Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175

Работа содержит 1 файл

анар аудит.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

 

Талап етіледі: қойылған мақсаттар мен міндеттердің келтірілген үлгілері негізінде жоғарыда тізбеленгендердің қайсысы мақсатқа, ал қайсысы міндетке жататыны көрсетіңіздер. Мақсаттар мемлекеттік орган қызметінің түпкілікті нәтижесін, ал міндеттер – қызметтің тікелей нәтижесін (саны бойынша) анықтау үшін тұжырымдалады.

5, 6, 7, 8 мысалдар мақсат болып табылады, себебі олар мемлекеттік орган қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайды. Мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижесін сипаттайтын 1, 2, 3, 4 мысалдар тапсырмалар болып табылады, себебі олар шешімі қойылған мақсаттарға жеткізетін мәселелерді анықтайды.

 

4-тапсырма

Мысал ретінде Жоғары соттың орта мерзімді бағдарламасында мақсаттар мен міндеттемелерге не жататындығын анықтау.

Бағдарламаны іске асыруда күтілетін түпкілікті (әлеуметтік) нәтижелер

1.      судьялар тәуелсіздігін бекіту;

2.      сот мәртебесін арттыру;

3.      сот әділдігін жүзеге асыруға судьялардың жауапкершілігін арттыру;

4.      сот өндірісінің конституциялық қағидаларын жүйелі іске асыру;

5.      соттардың және Жоғары Сот жанындағы Сот департаментінің материалдық-техникалық базасын дамыту;

6.      тиісті қаржыландыруды қамтамасыз ету және сот билігі жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

7.      сот билігінің тиімді ақпараттық-коммуникациялық жүйесін жасау.

Жоғарғы сот қызметінің стратегиялық бағыты сот мәртебесін арттыру болып табылады (2 пункт). Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік орган үшін келесідей мақсаттар анықталған: судьялар тәуелсіздігін бекіту (1 пункт), сот әділдігін жүзеге асыруға судьялардың жауапкершілігін арттыру (3 пункт), сот өндірісінің конституциялық қағидаларын жүйелі іске асыру (4 пункт). Берілген мақсаттарға келесідей мақсатты индикаторларды қолдану мүмкін: соттар шығарған шешімдер мен үкімдердің заңдылығы мен дәлелдігі, сот әділеттілігінің халықаралық стандарттарына сай келетін икемді және тиімді сот жүйесі, қоғамның републикадағы соттарға деген сенімділік деңгейін жоғарылату және т.б.

Жоғарғы сот қызметінің тікелей нәтижелері қойылған тапсырмалармен анықталған:  соттардың және Сот департаментінің материалдық-техникалық базасын дамыту (5 пункт), 1 пунктте көрсетілген мақсатқа жету шегінде - тиісті қаржыландыруды қамтамасыз ету және сот билігі жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және сот билігінің тиімді ақпараттық-коммуникациялық жүйесін жасау (7 пункт). Әрбір қойылған тапсырмаға сандық көрсеткіштер анықтауға болады. Мысалы, 6 пункт мақсаты үшін келесідей көрсеткіштерді анықтауға болады: сот ісін жүргізуші орган қызметкерлерінің жалақысын, пайдалануға берілген қызмет үйінің аумағын көтеру және т.б.; 7 пункттің тапсырмасына кабинеттердің Интернетпен жабдықталуы, қызмет орындарының телефон байланысымен қамтамасыз етілуі сияқты көрсеткіштерді анықтауға болады.

 

5-тапсырма

Қаржыландыру туралы шешімдер қабылдау кезінде тиімділік өлшемдерін әрқашан басшылыққа алу мүмкін бе?

Жобаны қаржыландыруға байланысты маңызды шешім қабылдау барысында ең алдымен қойылған мақсаттар мен тапсырмаларды басшылыққа алу керек. Жоспарлау кезеңінде барлық баламалы шешімдерді қарастырып, ең қолайлысын таңдау қажет. Егер жобаны, бағдарлама немесе стратегияны іске асыру кезінде тиімділікті жоғарылату жолы пайда болса берілген мүмкіндікті пайдалану керек, бірақ ол мемлекеттік органның алдына қойған мақсаты мен тапсырмаларына қарама-қарсы келмеген жағдайда ғана.

1-мысал: «Аурулардың әртүрлі түрлерінің салдарынан болатын өлімді қысқарту» Денсаулық министрлігінің шартты мақсаттары шегінде кардиологиялық ауруларды емдеуге қарағанда бюджеттік шығындар көзқарасында онкологиялық ауруларды емдеудің анағұрлым «тиімділігі» аз (бір алдын алған өлім шығыны). Ал СПИД-ті емдеу сірә тиімсіз. Денсаулық министрлігі қатерлі ісікті емдеуден немесе СПИД-ті емдеуге тырысудан бас тартуы мүмкін бе? Денсаулықмині қандай мақсаттар мен міндеттер қою керек?

Онкологиялық аурумен және СПИД-пен ауыратындарды емдеуден бас тарту мүмкін емес, себебі бұл шара бүкіл Денсаулық министрлігінің «Азаматтардың денсаулығын нығайту» стратегиялық бағытына қарама-қайшы келеді. Мақсаттарды өзгеріссіз қалдыру қажет, ал  Министрлік тапсырмаларында өзгерістер болуы мүмкін: онкологиялық аурулар мен СПИД-тің алдын-алудың деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ететін тапсырмаларды анықтау керек.

2-мысал. Бірінші 10000 жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру шығыны келесі 10000-ды жұмысқа орналастыру шығынынан бірнеше есе аз болуы мүмкін.  Бұл объективті фактор. Бұл бағдарламаның оның тиімділігінің төмендеу салдарынан тоқтату себебі болуы мүмкін бе?

Бағдарламаны іске асыру мақсаты – жұмыссыздық деңгейін төмендету және халқтың жұмысбастылығына болысу. Бағдарлама тиімділігінң төмендеуі факторы оның жабылуына себеп болмауы керек, себебі әбір келесі жұмыссыздың жұмысқа орналасуына деген шекті шығынның өсуі объективті фактор болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін қолда бар ресурстарды қолдану тиімділігін арттыру қажет: мүмкін жұмыс әдісін өзгерту туралы шешім қабылдау, ақталмайтын шығындарды азайту және т.б. Тағы да айта кететін жағдай бұл сценарий бағдарламаны жобалау кезінде қарастырылуы керек, сәйкесінше бағдарламада бұл мәселені шешудің жолдары көрсетілуі керек.

3-мысал. 400 кереуетті аурухана құрылысы 200 кереуетті ауруханадан 1,5 есе (бір кереует есебінде) арзан болуы мүмкін. Бұл 200 кереуетті аурухана тұрғызу керек еместігін білдіреді ме?

Аурухананың сыйымдылығы жоба алдына қойылған мақсатқа байланысты болады: егер өңірді сыйымдылығы осындай аруханамен қамтамасыз ету керек болса, ауқымды аурухана салу бекер болады. Егер өңірге көп орынды қажет болса, қосымша қаржыландыру болған жағдайда сыйымдылығы үлкен аурухананың құрылысы бойынша жобаны іске асыру мүмкін болады.

 

 

3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау

 

3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы

 

Нәтижелілік көрсеткішінің (Performance Measure) кең мағынасы қызметтің нәтижесін немесе қойылған мақсатқа қозғалыстың сәттілігі, сондай-ақ бюджет шығыстарының тиімділігін сипаттайтын сандық немесе сипаттамалық индикатор ретінде түсіндіріледі. НББ көрсеткіштерінің жүйесі келесідей негізгі көрсеткіштерді көздейді:

 

Қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері

 

2-сурет.  Қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері

 

                 Шығындар көрсеткіштері  процеске, бағдарламаға немесе іс-шараға салынған ақша және өзге де ресурстарының көлемін сипаттайды.

                 Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері процесті, бағдарламаны немесе іс-шараны орындау нәтижесінде алынатын қызмет көрсетулердің, және/немесе осы процестің, бағдарламаның немесе іс-шара өнімділігінің көлемі мен сапасын өлшейді. 

                 Ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері ақшалай және заттай түрдегі тікелей немесе түпкілікті нәтижелердің бірлігіне жұмсалған ресурстардың көлемін немесе шығындарды сипаттайды.

                 Нәтижеліліктің көрсеткіштері сол үшін қызмет көрсетілген мақсатқа жоспарланған кезеңі ішінде жету санатын көрсетеді. 

                 Түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері қызмет көрсетуді ұсынудың әлеуметтік маңызы бар нәтижелерін сипаттайды, мысалы, оның нақты әлеуметтік проблемаға әсер етуі.

                 Шығындар тиімділігінің көрсеткіштері түпкілікті алынған  нәтижелермен және оларды алуға жұмсалған ақша ресурстарының арасындағы қатынасын өлшейді.  Тек қана ақшалай түрде болады.

Шығындар көрсеткіштері бағдарламаның алдына қойылған мақсаттарға жетуден тұратын түпкілікті нәтижелерге жұмыс істейтін тікелей нәтижелер беретін бағдарламаға салынған қаржылық немесе өзге де ресурстардың көлемін сипаттайды.   Шығындар көрсеткіштері, мысалы, нақты іс-шараға бөлінген жалпы шығындарды, пайдаланылатын ресурстар жиынтығын немесе ресурстар көлемін сипаттайды. Мыналар  шығындар көрсеткіштерінің бірнеше үлгілері:

      Толық жұмыс күнімен қамтылған қызметкерлер саны;

      істеліп біткен адам-сағаттардың  саны;

      Жалпы пайдалану шығыстары;

      Еңбекті төлеуге, жабдықты сатып алуға, үй-жайды жалға алуға жұмсалған ақша.

 

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері өндірілген қызмет  көрсетулердің көлемін, сапасын және өнімділігін, немесе, өзгеше, тұтастай орындалған жұмысты сипаттайды. Қарапайым сөзбен айтқанда олар процестің нәтижесінде ненің алынғанын және қандай көлемде алынғанын   сипаттайды. Олар ұсынылған қызметтердің тиімділін өлшемейді – бұл басқа көрсеткіштердің көмегімен жасалады. Ағымдағы тікелей нәтижелерді алдыңғы кезеңдердің нәтижелерімен салыстыру қызметтегі іркілістерді немесе, керісінше оның тұрақтылығын көрсетуі мүмкін.

Тікелей нәтижелер көлемінің көрсеткіштері олардың сандық аспектісін өлшейді. Мыналар осындай көрсеткіштердің бірнеше үлгілері:

      Ұсынылған полиция есептерінің саны;

      Берілген рұқсаттардың саны;

      Жойылған газ жылыстауының саны;

      Оқу жүктемесі сағатының саны;

      Жөнделген жолдардың ауданы;

      Шұғыл шақырылымдарға шығу саны;

      Тоннамен өлшенетін қайта өңделген қоқыстың салмағы.

Тікелей нәтижелер сапасының көрсеткіштері бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралардың сенімділігін, бейімделуге қабілеттілігін және толықтығын сипаттайды. Мыналар осындай көрсеткіштердің үлгілері:

      Дерекқорға дұрыс енгізілген ақпараттың пайызы;

      Рұқсат етілетін қателіктер пайызын сақтау санаты;

      Лицензиялардағы оларды кері қайтаруды немесе жоюды талап ететін қателіктермен байланысты шығындар.

Көрсеткіштер жүйесінің сапалы барабарлығының қиындығы мынадай тәжірибелік үлгімен бейнелеуге болады. Мысалы, жоғары білімі бар адамдар саны (1000 адамға) тәрізді көрсеткіш, не оның білімінің  сапасы туралы, не оның елдегі сұранысы туралы, не оның тәжірибеде нақты қолданылуы туралы және т.с.с. ештеңе айтпайды.   Осылайша, цифрлар сапа параметрлерін нашар көрсетеді, ал әрбір таңдалып алынған ұстаным үшін сапаны жан-жақты бағалау әрбір нақты жағдайда мұқият сараптамалық пысықтауды қажет етеді.   

Тиімділік көрсеткіштері пайдаланылған ресурстарға қатысты орындалған жұмыстың көлемін сипаттайды. Осы көрсеткіштер көрсетілген қызметтің бірлігіне шығындар шамасын жиі көрсетеді. Әдетте олар «бір өтінішті әзірлеуге шығындар», «жол төсемінің бір километрін жөндеуге шығындар», «бір оқушыны оқытуға шығындар» және т.б. деп аталады.  Көрсеткіштер сондай-ақ кері қатынаста көрсетілуі мүмкін: «1 адам-сағатқа өндірілген бірліктер саны» немесе «бір сағатта өңделген құжаттар саны». Көрсеткіштер тиімділігінің бірнеше үлгілері мыналар: 

      Қызметті тұтынушылар саны оны ұсынуға қатысқан қызметкерлердің санына;

      Бағдарламаның бір тыңдаушысын ауыстыру шығындары;

      Бір тұтқынды ұстауға кететін орта тәуліктік шығындары;

      Бір шағым бойынша шешім қабылдауға талап етілетін мерзім (сапа индикаторы болып та қызмет ете алады);

      Автобустық қызмет көрсету жүйесінің бір километріне пайдалану шығындары;

      Бір есептегішті жөндеуге кететін шығындар.

Түпкілікті қоғамдық маңызы бар нәтижелердің көрсеткіштері белгіленген бағдарлама шеңберіндегі қызмет немесе процесс аталған мақсаттарға жету үшін жәрдемдесетін санатты сипаттайды. Олар қоғам (жеке азаматтар немесе әлеуметтік топтар) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - мемлекеттік органның қызметінен алатын әсерді бағалайды. Түпкілікті нәтижелер – бұл шын мәнінде, нақты қол жеткізілген нәтижелердің жиынтығы және олардың қоғамдағы әсері.  Адамзатты дамытуға бағытталған қызметтерді көрсетуге байланысты бағдарламалар, адамдардың өзін өзі ұстаудағы, біліміндегі және біліктіліндегі, өмір жағдайларындағы, беделіндегі және т.б. өзгерістермен сипатталатын түпкілікті нәтижелерге ие болуы мүмкін.  Бұл көрсеткіштер, шын мәнінде, азаматтардың не білетіндігін, ойлайтындығын немесе істей алатындығынын көрсетеді; олардың әлеуметтік өзін өзі ұстауын немесе олардың өмірлерінің жағдайларын, сондай-ақ бағдарламаны іске асырудан туындаған осы жағдайлардағы  өзгерістерді көрсетеді. Өткізілген оқыту курстарының саны, олардың сапасымен қанағаттанған тыңдаушылардың пайыздық қатынасы және олардың дайындығы деңгейі осындай бағдарламаның тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері болуы мүмкін. Мыналар бірнеше түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері:

      Бітіруші емтихандарда ел бойынша орташадан асатын балды алған оқушылар пайызы;

      Өрт кезінде болған өлім жағдайлары санының төмендеуі;

      Үлкендерге арналған білім беру курстарын аяқтағаннан кейін оқи және жаза алатындар саны;

      Қылмыстың қайталануы санының төмендеуі;

      Жолдардағы өлім деңгейінің төмендеуі;

      Курстарды аяқтағаннан кейін үш айдың ішінде оларды даярлау бағдарламасына сәйкес жұмыс тапсырылған қайта даярлау курстары тыңдаушыларының пайызы.

Кейде, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылықты анықтау өте қиын. Тікелей және түпкілікті нәтижелер  бірдей болатын жағдайлар бар. Алайда көп жағдайларда оларды саралауға болады.

 

Үлгі.

Міндет   

Өңірлер арасындағы көлік қатынасының жақсаруы

Тікелей нәтижелер     

 

  Сапа көрсеткіші:

   Көп жолақты автомобиль жолдарының ұзындығын арттыру

Сапа көресткіші:

      Автомобиль жолдарының сапалық құрылымын өзгерту

Түпкілікті нәтижелер

 

               Тасымалдар көлемін арттыру

               Қозғалыстың орташа жылдамдығын арттыру

               Жолдағы уақытты азайту

                Авариялылықты төмендету

Информация о работе Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі