Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175

Работа содержит 1 файл

анар аудит.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

 

Бұл жағдайда қолайлысы бірінші нұсқа (толық вакцинация) болып табылады, себебі қойылған мақсатқа жетудің жоғарғы деңгейін осы вариант қамтамасыз етеді. Бұл жерде толық вакцинация өлімнің алдын-алу жағдайының ең көп санын қамтамасыз етеді: КДС вакцинациясымен 240 000 адам/1 млн. және туберкулезге қарсы вакцинацияда 40 000 адам/1млн.-ға 275 000 адам/1 млн. болады.

3-кесте - Мектеп білімінде мақсатқа жетудің балама нұсқаларын таңдау.

 

 

Сарапшылар анықтаған салмақ

А жобасы

В жобасы

Оқу жылдамдығы

7

75

60

Оқылған материалды түсіну

9

40

65

Сөздерді білу

6

55

65

Басқа пәндер бойынша үлгерімі

20

60

61

Талдаудың өлшенген нәтижелері

 

2415

2615

1 оқушыға шығысы

 

95

101

Тиімділіктің/ шығындардың              өлшенген мөлшері

 

25,4

25,9

 

Тапсырманың мәні екі жобаның (А жобасы және В жобасы) ішінен көрсетілген критерийлер бойынша тиімдісін таңдап алу: оқу жылдамдығы, оқылған материалды түсінуі бойынша және т.б. Әр нұсқа бойынша нәтиженің (әсер) осы нәтижеге жетуге кеткен шығындарға қатынасынан тұратын тиімділік коэфициентін есептеу қажет. Бұл мысалда В жобасы қызықты болып табылады, себебі А жобасындағыдан қарағанда оның тиімділік көрсеткіші жоғары.

 

2-кезең. Міндеттерді орындау үшін мақсатты көрсеткіштерді белгілеу.

Мақсаттары мен міндеттеріне байланысты қызметтің нақтылы көрсеткіштері белгіленуі мүмкін:

- қызмет саласын реттейтін нормативтік актілер саны – осы саладағы нәтижеліліктің нақтылы қабылданған нормативтік актілерге тәуелділігі;

- мемлекеттік орган бойынша әрекеттердің мазмұнды бөлігі, қызметтерді үйлестіру (бірлескен қызметтерді ұйымдастыру, жиналыстар өткізу, кеңестер өткізу және басқалар), олардың саны, қызмет бағытарының нәтижелілігі. Мысалы, мақсатты бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру - әзірлеу мерзімдері, қаржыландыру көлемдері, іске асыру нәтижелері және т.с.с.;

- мәліметтерді алатын көздерін, сондай-ақ ақпараттарды өңдеу бойынша өзінің жеке әрекеттерін көрсете отырып – даярланған ақпарат көлемі (біріктірілуі, көрсеткіштерінің есебінің қарқыны, басқа аймақтармен салыстыру және т.с.с.);

- бақыланатын ұстанымдардың саны, бақылау нәтижелілігі;

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасының артуы;

- құжат алмасу мерзімдерінің төмендеуі және басқалар;

- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны, мерзімдері, тарифтері (егер қызметтер ақылы болса).

Мысалы, Ресей Федерациясында Еңбек министрлігі қызметінің нәтижелерін сипаттау үшін «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» мақсаттары бойынша жұмыспен қамту саласында мынадай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады:

• Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыспен қамту қызмет органдарына жүгінген азаматтар саны;

• Жұмыспен қамту қызмет органдарына тіркелген жұмыссыз азаматтар саны;

• Жұмыспен қамту қызмет органдарының көмегімен жұмысқа орналастырылған азаматардың саны;

• Жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы;

• Тіркелген жұмыссыздық деңгейі (экономикалық белсенді халықтың ішінде жұмыспен қамту қызмет органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтардың үлесі);

• Барлық жұмыссыз азаматтардың ішіндегі жұмыспен қамту қызмет органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтардың үлесі (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша Ресейдің Статмемком органдары анықтаған);

• Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясаты іс-шараларын іске асыру нәтижелеріндегі бюджеттік салдар;

• Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясаты іс-шараларын іске асыру нәтижелеріндегі экономикалық салдар;

• Іс-шараларға қатысушы азаматтар саны;

• Іс-ашарларды орташа ұзақтығы;

• Бір қатысушының есебінде іс-шараларды іске асыруда орташа шығындар.

Министрліктердің, ведомстволардың қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін тұрғызу үшін негіз министрліктің (ведомстволардың), атап айтқанда бюджетті жоспарлау субъектісі рөліне оның қызметінің тікелей қатынасы бар мақсаттары мен міндеттерінің иерархиялық жүйесі болып табылады. Мақсаттар мен олардың сандық өлшемділік бағдары тұжырымдамасының анықтығы оларға жету деңгейін сипаттайтын мақсатты көрсеткіштердің «сапа» жүйесінің қажетті алғы шарты болып табылады. 

 

3-кезең. Бағалау көрсеткіштерінің біріктірілуі

Бұл кезеңде мақсатты индикаторларымен, есептілік кезеңге нақты меморганның мақсатты индикаторларының әрқайсынан стратегиялық мақсатқа жетудің демеуші нүктелерімен мемлекеттік атқарушы билік органының сектор, бөлім жұмыстарының жеке көрсеткіштерінің деңгейін байланыстыру қажет. 

Мысалы. Арнайы орта білім саласындағы мақсаттарының бірі ретінде Білім және ғылым Министрлігі «Экономика саласын білікті және бәсекелестікке қабілетті техникалық және еңбекке қызмет көрсететін мамандарға қажеттігін қанағаттандыруды» белгіледі. Бұл мақсатқа нысаналы индикаторлар белгіленді:

- техникалық және кәсіби білім алу үшін оқитындар саны артады (2009 ж.   8%-ға, 2010ж. 8%-ға, 2011 ж. 8%-ға);

- 1-ші жылы алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан  техникалық және кәсіби білім алу үшін оқитындар үлесі артады( 2009 ж. 5%-ға, 2010ж. 5%-ға, 2011 ж. 5%-ға);

- Техникалық және кәсіби білім жүйесінде оқитындардың саны жыл сайын мемтапсырма бойынша 30%-ға артады және колледждерде: (2008 ж-26471, 2009 ж.-34410, 2010ж.-38150, 2011 жылы-43500), кәсіби мектептерде: (2008 ж. -45378, 2009 ж.- 48200, 2010ж.-52415, 2011 жылы-56050) құрайды.  

 

Талап етілетіні: сіздің мемлекеттік орган қойған мақсаттар үшін нысаналы индикаторларды белгілеу.

 

4-кезең. Нәтижелі көрсеткіштердің мониторинг рәсімін белгілеу.

Нәтиже бойынша басқарудың жаңа әдістерін енгізу үшін қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері мониторингін ұйымдастыру қажет. Қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері мониторингінің ерекшелігі оның нәтижесі бойынша бюджеттік қаражатты басқару мен бөлуге байланысты шешім қабылданатыны.

Қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері мониторингін ұйымдастыру үшін:

      Көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін;

                 Оларды жинау (деректерді кім жинайды, деректерді жинау әдісі – ішінара, жаппай, деректер мерзімі және т.б.), өңдеу мен жариялау тәртібін;

                 Ақпарат жиналатын есептік бірліктерді (қызмет көрсетушілерді немесе оларды тұтынушыларды) анықтауды әзірлеу қажет.

Мониторинг нәтижелерін қағаз және магнитті тасығыштарда жазу қажет, ол келешекте нәтижелілік көрсеткіштердің іс жүзіндегі мәні бойынша мемлекеттік атқарушы билік органдарының құрылымдық бөлімдерінің тұрақты есеп беру нысанын енгізудің, сондай-ақ тұтастай алғанда құрылымдық бөлімдерді және жеке алғанда қызметкерлерді қызметтердің нәтижесі бойынша материалдық ынталандыру үшін нәтижеліліктің ішкі аудит жүйесін құрудың басты шарты болып табылады.  

 

Мемлекеттік органның міндеттері мен сандық көрсеткіштерін қалыптастыру жөнінде тапсырма

Басты мақсат астарында міндеттерді өңдеу жүргізіледі. Міндеттердің (функциялардың) барлық кешені шешу әдісіне байланысты:

1) Қандай да бір қызметті нормативтік реттеу немесе инфрақұрылымды қалыптастыру амалдарын жасау жөніндегі міндеттерге (заңдарды, ережелерді, нұсқаулықтарды, тәртіптер мен басқаларды әзірлеу).

2) Ресурстарды бөлумен, нормалаумен, мемлекеттік биліктің атқарушы органдарының, әкімшіліктің құрылымдық бөлімдерінің қызметтерін үйлестірумен байланысты ведомствоға қарасты мекемелердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі мінтеттерге (НББ жүйесімен байланысты);

3) Басшылықтың басқарушылық шешімдерді қабылдауы жөніндегі ақпаратты дайындаумен байланысты міндеттерге;

4) Нақты қызметті, қызметтердің орындалуына қадағалау мен бақылау жөніндегі міндеттерге;

5) Халыққа, заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі міндеттерге (НББ жүйесімен байланысты) бөлінуі мүмкін.

 

1-тапсырма

Осы немесе өзге міндеттемені шешу – осы министрліктің сіңірген еңбегі деп бекіте аламыз ба?

Мысалы. Қалада қылмыстық 5% қысқаруы:

•                     милиция қызметінің тиімділігінің артуынан,

•                     мектеп жұмысының сапасының жақсаруынан,

•                     қалада спорт секцияларының ашылуынан,

•                     жарықтандырылған көшелер санының көбеюінен,

•                     тұрғындардың  жалпы әл-ауқатының өсуінен болуы мүмкін

Сондықтан міндеттерді қойған кезде оны шешуде біз қаншалықты ықпал ете алатынымызды басшылыққа алу қажет.

 

2-тапсырма

Осы немесе өзге мақсаттарға жету үшін шығыстарды ұлғайту тиімді болады деп бекіту мүмкін бе?

Мысалы: РФ субъектілері бойынша жүргізілген талдау балалар өлімі бір тұрғын есебінде денсаулық сақтау шығыстары деңгейіне байланысты емес екенін көрсетті. Балалар өлімін қысқарту жөніндегі арнайы бағдарлама шегінде шығыстарды ұлғайту нәтиже беруі мүмкін еді, бірақ онда денсаулық сақтаудың басқа бағдарламаларымен салыстырғанда осы бағдарламаның басымдығы туралы сұрақ тұрады. Осы жағдайда міндеттемені қалай тұжырымдау керек?

Жүргізілген талдау нәтижесінде нәресте өлімінің саны шығын деңгейіне байланысты емес екені анықталған соң қаржыландыруды басқа да жобалар мен бағдарламаларға ауыстыру қажет: мысалы, бала туатын жастағы жас әйелдердің денсаулығын жақсарту бойынша бағдарламаны қаржыландыруды жоғарылату. 

 

3-тапсырма

4-кесте - Мақсаттар мен міндеттемелерді қою үлгілері

 

Термин

Ұғым

Үлгі

Шығындар

Қажетті ресурстарды бағалау

Қоқыс жинағыш машиналарын сатып алу

Аула тазалаушылар штатын ұлғайту

Тікелей нәтиже

Көрсетілген қызмет көлемі

Қоқысты дер кезінде және тұрақты шығаруды ұйымдастыру

Көшелер мен аулаларды тұрақты тазартуды ұйымдастыру

Түпкілікті            нәтиже

Көрсетілген қызметтің нәтижесі

Қаладағы көркейтуге және қоршаған ортаның сапасына қанағаттанған тұрғындар санының ұлғаюы

Әсері

Түпкілікті нәтижелердің ықпалымен ұзақ мерзімді өзгертулер

Қала билігінің имиджін жақсарту

Нәтижелілік

Қойылған мақсаттарға нәтижелердің сәйкестік дәрежесі

Қоршаған ортаның жағдайына қанағаттанған тұрғындар санын 5% ұлғайту

Тиімділік

Нәтиже бірлігіне шығыстар

Қоршаған ортаның жағдайына қанағаттанған тұрғындар санын 15% арттыруға кеткен шығындар

Информация о работе Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі