Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175

Работа содержит 1 файл

анар аудит.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

 

12 мемлекеттік орган қиымындағы жұп көрсеткіштер жүйесінің мысалы осы есептің 7 қосымшасында берілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы желтоқсандағы                № 1297 қаулысымен бекітілген Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделі осындай элементті нәтижелілік индикаторларына әсер ететін сыртқы факторларды бағалауды қоса алғанда оның қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы  ақапаратты ұсынуы тиіс мемлекеттік органның есебін көздейді.  Бұл ретте меморган қызметінің түпкілікті нәтижелері және бюджетті орындауы туралы  есептілік екі негізгі көрсеткіштер топтары бойынша талданады.  Көрсеткіштердің бірінші тобы салалық бағдарламаларды атқарудың әлеуметтік-экономикалық әсерін сипаттайды. Екінші тобы – бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік қызметтерді көрсетудің және бюджеттік міндеттерді атқарудың тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері.  

Әлеуметтік-экономикалық әсердің көрсеткіштерін жиі тұжырымдау аса қиын, өйткені ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға жету көптеген факторларға байланысты болады.   Осындай жағдайларда балама немесе жанама көрсеткіштер қолданылдауы мүмкін.  Әлеуметтік-экономикалық әсердің нақты көрсеткіштерін тұжырымдау және бөлшектеу санатының жалпы ережелері жоқ.  Алайда ҚР ЭБЖМ Стратегиялық жоспарларды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар тәжірибеде салалық министрліктерге әсердің 4-5 көрсеткіштерін пайдалану ұсынған.  Бюджетті жоспарлау сатысында  бюджеттік бағадармаларға қойылатын талаптардың арасында сапаны және тиімділікті өлшеу үшін көрсеткіштер жүйесін бар болуы сияқты талапты белгілеген жөн.

 

Көрсеткіштерді таңдау 

Көрсеткіштерді іріктеу кезінде олар тиісті меморганда жағдайды жинақтау сипаттамасын беріп қана қоймай, бірақ  нысаналы мәндерді есептеу мүмкіндігімен оның қызметін тікелей көрсетуі тиіс.

Нені өлшеу керектігін мұқият ойлану керек. Өлшеулер олар жеткілікті сенімді және шынайы болатындай және «кері ынталандыруларды» туғызбайтындай, яғни осы қызметті көрсетудің түпкілікті мақсаттарына жетуге кедергі жасауы мүмкін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әрекеттерін көтермелемейтіндей,   үлгіде болатындай қалайша жасалуы тиіс деген сұраққа жауап беру маңызды.  

Мысалы, «Сабаққа қатыспаған оқушылар саны» сияқты көрсеткіш. Егер мұндай көрсеткішті қабылдасақ, онда мектептер осы көрсеткішті оны бұрмалау жолымен қысқартуға тырысады. Сондықтан «Ауру бойынша сабаққа қатыспаған оқушылар саны» көрсеткішін пайдаланған жөн. 

Мұнда жақсы көрсеткіштердің кейбір қасиеттері келтірлген, олар сәйкес болуы тиіс, қағидаттар және оларды таңдау (құрастыру) кезінде кейбір қиындықтар айтылуы мүмкін.

Жақсы көрсеткіштердің қасиеттері

                 Тиесілігі – көрсеткіштер тұжырымдаған мақсаттар мен міндеттерге тікелей қатысты болуы тиіс.

Мысалы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Халықтың әл-ауқатын арттыру» деген мақсатты және  Алдағы жылға пайыздардағы халықтың орта жандық кірістері, оған көрсеткішті тұжырымдады.

                 Ұғыну мен пайдаланудағы нақтылығы, бір мәнділігі, қарапайымдылығы – деректерді жинақтау салыстыру мүмкінідігін қамтамасыз ету мақсатында, көрсеткіш айқын және сауатты белгіленуі тиіс.   Көрсеткіштер, және ресми анықтауы техникалық терминдерді пайдалануды қажет ететін көрсеткіштер де пайдаланушыға түсінікті тілмен сипатталуы тиіс. Көрсеткіштің анықтамасынан осы қызметті көрсетуден оның мәнінің ұлғаюы жағдайдың жақсаруы немесе керісінше нашарлағандығын куәландыратыны түсінікті болады.

Осылайша, мысалы, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарында  «Бұрынғы КСРО елдерінің арасындағы мемлекеттік экологиялық бақылау қызметінің тиімділігі бойынша СРГ ПДООС аса жоғары индексіне қол жеткізу» көрсеткіші пайдаланды. 

Осы көрсеткіш, біріншіден, арнайы жеке салалық терминдерді және сөздерді қамтиды, және екіншіден маман емес тұлғалармен бір мәнде ұғынылуы мүмкін.  

                 Салыстырмалылық – мінсіз жағдайларда көрсеткіштер уақыттағы салыстыруды қамтамасыз етуі және ұйымдар арасында салыстыруды жүргізуге тиіс. 

                 Тексерушілік –Көрсеткіштер мәндері (жинақталған және есептілік деректерді) тексерілуі мүмкін үлгіде тұжырымдалуы тиіс.   Көрсеткіштер есептердің дұрыстығын тексеру үшін біріктірілетін және біріктірілмейтін де болуы тиіс; мүмкін болған жағдайда статистикалық әдістерді және   іріктеу  есептеу кезінде пайдаланылған сипаттамалар қоса берілуі тиіс.

                 Статистикалық сенімділік – көрсеткіштер деректерді жинаудың сенімді жүйелеріне негізделуі тиіс, және олармен басқару мақсатында пайдаланатындарда деректер дәлдігін және пайдаланылатын есептік  әдістердің сенімділігін тексеру мүмкіндігі болуы тиіс. Көрсеткіштер статистикалық жағынан сенімді болуы, яғни анағұрлым үлкен жинақтауға негізделуі    тиіс. 

                 Экономикалық орындылығы – деректерді жинауға шығындар мен осы деректердің пайдалылығы арасындағы саналы арақатынасты сақтаған маңызды. Мүмкін болған жағдайда көрсеткіштер қолда бар деректерге негізделуі тиіс және деректерді жинау бойынша жұмысқа байланысты болуы тиіс. Жаңа көрсеткішті жасау қажеттілігі пайда болған кезде  тиісті ұйымдардың қызметкерлеріне оларды жинауға байланысты жүктемені кемітетіндей үлгіде жасау кезде.     

                 Бақылаушылық – қызметтерді ұсынуды басқаратындар шығындар көрсеткіштерін және тікелей нәтижелерді бақылауға мүмкіндіктері болуы тиіс (олар не толық немесе кемінде маңызды санатта бақылау астында болуы тиіс).   Бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бақылауда болмайтын түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне қатысты емес, бірақ тұтастай алғанда соңғылардың қызметі түпкілікті нәтижеге тікелей немесе жанама әсер етуіне бағытталуы тиіс. 

                 Сезімталдық – көрсеткіштер өзгерістерге тез ден қою керек. Өзгеріс диапазоны өте кішкентай көрсеткіш, өте шектеулі қолданысқа ие болуы мүмкін. Мысалы, баланың тууына байланысты бір мезгілдік жәрдем ақы. Осы көрсеткішті сезімталдықа жатқызуға болады, өйткені ол жыл сайын Қазақстандағы ең аз айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеруіне байланысты өзгереді.   

                 Ішкі  «кері ынталандырулардың» болмауы  – көрсеткіштерді әзірлеу кезінде тәртіптің қай түрін олар көтермейтінін назарға алу қажет. Қарсы өнімдік тәртіптің қалыптасуына әкелуі мүмкін көрсеткіштерден алшақ болу қажет. Кейде бірнеше өзара толықтырушы көрсеткіштерді пайдалану қажет болады. 

                 Инновацияларға қатысты икемділік – бөлінген көрсеткіштер жүйесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инновациялық қызметіне немесе қызметердің сапасын және санын артыру мақсатында балама әдістерді, жүйелерді немесе процестерді енгізуге кедергі жасамауы тиіс. 

                 Жаңарту жылдамдығы – көрсеткіш осы көрсеткіштің негізінде қабылданатын шешімдерді ескере отырып жеткілікті саналы уақыт ішіндеалуға болатын деректерге негізделуі тиіс, әйтпесе шешімдер ескірген немесе өзектілігін жоғалтқан деректердің негізінде қабылдануы мүмкін деген қауіпі бар.     

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық жоспарының жобасын талдағаннан кейін, мыналарды атап өту қажет.

Осы Стратегиялық жоспардың жобасында «Азаматтардың денсаулығын нығайту» деген 1-стратегиялық бағыт белгіленген. Осы стратегиялық бағыт шеңберінде оған жету үшін ана мен балаларға медициналық көмекті жетілдіру деген екі міндетті, сәйкесінше  орындау қажет  «Ана мен баланың денсаулық жағадйын жақсарту» деген 1-мақсат белгіленген. Бұл атап айтқанда, әйелдердің денсаулығын күтіп ұстау үшін қызметтердің мынадай түрлерін көрсетуді көздейді: әйелдер жүктілігінің ерте мерзімдерінде медициналық қадағалануы және бала туу жасындағы әйелдерді алдын ала тексерулері.  

Стратегиялық жоспар жобасының бюджетік бағдарламалар бөлімінде ана мен баланың денсаулығын сақтау мақсаты «Республикалық бюджет есебінен халыққа тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету бойынша қызметтер» бюджетік бағдарламасы бойынша өтеді.  Алайда, біріншіден, осы бюджеттік бағдарламаға, көрсетілген қызметті қоспағанда, басқа екі стратегиялық бағыттардың үш мақсаты енгізілген. ҚР мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі нұқсаулықтарға сәйкес  әрбір мақсат пен міндетке жеке бюджетік бағдарламаны көздеу талаптардың бірі болып табылады.  

Екіншіден, әйелдер жүктілігінің ерте мерзімдерінде медициналық қадағалау және бала туу жасындағы әйелдерді алдын алу тексеруін жүргізу сияқты қызметтердің жоспарланған түрлерін қамтымайды. Бюджеттік бағдарламада келтірілген «Шипажайларда емделген аналардың саны» сияқты сан көрсеткіші әйелдер жүктілігінің ерте мерзімдерінде медициналық қадағалау және бала туу жасындағы әйелдерді алдын алу тексеруін жүргізу бойынша айтылған қызметерге (міндеттерге)  және сәйкесінше тікелей нәтиженің көрсеткіштеріне тікелей байланысты емес.  Үшіншіден, нақты осы қызметтерге бағытталған шығыстар көлемін бөлу мүмкін емес, яғни жоғарыда аталған мақсаты шешу үшін бюджеттік қаржыны бөлудің ашықтылығы жоқ, ол түпкілікті қорытындыда бюджеттік қаражатардың түрлі мақсаттар арасында шашылуына әкеледі. Бұл сондай-ақ мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес нақты қоғамдық маңызы бар мақсаттарға жетуге бюджеттік қаржынының бөлінуін көздейтін НББ негізгі қағидаттарына сәйкес келмейді.   

Осыған байланысты, НББ кезеңдері бойынша өзара байланысты көресткіштерінің мынадай нұсқасы.

 

Кезең

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Мақсаттарды қою

1 -стратегиялық бағыт

Азаматтардың денсаулығын күшейту

1-мақсат.

Ана мен баланың денсаулық жағдайын жақсарту

нысаналы индикаторлары:

 

1. Ана өлімінің көрсеткіштерін төмендету (100 мың тірі туылғандарға)

 

2. Бала өлімі көрсеткіштерін төмендету ( 1 мың. жаңа туылғандарға)

Жоспарлау

1-міндет

Әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру

Тікелей нәтиженің көрсекіштері (қызметтерді көрсету)

Бала туу жасындағы әйелдерді алдын алу тексерулермен қамту (%)

Шығыстарды негіздеу

Бюджеттік бағдарлама

012 – ана мен баланы сақтау

Шығындар көрсеткіші

Бір әйелдің алдын алу тексерісінің құны (теңге)

Қызмет нәтижелерін бағалауды жүргізу

Сапаның көрсеткіші

Алынған медициналық көмекке қанағаттануы  (сұратылған әйелдер санынан пайызы)

Тиімділіктің көрсеткіші

Жасалған шығындарға тікелей нәтиделерге қатысы ретінде есептеледі

Түпкілікті нәтиженің көрсеткіші

Ана өлімі көрсеткіштерін төмендету ( 100 мың тірі туылғандарға)

 

Жоспарлаудың түрлі кезеңдерінде көрсетілген НББ көрсеткіштерінің өзара келісу қажеттіліктеріне басқа, көрсеткіштерді есептеу үшін деректерді алу мүмкіндігі маңызды мәнге ие.  Ақпараттық қамтамасыз ету бойынша пайдаланған көрсеткіштерді 5 топқа бөлуге болады:

1.      Көрсеткіштер ресми статискалық басылымдарда болады, оларды түрлі қоса есептеулерде пайдалануға болады, не ресми басылымдар бойынша оңай есептеуге болады.  Сонда да, көрсеткіштердің осы тобына мынадай проблемалар анықталды:

                       Көрсеткіштердің серпіндегі салыстырмалылығы.  Мысалы, шағын кәсіпорындардағы жұмыс істейтіндер саны үлесінің көрсеткіші кәсіпорынды шағындар санатына жатқызу цензінің заңнамалық өзгеруі кезінде өзгеруі мүмкін.

                       Статистикалық жинақтардағы деректер кешіктірумен  (мысалы, ВРП бойынша 18 айға) жарияланылады. Демек, ведомстволық статистикаға негізделген бағалық мәндерді есептеу қажет. Бұрынғы кезеңдердегі ресми стистикалық  басылымдардағы деректер уақыт өте келе нақытланады, бұл олардағы көрсеткіштерді қайта есептеуді талап етеді.

                       Басқа мемлекеттік органмен бірігу процесімен байланысты  мемлекеттік орган үшін спецификалық проблемалар. Осындай жағдайда ресми статискалық басылымдарда жеке әрбір мемлекеттік орган бойынша деректері бар.   

2.      Есептеу үшін шығарылатын статискалық жинақтарда ақпараты жоқ, бірақ арнайы мәселе бойынша статистка органдарында қажетті деректерді алу мүмкін  көрсеткіштер.  

3.      Есептеу үшін ақпарат тек қана атқарушы биліктің тиісті мемлекетік органдарында бар көрсеткіштер. Бұл, мысалы, қосымша білімге, мәдени ескертікштердің жағдайы мен қайта қалпына келітіруіне,  бала спортына, мүгедектер спортына байланысты көрсеткіштер, нақты мәндері жоспарлық немесе нормативтік қажеттіліктерге сәйкестікті сипаттайтын көрсеткіштер.

4.      Бұрын мүлдем есептелмеген көрсеткіштер. Осы көрсеткіштерді есептеу үшін әуелі тиісті есепке алуды тәртіпке келтіру қажет. 

5.      Халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік сұраулары негізінде  есептеуге болатын көрсеткіштер. Бұл қоғамдық маңызы бар қызметтерді көрсету сапасының көрсеткіштеріне қатысты. Осындай қызметтердің сапасын бағалау үшін стандартар жасалауы тиіс. Қызметтерді алушылардың нысаналы топтарын сұрату көмегімен қызметердің белгіленген стандарттарға жақындауы санатын бағалауға болады. 

Көрсеткіштер жоғарыдан жүктелетін есептіліктің элементін баламау керектігін атап өткен жөн:

                 Көрсеткіштердің атауларын осы жұмысқа барлық мүдделі тұлғаларды тарта отырып бюджеттік қызметтерді ұсынатын ведомстволар әзірлейді.

Информация о работе Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі