Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат
Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.
Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175
Семинарға 40 орталық мемлекеттік органдардың 175 өкілі қатысты (6-қосымша). Бұл негізінен қаржы департаменттерінің, ішкі бақылау, бухгалтерлік есеп және есептілік басқармаларының, сондай-ақ бюджетті әзірлеу және инвестициялық жобаларды қаржыландыру басқармасының өкілдері қатысты.
2008 жылғы 2 желтоқсанда республикалық семинар-кеңесте тыңдаушыларға мемлекеттік сектордағы қаржы менеджментінің тұжырымдамасы мәселелері бойынша түсініктер берілді. Мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінің аса маңызды параметрлері: бюджетті жасау, бюджеттің атқарылуы, есеп беру мен есептілік, бақылау және аудит қаралды.
Мемлекеттік органдарда қаржы менеджментін ұйымдастыру жөніндегі ресейлік тәжірибе тыңдаушыларда ерекше қызығушылық туғызды. Осыған байланысты Ресей Федерациясындағы қаржы менеджментінің қазіргі заманғы әдістерін енгізудің қажеттілігі мен оның алғышарттары сияқты мәселелер ашылды, бюджет қаражатын басты бөлушілердің сапасы көрсеткіштеріне қатысты, сондай-ақ қаржы менеджментінің сапасын бағалау нәтижелері жөніндегі ынталандыру тетігіне түсіндіру берілді.
Семинар-кеңестің барысында Қазақстан Республикасында БОР шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау жүйесін қалыптастыруға институционалдық және әдіснамалық тәсілдер ашылды, онда Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды басқару мен оны қаржыландыру мәселелері қаралды, мемлекеттік бағдарламаның сыртқы аудитінің халықаралық практикасы мен мемлекеттік бағдарламаларды бағалау әдіснамасы, сондай-ақ тиімділікті бағалаудың басымдықтары (бағдарламаның нәтижелілігі, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу, бағдарламаның тиімділігі, қол жеткізілген нәтижелер мен оларды қол жеткізуге жұмсалған шығындардың қатынасы, сондай-ақ рәсімдердің сақталуы) туралы айтылды. Бұл ретте бағдарламалық емес қызмет ұғымына ерекше назар аударылды (бухгалтерияның, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) бөлімшелерінің, заң қызметінің жұмысы).
Тыңдаушылар сондай-ақ қаржы менеджментінің: бюджетті жасау параметрлері, шығыстар құрылымының өзгерістері туралы шешімдер қабылдау және қаржы менеджментінің шарттары, нормативтік құқықтық реттеу сияқты озық әлемдік практикамен танысты. Орталық-шығыс Еуропа (ОШЕ) елдеріндегі бюджет реформасын реттеу және Еуропа одағына кіру кезінде мемлекеттік қаржыны басқару талаптары мәселелерін талқылады.
2008 жылғы 3 және 4 желтоқсанда топтар бойынша интерактивтік тренингтер өткізілді, онда ішкі бақылау мен аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану, ішкі бақылау мен аудиттің нақты ережелері мен рәсімдерін (қаржылық, заңдық, сондай-ақ олардың тиімділігі) бекіту; ішкі аудит бөлімшелерінің міндеттері; тәуекелдерді басқару; қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштердің тұрақты мониторингі мәселелері талқыланды. Тренингтің барысында мемлекеттік сектордағы ішкі аудиттің модельдері, мемлекеттік секторда ішкі бақылау мен аудитті енгізудің негізгі қателіктері туралы айтылды. Аудиторияны мемлекеттік секторда ішкі аудитті құру және оны барлық мемлекеттік органдарда құрудың орындылығы туралы, ішкі аудит қызметінің іс-шаралар жоспарының нақты сипаттамасының қажеттілігі туралы мәселе қызықтырды.
Сондай-ақ тренингте министрліктердің операциялық жоспарларының жекелеген департаменттердің операциялық жоспарларымен байланыстылығы проблемасы қозғалды, ол өзіне мемлекеттік бағдарламалардың (жоспарлардың) өмірлік циклы және мемлекеттік органдар үшін теңгерімделген көрсеткіштердің жүйесі мен оған қойылатын талаптар сияқты маңызды тақырыптарды ашуды шоғырландырды.
Бюджеттік бағдарламалардың құнын есептеу мен Операциялық жоспарды әзірлеу үшін үстеме шығыстар бағдарламалары бойынша бөлу қатысушыларда практикалық қызығушылық туғызды. Мәселен, бюджеттік бағдарламалардың құнын есептеу, атап айтқанда, бір ғана міндеттің бірден бірнеше бағдарламада болатындығы, шығындарды есептеудің қазіргі заманғы әдістерін ашу, бюджет секторында басқарушылық есепке алу қағидаттарын енгізу мәселелері қызықтырды.
Сөйтіп, семинарда алынған білімдер, тыңдаушылардың пікірі бойынша, практикалық тұрғыдан алғанда, мемлекеттік сектордағы қаржы менеджментінің мәнін, нәтижеге бағдарланған бюджет жасаудың шеңберінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіндегі оның орнын сезінуге мүмкіндік берді.
Семинар-тренингті өткізу кезінде таныстыру және кейіннен түсіндіру үшін Стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың жобасы ұсынылды. Жұмыстың бұл түрі зерттеудің 4-ші кезеңі шеңберінде көзделді. Бағдарламалық құжаттарды бағалау жөніндегі халықаралық тәжірибені талдаудың негізінде сарапшылар министрліктер мен ведомстволардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалаудың негізгі қағидаттары мен әдістері, бағдарламалардың нәтижелілігі бойынша түсініктер берді.
2.2 Тренинг-семинарларын өткізудің негізгі кезеңдері
1 кезең. Семинарды өткізудің алғашқы жұмыстары
- Стратегиялық жоспарлау мен НББ жөніндегі әдебиеттерді іріктеу және алдын ала танысу
- Іріктелген әдебиеттерді зерделеу
- Жұмыс жоспарын жасау
2 кезең. Семинарды ұйымдастыру
- Семинарға қатысатын меморгандар тізбесін белгілеу
- Мемлекеттік органдарға хаттарды даярлау
- Хаттарды мемлекеттік органдарға жіберу
- Мемлекеттік органдармен семинарға қатысатын күндерін келісу
- Мемлекеттік органдардың растауларын алу
- Семинарды өткеру бағдарламасын жасау
- Семинарға қатысушылар үшін таратылуға жататын оқу материалдарының қағаз және электронды нұсқаларын даярлау
- Семинардың қатысушыларына папкалар даярлау
3 кезең. Семинарды өткізу бойынша дайындық жұмыстары
1. Семинар өтетін әрбір меморган қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру
2. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасын алдын ала зерделеу
3. Семинарды өткізу үшін НББ тақырыбы бойынша таратылатын материалдарды (слайдтарды) дайындау
4. Семинардың интерактивті бөлігін өткізу үшін карточкалар мен фломастерлерді дайындау
5. Шетелдік және Ресей тәжірибесінен миссияларды, мақсаттарды, міндеттерді, нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді тұжырымдау үлгілері көрсетілген плакаттарды дайындау
4 кезең. Семинарды өткізу
1. 2008 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарда бар негізгі ұғымдарды қайталау
2. Мақсаттарды, міндеттерді, нысанды индикаторларды тұжырымдауға қойылатын талаптармен таныстыру
3. Тренингтің қадамдық рәсімдері
№ | Қадамдар |
1 | Мемлекеттік органның миссиясы мен болжамды көрінісін тұжырымдау |
2 | Мемлекеттік органды дамытудың стратегиялық бағыттарын анықтау |
3 | Мақсаттар мен нысаналы индикаторларды тұжырымдау |
4 | Оларды орындау міндеттері мен көрсеткіштерін анықтау |
1-тапсырма мемлекеттік органның миссиясы мен болжамды көруді тұжырымдау жөнінде
Миссия (кең мағынада) - мемлекеттік органның мемлекеттік басқару субъектісі ретіндегі негізгі қызметін және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуын анықтайды.
Ұйым философиясы ұйым өз қызметін жүзеге асыруды ниет еткен құндылықтар мен қағидаларды белгілейді. Тағайындалуы ұйым ол қандай үлгідегі ұйым болу ниетін жүзеге асыру ниетіндегі әрекеттерін белгілейді. Ұйым философиясы әдетте сирек алмасып отырады. Миссияның екінші бөліміне келсек ол ұйымда және оның функцияларының ішінде жүруі мүмкін өзгерістердің тереңдігіне байланысты алмасуы мүмкін.
Ұйым философиясы оның мәдениеті мен әлеуметтік құндылықтарын белгілейді. Әдетте миссияда:
- қоғам алдындағы әлеуметтік міндеттер мен азаматтық жауапкершілік;
- түрлі қоғамдық топтарға, қоршаған ортаға және т.б. қарым-қатынастың қағидаттары.
Миссияның өзгерісі іс жүзінде бұрынғы ұйымның жабылуын және оның орнына тіпті сол атаумен жаңасының ашылуын білдіреді. Миссия – ұйымның өзегі, оның ағзасының неғұрлым тұрақты бөлігі.
Миссия – бұл ол үшін ұйым тіршілік ететін және жоспарлы кезеңде орындалуы тиіс мақсат.
Миссия (тар мағынада) – ұйымның не үшін немесе қандай себеппен тіршілік етуіне қатысты тұжырымдалған мәні, яғни миссия осы ұйымның оған ұқсастарынан айырмашылығы көрінетін ұйымның тіршілік ету мәнін ашатын бекім ретінде түсініледі. Дұрыс тұжырымдалған миссия, тіпті әрқашан жалпы философиялық мағынасы бар болғанымен, міндетті түрде өзіне оны өзінше теңдессіз ететін ол жасалған ұйымды сипаттайтын ерекшелігі болады.
Миссия мемлекеттік басқару субъектісі ретінде мемлекеттік органның негізгі тағайындалуын және оның мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуын бегілейді.
Миссия – ол Сіздің ұйымның не үшін тіршілік етуі. Ол ұйымда Сіздің қол жеткізгіңіз келетін түпкілікті нәтиже. Ол Сіздің не үшін, нені жасап жатқаныңызды анықтайды, оның негізгі мақсаты – қажеттіліктерге жету үшін адами ресурстардың жылжымалылығы. Бұл сол, ұйым қызметтерінің барлық бағыттарын біріктіретін тізбек, элемент десе болады.
Миссия – бұл «Біз кімбіз?», «Не үшін тіршілік етеміз?», «Біз не істейміз және кім үшін?» деген сұрақтарға қысқаша жауап.
Әдістемелік ұсынымдарда мынадай ұғымдар берілген:
Миссия мемлекеттік органның мемлекеттік басқару субъектісі ретіндегі негізгі қызметін және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуын анықтайды
Мысалы.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өзінің миссиясын мынадай кейіпте келтірді: «Орнықты даму мен қоршаған ортаны қорғау аумағында саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ экологиялық реттеу жүйесі мен елдің барлық аймағы мен трансшекара аспектісінде бақылау». Бұл тұжырымдауда «Біз кімбіз?», «Біз не үшін өмір сүреміз?», «Біз нені және кім үшін жасаймыз?» деген сұрақтарға жауап бар, бірақ оның аяқталған түрі жоқ, қалай дегенмен не үшін, кім үшін жасалып жатқаны көрсетілмеген.
Сондықтан миссияның тұжырымдауын жаңа редакцияда ұсынуға болады, мәселен былайша: «Келешек ұрпақ үшін орнықты даму мен қоршаған ортаны қорғау аумағында саясатты қалыптастыру және іске асыру».
Көрініс мемлекеттік орган өзі жетекшілік ететін салалары немесе немесе қызмет аяларын келешекте қалай көретінін бейнелеуі керек.
Кейбір меморгандардың дамудың Стратегиялық жоспарлары жобаларының бірінші нұсқаларының болжамды көруді тұжырымдау бөлігін теріп қарап меморгандар іс жүзінде тек бір нәрсені жазатыны атап айтуға болады – олар өздерін тиімді, заманға сай, кәсіби және әлемдік стандарттарға жауап беретін көреді.
Бірнеше мысалдар келтіреміз:
• Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің көрінісі - Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын тиімді және кәсіби мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің көрінісі
Азаматтардың денсаулығын қорғауды және денсаулық сақтау саласын басқаруды мемлекеттік реттеу мен салааралық үйлестіруді жүзеге асырушы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелерге сәйкес модернизацияланған мемлекеттік орган.
Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР агенттігінің көрінісі – экономиканың реттелетін саласына қатысты ең жақсы әлемдік тәжірибеге сәйкес барлық жалпы қабылданған функциялары мен құзыреттері бар тиімді тәуелсіз салалық реттеуші болып табылатын мемлекеттік орган.
Орталық сайлау комиссиясының көрінісі – халықаралық демократиялық стандарттар мен қағидаларға жауап беретін сайлау және республикалық референдум туралы заңнаманы орындауды, дамыту мен жетілдіруді бақылауды қолдануды қамтамасыз ететін тиімді және кәсіби мемлекеттік орган.
Көрсетілген меморгандардың көріністерін тұжырымдауда меморганның өзін қалай көретінінен шыға отырып, осы орган бағыттайтын сала қалай көрінетінін атаған жөн.
Осы берілген тапсырма бойынша сіздің министрліктің немесе ведомствоның (комитеттің, агенттіктің) миссиясы мен көрінісін қалыптастыру керектігі талап етіледі.