Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175

Работа содержит 1 файл

анар аудит.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

2. Көрсеткішті түсіндірудің бір мағыналығы. Көрсеткіштің тұжырымдалуы осы қызмет саласындағы маманға ғана емес, және ведомство қызметінің нәтижелілігі туралы шешім қабылдайтын тұлға да оны бір мағынада түсінуі тиіс.

Осылайша, мысалы, ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың стратегиялық жоспарының жобасында «Адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту» мақсатына жетуді сипаттайтын нысаналы индикаторлары ретінде «Халықаралық стандарттарға сәйкес офистің қызметі»  келтіріледі. Таңдап алынған индикаторды  екі себеп бойынша сәтті деп айтуға болмайды. Біріншіден, ол анық емес, толыққанды түсінікті емес, әңгіме қандай офис туралы екендігі,  нақты қандай халықаралық стандартар, және оларға сәйкестігі немен өлшенетіні  белгісіз. Екіншіден, егер де офистің қызметі халықаралық стандарттарға толық сәйкестікте жүргізілсе де, ол адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттардың жүзеге асырылуы туралы қандай да бір куәландырмайды.

3. Сандық өлшеу мен бағалау талаптары. Нысаналы көрсеткіштер санмен өлшенетін болуы тиіс, бұл талап оларды кейіннен бағалау үшін қажетті алғышарт болып табылады. Түпкілікті нәтижені сандық өлшеудің мысалы:  «ҰБТ-ні сәтті тапсырған орта мектеп түлектерінің саны». 

ҚР мемлекеттік органдары дайындаған бірінші стратегиялық жоспарлар жобаларының талдауы, бірқатар жағдайларда нысаналы индикаторлардың сандық мәндерінің және міндеттер көрсеткіштерінің, бұл нысаналы мақсаттарға жетудің нақты орта- және ұзақ мерзімді   кезеңдерінің көрсетілмеуі тәрізді әдеттегі қатені айқындады. 

Егер көрсеткішті өлшеу көрсеткіштерді өлшеудің қиын немесе арнайы әдістемесін қажет ететін болса, онда ол қоса берілуі тиіс. Нысаналы құрамға есептеу әдістемесі әзірлеу сатысында болған көрсеткіштерге жол берілмейді.  

Осылайша, мысалы, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі нысаналы индикатор ретінде «Бәсекелестікті шектейтін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер санын» енгізген кезде осы көрсеткіш мәндерінің теріс  (төмендеуін) серпінін күтуге болады.  Егер қазірге кезде осы көрсеткішке мән беру мүмкін болмаған жағдайда, сонда қажетті статистикалық база қалыптастырылған кезде оған сандық мән беріледі деген түсініктемемен осы көрсеткішті енгізу қажет.    

Көрнекі мысал ретінде міндетті шешуді сандық мәнде көрсету үшін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі бойынша көрсеткіштер тұжырымдарының болуы мүмкін нұсқаларын келтіруге болады:

 

Көрсеткіштің бастапқы тұжырымы

Көрсеткіштің өзгертілген тұжырымы

Міндет: Монополияға қарсы орган жұмысының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету

Веб-сайтты әзірлеу және жасау

Веб-сайтты жаңарту жиілілігі (жылына/айына бір рет)

Оқыту курстарын, семинарларды өткізу...

Жылдар бойынша өткізілген курстардың саны

Оқыту курстарында жылдар бойынша оқығандар саны

Міндет: Салалық реттеушілердің қызметін үйлестіруді күшейту... 

Бәсекелестік дамытуда анықталған тосқауылдар туралы мемлекеттік органдарды  уақтылы ақпараттандыру

Бәсекелестік дамытуда анықталған тосқауылдар туралы  белгіленген мерзімде  хабарландырылған мемлекеттік органдардың пайызы

 

Стратегиялық жоспарларды жасаудың алғашқы тәжірибесі мемлекеттік органдардың норма шығармашылық және әкімшілік қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижелерін тұжырымдау және сандық бағалау бәрінен қиын екендігін айқындады.    Сондықтан мемлекеттік құрылымдардың реттеуші қызметі мен соңғы тұтынушылардың жай-күйі арасындағы байланысты негіздеу қажет. Нақты сектордың салалары немесе әлеуметтік-экономикалық салаға қарағанда, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жетудің санатын сипаттайтын, мысалға алғанда, ҚР Сыртқы істер министрлігінің  көрсеткіштерін әзірлеу,  осы мемлекеттік органның қызметі аясының ерекшелігіне байланысты күрделі болады.  Осы қызмет түріне арналған нысаналы көрсеткіштер әр уақытта белгілі бола бермейді. Оларды әзірлеу үшін басқа мемлекеттердің, атап айтқанда Ұлыбританияның үздік тәжірибесінің үлгілерін зерделеу қажет болуы мүмкін.     

Осылайша, «Foreign and Commonwealth Office Objectives for Spending Review 2004 Period (2005-2008)» құжатында «V:  Ашық және өсіп келе жатқан жаһандық экономикадағы Ұлыбританияның экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу » мақсаты үшін «2008 жылға жаңа экспортқа-бағдарланған  компанияларға назар аудара отырып халықаралық сауда және инвестициялар саласында жұмысты елеулі жетілдіру, және тікелей шетел инвестицияларын тарту үшін ЕО басты елі ретінде   Ұлыбританияның беделін ұстау» индикаторы келітіреді, «VI. Демократиямен, жақсы билікпен және адам құқықтарымен нығайтылған тұрақты даму» мақсаты үшін – «Ислам әлемінің елдерімен және қоғамдастықтармен өзара түсіністік және өзара іс-қимыл және олармен бейбітшілік саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жылжытудағы жұмыс» деген индикатор.

4. Мемлекеттік орган ұсынған және мақсаттың мазмұнын барабар сипаттайтын нысаналы көрсеткіш, басқа мемлекеттік органдар қызметіне тәуелді және олардың нәтижелеріне тәуелді болуы мүмкін. Ведомствоаралық іс-қимылдарды  қамтитын көрсеткіштердің бұл түрлері меморгандардың арасында функцияларды кейіннен қайта бөлуге немесе бюджеттіку ресурстардың  бағыттары мен көлемдерінде қайта бөлуге  алғышарт жасайтын тиісті түсініктемелермен қамтылуы тиіс. 

Стратегиялық жоспарда сандық мәндеріне мемлекеттік орган барынша әсер ете алатын көрсеткіштер келтірілуі мүмкін.

Мысалы,  «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету» мақсаты бойынша  жұмыспен қамту саласындағы Ресей Федерациясындағы Еңбек министрлігі қызметінің нәтижелерін сипаттау үшін мынадай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады: 

1.Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыспен қамту органдарына жүгінген азаматтырдың саны;

2. Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтар саны;

3. Жұмыспен қамту органдарының көмегімен жұмысқа орналастырылған азаматтар саны;

4. Жұмыссыздықтық орташа ұзақтығы;

5. Экономикалық белсенді азаматтардың ішінен жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтар үлесі.

Келтірілген көрсеткіштерден РФ Еңбек министрлігі 1,2 көрсеткіштерге тікелей әсер ете алауы мүмкін, өйткені жұмыссыздар санының барлығы жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады, ал жүгінгендер санынан тікелей 3,,4,5 көрсеткіштеріне әсер етуге болады. Яғни жұмысқа орналастырылған азаматтар санын арттыру, жұмыс ұсыну жолымен жұмыссыздықтың орташа ұзақтығын төмендету және сәйкесінше жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар үлесін төмендету.  

5. Мәндері басқарудың қолданыстағы тұтқаларынан тыс факторларға байланысты болатын көрсеткіштер (мысалы, табиғи катаклизмдерге) тиісті түсініктемелермен жабдықталуы тиіс. 

Осылайша, мысалы, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің стратегиялық жоспары жобасында Бәсекелестік қорғау агенттігінің жұмысына толық байланысты болмайтын «Экономикалық шоғырлануды білдірген субъектілер саны» нысаналы индикаторын негізгі тауарлық рыноктар бойынша рыноктық шоғырлану  көрсеткішіне (көрсеткіштеріне) -шоғырлану коэффициентіне,  Герфиндаль -  Гиршман индексіне  ауыстыру мүмкіндігін қарау ұсынылған. Нысаналы индикатор ретінде осы көрсеткіштердің шектеулі шамалары белгіленген оңтайлы мәндерден аспайтын тауарлық рыноктар саны (немесе үлестері) саны қаралуы мүмкін. Бұл ретте, жоғары аталған индикаторлардың мәніне талдауы Стратегиялық жоспардың  «Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдер» деген 4-бөлімде ұсынылуы тиіс  бірқатар сыртқы факторлары әсер етуі мүмкіндігін ескеру қажет.  

 

РФ Қаржы министрлігі әзірлеген «Бюджеттік жоспарлау субъектілері қызметінің нәтижелері мен  негізгі бағыттары туралы баяндамаларды дайындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда» көрсеткіштер жүйесіне қойылатын мынадай талаптар келтіріледі.

Көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін әзірлеу кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алған жөн:

- ақпараттық толқтығын және оны ұсынудың уақтылығын сақтау кезінде жоспарланатын (есептілік)    көрсеткіштердің санын барынша азайту. Әдетте, әрбір міндет бойынша үштен артық көрсеткіштер келітіруі тиіс. Олардан артық санын пайдаланған жағдайда көрсеткіштерді негізгі және қосымшаларға бөлу қажет;

-  оларға бюджеттік жоспарлау субъектісі және оған  ведомстволық бағынысты бюджеттік қаражаттарды бөлушілер және алушылар көрсеткен мемлекеттік қызметтер есебінен сыртқы тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыруды сипаттайтын түпкілікті қоғамдық маңызы бар көресткіштерді (бұдан әрі - түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері ) пайдалану.  Баяндаманы жасау мақсаты үшін қызметтерді сыртқы тұтынушылар деп жеке жігіне заңды тұлғаларды, олардың топтарын, атқарушы биліктің федеративтік органын – бюджеттік жоспарлау субъектісі және оған ведомстволық бағынысты органдар мен мекемелерді қоспағанда,  сондай-ақ мемлекеттік билік органдарын (жергілікті өзін өзі басқару органдары) түсінеміз. Бюджеттік жоспарлау субъектісі және оған бағынысты сыртқы тұтынушыларға бюджеттік қаражатты бөлетіндер және алаушылар көрсететін қызметтің тікелей нәтижелері көрсеткіштерін пайдалану түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін қолданылуы мүмкін болмауын негіздеген кезде ғана жол беріледі.

Пайдаланылатын көрсеткіштер барынша мүмкін болған жағдайда мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс: 

- барабарлығы: көрсеткіш (көрсеткіштер топтары) мақсатқа жетудегі немесе міндеттерді шешудегі алға басуды айқын сипаттауы және мақсатқа жетудің немесе міндеттерді шешудің маңызды аспектілерін қамтуы тиіс;

- дәлдік: өлшеу ақаулары бюджетік жоспарлау субъектісі қызметінің нәтижелері туралы бұрмаланған ұғымдарына әкелмеу тиіс;

- объективтілігі: істердің нақты жағдайларының төмендеу кезінде есептік мәндерінің жақсаруы  мүмкін көрсеткіштерді пайджалануға болмайды, пайдаланылатын көрсеткіштер бюджеттік жоспарлау субъектілеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарға олардың қызметтерінің нәтижелерін бұрмалауға неғұрлым аз стимул жасауы тиіс;

- сенімділік: шығыс ақпаратын жинақтау және өңдеу тәсілі тәуелсіз мониторинг және бағдарламаны бағалау процесінде алынған деректердің дәлдігін тексеру мүмкінідігне жол берілуі тиіс;

- бір мағыналылық:  жеке тұтынушыларды қоса алғанда көрсеткішті белгілеу мамандар, сол сияқты қызметтерді соңғы тұтынушылар өлшейтін сипаттаманың нәрсені бірдей түсіну қамтамасыз етілуі тиіс, ол үшін аса күрделі көрсеткіштерден алшақ болу қажет;

-тиімділік: есептілік деректерді алу мүмкін болатын төмен барынша ең  шығындармен жасалуы тиіс, қолданылатын көрсеткіштер ақпаратты жинақтаудың қолданыстағы бағдармаларына барынша негізделуі тиіс;

-салыстармалылық: көрсеткіштерді таңдау деректерді үздіксіз жинақтау қажеттілігін және жеке кезеңдер үшін оларды  салыстыруды қамтамасыз етуін негізге алып және ұқсас және (аралық)  міндеттерді шешудегі прогресті бағалау үшін пайдаланылатын  көрсеткіштермен, сондай-ақ халыкаралық тәжірибеде пайдаланылатын көрсеткіштермен жүзеге асырған жөн;

- уақыттылық және реттілік: есептілік деректер қатаң түрде белгіленген кезеңділікпен және ақпаратты жинау сәті және оны пайдаланудың мерзімінің арасындағы шағын ғана уақытша алшақтығымен келіп түсуі тиіс (мониторинг мақсатында пайдалану үшін есептілік деректер жылына кемінде жылына 1 рет және әдетте есептілік кезең аяқталғаннан кемінде кейін 2-3 айдан соң ұсынылуы тиіс )

- бірегейлік: мақсатқа жетудің көрсеткіштері осы мақсатқа жататын жеке міндеттердің шешуін сипаттайтын бірнеше көрсеткіштердің бірігуін  болмауы тиіс.

 

3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі

 

Әртүрлі нәтижелілік көрсеткіштері әрбір саты үшін әзірленуі тиіс, атап айтқанда:

        мемлекеттік орган  мақсатты қойған кезінде;

        қызметті жоспарлаған кезде;

        шығыстарды негіздеу кезінде;

        қызмет нәтижелерін бағалауды жүргізген кезде.

Көрсеткіштердің осындай жүйесін құрудың негізі мемлекеттік органның бюджеттік жоспарлау рөліндегі оның қызметіне тікелей қатысы бар   бөлігіндегі мақсаттар мен міндетердің иерархиялық жүйесі болып табылады. Мақсаттарды тұжырымдаудың нақтылығы және олардың сандық өлшемдігіне бағдарлануы оларға жетудің деңгейін сипаттайтын нысаналы көрсеткіштер  жүйесі «сапасының» қажетті алғышарты болып табылады. 

Мақсаттарды белгілеу және көрсеткіштерді тұжырымдау міндеттері міндетті түрде өзра байланысты болып қаралуы тиіс. Бұл ретте мақсаттарды нақты баяндау және көрсеткіштерді тұжырымдау маңызды болады. Оларды шешу кезінде басқару мәдениетінің, ұйымдардың құрылымының және қолданыстағы автоматтандырылған басқару жүйесінің ерекшеліктерін ескерген жөн. 

 

АҚШ ТФБ көрсеткіштерінің үлгісі:

Стратегиялық мақсат

 

Жоғары технологиялар саласында АҚШ-ты қылмыстардан қорғау

Нәтижелер көрсеткіштері (сұрау деректері)

- Интернет желісі арқылы компьютерлік шабуылдар саны

-Компютерлік жүйелерді авторизациясыз пайдалану саны

 

Мақсат басқарудың нақты міндетерді арқылы іске асырылатын болғандықтан нақ міндеттер деңгейінен ұсынылып отырған нысаналы көрсеткіштер жүйесінен талдауды бастаған жөн.  

Жұп көрсеткіштердің үлгісі:

 

Міндет

Тікелей нәтижелер

Түпкілікті нәтижелер

Ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлендіру

Мектептерді % компьютерлендіру

Базалық  компьютерлік бағдарламаларды игерген оқушылардың % арттыру

Бәсекелестікті дамытуға жағдай жасауға ықпал ету

Монополияға қарсы заңнаманы сақтау тексерулерінің саны

Монополистер өнімдеріне бағалардың төмендеуі

Автомобиль жолдарының сапасын арттыру

қатты жамылғысы бар жолдардың %

Жолаушы – жүк тасымалдар көлемінің өсуі

Информация о работе Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі