот, С.З.
Абазовтың іс әрекетін
Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының
«Бөтеннің мүлкін заңсыз
Демек, соттар
атыс қаруын қолданамын деп
қорқытып, бөтен мүлкін заңсыз
иемденген жағдайда, кінәлі қолданбақшы
болған атыс қаруының
Бұл қылмыстық
іс бойынша С.З. Абазов
Сондықтан қадағалау алқасы сот
тергеуінде анықталуы мүмкін емес немесе
дәлелденуі күмәнді жағдайлар
Қару ретінде пайдаланылатын басқа заттарға байланысты ҚР Жоғарғы Соты 2003 жылғы жоғарыда аталған қаулысында «Қару ретінде пайдаланылған заттар деп жәбірленушіге дене жарақатын келтіруі мүмкін әрі оның өмірі мен денсаулығына қауіпті заттарды( асхана пышағы, бәкі, ұстара, балта, сүймен, таяқ бұрағыш, тақтай, тас және т. б), сондай-ақ жәбірленушіні уақытша әл-дәрмененінен айыруға арналған заттарды, олардың алдын-ала дайындалмағанына қатыссыз(механикалық тоңазытқыштар, көзден жас ағызатын және тітіркендіретін заттармен жарақтандырылған аэрозольдық және басқа да құралдар) түсіну қажеттігін көрсеткен. Сот тәжірибесіде осындай жолмен келеді. Алайда, кей жағдайларда соттар сотталғандар қолданған заттарды қару ретінде танымаған.
Мәселен, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер қарау алқасы сотталған Мельниковтың қарақшылық жасау кезінде қолданған қайрақтың сыныған қару ретінде пайдаланған зат деп танымаған. Алқа қаулысында қайрақ қару емес, үй шаруасына қолданылатын зат. Сотталған Мельников қайрақтың сынығымен жәбірленушіні ұрғанда, оны қару ретінде емес, қолының соққысын күшейту үшін қолданған деп көрсеткен.
Енді бір сот, қарақшылық кезінде қолданылған шиша жөнінде осындай қортынды жасаған.
Демек, қарақшылық кезінде қару ретінде қолданылған заттарға байланысты бір қалыпты сот тәжірибесі қалыптаспаған. Осыған орай қару ретінде пайланылатын зат ретінде қарақшылық кезінде қылмыскердің қолында болған кез-келген заттарды емес, қарақшылық жасау мақсатында күні бұрын қолданамын деп қару ретінде дайындаған заттарды түсінген дұрыс болар. Мәселен, ондай заттарға қылмыскер қарақшылық жасау мақсатында өзімен бірге алып келген пышақ, балта сияқты өткір және ұшталған заттардан басқа күні бұрын дайындап ұштап қайралған темірлер, темір трубалар, ұштарына үшкірленген темір байланған не болмаса бір ұшы ауырлатылған таяқтарды жатқызуға болады.
Сот тәжірибесінде газды қаруды қолдану мен жасалған қарақшылықтар жиі кездеседі.
Осы туралы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне орыс тілінде шыққан түсініктің авторларының пікірі екі үшты. Олар қолданылған қарудың газы адам өмірімен денсаулығына қауіпті болса, қарақшылық деп, егер газ қауіпті емес болса тонау деп дәрежелеу қажет деп есептейді. Мұндай пікірді Борзенковта қолдайды.
РФ-ның Жоғарғы Сотыда баллондағы немесе патрондағы газ адам өмірі мен денсаулығына қауіпті болса, онда оны қолданып жасалған қылмыс қарақшылық деп танылуы қажет деп қортынды жасаған.
Жоғарыда көрсетілген заңға
сәйкес газды қаруға-Қазақстан
Газды қару атыс қаруы емес, ол өзін-өзі қорғау қаруына жатқызылған. Бұдан туатын қортынды: қолданылатын газды қару адам өмірі мен денсаулығына қауіпті зиян келтірмейтіні анық. Демек, газды қаруды қолданып бөтен мүлкін заңсыз иемденуді тонау деп қараған жөн болар.
Сот үкімімен Е. Қ. Әнесов, алдын-ала келісіп топ болып, Ө. А. Акбаров, Б. А. Ахмедов, Б. Б. Баймаханов және М. С. Жарылқаповтармен бірге бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде тонау мақсатында қарақшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған.
Қылмыстық іске тіркелген құжаттарды және өтініште көрсетілген уәждерді талқылап, қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасы сотталғандар Е. Қ. Әнесов, О.Акбаров, Б.Ахмедов, Б.Баймаханов, М.Жарылқаповтарға байланысты сот қаулыларын өзгертіп, олардың қылмыстық әрекеттерін ҚК-нің 179-бабы 3-бөлігінің «в» тармағынан, ҚК-нің 178 бабы 3-бөлігінің «б» тармағына ауыстырып қайта саралаған.
Қылмыскерлердің әрекеттерін ҚК 179 бабымен саралау үшін соттар бөтен мүлкін ашық иемдену кезінде қандай да болмасын күш қолдану жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті немесе қауіпсіз екенін жан-жақты тексеріп, қылмыстық іске тіркелген дәлелдемелер қатар сот-дәрігерлік сараптаманың да қортындысына сүйене отырып анықтаулары қажет.
Жәбірленуші Н. Б. Сансызбаев сотта 2009 жылы 2 сәуірде ол күзетте отырғанда күзет бөлмесіне екі жігіт баса-көктеп кіріп, сөзге келместен біреуі кейін таныған Ахмедов оған жұдырығымен қатты соққы бергенін, ал оның қасындағы Баймаханов балоннан көз ашытатын газ бүріккенін, содан көзі ашып есенгіреп қалғанда екеуі жабылып диванға жығып, оның қарсыласқанына қарамастан, біреуі оған орындықпен басына соққы беріп есенгіретіп тастағанын, содан кейін олар сол жерде жатқан тоқ өткізетін сыммен оның аяқ-қолын байлап тастап, жарықты өшіріп шығып кеткенін, аулаға машинаның кіргенін, оған құрылыс заттарын тиеп, шығып кеткенін сезіп жатқанын көрсеткен.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 «Бөтенің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 22-тармағына сәйкес-соттар газ қаруын қолдану барысында пайдаланған заттың құрамы жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін сарапшылық жолмен анықтап және осыған қатысты әрекеттерді тонау немесе қарақшылық ретінде саралау қажет.
Алайда, бірінші қатардағы сот бұл қылмыстық істі қараған кезде сотталғандардың жәбірленушіге күш қолдануы және газды балонмен бетіне газ шашуы оның денсаулығына қандайда болмасын зиян келтірді ме оны, анықтамаған. Қылмыс қаруы ретінде қолданылған газ құрамын анықтау үшін де сараптама жүргізілмеген, газдың адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екені анықталмаған.
Жәбірленушінің денсулығына келтірілген зиян анықталмаған және осыған байланысты сот-дәрігерлік сараптама тағайындалмаған. Оның үстіне жәбірленуші дәрігерлік көмекке жүгінбеген, ешқандай ем қабылдамаған.
Осы анықталған мән-жайлардың негізінде қадағалау сот алқасы сотталғандар Е.Әнесов, О.Акбаров, Б.Ахмедов, Б.Баймаханов, М.Жарылқаповтар бөтен мүлкін заңсыз ашық иемдену барысында жәбірленуші Сансызбаевқа оның өмірі мен денсулығына қауіпті күш қолданды деуге ешқандай негіз жоқ деген қортындыға келген..
Қылмыстық кодекс ұйымдасқан топ жасаған қарақшылыққа жауапкершілік орнатып отыр. Қылмыстық заң егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп таниды. Ұйымдасқан топтың бірінші ерекшелігі-ол, бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін құрылады, екінші ерекшелігі бұл топ іштей жақсы ұйымдасқан тұрақты топ және үшінші ерекшелігі мұндай топтың құрамында кездейсоқ адамдар болмайды. Ұйымдасқан топ жасаған қарақшылық аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Ұйымдасқан топтың қару қолданып қарақшылық жасауы сот тәжірибесінде көптеп кездеседі. Ұйымдасқан топтың қару қолданумен жасаған қарақшылықтың бандитизме ұқсас белгілерінің бар екені белгілі.
ҚР ҚК 237 бабына сәйкес банда дегеніміз тұрақты қаруланған топ, ал, бандитизм азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты басқару, осы банда жасаған шабуылға қатысу болып табылады. Бұл екі қылмыстың да объективтік жағы тұрақты қаруланған топтың адамға немесе ұйымдарға шабуыл жасауы. Қарақшылықтағы да, бандитизмдегі де шабуыл жасаудың түпкі мақсаты бөтен мүлкін заңсыз күш қолдану арқылы иемдену. Сонымен бұл екі қылмыстың объективтік жағының ұқсастықтары, сот тәжірибесінде оларды бір-бірінен анық айыруға мүмкіндік бермейді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001жылғы 21 маусымдағы «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отрырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» қаулысының 11 тармағында «егер бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін күні бұрын біріккен тұрақты топ адамдар қылмыс жасаса, ол ұйымдасқан ұйымдасқан топ жасаған қылмыс болып табылады»-деп көрсетілген. Бұл түсіндірменің қарақшылыққа да қатысы бар. Бірақ, бұл қаулыда осындай ұйымдасқан топ қару қолдану арқылы қарақшылық жасаса, бұл қылмысты құрамы осы қылмысқа ұқсайтын бандитизмнен қалай ажыратуға болатыны туралы мәселе шешімін таппаған.
Алайда, құқықтық әдебиеттерде бандитизммен қарақшылықтың бір-біріне өте ұқсастығына қарамастан олардың айрмашылықтарына да назар аударуды ұсынады. Дегенменде, оларды қандай белгілері арқылы бір-бірінен ажырату керек екенін ғалымдарда анық айта алмай отыр.
Мельникова мен Устиновтың пікірінше, бандитизмнің қылмыстық топ болып қару қолданып жасалған қарақшылықтан айыратын негізі белгісі –банды мүшелерінің арасындағы байланыстың тұрақты сипаты және банды мүшесінің біреуінің болса да міндетті түрде қарулы болуы. Олар және осы екі қылмыстың тағы бір айырмашылықтары ретінде олардың аяқталу шегін де атап көрсетеді. Бандитизм азаматтарға және ұйымдарға шабуыл жасау мақстаында тұрақты қарулы топ құылған кезден аяқталған қылмыс деп есептелсе, қарақшылық азаматтарға олдың мүлкін заңсыз иемдену мақсатында шабуыл жасаған кезден, бөтен мүлкін иемденуге немесе иемденбеуге байланыссыз аяқталған қылмыс деп есептелінеді.
Бұл қылмыстардың осы айырмашылықтарын өзінің еңбектерінде Г. Л. Кригер де атап көрсетеді. Ал, А. Х. Юнусов осы аталған айырмашылықтардан бөлек бандитизм және қарақшылықтың жасалу мақсатын да көрсетеді.
Менің ойымша, банда мүшелерінің арасындағы тұрақтылық пен ұйымдасқан топ мүшелерінің арасындағы тұрақтылықтың, егер олар қаруланбаса, еш айырмашылығы жоқ. Ал, топ қарулы болғанымен, қылмыстық топ мүшелерінің арасында тұрақты байланыс болмаса, тағы да бандитизмнің немесе ұйымдасқан топ жасаған қарақшылықтың белгісі жоқ.
Осы екі қылмысты айыруға байланысты О. В. Вербоваяның айтқаны көңілге қонады. Оның пікірінше, осы екі қылмысты олардың жасалу объектісне қарап ажыратуға болады. Қарақшылық адамның жеке мүлігі мен оның өмірімен денсаулығына бағытталса, бандитизмнің объектісі қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп. Осыларды реттейтін қоғамдық қатынастар. Сонымен бірге бандитизммен қарақшылықты ажыратуға болатын тағы бір маңызды жағдай ол бандының өзіне тән қылмыстық белгілері. Ал бандының негізігі белгілері –тұрақты топ құру, қаруланғандық және мақсаты- азаматтармен қоғамдық ұйымдарға шабуыл жасау.
Бандитизм, әдетте қарақшылықтан ауыр қылмыс болып есептеледі. Мәселен, көрші ресейдің қылмыстық кодексінде бандыны құрғаны және оны басқарғаны үшін он жылдан он бес жылға дейін, ал банды жасаған шабуылдарға қатынасқаны үшін сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.
Осыған байланысты Ресейде бандитзм мен қарақшылық әрекеттерді дәрежелеуге байланысты әртүрлі пікірлер айтылуда. Бір авторлар қаруланған ұйымдасқан топ бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену мақсатында адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып немесе осындай күшті қолданамын деп қорқытып шабуыл жасаса, мұндай әрекеттерді қарақшылықпен қоспай бандитизмен ғана дәрежелеу керек, себебі бандитизм қарақшылықтан ауыр қылмыс, қарақшылықты өзіне сіңіріп алады десе, енді бір авторлар қарақшылық және бандитизм Ресейдің қылмыстық кодексінде жеке қылмыстар ретінде қаралған, осындай әрекеттерді қылмыстардың жиынтығымен дәрежелеу керек, себебі ауыр санаттағы қарақшылықтың бандитизмнен еш жеңілдігі жоқ дейді.