Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175

Работа содержит 1 файл

анар аудит.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

 

Мемлекеттік  атқарушы билік органдарының стратегиялық бағыттарын тұжырымдап айту бойынша 2 тапсырма

Әдістемелік ұсынымдарда мынадай ұғымдар беріледі: «Стратегиялық бағыттар мемлекеттік орган тиісті проблемаларды шешуде неғұрлым көп ықпалы бар қызмет саласында бір нүктеге топталуы және мемлекеттік орган қызметінің барлық саласын қамтуы тиіс. Стратегиялық бағыттар жалпы мемлекеттік мақсаттар мен басымдықтарға жету үшін, сондай-ақ мемлекеттік органның миссиясын орындау және оның көрінісін іске асыру үшін өзгеруі неғұрлым басты деп саналатын реттелуші экономика салаларынан, секторларынан шыға отырып қалыптасады». Стратегиялық бағыттар мемлекеттік органның кейбір мақсаттарын топтастыруға мүмкіндік береді. 

Мысалы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өзінің стратегиялық бағытын мынадай тұрғыда тұжырымдаған.

Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың мақсаттарына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары:

1. Халықтың кедейлік деңгейін төмендетуге жәрдемдесу.

2. Халықты тиімді жұмыспен қамтуға және еңбек ресурстарына деген экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдесу.

3. Еңбек саласындағы конституциялық құқықтардың кепілдіктерін қамтамасыз ету.

4. Әлеуметтік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету.

5. Әлеуметтік қолдау мен әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту.

6. Мемлекеттік көші-қон саясатын жетілдіру және іске асыру (құзыреті шегінде) болып табылады.

Келтірілген мысалдардан келіп, мынадай, стратегиялық бағыттар тым көп емес пе, деген сұрақ туындайды. Әрине, оларды қысқартуға болады,  мәселен, 4 пен 5 тармақты біріктірген болсақ. Қанша дегенмен, стратегиялық бағыттардан соң стратегиялық бағыттар қалыптасады, ал стратегиялық бағыттардың көп тізбегі автоматты түрде  мақсат ағашының өсуіне, меморган мақсаттарының ары қарайғы бұзылуына және оларды іске асырудағы қиындықтарға әкеп соғады.

 

Талап етіледі: сіздің министрліктің немесе ведомствоның (комитеттің, агенттіктің) миссиясы мен көрінісін қалыптастыру керек

 

Мемлекеттік  атқарушы билік органдарының мақсаттары мен мақсатты индикаторларын тұжырымдау бойынша 3 тапсырма

Миссияның негізінде ұйымның мақсаттары мен міндеттері әзірленеді немесе «мақсаттар мен міндеттер тармағы» қалыптасады.  Мемлекеттік органның мақсаттарын анық және негізді қалыптастыру үшін саланың ағымдағы ахуалына талдауды дұрыс жүзеге асыру керек, яғни мақсаттар және тиісінше мемлекеттік органның міндеттері бағыттаушы саланың ағымдағы ахуалын талдауынан қалыптасуы тиіс. Сонымен бірге ағымдағы ахуалының талдауы бұл мемлекеттік органның атқарған жұмыстары мен жетістіктері туралы есебі емес, бюджеттік бағдарлама бойынша түпкілікті және тікелей нәтижелерге жету үшін мемлекеттік органда пайда болған проблемаларды көрсететінін есте ұстаған жөн.

Мысалы:

ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының жобасындағы «Орталық сайлау комиссиясының қызметінің нәтижелерінің талдауы» деген бөлімде 8 беті осы ведомство өзінің қызметінің негізгі бағыттары бойынша нелерді жасалғанына арналған, яғни олардың жетістіктері туралы және тек 2 сөйлем ғана (тіпті олар майлы қаріппен бөлінбеген) сайлау процесінің үлкен ашықтығы мен қол жетімдігін қамтамасыз етумен және сайлау компаниялары өткізу кезінде заңдардың бұзылуымен байланысты проблемаларды атап көрсетеді. Ондай талдау меморганның жасалған мақсаттарының дұрыстығын  және тиісінше бюджеттік қаражаттың бөлінуіне сендірмейді. Жасалған мақсаттар мен міндеттерге бюджеттік қаражат бөлінетінін есте ұстаған жөн. Егер олар нанатындай болмаса, онда қаражат алынбауы мүмкін.  

Стратегиялық және жедел мақсаттар қысқа, құрылымды және ақылға қонымды шекте тұжырымдалуы тиіс. Олар өзара байланысты және нақтылы мерзімдерге нақты байланысты болуы тиіс. Қажет болған кезде мәтінді түсініктемелерде қосымша деректемелер мен негіздемелер келтірілуі мүмкін. Мақсаттарды және санды көрсеткіштердің астарында тұрған негіздерді жеңіл түсіну үшін түпкілікті әлеуметтік-маңызды нәтижелер мен аралық мақсаттар сияқтыларға жету бойынша қойылған міндеттерге ресурстардың байланысын түсіндіретін визуалдық графикалық құралдар пайдаланылуы мүмкін. 2-3 мақсат тұжырымдаған жөн, оның әрқайсысы 4-5 міндетке ауысады. Неге сондай мөлшерде? Егер көп мақсаттарды әзірлеуге ұмтылсақ, олар тіпті ерекше болады және олар мен міндеттер арасындағы шекара жуылып кетеді. Одан әрі міндеттердің санын өсірген жағдайда оларды орындау мүмкіндігі қиындайды және олар персоналдың жұмысын тым шектеуі мүмкін. Егер олар аз болса, олар ұйым қызметінің барлық бағыттарын қамти алмауы мүмкін.

Тұжырымдалған мақсаттар SMART қағидаларына сәйкес:

                   анық және дәл (S - Specific);

                   өлшемді (M - Measurable),

                   қол жетімді (A - Achievable);

                   өзарасында да және ұйымның стратегиялық мақсаттарының арасында да  қайшы емес (R - Related);

                   оларға жетудің мерзімі бойынша анықталған (T - Times-bound) болуы тиіс.

Мақсаттарды тұжырымдауға бірқатар себептер бойынша ықыласпен көңіл бөлу керек:

                   жобаға қатысушылардың мақсаттарды әртүрлі түсінуі ресурстар мен жұмыс тобының күшін орынсыз жұмсауға алып келеді, мақсаттарға қол жетпейді;

                   мақсаттар шекарасының елеусіз жылжуы мерзімдер мен бюджет жобасына елеулі өзгерістерді шақырады;

                   мақсаттарда жазылмағандар (жасуға ұмтып кеткен немесе дұрыс түсінбегендер), онда бұл міндетті түрде қараудан алынып қалады және орындалмайды.

Мақсатты көрсеткіштерді әзірлеу процесі төрт кезеңнен жүзеге асырылады.

 

 

1-кезең. Мақсаттарды анықтау.

Басты мақсаттар астында кіші мақсаттар мен міндеттемелердің бой түзеуі жүргізіледі. Бұл жағдайда жүйелілік мынадай:

- басты мақсаттың (мақсаттардың) тұжырымдамасы;

- мақсаттарды жүзеге асырудың айқындылығын тексеру;

- мақсаттар тармағын қалыптастыру;

- кіші мақсаттардың генерациясы;

- кіші мақсаттар тұжырымдамасын нақтылау (кіші мақсаттардың тәуелсіздігін тексеру);

- кіші мақсаттардың маңыздылығын бағалау;

- кіші мақсаттардың қарапайымдылығын тексеру.

Мақсаттар тармақтарын қалыптастыру басты мақсатқа жетудің қажетті шарттарының қатарлас жиынтығын жасауға мүмкіндік беретін декомпозиция әдісінің көмегімен жүзеге асырылады.

Нәтижесінде мақсаттардың иерархиялық құрылымы алынуы тиіс, иерархияның төменгі деңгейіндегі мақсаттар жоғары деңгейдегі мақсаттарға бағынысты болғанда, ал төмендегі жақын деңгейдегі мақсаттарға жетпей жоғары деңгейдегі мақсаттарға жету мүмкін емес. Алынған мақсаттар сұлбасы міндеттемелерді синтездеу үшін негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Мақсаттардың иерархиялық құрылымы

 

1-сурет. Стратегиялық жоспардың иерархиялық құрылымы

 

Ескерту: мақсаттарды тұжырымдау тек осы салада пайдаланылатын және адам саласындағы ерекшеліктерге арналмаған арнайы терминдерден тұрмауы тиіс.

Мысалы: Орталық сайлау комитетінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары жобасының алғашқы нұсқасын мақсаттарды тұжырымдауға қатысты талдап мыналарды атап өтуге болады:

 

 

Стратегиялық бағыттар және мақсаттар

Тұжырымдауға қатысты қорытындылар

Стратегиялық бағыт

Сайлау туралы және республикалық референдум туралы ҚР заңнамасын жетілдіру

 

 

Мақсаттар:

Сайлау кампанияларында өткізілген республикалық референдум мен сайлау туралы заңнаманы талдау, шет мемлекеттердің тәжірибесін үйрену.

Сайлау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар мен шетелдік орталық сайлау органдарымен өзара әрекеттестік.

Сайлау туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар сайлау үдерісі мен сайлауды ұйымдастырушылардан түсетін қорытындылар.

 

Міндеттер тізбесі:

                  халықаралық стандарттарға сәйкес сайлау және республикалық референдум туралы ҚР заңнамасын талдау;

                  БДИПЧ/ОБСЕ ұсыныстарын зерделеу;

                  сайлау процестерінің қатысушыларынан түсетін сайлау туралы заңнаманы жетілдіру  жөніндегі ұсыныстарды қорытындылау;

сайлау заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар даярлау

 

Стратегиялық бағыттың ондай тұжырымдамасы біздің көзқарасымыз бойынша көбінесе міндеттерге сәйкес келеді. Міндеттемелер әрекеттер (іс-шаралар) жүйесі арқылы іске асырылады. 

 

Мақсаттарды сол жақта көрсетілген түрінде тұжырымдау көбінесе заңнаманы жетілдіру бойынша міндеттемелерді шешу жөніндегі іс-шараларға келеді.  Одан басқа, Әдістемелік ұсынымдарда мақсаттарды тұжырымдау «мақсатқа жету жолының, құралы мен әдістерінің сипаттамасынан» тұрмауға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

Міндеттер тізбесі жоғарыда көрсетілген мақсаттарды қайталайды. Келтірілген міндеттер тізбесі жоғарыда көрсетілгендей заңнаманы жетілдіру жөніндегі іс-шаралар тізбесі болып табылады.

 

 

 

Осылайша, мақсаттар мен міндеттерді одан әрі қайталауға алып келген стратегиялық бағыт және оған сәйкес мақсаттар дұрыс тұжырымдалмаған. Бұл біздің пікіріміз бойынша басында-ақ тиісті мақсат шығатын проблема анық көрсетілмегендігіне байланысты.

Мақсаттарды тұжырымдауға мысал ретінде шетелдік тәжірибеде  тұжырымдалған мақсаттарды қараймыз. Мысалы, 2000-2003 жж. Ұлыбританияның мемлекеттік бюджетінде сот жүйесі үшін және Австралияның білім Министрлігі.

Ұлыбритания  Үкіметі 2004 жылы қылмыстық құқық саласында сот әділдігін атқаруды мынадай тұрғыда жақсартуды міндеттенеді: 

1. Сот билігі өкілдерінің тарапынан оларға жасалған ара қатынасын «қанағаттанарлық» немесе «қанағаттанарлықтан да көп» деп санайтын жәбірленушілер мен куәгерлердің үлесін кем дегенде 5% арттыруға. (Англияда жәбірленушілер мен куәгерлерден сұрау жүргізу жыл сайын әлеуметтік компанияларға тәуелсіз өткізіледі. Куәгерлер мен жәбірленушілерден жеке тікелей және телефон бойынша сұрау жүргізіледі)

2. Қамауға алынған кезден бастап үкім шығарғанға (немесе істі жабуға) дейінгі уақытты қысқартуға:

кәмелетке толмаған қылмыскерлер үшін – 2002 жылға қарай 142-ден 71 күнге дейін, және бұл деңгейді одан әрі сақтауға;  (142 күн – 1996 жылдың орташа көрсеткіші).

- кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша барлық істердің  80% белгіленген мерзім шегінде қарауды қамтамасыз етуге.

Австралияның білім Министрлігі төмендегідей мақсаттар қалыптастырды:

1 мақсат: Оқушылар мектептен жоғарғы сапалы негізгі білім мен дағды алады. Алдыңғы жылы мақсат мынандай түрде қалыптастырылған болатын: «Мектептер оқушыларға жоғары сапалы білім мен дағдыны береді». Мақсатты қайта қалыптастыру себебі негізгі басымдықты мемлекеттік органнан (мектеп) игілік алушыларға (оқушылар) ауыстыру болды!

2 мақсат: Әркім ұлттық білім стандарттар деңгейіне сәйкес болашақтағы өмірі мен жұмысы  үшін мектептен кейінгі білім жүйесі мен кәсіпқойлық дайындық арқылы білім мен оқулар алады. Бұл мақсатта да басымдық игілік алушыларда.   

Талап етіледі: өзінің мемлекеттік органы бойынша мақсаттар қалыптастыру

Тапсырмаларды орындау кезінде мақсатты таңдауда акцентті осы мемлекеттік орган бірінші кезекте неге қол жеткізгісі келетінін ескеріп отырған жөн.

Мысалы. Мақсатқа жетудің балама нұсқаларын таңдау

 

1-кесте – Жол құрылысы кезінде мақсатқа жетудің балама нұсқаларын таңдау

 

Жабу түрлері

Құрылыс шығындары

Жабу қызметінен күтілетін мерзім

Шығындар

/тиімділік коэффициенті

Ранг

Қатты жабындысы бар жол

1400000

6

233333

1

Жақсартылған қатты жабындысы бар жол

2100000

8

262500

3

Тас төселген жол

2500000

10

250000

2

 

Баламаларды кезекті жинақтау мен іріктеу үнемі мемлекетік органның алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне негізделуі керек. Берілген мысалда соңғы нұсқаны таңдау құрылыс мақсаты мен жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелерді есепке алу арқылы жүргізілуі керек. Баламалы нұсқалардың ішінен ең жақсысын есептеу үшін шығындар/нәтиже коэфициентін есептеу керек, мұнда шығындар – жол құрылысына кеткен ақша қаражаттары, ал нәтиже ретінде жол жабу қызметінің күткен мерзімі болады. Осылай әрбір нұсқа бойынша алынған коэфициенттерді салыстыра отырып, баламалардың ішіндегі тиімдісі туралы қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар жобаның іске асырылу мүмкіндігіне немесе күтілген нәтижеге әсер ететін факторларды да есепке алу керек: берілген мысалда құрылысқа деген шығындардан басқа жоба іске асырылып жатқан аймақтың ерекшелігі немесе климаттық жағдайы, олардың жол қызметі күткен мерзімге қалай әсер ететіні сияқты факторларды да есепке алу керек. Берілген мысалда үнемдеу көзқарасымен қарағанда пайдалысы қатты жабындысы бар жол салу болып табылады.

  

2-кесте - Денсаулық сақтауда мақсатқа жетудің балама нұсқаларын таңдау. Мақсат: Сәбилер өлімін азайту.

 

 

 

Толық вакцинация

КДС

 

Туберкулез

(БЦЖ)

Әсер (алдын алған өлімдер саны)

275000

240000

40000

Шығындар

125

115

70

Шығындардың қатынасы/әсері

454,5

479

1750

Информация о работе Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі