Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат
Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.
Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175
Семинар–кеңестің қатысушыларына стратегиялық жоспарлардың міндеттері, құрылымы, негізгі талаптары, сондай-ақ ұқсас құжаттардың дайындау жөніндегі ресейлік және халықаралық тәжірибеден алынған сабақтар толық түсіндірілді.
Жеке тұсау кесер мемлекеттік органдардың қызметтерінің нәтижелілігінің көрсеткіштеріне және оларды бағалауға арналды, нәтижелілік көрсеткіштерін тікелей (тіке) нәтижелер көрсеткіштері мен түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне дұрыс бөлінуін көрсететін нақтылы үлгілер көрсетілді.
Семинар-кеңесте мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік реформа жағдайында персоналдың мотивациясы мен ынталандыру мәселелеріне көңіл бөлінді.
Семинар-кеңес қатысушылары сонымен қатар мемлекеттік қызмет мәселелеріне арналған баяндамалар, атап айтқанда мемлекеттік қызметті айқындау проблемалары, қызметтерді сыныптау, мемлекеттік қызметтерді ұсыну регламенті мен стандарттары, олардың құндарын бағалау тәсілдері тыңдалды.
Жоғарыда айтылғандай, семинарға қатысуға 32 орталық мемлекеттік органдардан 400-ге жуық өкілдер шақырылды (2-қосымша). Әрбір қатысушы үшін, онда блокноттар, қаламсаптар, баяндамашылардың тұсаукесері, семинардың материалдары жазылған дискілер мен бағдарламалар салынған портфельдер мен папкалар дайындалды. Бағдарламаларда әрбір мемлекеттік орган үшін жеке семинарды өткізу уақыты мен орнын көрсете отырып семинар өткізудің барлық күндерінің кестесі жазылған. Семинар баспасөздің қатысуымен өтті, сондай-ақ оларға да тұсау кесер материалдардың бүкіл пакеті дайындалды.
Мемлекеттік органдар үшін жеке тәртіптегі тренинг- семинарлардың мақсаты стратегиялық жоспарлар мен үш жылдық бюджетті жасау жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды түсіндіру, сондай-ақ Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының бастапқы нұсқаларын (олар бар болған және ұсынылған жағдайда) мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және көрсеткіштер бойынша талқылау болып табылады. Семинарлар интерактивті тәртіп бойынша күніне 8 семинардан екі мезгілде 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.00-ден 18.00-ге дейін бір уақытта 4 залда өтті. Оқушылар контингенті Стратегиялық жоспарлардың жобаларын дайындауға тікелей қатыстырылған орталық мемлекеттік органдардың бөлімшелері: стратегиялық жоспарлау мен жинақтама талдау, экономика және қаржы, бюджеттік жоспарлау мен қаржыландыру, кадрлық қамтамасыз ету департаменттерінің, салалық бөлімшелер мен басқалардың қызметкерлерінен құралды. Негізінен бұл орта басқару буынның қызметкерлері.
Үш күн ішінде сегіз ресейлік сарапшылардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің тиісті департаменттерінің қызметкерлерінің және «Экономикалық зертеулер институты» АҚ-ның төрт сарапшысының қатысуымен 24 семинар өткізілді. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның сарапшылары мемлекеттік органдардың өкілдерімен семинарларды өткізгенге дейін нәтижелерге бағдарланған стратегиялық жоспарлау мен бюджеттеу курстарында оқудан өтті, тиісті сертификаттары бар .
Осы тренинг-семинарларды жүргізу әдістемесі:
- озық халықаралық тәжірибе мен іс жүзінде қолданылуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемені міндеттер, құрылымдар мен негізгі талаптары бөлігінде жүргізуді ескере отырып, нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу тәсілдерінің таныстыру тұсау кесерін;
- стратегиялық жоспарлардың бірінші нұсқаларының, олар болған және семинарға ұсынған жағдайда, бөлімдерін (миссиясын, негізгі бағыттарын, нақтылы министрліктер мен ведомстволардың мақсаттары мен міндеттерін) ҚР Мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, «Қазақстан-2030» стратегиясына, сондай-ақ басқа да стратегиялық құжаттарға сәйкесітігі пәніне талдауын;
- министрліктер мен ведомстволардың стратегиялық бағытарының, мақсаттары мен міндеттерінің, нәтижелілік көрсеткіштерінің жүйесін интерактивтік талқылауды, тыңдаушыларды топтарға бөлуді, оларға жеке тапсырмаларды бекітуді, топтардың тұсау кесерлерін және дайындалған материалдарды талқылауды;
- стратегиялық жоспарлардың жобаларын түзету және пысықтау жөніндегі кеңестер мен ұсыныстар беруді қосты.
Мемлекеттік органдармен тренинг- семинарларды өткізу қорытындысы бойынша институт сарапшылары күн сайын жедел түрде есептер жасады. Одан басқа тренинг-семинарларды өткізуден алынған тәжірибесімен институт сарапшылары Семинарлар өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірледі (осы есептің 2.1 бөлімін қараңыз).
Стратегиялық бағыттарды, мақсаттарды, міндеттерді қалыптастыру жөніндегі стратегиялық жоспарларды, сондай-ақ міндеттерді орындаудың индикаторлары мен көрсеткіштерін жасаудың дұрыстығын анықтау үшін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ тренинг-семинарлардың екінші кезеңін өткізді, оған атқарушы биліктің 36 мемлекеттік органының 311 өкілі қатысты (3-қосымша). Тренинг-семинарлардың екінші кезеңін өткізу үшін кесте жасалды (4-қосымша), оған сәйкес әрбір мемлекеттік органмен жеке тәртіпте тренинг өткізілді және стратегиялық жоспарларды сапалы әзірлеу үшін жәрдем көрсетілді. Интерактивтік режимде өткізілген семинарда Стратегиялық жоспарлардың жобаларын талқылау жүзеге асырылды. Семинардың нәтижелері бойынша институттың сарапшылары жедел тәртіппен күнделікті есеп жасады, онда мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларының жобаларын талқылау барысында анықталған кемшіліктер қысқаша келтірілді. Есептер Стратегиялық жоспарлардың жобаларына түзетулер енгізу жөнінде жедел шаралар қабылдау үшін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсынылды.
Стратегиялық жоспарлардың жобаларына жүргізілген талдау олардың тұтастай алғанда міндеттерді табысты орындағандығын куәландырады. Алайда, мұндай құжаттарды әзірлеу үшін бөлінетін көп уақыт пен оларды жасау жөніндегі тексерілген және сынақтан өткізілген егжей-тегжейлі әдістемелік ұсынымдар болған жағдайда, нәтижелер жақсырақ болған болар еді.
Министрліктер мен ведомстволардың Стратегиялық жоспарларының жобалары сапалық пысықталушылығы тұрғысынан алғанда бір бірінен қатты ерекшеленеді. Барлық жобаларда пысықтауды талап ететін өзінің тар орындары бар. Стратегиялық жоспарлардың жобаларында көрсетілген факторлардың кейбір кемшіліктерінің әзірлеуші мемлекеттік органдарға байланысты емес факторларға, атап айтқанда, қолданыстағы бюджеттік жіктеменің БОР қағидаттарын сәйкес келмеушілігіне, ресурстарды (бюжеттік бағдарламаларды) бөлудің нақты стратегиялық мақсаттармен, міндеттермен және күтілетін нәтижелермен және т.б. байланыстыру әдістерінің жоқтығына байланысты екендігін атап өту қажет.
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ҚР Мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларының жобалары мынадай құрылымда жасалуға тиіс:
1. Миссия және көрініс
2. Ағымдағы жағдайды талдау
3. Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
4. Мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдері
5. Нормативтік құқықтық актілер
6. Бюджеттік бағдарламалар.
Іс жүзінде барлық жобалар талап етілетін құрылымға сәйкес келді (мысалы, Есеп комитетінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Президенті Күзет қызметінің жобаларын қоспағанда). Ұсынылған жобалардың көлемі мемлекеттік органға байланысты елеулі түрде ерекшеленді. Кейбір жағдайларда Стратегиялық жоспар жобасының көлемі тиісті мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігімен, мемлекеттің осы саладағы саясатының кешенді сипатымен анықталды. Басқа жағдайларда жобалардың шамадан тыс нақтылануы және шамадан тыс жүктемеленуі талаптарды дұрыс түсінбеуден немесе әзірлеушінің тұтастай алғанда, құжатты дұрыс жазбауынан туындады. Сол уақытта сарапшылардан алынған алғашқы ескертпелер мен ұсыныстардан кейін көптеген жобалар сапасының елеулі түрде артқандығын атап өту қажет.
Сөйтіп, жүргізілген талдау мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
Оң мысалдар:
1. миссияның жеткілікті түрде жақсы тұжырымдалуы (анық, айқын және қысқа) Сыртқы істер министрлігінде байқалады;
2. көріністі тұжырымдаудың табысты нұсқасы – ҚР Адам құқықтары ұлттық орталығы;
3. жеткілікті түрде қысқа, сонымен бірге ақпараттық және қисындық тұрғыдан дұрыс құрылған ағымдағы жағдайдың талдамасы – Төтенше жағдайлар, Көлік және коммуникация, Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері, ҚР Конституциялық кеңесі (SWOT – сыртқы және ішкі ортаны талдау нәтижелері бар);
4. талаптарға сәйкестігі, «Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері» деген 3-бөлімнің толықтығы мен дәлелденуі, барынша табысты жасалуы тұрғысынан табиғи монополияларды реттеу және Алматы қаласының қаржы орталығының қызметін реттеу агенттіктерінің Стратегиялық жоспарларының жобалары ерекшеленеді;
5. мақсатты индикаторларды дұрыс таңдау – ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігі;
6. жақсы құрылымдалған «Ықтимал тәуекелдер» кіші бөлімі – Білім және ғылым министрлігі;
7. бюджеттік бағдарламалар мақсаттары мен міндеттері бойынша бөлінген – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Негізгі кемшіліктер:
1. Миссияны тұжырымдау кезіндегі көптеген мемлекеттік органдардың ұқсас қатесі өз рөлін жеткілікті түрде түсінбеуі болып табылады: олар қандай да бір саладағы мемлекеттік саясатты жүргізушілер мен үйлестірушілер ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік қызметтердің ұсынылуын ұйымдастырушылар да болып табылады.
2. Көптеген мемлекеттік органдар «Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімді атқарылған жұмыс туралы есеп түрінде елестетеді, бұл Әдістемелік ұсынымдардың талаптарына сәйкес келмейді. Талдаудың құрылымы стратегиялық бағыттарға сәйкес келуге тиіс. Стратегиялық жоспардың барлық бөлімдері бір-бірімен байланыста болуы және талдауда анықталған проблемалар жоспардың келесі бөлімінің мақсаттары мен міндеттерінен туындауы тиіс.
3. Стратегиялық жоспардың негізгі бөлімдерінің бірі «Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері» деген 3-бөлім болып табылады. Стратегиялық бағыттар мен мақсаттар қысқа және құрылымды тұжырымдалуға тиіс. Талдау бәрінен көп ескертпелер нақ осы бөлім бойынша болғандығын көрсетеді, бұл мемлекеттік органдарда – Стратегиялық жоспарлардың жобаларын әзірлеушілерде БОР қағидаттарына сәйкес мақсатты пайымдау жөніндегі дағдылардың жоқтығын білдіреді. Мәселен, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі өзі үшін шамадан тыс көп стратегиялық бағыттар тұжырымдаған, ал сол уақытта мәлімделген сегіз стратегиялық бағыттарды біреумен ауыстыруға болар еді. ҚР Индустрия және сауда министрлігі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 50 міндетті жоспарлайды. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарының жобасы мақсаттар (12) мен міндеттер (42) жүйесінің ауқымдылығымен ерекшеленеді.
Сондай-ақ 3-бөлімді әзірлеу кезіндегі елеулі кемшілік деп ұсынылатын мақсатты индикаторлар мен міндеттер көрсеткіштерінің бірқатар жағдайларда сандық мәндерінің жоқтығын атауға болады (тіпті мұны жасау күрделі емес жағдайлардың өзінде) – ҚР Орталық сайлау комиссиясы, ҚР Конституциялық кеңесі, ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Төтенше жағдайлар, Мәдениет және ақпарат, Ішкі істер министрліктері, ҚР Республикалық ұланы, ҚР Президентінің Күзет қызметі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.
4. Мақсаттары мен міндеттері бюджеттік бағдарламалармен байланыспаған – ҚР Орталық сайлау комиссиясы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Республикалық ұланы, ҚР Президентінің Күзет қызметі, ҚР Президентінің Іс басқармасы және т.б.
6-кезеңнің талаптарына сәйкес Техникалық ерекшеліктің осы тақырыбы бойынша зерттеулер қаржы менеджментінің мәнін ашу және оны мемлекеттік органдарда жүзеге асыру әдістері жөнінде мемлекеттік органдармен тренинг түрінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді көздейді. Осыған байланысты 2-4 желтоқсанда «Мемлекеттік органдарда қаржы менеджментін енгізу» тақырыбына республикалық семинар-кеңес және 40 орталық мемлекеттік органдарда интерактивтік оқу өткізілді (5-қосымша).
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі дағдарысқа қарсы шаралар жүйесімен қатар елдің «Қазақстан-2030» даму стратегиясын орындау, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жоспарлы жұмысты жалғастыруда.
Бюджеттің нәтижелілігі мен ашықтығын, бюджет ресурстарының аз шығындары жағдайында мемлекеттік қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету – мемлекеттік қаржыны ауқымды реформалаудың негізгі мақсаты. Мемлекеттік органдарда қаржы менеджментін енгізу, оның элементтерін бюджет үдерісінің барлық фазаларына біріктіру оны әлемдік қаржы дағдарысының мемлекеттік қаржы тұрақтылығына теріс әсерін болдырмаудың қуатты құралына айналдырады. Сонымен бірге қаржы менеджменті – бұл бюджет жасаудың нәтижеге бағдарланған жаңа үлгісін басқарудың пәрменді тетігі. Мемлекеттік сектордағы қаржы менеджменті – бұл мемлекеттің қаржылық және қаржылық емес ресурстарын пайдаланудың нәтижелілігін қамтамасыз ететін үдерістер мен рәсімдер.
Мемлекеттік органдармен семинар өткізудің мақсаты Қаржы менеджменті тұжырымдамасын және оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына енгізу жөніндегі әдістемелік материалдарды түсіндіру болып табылды.
Семинардың жұмысына бюджеттік және әкімшілік реформалар саласындағы жетекші сарапшылар болып табылатын «Экорис-НЭИ» ЖШҚ және «Фискальдық саясат орталығы, консалтингтік топ» НП консалтингтік компанияларының өкілдері қатысты.